Разделы презентаций


Арт- терапия ??ндылы?тары

Арт - терапия әдісі болып табылады. Арт - терапия элементтік жаттығулары, шығармашылық әрекеті балаға өзін тануға мүмкіндік береді, өзінің қарым –қатынасын, бүкіл әлемге және айналасындағы адамдарға танытады. Бала шығармашылығы ол оның

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1   «АРТ ТЕРАПИЯ ҚҰНДЫЛЫҒЫ»





Ғұлама ғалым Әл- Фараби:
«Адам мақсатына өзін-өзі

жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез- құлыққа байланысты» деп ой түйіндеген екен.
            «АРТ ТЕРАПИЯ ҚҰНДЫЛЫҒЫ»

Слайд 2
Арт - терапия әдісі болып табылады. Арт - терапия элементтік

жаттығулары, шығармашылық әрекеті балаға өзін тануға мүмкіндік береді, өзінің қарым

–қатынасын, бүкіл әлемге және айналасындағы адамдарға танытады. Бала шығармашылығы ол оның шынайы өмір көрінісі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – баланың бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.  Арт - терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт - терапия терминін ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді. Арт терапияның негізгі мақсаты- баланың өзін-өзі көрсетуі мен өзін-өзі тануын өнер арқылы дамыту.
Арт - терапия әдісі болып табылады. Арт - терапия элементтік жаттығулары, шығармашылық әрекеті балаға өзін тануға мүмкіндік

Слайд 3Арт-терапия көп қаржыны қажет етпейді. Арт-терапиядан сабақ кез келген кабинетте,

топпен де, жеке де өткізіледі. Үшіншіден, арт-терапия өте қызықты! Балалар

өздері жасаған дүниеден рақаттану сезіміне бөленеді, олар оны беріліп жасағандықтан, көбінесе қорқыныш сезімінен, психологиялық қиыншылықтардан қалай арылғандарын байқамайда қалады. Арт - терапия дегеніміз адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды деген сөз. Яғни, арт - терапия элементтерін дамытушы-түзетуші тренингтер кешенімен бірге байланыстыра отырып, оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде ұйымдастырып қолданып отырса жеке тұлғаны дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады.  Арт - терапия – психодиагностикалық, психопрофилактикалық писхокоррекциялық қызмет атқарады. 

Арт-терапия көп қаржыны қажет етпейді. Арт-терапиядан сабақ кез келген кабинетте, топпен де, жеке де өткізіледі. Үшіншіден, арт-терапия

Слайд 41. Бейнелеу терапиясы – бірінші кезекте сурет салу терапиясы болып

табылады. Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай

да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.  Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді. Бейнелеу терапиясы түрлі әдістермен жүзеге асырылады.Олар: 1.Саусақпен сурет салу.  2.Сабынмен сурет салу.  3.Щеткамен сурет салу.  4.Майшаммен сурет салу. 
1. Бейнелеу терапиясы – бірінші кезекте сурет салу терапиясы болып табылады. Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың

Слайд 6Ертегі терапиясы – ертегімен жұмыс істеу баланы емдеу мен көмек

беруге тікелей бағытталған. Ертегі терапиясы балаға өмірлік қиыншылықтары мен проблемаларына

шешім тауып, ертегімен жұмыс істей алатындай (оқи отырып, ойдан шығарып, ойнап көрсетіп, жалғастырып) жағдай жасайды. Сабақта әңгімелеу бөлімінде ертегілерді жартылай айтып, әр қарай ойдан шығартып, өз ойынша жалғастыртып, сахналатып отырамын. Ертегі арқылы баланың ойы, қиялы дамиды, көңіл-күйі көтеріледі. Ертегідегі әр бір кейіпкер болып ойнау балаға қосымша күштерді меңгертіп, бала бойындағы шығармашылық қабілеттерді шыңдайды. Сонымен қатар, топпен де, жеке де жұмыс жасауға үйретеді. Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі. 
Ертегі терапиясы – ертегімен жұмыс істеу баланы емдеу мен көмек беруге тікелей бағытталған. Ертегі терапиясы балаға өмірлік

Слайд 83. Құм терапиясымен– екі бағытта жұмыс жасалады. Олар сулы және

құрғақ. Екі поднос бірі құммен, екіншісі сумен толтырылды. Балаларға оған қоса

құмды қалыптар және әр түрлі кіп-кішкентай фигуралар берілді.Балалар құм мен суды араластыра отырып, оны қалыптарға сала отырып түрлі мүсіндер жасап шығарады. Бұндай әдісті М. Ловенфельд өзінің әдістемесінде «әлемді құру техникасы» деп атады, мұндай ойға барлық материалдарды көрген баланың: «Ойын ойнауға болатын бұл бүкіл әлем ғой» [4] - деп айқайлап жібергені итермеледі. Баланың салған «әлемнің» сахнасы оны жасаушы мен терапевтке баланың психологиялық жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс соңғы кезде бой ала бастаған өзгеше әдіс. Құмды илеу арқылы  қалыпқа салу жұмысы баланың ойын әрекетімен қатар,жақсы нәтижеге қол жеткізе алатынына сенімін туғызады және көңіл-күйі көтеріледі. Құм терапиясының әсіресе құммен сурет салу тәсілі бала психикасына әсерін тигізбей қоймайды. Бұл әдіспен суреттеуге балалар аса қызығушылық танытады. Өйткені баланың сурет салу барысында ұсақ саусақ моторикасының, есте сақтау қабілеттің, қозғалыс ептілігінің, жүйке жүйесінің жоғары , белсенді деңгейде жұмыс жасауынан туындайды. Құммен суреттеу кезінде баланың жүйке,саусақ, есте сақтау,епті қозғалыстарының синхрондалуынан жүйкеде екі жақты даму (қос қолмен сурет салғандай) іске асады. 
3. Құм терапиясымен– екі бағытта жұмыс жасалады. Олар сулы және құрғақ. Екі поднос бірі құммен, екіншісі сумен

Слайд 10. Музыка терапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу

арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады.  Музыканың

терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.  Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.  Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді. Әуен терапиясының әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы балалардың бойынан айналадағы болып жатқан сан –алуан құбылыстарды өз шығармашылығымен байланыстыра білуге және  де көркем сөзбен кестелеп, бала жүрегіне жеткізу оның жан – дүниесін байытып, сана сезімін оятып, ақыл ойын дамытуға көп мән беріп отырамын.
. Музыка терапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік,

Слайд 125. Драма терапия - балаларды рольдерде ойнату арқылы дамыту. Баланың

бірі-бірімен қарым-қатынасына, өзін-өзі жоғары бағалауына ықпал етуші терапия .Түрлі психолгиялық

мәселелердi шешуге мүмкiншiлiк бередi. Драматерапияны неміс ғалымдарының бірі - барлық мүмкіншілікті зерттеуге болатын зертхана іспетті деген екен. Бұл жаңаша тәсіл. Сабақ бір сюжетке байланысты бағытталады да , театрландырылған кейіпте өтеді. Бұл тәсілде сабақтың түрлі әдіс-тәсілдері бір-бірімен үйлесім табады. 
5. Драма терапия - балаларды рольдерде ойнату арқылы дамыту. Баланың бірі-бірімен қарым-қатынасына, өзін-өзі жоғары бағалауына ықпал етуші

Слайд 14
6. «Түстермен байланыс» терапиясы арқылы баланың түстерге таңдау жасауы -

бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуын қалыптастырады. Түйсігі мен

қабылдауы мол баланың қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп баланың сенсорлық мәдениеті,оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады. Балалар ересектерге қарағанда анағұрлым сезімтал болғандықтан, түстердің әсерін күштірек қабылдайды. Ол үшін баланың әуестігіне мән беріп, қай түсті ұнататынын аңғару керек. Балаға жақтырмайтын түстерін тықпалауға болмайды.. Баланың қай түске ұмтылатындығына қарап, үнемі ұнататын түстері арқылы оның туабітті табиғи ерекшелігін, темпераментін анықтауға болады. Түс арқылы емдеуді бала тәрбиесінде күнделікті қолдану керек. Оны ойын түріне айналдыруға да болады
6. «Түстермен байланыс» терапиясы арқылы баланың түстерге таңдау жасауы - бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуын

Слайд 167. Ойын терапиясы- арт - терапияның бір түрі. Бұл терапияның

жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін,

жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.  Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. 
7. Ойын терапиясы- арт - терапияның бір түрі. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық

Слайд 18Арт - терапиялық әдістерді пайдалану нәтижесінде: • Топта оң әсерлі бетбұрыс

жасайды;  • Құрдастарымен, тәрбиешілерімен, басқа да ересек адамдармен қарым-қатынас жасауды жеңілдетеді. Көркем

өнерге бірге қатысу ол өзара қабылдау, эмпатия қарым-қатынасын жасауға мүмкіндік береді;  • Баланың мәдени ұқсастығын арттырады, тілдік кедергіні, жеңіп  шығуға мүмкіндік береді;  • Қандай да бір себептермен ауызша талқылауға қиын болып табылатын нақты проблемалардың немесе қиялдардың шешімін табуға мүмкіндік береді;  • Әр түрлі сезімдерді символдық деңгейде пысықтауға, оларды әлеуметтік қолайлы нысанда зерттеуге және көрсетуге мүмкіндік береді;  • Ішкі бақылау сезімін дамытады. АРТ – сабақтары түйсіну мен көру сезімі арқылы эксперимент жасауға жағдай жасайды,  * сенсомоторлық ептіліктің, жалпы алғанда кеңістікте түйсік пен  бейімделуге жауап беретін бас ми жартышарларының дамуына ықпал етеді;  • Шығармашылық өз ойын білдіруге, қиялдауды, эстетикалық тәрбиені, бейнелеу өнерінің тәжірибелік машығын, жалпы алғанда көркем өнерге деген қабілетін дамытуға мүмкіндік береді;  • Баланың бейімделу қабілетін арттырады, шаршауды, оқуға байланысты болатын жағымсыз жағдайлардан арылтады.
Арт - терапиялық әдістерді пайдалану нәтижесінде: • Топта оң әсерлі бетбұрыс жасайды;  • Құрдастарымен, тәрбиешілерімен, басқа да

Слайд 19Флюротерапия

Флюротерапия

Слайд 20қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, этнотерпия, киндер-сюрприз, артсинтез терапиясы,

библиотерапиясы, фототеапиясы, маска, терапиясы күлкі терапиясы т.б. 

қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, этнотерпия, киндер-сюрприз, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, фототеапиясы, маска, терапиясы күлкі терапиясы т.б. 

Слайд 21Қорытынды:
«Балаға берілетін білім оның көзіне көрінетіндей, құлағына естілетіндей және

қолына ұстайтындай болуы керек, яғни бала білімді өзінің сезім мүшелерімен

терең сезінуі керек,сезімге әсер еткен білім ғана балада жеңіл қабылданып, ұзақ есінде сақталады» - деген психолог П.Я. Гальпериннің сөзімен аяқтаймын.
Қорытынды: «Балаға берілетін білім оның көзіне көрінетіндей, құлағына естілетіндей және қолына ұстайтындай болуы керек, яғни бала білімді

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика