Слайд 1Қаржы нарығы және делдалдары
Зикирова Назан
2 курс
Менеджмент
Слайд 2Қаржы нарығы дегеніміз не
Қаржы нарығы – ақша және өзге қаржы
активтері, нақты тауарлардың айналымына қатыссыз дербес айналатын, төтенше күрделі жүйе.
Бұл нарық алуан түрлі қаржы құралдарымен операциялар жасайды, өзіндік қаржы институттарымен қызмет көрсетеді, тарамдалған және алуан түрлі инфрақұрылымдарға ие.
Слайд 41.Несие нарығы
Несие нарығының мәні қаржының қаражатқа мұқтаж ШЖС-ң белгілі бір
шарттарына қаражатты жүзеге асыратын субьектілер арасындағы қарым-қатынас жиынтығы
Ал, несие дегеніміз – пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін судалық капитал қозғалысы. Несие - несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен қатар, Несие нарығының құралы болып несие түрлері жатады.
Слайд 52.Зейнетақы нарығы
Зейнетақы нарығы – бұл зейнетақы активтерін жинақтау, сақтау және
оларды орналастыру және басқарумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы білдіреді.
Қазақстанның зейнетақы
рыногының құрылымына мыналар жатады
-Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы (ЗТМО);
-Жинақтаушы зейнетақы қорлары
-Банктер - кастодиандар
-ЗАИБ ЖАҰ
-Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры
-Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
Слайд 63.Депозит нарығы
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың)
банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері падалана алатын қаражаттары.
Сонымен қатар, Депозит дегеніміз – бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші тұлға – Банкке (соның ішінде Ұлттық банкке) олардың талап етуі бойынша, немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала келісілген сыйақы немесе сыйақысыз тікелей салымшаға (депозиторға) қайтарылуы тиіс ақша сомасы.
Банктік депозит – салымшыны банкке алдын ала келісілген сыйақы қосылып қайтарылу шарты негізінде берілген ақша қаражаттары.
Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады.
Слайд 74.Ақша нарығы
Ақша нарығы дегеніміз – ұлттық несие немесе депозит рыноктарының
жиынтығы, мұнда Орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа
мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды. Олардың атқаратын қызметтері: зайымдарды орналастыру, қысқа мерзімге инвестициялауға құралдарды және ссудаларды ұсыну болып табылады. Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу арқылы нарық қызметін реттеуді қамтамасыз етіп отырады.
Әр адамның еңбектігі себебі, адам қоғамдық еңбектігі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарады.
Слайд 85.Сақтандыру нарығы
Сақтандыру нарығы - сақтандыру бойынша қызметтер көрсету саласы, яғни сақтандыру
қызметтерін көрсетуге сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу аясы. Көрсетілетін тиісті қызметтерді ұсынатын түрлі
сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) арасындағы, сондай-ақ сақтандыру қорғанышына мұқтаж заңи және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды көрсетеді. Сақтандыру нарығы тәуелсіз сақтандыру ұйымдарының сақтанушыларды тарту, ақшалай қаражатты сақтандыру қорларына жұмылдыру үшін бәсекелесуін көздейді. Әлемдік практикада сақтандыру нарығы мемлекеттік (ұлттық), аймақтық және халықаралық сақтандыру нарығы түрлеріне бөлінеді.
Ұлттык сақтандыру нарығы елдің заңнамасымен реттеледі.
Аймақтық сақтандыру нарығы (Мысалы, ЕҚ, араб елдері шеңберінде) не жалпы заңнама негізінде немесе тиісті сақтандырушылардың келісімдері негізінде жұмыс істейді.
Халықаралық сақтандыру нарығы әдетте, сақтандырудың елдердің сыртқы экономикалықынтымақтастығымен байланысты түрлері бойынша қалыптасады.
Слайд 96.Бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары КСРО-да жаңа
кономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі Егемен Қазақстанда бағалы қағаздар
нарығының лғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да, өркенделген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Басқа елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы жүргізіледі.
Слайд 10БҚН қатысушылар:
1. Мемлекет, муниципалитеттер, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар
2. Қаржылық институттар
3.
Жеке инвесторлар
Бағалы қағаздар нарығының мамандандырылған қатысушылары:
· Сауда алаңдары – биржалық және
биржадантыс.
· Сауда агенттері: брокерлер мен диллерлер
· тіркеушілер
· клирингтік ұйымдар
· кастодиандар
· құнды қағаздар портфелін басқарушылар
Слайд 117.Валюта нарығы
“Валюта” – Итальян тілінен аударғанда “баға”, “құн” деген мағынаны
білдіреді. Валюта – белгілі бір елдің ақша өлшемі, яғни теңге,
евро, доллар т.с.с. Валютаның пайда болуы ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде, кейінрек метал түрінде, соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған. ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.
Қағаз ақша ең алғаш рет ХІ ғасырда Қытайда пайда болды. ХVIII ғасырлардың аяғында Солтүстік Америкада, ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Англияда шығарылды.
Слайд 12Қаржы делдалдары
Қаржы нарығының ажырамасы бөлігі қаржы делдалдары, олардың нарықтық экономика
жағдайында атқаратын қызметтері өте зор.
Оларға: несие жинақтау мекемелері, инвестициялық қорлар,
зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, клирингтік компаниялар жатады. Өркендеген мемлекеттерде бұл институттар коммерциялық банктермен қаржы нарығында бәсекеге түсіп, халыққа, фирмалар мен компанияларға сан алуан түрлі қызмет көрсетуде.
Слайд 13Делдалдар жүргізетін негізгі операциялар:
Слайд 14Қор биржасы:
Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алатын және сатылатын
негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қызмет етеді. “Биржа”
деген термин ежелгі грек сөзі — “бурзэ”, яғни әмиән деген мағынаны білдіреді.
Слайд 15Қор биржасы функциялары:
1)сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;
2)қор биржасының тізіміне бағалы
қағаздарды енгізуге жорамалданып отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында
айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздар мен өзгеде қаржы құралдарына талап қою;
3)қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасау мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз мүшелеріне мүмкіндік беру, осы қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдастыру және өткізу, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;
4)өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;
5)бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
6)банк заңнамасында белгіленген тәртіппен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Слайд 16Қазақстан қор биржасы
"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 1993 жылғы 17
қарашада құрылған. Оны құруға бастама көтергендер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
бастаған қазақстандық жетекші 23 коммерциялық банк болып табылады. Биржаның негізгі міндеті Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің енгізілуіне байланысты ұлттық валюта нарығын ұйымдастыру және дамыту болып табылады.
Қазіргі уақытта KASE акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанында жұмыс істейтін коммерциялық ұйым болып табылады. Биржаның акционерлері негізінен бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі KASE ірі акционері болып табылады (орналастырылған акциялардың 50,1%-ы).
KASE екі онжылдықта шетел валютасымен, мемлекеттік бағалы қағаздармен, корпоративтік сектордың бағалы қағаздарымен және туынды қаржы құралдармен операциялар жүргізуге арналған әмбебап алаңға айналды.
Слайд 17Негізгі технологиялар
KASE-тің сенімділік, бизнестің қорғалуы және үздіксіздігі сияқты заманауи стандарттарына
сәйкес келетін электрондық сауда, клирингтік және есептеу жүйелері бар.
KASE-тің өзі
әзірлеген өнім болып табылатын клиринг жүйесі:
жасалған мәмілелер бойынша ақпарат жинақтау және өңдеу, сәйкессіздіктер болған жағдайда оны салыстырып тексеру және түзету;
жасалған мәмілелердің өлшемдерін есепке алу және растау;
сауда-саттыққа қатысушылардың, қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер қорытындысы нәтижесіндегі есеп айырысуға қатысатын субъектілердің талаптарын және (немесе) міндеттемелерін анықтау;
клирингтік қызмет нәтижелері бойынша ақпарат дайындау және орталық депозитарийге және (немесе) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды (төлемдерді) ұйымдастыруды іске асыратын басқа ұйымға ақпарат беру бойынша автоматтандырылған режимде клирингтік ұйымның қызметтерін жүзеге асырады.
KASE есеп айырысу жүйесі деривативтер нарығы мен KASE-тің валюта нарығында жасалған мәмілелер бойынша электрондық режимде есептеулерді сауда-саттыққа қатысушылар және (немесе) клирингтік қатысушылардың банк шоттарын ашу және жүргізу арқылы жүзеге асыру үшін ғана пайдаланылады, сондай-ақ KASE-тің өзі әзірлеген өнім болып табылады