Разделы презентаций


Ашық сабақ

Содержание

Тақырыбы: Киіз үйдің суретін салуАтам-Алаш, керегеміз ағаш, Киіз туырлықты, ағаш- уықты қазақпыз.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1


Слайд 2Тақырыбы:
Киіз үйдің суретін салу
Атам-Алаш, керегеміз ағаш, Киіз туырлықты,

ағаш- уықты қазақпыз.

Тақырыбы: Киіз үйдің суретін салуАтам-Алаш, керегеміз ағаш, Киіз туырлықты, ағаш- уықты қазақпыз.

Слайд 3 М а қ с а т ы :

а) Білімділік: Қазақтың киелі баспанасы киіз үйдің маңызы және құрылысымен

танысу. Құрылысы туралы түсінік беру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін икемділік дағдыларын арттырып, дәптер бетіне үйлесімділікпен орындауға баулу. Оқушылардың сөйлеу тілін лексикалық тақырып бойынша дамыту, сөз қорны молайту. Қолдарының ұсақ моторикаларын қарындаштармен іс-әрекет арқылы дамыту. Қарындашты әр түрлі тісілмен басып, бояуға жаттықтыру.Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Сабақ барысында өз ұлтымыздың ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірибелері мен қолөнерін оқушы бойына сіңіру. Ұлттық қолөнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
М а қ с а т ы :  а) Білімділік: Қазақтың киелі баспанасы киіз үйдің

Слайд 4


Сабақтың типі: жаңа

білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: топтық
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, киіз

үй бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгертуСабақтың түрі: аралас сабақӘдісі: топтықСабақтың көрнекілігі:

Слайд 5
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты

бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:

Сабақтың өту барысы:Ұйымдастыру кезеңі.Үйге берілген тапсырманы тексеру.Жаңа тақырыпты түсіндіру.Тапсырмаларды орындау.Сабақты бекіту.Үйге тапсырма.Сабақтың барысы:

Слайд 6
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, бүгін бізде ерекше күн!
-Біздің сабағымызға қонақтар келіп

отыр.Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік.
-Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік біз!

2)

– Қазір жылдың қай мезгілі?
. – Көктемде қандай өзгерістер болады?
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай- салаға толаады.
Ағаш басы бүршік шашып,
Гүл бәйшешек толады.
Бұл қай кезде болады?(көктемде)
Көктем екенін қайдан білдіңдер?
Көктемде қар ериді, су ағады, күн жылынады, ағаштар бүршік атып, жапырақ жаяды, жерге шөп шығады, алғашқы гүлдер гүлдейді, құстар жылы жақтан ұшып келеді, табиғат қысқы ұйқысынанан оянады.
Көктем айларын атаңдар: наурыз, сәуір, мамыр

І. Ұйымдастыру кезеңіБалалар, бүгін бізде ерекше күн!-Біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік.-Үлкенге де сіз,Кішіге де

Слайд 7 II.Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта біз сендермен ненің суретін салдық?
Натюрморт

дегеніміз не?
Заттар мен әртүрлі бұйымдардан үйлесімді құралған көркем шығарманы НАТЮРМОРТ

деп атаймыз.


II.Үй тапсырмасын тексеру Өткен сабақта біз сендермен ненің суретін салдық?	Натюрморт дегеніміз не?Заттар мен әртүрлі бұйымдардан

Слайд 8Үш түрлі заттан тұратын натюрморт

Үш түрлі заттан тұратын натюрморт

Слайд 9Көп заттардан тұратын натюрморт

Көп заттардан тұратын натюрморт

Слайд 10Алмалар натюрморты

Алмалар натюрморты

Слайд 11
Түстер арқылы сурет салуын бағалау.
Жасыл төмен салынған бояу анық

емес. Сары орташа салынған.
Қызыл жақсы үйлесімді.
Бағандар бойынша үй

тапсырмасын бағалау.
Оқушымен бірлесіп бағаланады.
Түстер арқылы сурет салуын бағалау. Жасыл төмен салынған бояу анық емес. Сары орташа салынған. Қызыл жақсы үйлесімді.

Слайд 12Натюрморт салу жолдары

Натюрморт салу жолдары

Слайд 13Сергіту сәті

Сергіту сәті

Слайд 14ІІІ. Жаңа сабақ. Жұмбақ
Бір көрсе өзі білік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі

көп айқыш- ұйқыш.
Көзі бар жарқыраған төбесінде
Жайса үлкен, жиналғанда бір-ақ уыс

Киіз

үй – «Атам-Алаш, керегеміз ағаш» - киіз туырлықты, ағаш»- уықты қазақпыз- деп аталы сөз айтып қалдырған ата –бабаларымыздың киелі, қасиетті баспанасы. Олай болса , бүгін біз сендермен киіз үйдің суретін саламыз.

Сөздік жұмыс: сәмбі – арнайы киіз үй жасалатын тал.



ІІІ. Жаңа сабақ.  ЖұмбақБір көрсе өзі білік, іші қуыс,Ол заттың сүйегі көп айқыш- ұйқыш.Көзі бар жарқыраған

Слайд 15Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді

негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің

қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі болады. Сол сияқты шаңырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.
Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді “үйші” дейді.
Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген

Слайд 16
Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті

мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б.

аттарымен атайды. Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықта “туырлық” деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы бірыңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса оны “ақ үй”, қоңыр жүннен басылған киізден жасалса “қоңыр үй” деп атайды.
Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй,

Слайд 18Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез

тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Шаңырақ бірнеше бөлшектерден

тұрады:

Шаңырақ

1–тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2–күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3–беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4–шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.

Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.

Слайд 19Киіз үй керегесі Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің

ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2),

ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.

Кереге

Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.

Киіз үй керегесі Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан

Слайд 21Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне,

ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.
Уық саны үйге

жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.
Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты

Слайд 22Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын

ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады.

Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.
Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан

Слайд 23Киіз үй есігі Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол

киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар:

маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.

Киіз үйдің есігі – «Сықырлауық»

Киіз үй есігі Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше

Слайд 24Киіз үй есігінің құрылысы: 1-маңдайша; 2-босаға; 3-сықырлауық; 4-жақтау; 5-табалдырық. Сықырлауықты

тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген

сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді. Сықырлауықты әшекейлеуге «қошқармүйіз», «түйемойын», «дөңгелек жапырақшалар», «түйетабан», «шырмауық» сияқты бедер-өрнектер қолданылады.

Киіз үйдің сүйегі: 1 – кереге,
2 – уық, 3 – шаңырақ,
4 – сықырлауық

Киіз үй есігінің құрылысы: 1-маңдайша; 2-босаға; 3-сықырлауық; 4-жақтау; 5-табалдырық. Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай

Слайд 32Киіз үй атаулары
Абылайша
Керегесіз, уықтан тігілген
шағын киіз үй.
Ақ

шаңқан үй
Сүттей ақ, аппақ киіз үй
Жолым үй
Уыққа киіз жауып,

уақытша тігілген шошақ үй.

Орда
Еңселі,
салтанатты киіз үй

Қара құрым үй
Киізінің тозығы
жеткен, ескі үй.

Отау
Ұлға енші беріп,
бөлек шығарған киіз үй.

Ақтағыр
Екі қанатты, екі үзікпен
жабылатын шағын киіз үй

Қара үй
/үш қанатты/
Киіз үйді кейбір
жерде қара үй деп атайды.

Тоңқайма
Бірнеше уықпен
ғана көтерген киіз үй.

Жаппа
Керегесіз, киізбен
жабылған баспана.

Қараша үй
Қоңыр түсті, жыртық,
тесік, ескі үй. /4 қанат/

Ұраңқай
Уық тәрізді сидам ағаштардан
басын түйістіріп тігілген киіз үй.

Киіз  үй атауларыАбылайшаКерегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй.Ақ шаңқан үйСүттей ақ, аппақ киіз үйЖолым үйУыққа киіз

Слайд 33 Киіз үйдің сүйегі



Шаңырақ

Уық

Кереге Сықырлауық



Бақалақ 1. Қалам 1. Балашық 1. Босаға
Күлдіреуіш 2. Қары 2. Ерісі 2. Жарма бет
Қаламдық 3. Иін 3. Желі 3. Маңдайша
Табақ 4. Уық бау 4. Көк 4. Табалдырық
Тарам 5. Қанат
Тоғын 6. Сағанақ
Киіз үйдің сүйегі  Шаңырақ       Уық

Слайд 35Киіз үй жиһаздары
Абажа
Ас, тағам салуға арналып
жасалған сандықтың
(кебеженің)

үлкен түрі.
Абдыра
Киім-кешек, әр түрлі бұйым-
дар салатын үлкен сандық
Ағаш төсек
Жату үшін

пайдала-
нылатын үй жиһазы

Асадал
Тамақ және ыдыс-
аяқ сақтауға арналған
үй жиһазы

Жүкаяқ
Жүк астына қоятын
төрт аяқты бұйым.

Бөгіре
Кішкене қол сандық
(шай жабдықтары үшін)

Кебеже
Ас, тағам салуға арналып,
ағаштан жасалған үлкен сандық

Жағылан
Былғарыдан
істелген сандық

Сандық
Әр түрлі бұйым салуға
арналып, ағаштан не
металдан жасалатын үй жиһазы.

Адалбақан
Киім және т.б. үй мүліктерін
ілуге арналған жиһаз

Жозы
Жерге отырып, тамақ
ішуге арналған аласа үстел.

Киіз  үй жиһаздарыАбажаАс, тағам салуға арналып жасалған сандықтың (кебеженің) үлкен түрі.АбдыраКиім-кешек, әр түрлі бұйым-дар салатын үлкен

Слайд 37Киіз үй жабдықтары
Аяқбау
Көшер кезде уықтардың
аяқ жағын буып байлайтын

жіп.
Бақан
Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге,
үзіктер мен түндіктерді көтеріп
жабуға

керекті ашалы ағаш.

Бас арқан
Киіз үйді желден, дауылдан
сақтау үшін, туырлықты бастыра,
қазыққа байлайтын арқан.

Басар
Қатты желтұрғанда,
киіз үйдің үстінен бастыра,
қазықтарға байлайтын
ұзын екі арқан.

Туырлық
Уықтың орта тұсынан
керегенің үстін жабатын киіз.

Басқұр
Керегелердің бастарын
тартып, үйді айналдыра
байлайтын жалпақ бау.

Белбау
Киіз үйдің туырлығын
керегеге бастыра тартатын
ұзын арқан.

Жел арқан
Киіз үйдің туырлығын керегеге
бастыра тартатын ұзын арқан

Желбау
Дауылды жел болғанда, шаңырақты
тартып байлайтын бау.

Белдеу
Туырлықты айналдыра
буатын арқан

Құр
Киіз үйдің керегелері мен уықтарын
және үзіктің ішкі жағын байлайтын
ені 2-3 елідей, тоқып немесе есіп
жасалған жалпақтау бау.

Дөдеге
Сән үшін үзіктің шетіне
айналдыра бастыратын
өрнектелген киіз

Тегеріш
Киіз үй керегесі, уығын сыртынан
қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік
қызметін атқаратын жалпақ бау.

Түндік
Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз

Уыққап
Көшкенде, сынбас үшін,
уықтардың екі басына
кигізілетін киіз.

Үзік
Уықтың үстіне жабылатын киіз.

Киіз  үй жабдықтарыАяқбауКөшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп.БақанКиіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен

Слайд 41«Киіз үй» туралы көрейік.

«Киіз үй» туралы көрейік.

Слайд 42
-Ал, енді балалар киіз үй жабдықтарымен таныстық. Осы көргендеріңді сурет

дәптерлеріңе салыңдар.

-Ал, енді балалар киіз үй жабдықтарымен таныстық. Осы көргендеріңді сурет дәптерлеріңе салыңдар.

Слайд 43Шаңырақ
Кереге
Уық
Киіз үй есігі

ШаңырақКерегеУықКиіз үй есігі

Слайд 45Тақтамен жұмыс

Тақтамен жұмыс

Слайд 50Сергіту сәті

Керегені жазайық,
Уықты біз құрайық.
Қане, қане балалар,
Киіз үйді салайық.

Қане, балалар

сендердің икемділіктердің шебер екендеріңді білеміз.
Әдемі, таза жазуға тырысамыз.
Баллардың жұмыстарын

бағалау.
Сергіту сәтіКерегені жазайық,Уықты біз құрайық.Қане, қане балалар,Киіз үйді салайық.Қане, балалар сендердің икемділіктердің шебер екендеріңді білеміз. Әдемі, таза

Слайд 51Венн диаграммасы
Киіз үй

Үй

Жиналмалы
көшіп-қонуға ыңғайлы
жинайды
құрады

Ортақ белгілері:
Жылы
адамдар тұрады
Есік
Жиһаз
Бұрыш
Қабырға
төбе

Жарық
Терезе
Еден
Жиналмайды
Сатамыз
Бұзып алуға болады

Венн диаграммасы   Киіз үй

Слайд 52- Біздің еліміздің елтаңбасында: шаңырақ, уық, түндік бар екен. -Бүгінгі сабақта

біз нені білдік? -Нені үйрендік? - Бүгін сендермен ненің суретін салдық? - Киіз

үйдің қандай бөліктері болады екен? - Киіз үй мен үйдің айырмашылықтары барма?
- Біздің еліміздің елтаңбасында: шаңырақ, уық, түндік бар екен. -Бүгінгі сабақта біз нені білдік? -Нені үйрендік? -

Слайд 53V. Үйге тапсырма беру:
Киіз үйдің ішіндегі жиһаздардың суретін салып келу

V. Үйге тапсырма беру:Киіз үйдің ішіндегі жиһаздардың суретін салып келу

Слайд 55VI. Бағалау Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!

VI. Бағалау  Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!

Слайд 56Назар қойып
тыңдағандарыңызға
рахмет!

Назар қойып тыңдағандарыңызғарахмет!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика