Слайд 1«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасы
Тіс протездерін дайындау
технологиясы бойынша дәріс
Тістердің толығымен болмауы кезінде жақтардың орталық қатынасы туралы
ұғым.
Слайд 2мақсаты
Таныстыру :
1. Жақтардың орталық ара қатынасы туралы ұғым.
2. Тістерін
толық жағалтқан жақ сүйегінің жағдайы.
3. Кәрілік прогения.
Слайд 3Тістердің толығымен болмауы протез жасауда үлкен қиындықтар туғызады. Жартылай немесе
толық тістердің болмауы 60 жастан асқан науқастарда кездеседі. Функционалды ауытқулар
және бет қанқасы мен оның үстіндегі жұмсақ тіннің редукциясы тістерді толық жоғалтқан кезде күшейеді.
Слайд 5Ортопедиялық стомотологияда адамның бет қанқасын 3 бөлікке бөлеміз:
Беттің жоғарғы бөлігі
мандай сүйектің шашты бөлігінен басталып қас доғасының ортасына дейін
Беттің ортанғы
бөлігі осы нүктеден басталып мұрын қанаттарының негізіне дейін
Төменгі бөлік мұрын қанаттарының негізінен иек қырына дейін
Слайд 6Беттің төменгі бөлігі биіктігінің аласаруы
Слайд 7Беттің үш бөлігі:
а — жоғарғы бөлік;
б - ортаңғы
бөлік;
в — төменгі бөлік
Слайд 8Бас сүйегінің профилі: а — тісі бар кезде;
б —
тісін жоғалтқаннан кейін.
Слайд 9Мұрын-ерін және иек бүкпелері ұлғаяды, ауыз бұрыштары түседі, бұлшық ет
атрофиясы мен босаңсуы байқалып, бет қарттық кейіп алады.
Слайд 10 Ортопидиялық стоматлогияда тіс доғасынан басқа, альвеолярды және базальді доғаларды
ажыратамыз. Альвеолярды доға – альвеолярлы өсінді жотасынан өткізілген сызық. Базальды
доға тіс түбірлерінің ұштарынан өтеді және апикальді базис деп аталады.
Слайд 12 Жоғарғы жақта тіс сауыты сыртқа, ал түбірлері ішке еңкейіңкі
орналасқандықтан оның тіс доғасы альвеолярлы доғадан кеңірек. Сәйкесінше, альвеолярлы доға
базальды доғадан кеңірек. Базальды доға шайнау бұлшық еттердің қысымының жинақталу орны. Осы жерде контрфорстар бастау алады. Төменгі жақта керісінше, тіс сауыты ішке, ал түбірлері сыртқа орналасқандықтан тіс доғасы альвеолярлы доғадан тарлау, альвеоларлы базальдыдан.
Слайд 13 Сол себепті, тістерді толық жоғалтқанда төменгі жақ жоғарғы жаққа
жақындайды және алдыға шығады – бұл кәрілік прогения деп аталады.
Слайд 14Кәрілік прогения
Жақтардың прогениялық қатынасы, жақ сүйектерінің терең прогениялық қатынасы кезінде
науқаста байқалады.
Сыртқы сұрпатының өзгеруі.
Сөйлеу қабілетінің өзгеруі.
Шайнау функциясының өзгеруі.
Макроглоссия
(Үлкен тіл)
Слайд 15Кәрілік прогенияның пайда болу механизмі.
Тістердің бар кезіндегі альвеолярлық өсінділердің
ара қатынасы. Тістерді жұлғаннан кейін альвеолярлық өсінділер атрофияға ұшырап, жақ
сүйектерінде прогениялық арақатынас (штрихталған) пайда болады.
Слайд 16Тістерін түгелдей жоғалтқан науқастардың бет-жақ системасында бет сүйегі мен жұмсақ
тіндерінің атрофиясы тәрізді функциональдық кемтарлық болады. Жақ сүйегінің денесі мен
өсіндісі жіңішкеріп, төменгі жақ сүйегінің бұрышы сәл тегістеледі. Мұрын-ерін қатпары айқындалып, мұрын ұшы сорайып, езуі мен қабағы салбырайды. Беттің төменгі 3/1 бөлігі аласарып, бұлшық еттері әлсіреп қарт кейпін киеді.
Слайд 17Жоғарғы жақта үстіңгі ерін үзеңгісінің альвеолярлы өсіндіге бекітілу дәрежесіне көңіл
аударамыз. Жоғарғы жақтың екі бүйірінде ұрт-альвеолярлы үзеңгі орналасқан. Жоғарғы жақ
төмпешігінен кейін орналасқан жақсүйек қанаты қатпары, ауызды қатты ашқанда тегістеліп, алмалы протездің бекітілуін әлсіретеді, сондықтан қалып алғанда, протез шеттерін функционалды қалыптағанда осы анатомиялық ерекшеліктерді ескеру керек.
Слайд 18Қатты және жұмсақ таңдай шекарасы “А” сызығы деп аталынады. Ол
алмалы протездің артқы шекарасын анықтағанда көмектеседі: протез шеті осы сызықты
1-2 мм жабуы керек.
Альвеолярлы өсінді төбесінде, ортаңғы күрек тіс маңындағы көлденең қатпарлар алынған қалыпта жақсы бейнеленуі керек. Әйтпесе, протезді пайдаланғанда батып ауру туғызуы мүмкін.
Слайд 19Төменгі жақ сүйегі бұрышының ішкі бетінде ретромоляр аумағы бар. Ол
арт жағынан - алдыңғы таңдай доғасымен, астында - ауыз қуысының
астымен, ішкі жағында - тіл түбірімен, сыртқы жағында - төменгі жақ сүйегі бұрышының ішкі бетімен шекаралас. Осы ерекшеліктерді де пайдаланған жөн.
Слайд 20Герингер циркулімен беттің төменгі бөлігін өлшеу
Слайд 22Циркуль екі негізгі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі үлкен, екіншісі кіші.
Юпитцтың пікіріне сүйенсек, егер үлкен циркульдің бір басын иек қырына,
екінші басын мұрын қырына орнатқанда жақтың толық ашылуы нәтижесінде кіші циркуль автоматты түрде major мен minor биіктіктерге бөлінеді.
Слайд 23Тексеру сұрақтары (кері байланыс)
1. Беттің төменгі бөлігі туралы ұғым.
2.
Тістерін толық жағалтудын әсері.
3. Тістем түрлері.
Слайд 24Литература
1.Бушан М.Г. Патологическая стираемость зубов и ее осложнения. Кишинев, 1979.
2.
Копейкин В.Н. , Демнер Л.М. Зубопротезная техника. М., 1993. с.
197-209.
3. Щербаков.А.С.Гаврилов.Е.Н.Трезубов.В.Н.Жулев.Е.Н. Ортопедическая стоматология.М.Мед. 1998г. 395-411
4.Курляндский В.Ю «Ортопедическая стоматология», М. Медицина, 1977. с. 265-286.
5. Гаврилов Е.И., Щербаков А.С. «Ортопедическая стоматология», М., 1984. 304-309.
6. Хватова В.А., Курляндский В.Ю. К вопросу этиологии и патогенеза неврологических симптомов при снижении "высоты прикуса".
7. Каламкаров Х.А. "Ортопедическое лечение патологической стираемости твердых тканей зуба". М. 1984.
8. Кульманбетов И.А. Влияние света гелий-неонового лазера на течение пародонтита и сахарного диабета в эксперименте. Диссертация канд.мед.наук. Алматы 1983.
9. Гаврилов Е.Н. "Деформация зубных рядов" М. 1984 г.
10. Погодин И.М.,Пономарева В.А.Рувоводство для зубных техников. М.Мед.1994.
11. Копейкин В.Н «Ошибки в ортопедической стоматологии», М., Мед., 1986 .
12.Каламкаров Х.А., Матвеева А.И. Клинические аспекты методики избирательного пришлифовывания зубов при заболевании пародонта. Стоматология 1983 N6 стр. 67.
13. .Рузуддинов С.Р., Телебаева Г. Т. Логико-дидактические структуры в изучении ортопедической стоматологии Алматы, 1995 .
14. Копейкин В.Н. "Ортопедическая стоматология" М.Мед. 1998 г.
15. Криштаб С.И. «Ортопедическая стоматология» Киев. 1986. с. 198-202.
16. И.К. Луцкая Руководство по стоматологии. Ростов на Дону 2002. с.553.
17. Фантомный курс по ортопедической стоматологии. А.П.Коновалов., Н.В.Курякина., Н.Е.Митин