Слайд 1Ауруханаішілік инфекциялар
Медициналық жәрдем бергенде адамдарда болатын кез келген физикалық
немесе психикалық жағдайларының бұзылуы – госпитализм құбылысына жатады. Ауруханаішілік инфекцияның
бірнеше синонимдары бар: нозокомиялдық инфекция (nozokomion-грекше аурухана ), ятрогенді (iatros-дәрігер) интеркуррентті және аурухана ішіндегі инфекциялар. Бұл топқа медицина қызметкерлерінің ауруға қызмет көрсеткенде өздерінің ауруға шалдығуы да, яғни кәсіби жұқпалы аурулармен науқастанушылығы жатады (туберкулез, инфекциялы гепатит т.б )
Слайд 2Госпитальдық инфекцияның қазіргі кезде бірнеше анықтамасы бар.
Аурухана ішіндегі (госпитальды,
нозокомиальды) инфекция ол емдеу профилактикалық мекемелерде адамдарды тексергенде, емдегенде пайда
болатын клиникалық белгілері бойынша анықтай алатын, микробтар қалдыратын кез келген аурулар (ДДҰ, Европалық аймақтық бюро, 1979 жыл)
Слайд 3 Медициналық мекемелерде жекелеген немесе бірлескен мынадай факторлардың әсерінен:
организмнің
қорғаныстық қабілетінің төмендеуінен (ауырғанда немесе емдеу нәтижесінде)
ауру қоздырғыштарының көптеп
шоғырлануынын циркуляциялануынан,
антибиотикке төзімді және жоғарғы вирулентті штаммдардың іріктелуінен және де жұғуынан,
жанасу мүмкіндіктерінің күшеюінен аурулар пайда болатын эндогенді және экзогенді инфекцияларды госпиталды инфекциялар деп атайды.
Слайд 4 Госпитальды инфекция – бұл ауруханада жатқан науқастың инфекциялық
жағдайы.
Сонымен госпитальдық инфекцияларға медициналық мекемелерде (ауруханада, емханада, лабораторияда т.б.) көмек
сұрап келген адамдарды емдегенде, қан құйғанда, еккенде (вакцинациялағанда), т.б. процедуралар атқарғанда пайда болатын, микробтар қоздыратын кез келген инфекциялық аурулар жатады.
Слайд 5 Госпиальды инфекциялардың жалпы көлемі, оның пайда болу жиілігі туралы
мәліметтерді толық айту қиын.Өйткені бұл ауруды тіркеуде, диагноз қоюда, есепке
алуда қалыптасқан көрсеткіштер жоқ. Кез келген жағдайда госпитальды инфекцияның клиникалық белгілері мен қатар бактериологиялық әдіспен дәлелденуі шарт.
Слайд 6Соңғы жылдардағы байқау бойынша госпитальды инфекциялар әртүрлі бағыттағы хирургиялық бөлімшелерде
жиі кездесетіні белгілі болып отыр. 1976 ж. В.Д. Беляковтың мәліметі
бойынша кеуде мен құрсаққа жасалған 15864 операциядан кейін 5,4 % ауруларда жарасы іріңдеп, 1,1 % пневмонияға шалдығып, 0,9% тромбофлебитпен асықынған. Операциядан кейін іріңдеген жарақаттан стафилакок пен көкірің таяқшасының ассоциациясы 14%, басқа микрофлора 4 % аурулардан бөлінген.
Слайд 7 Госпиталді инфекциялардың медицина саласындағы әртүрлі бөлімшелерде болатын жиілігін төмендегі
кестеден байқауға болады
Слайд 8Инфекциялық процесстердің қамтитын жерлері аурухананың профиліне байланысты, дегенмен госпиталді инфекциялар
тыныс алу және несеп-жыныс жолдарын жиі зақымдайтыны байқалады.
Слайд 9Инфекция қоздырғыштары.
Госпитальды инфекциялар қоздыратын микробтар қатарына жататындар: Staph.aureus, Staph.epidermidis, proteus,
Klebsiella, E.сoli, Streptococcus, A,B,D Serratia marcescens, Salmonella, Campylobacter, Pneumococcus, Zegionella,
Aspergillus, Mucor, т.б микроолганизмдер.
Госпитальды инфекция қоздыруға қатысатын вирустардың ең қауіптілері гепатит А және В вирустары, қарапайым ұшық, грипп, парагрипп, РС-вирустар, аденовирустар, реовирус, Коксаки, цитомегалиялық вирустар.
Госпитальды инфекциялар қоздырудағы вирустардың алатын орны әлі толық зерттеліп болған жоқ. Сонымен ауруханааралық инфекцияларды көпшілік жағдайда адам организмінің қалыпты микрофлорасының өкілдері қоздыратыны белгілі болып отыр.
Слайд 10Зерттеу байқауларына қарағанда госпитальды инфекциялардың қоздырғыштары эволюциялық процестерге байланысты әр
кезде ауысып отырған . Мысалы 26 жыл болған нәрестелердің өлімін
талдағанда бактериялық инфекциядан клиникаға түскендердің 55,4 %-і қайтыс болған. Көпшілік жағдайда өкпенің патологиясы байқалған, олар жиі сепсиске айналып, өлім туғызған. 1970-1975 жылдары сепсиске себепкер листериялар болса, 1976-1980 жылдары – стрептококктар, ал қазірігі кезде стафилококктар және көкірің таяқшасы болып отыр.
Слайд 11Босанған әйелдің қынап жолдары стретококктармен ластанған болса, нәрестелерде стрептококкты инфекциялар
басталады. Орган алмастырғанда болатын госпитальды инфекцияларға ерекше көңіл бөлу керек.
Соңғы жылдары сумен қамтамасыз ететін жүйелердң жұмыс тәртібінің бұзылуына байланысты және кондиционерлерді пайдаланудың нәтижесінде легионеллар қоздыратын госпитальды инфекциялар жиі кездесе бастады.
Инфекцияның госпитальдық тегін анықтау үшін науқаспен қатар, аурухана заттары, инструменттер, тану материалы, антисептиктер, әртүрлі шаю ерітінділері, с.с т.б бактериологиялық тексеруден өтуі қажет.
Слайд 12 Эпидемиялогиясы
Госпитальді инфекциялар, алғашқы ауруханалар ашылғаннан бастап пайда болған. 16-19
ғ.ғ госпитальді инфекциялардың жиілегені сонша, дәрігерлер көпшілік жаңдайда операция жасаудан
бас тартуға мәжбүр болған.
Госпитальді инфекциялар кез келген бағыттағы ауруханаларда болуы ықтимал , бірақ хирургиялық бөлімшерерде, перзентханаларда, онкологиялық клиникаларда, балалар емдейтін бөлімшелерде жиірек кездеседі.
Слайд 13Госпитальді инфекциялар көзі:
Науқас адам
Аурухананың медицина қызметкерлері
Ауруды күтушілер және оған
келіп кететін туысқандары.
Қатты науқастанып жатқан адамдарға қарағанда госпитальді инфекциялар қоздыруда
жеңіл түрімен ауырғандар мен бактерия тасымалдаушылар қауіптірек болады.
Слайд 14 ДДҰ-ның стафилилаккоктық инфекциялары бойынша сарапшылар комитеті (1967, барлық дені
сау адамдарды 3 топқа бөледі)
Тұрақты тасымалдаушылар 20%
Тұрақты тасымалдамыушылар
10%
Тұрақсыз тасымалдаушылар 70%
Слайд 15Аурулардан және бактерия тасымалдаушылардан микробтар әрине біркелкі мөлшерде бөлінбейді. Әсіресе
көп мөлшерде, яғни 10 КТБ көлемінде бөлетін адамдар қауіпті болып
табылады. Басқа жерлерге қарағанда мұрын қуысынан көбірек бөлінеді. Қолдың терісінде де микробтар көп кездеседі. Микробтар, соның ішінде стафилакоктар, сыздауықпен, қышыма, төсек тартып көп жатқанда болатын ойылуы болатын науқастардан тарайды.
Медициналық қызметкерлер госпитальді инфекция көзі ретінде зор рөл атқарады. Өйткені олар науқастармен күнделікті тығыз қатынаста болады, әрі олардың арасында ауру белгісі жоқ бактерия тасымалдаушылық болып отырады.
Слайд 16Оған мысал ретінде Балхаш қаласындағы перзентханадағы госпитальды инфекцияны келтіруге болады.
Жаңадан туған нәрестелердің 50 науқастанып 4-қайтыс болған. Ауру балалардан сальмонеллез
қоздырғыш бөлінген. Мекеменің әр объектілерінен стафилакоктар, сальмонеллалар, көкірек таяқшасы бөлінген. Мұқият зерттеудің нәтижесінде балалар бөлімшесінде қызмет атқаратын медбикенің инфекция көзі екені дәлелденген. Бұл қызметкер балалар арасында эпидемия басталудан бұрын аздап іші өтіп ауырған, бірақ дәрігерге қаралып емделмеген. Оның несебінен таза дақыл бөлініп алынған және агютинациялық реакция 1:800 сұйылту деңгейінде оң нәтиже берген.
Слайд 17Госпитальді инфекциялардың пайда болу себептері
Госпитальді инфекциялардың пайда болуына және оның
әрі қарай дамуына мынадай жағдайлар әсер етеді:
Ауруханаларда инфекция көзінің пайда
болуы
Антибиотиктерді және басқа химиялық препараттарды емдеуге ретсіз пайдаланудың нәтижесінде микробтар арасында іріктелу жүріп, вирулентті және резистентті штаммдардың пайда болуы, дизбактериоздық құбылыстар басталуы.
Слайд 183.Науқастанған адамның организмінің қорғанушылық қабілеттілігінің төмендеуі.
4.Ауруханадағы жағдайдың санитариялық –гигиеналық шарттарға
сәйкес келмеуі.
5. Ауруханаларда күнделікті дезинфекциялық ереженің қатал сақталуына ерекше
көңіл бөлу керек.
Слайд 19Инфекция қоздырғыштарының
таралу жолдары және жұғу механизмі
Жоғарыда аталған жағдайлардың нәтижесінде аурухана
ортасында микробтар көптеп жайылып, олардың резистентті түрлері көбейе бастайды. Мысалы,
ауруханада аурулардан түскен патогенді стафилококктардың арасында бірнеше тәуліктен кейін антибиотикке төзімді штаммдар пайда болады.
Слайд 20Негізгі таралу жолы – ауа арқылы тарау ( тамшылы-ауалы, шаңды-ауалы
жолдар). Мысалы, стафилакокктар жөтелгенде, күлгенде, түшкіргенде, тыныс алғанда, сөйлескенде ауаға
түседі, шаңмен бірге басқа адамдарға тарайды. Сонымен стафилакокк теріден төсекке түседі де, одан төсек салған кезде, киінген кезде қайтадан ауаға тарайды.
Слайд 21 Мұрын қуысынан да микробтар киімге, төсек орынға жұғады .
Палатада жинау кезінде ауаның микробтрамен ластануы күшейеді, соның нәтижесінде ол
микробтар науқастарға жұғады, тану материалдары, аспаптар, приборлар ластанады. Операция жасайтын бөлменің ауасына сол ластанған палаталардан ауа толқынымен келіп түседі. Клиникалық байқаудың нәтижесінде мыналар белгілі болып отыр:
1) Жарақатқа микробтар 68% жағдайда ауа арқылы жұғады.
2) Науқастың өзінің микробсақтаушы орындарынан 50% жағдайда.
3) Хирургиялық операцияға қатысушылардың қолынан, мұрын-көмей қуысынан – 20% жағдайда жұғады. Әрине микробтардың жұғуы бірнеше жолмен қатар жүруі мүмкін.
Слайд 22Хирургиялық стационарларда шартты-патогенді грамтеріс бактериялар, негізінде жанасу жолымен тарайды.
Алғашқы
науқастан микроб қоршаған ортаға түседі де медициналық қызметкерлердің қолын киімін,
аспаптарды ластайды, одан басқа ауруларға тарайды.
Қызметкерлердің қолының, киімдерінің ластануы тек қана адамдардан болып қоймайды, ластанған, аспаптармен жанасқанда болады.
Кейбір микробтарды ( псевдомонадалар, протей т.б) “ылғалды” микробтар деп атайды. Мысалы, көкірің таяқшасының таралу циклы күйікті емдеу бөлімшелерінде ылғалды орындардан басталады.
Әсіресе қол жуатын орындардың рөлі күшті – бұл жер көкірің таяқшасының қоршаған ортаға таралу резервуары болып табылады . Қол жуған кезде шашырынды тамшылармен киімге , қолға жұғады. Көкірің таяқшасы несептік, веноздық катетерлермен таралуы мүмкін.
Слайд 23Госпитальды инфекциялардың таралуында хирургиялық бөлімшелерде тану материалдарын , инелерді, шприцтерді,
инструменттерді, медикаменттерді стерилдеу ережесінің бұзылуы маңызды роль атқарды.
Көпшілік жадайда
стерилденген заттар дұрыс сақталмауынан ластанады. Өкінішке орай хирургиялық кесу инструменттерін стерильдеу дезинфекциялық ерітінділерге, спиртке батыру арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс сенімді нәтиже бермейді. Бұл үшін жоғарғы температураны пайдаланған немесе спиртке сутегінің асқын тотығын қосқан тиімді болады.
Слайд 24 Хирургиялық практикада жиі қолданылатын этанол спораларды жоя алмайды. Сондықтан
стандартты этанолмен дезинфекциялаудан бұрын оны фильтрлеу керек немесе сутегінің асқын
тотығын қосу керек. Қолды, теріні, пластмассадан, эластикадан жасалған медико-техникалық интрументтерді қорытынды дезинфекциялауға сутегі асқын тотығы және глицерин қосылған спирт қолданылады.
Слайд 25 Рецепттер:
Перекись қосылған этанол:
бензинмен денатурацияланған, филтрленген этанол -950 мл.
Глицерин- 35
мл.
Сутегінің асқын тотығы (33%)-15 мл.
2.70%-ті этанол:
перекись қосылған этанол(1) - 765
мл.
Н О -257 мл.
3.80%-ті этанол
перекись қосылған этанол (1) – 874 мл.
Н О – 120 мл
Слайд 26Дистилляцияланған суда микроорганизмдер және пирогендік қалдықтар болуы мүмкін.
Суда тек
қана сақталып қана қоймай, кейбір микробтар ( Pseudomonas, Enterobacter, Klebsiella,
Citrobacter, Escherichia, Serratia) көбейе алады .
Сондықтан инъекциялық процедураға пайдаланатын дистилденген суларды сөзсіз түрде қайта стерильдеу қажет.
Слайд 27Госпитальды инфекция
таралуында организмнің қабылдаушылығының рөлі.
Госпитальды инфекциямен барлық адамдар ауыра
бермейді. Кез келген инфекциялық процесстердегі сияқты, госпитальды инфекцияның дамуы организмнің
қорғанушылық қабілетіне байланысты.
Оған организмнің бейспецификалық және спецификалық иммунитет факторлары әсер етеді. Ауыр операциялар немесе ұзаққа созылған инструментальдық тексерулер, әрине организмнің қорғаныш қабілеттілігін күрт төмендетеді, осындай жағдайлар госпитальды инфекциялардың пайда болуын тездетеді.
Слайд 28 Қантты диабет (сусамыр), онкологиялық аурулар, созылмылы лейкоздар, созылмалы нефрит,
антибиотиктерді ретсіз пайдалану, иммундық депрессанттарды, гормондық препараттарды жүйесіз қолдану госпитальды
инфекциялардың пайда болуына әсер етеді.
Слайд 29Медициналық мекемелердегі микроорганизмдер жиі мекендейтін орындар (Favero 1978 ж)
Слайд 31Госпитальдық штамм туралы түсінік
Госпитальдық штамм туралы түсінік стафилококктық госпитальды инфекцияларды
атау үшін қолданылған болатын . Стафилококктың бірнеше антибиотиктерге тұрақтылығы бар
және олар фаготоптардың І және ІІ-не жатады.
Госпитальдылықты анықтатын негізгі белгісі маркері антибиотикке тұрақты болуы. Бір аурудан екіншісіне ауысып отырады да, мұндай штаммдар аурухана жағдайында ұзақ мерзімде тіршілік етеді. Зерттеуге қарағанда бір апталық уақытта науқастардың 10 %-і госпитальдық штаммдар қабылдап үлгереді екен. Антибиотиктерге тұрақтылығы плазмидалар және лизогенді дақылдардың профагымен беріледі.
Слайд 32Граммтеріс бактериялардың госпитальды штаммдарының пайда болуына адам организміне бірнеше пассаждан
өтілуі әсер етеді, соның нәтижесінде ол штаммдар агрессивті, антибиотикке тұрақтылық
қасиетке ие болады.
Слайд 33Профилактикасы
Ауруханаішілік инфекциялардың зардабы өте қатерлі. Өйткені ауруханада тұрақты бактериятасымалдаушылар көзі
құрылады, қоршаған орта ластанады, ал онда жатқан ауруларға қосымша инфекция
жұғып, ауыр науқасқа шалдығады, емдеу мерзімі ұзайды.
Жалпы жұқпалы аурулармен күресу шаралары госпитальды инфекцияларда да қолданылады, олар мына үш бағытта жүргізіледі.
Антимикробтық режим
Организмнің қорғаныс қабілеттілігін күшейту
Қоршаған орта факторларын оптимизациялау.
Адам денесінің сыртында микробтар антисептиктік ертінділердің көмегімен жойылады. Бұл ерітінділерді өді объектілерді өңдеуге қолдануға болмайды.
Слайд 34Шартты-патогенді микробтарға арнайы шығатын қақпаның болмауы тән, олар кез келген
органда және тінде ешбір тропизмсіз инфекция қоздыра алады.
Шартты-патогенді микроорганизмдер
қоздыратын инфекциялар оппортунистік немесе иммунокомпромистік деп аталады, себебі организмнің иммунологиялық реактивтігі төмендегі ауто және экзоинфекциямен байланысты.
Слайд 35Шартты-патогенді микробтар мен факторлар комплексіне патогенділіктің ферменттері ( адгезия, гиалуреидаза,
элостаза, фибриолизин, лецитиназа, нейраминадоза, және т.б ) ие. Алайда облигатты
патогенді микробтар үшін патогенділік факторларының жиынтығы спецификалық болса, ал шартты патогенді микробтар үшін спецификалығы аз, тұрақсыз.
Слайд 36Шартты-патогенді микроорганизмдер популяциясы гетерогенді, яғни бір мезгілде оның құрамына бірнеше
белгілермен: мысалы, антибиотикке , дизинфектантқа, физикалық факторларға, бактериофагқа, колицинге тұрақтылығы
бойынша әртүрлі микробтар кіреді.
Бұл соңғы нәтижесінде ауруханаішілік инфекция қоздыратын топтарды сұрыптап, популяция қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұған шартты патогенді микробтардың сыртқы орта факторларына адаптациялау және өзгергіш варианттардың бір-біріне өтуіне қабілеттілігі, сезгіштігі жоғарғы түрден көптеген әсерлерге тұрақты түріне: ауруханаішілік эковардан ауруханалық эковарға өтуді қабілеттендіреді
Слайд 37АІИ-ның КӨБЕЮІНЕ СЕБЕП БОЛАТЫН ФАКТОРЛАР
Ерекше экологиялық ортасы бар өте үлкен
ауруханалардың болуы, ондағы микроорганизмдердің таралуы.
Жасанды (артифициалдық) берілу жолдары.
Табиғи берілу жолдарының
белсенділігінің үдеуі.
Қоздырғыш көздері науқастың, медицина қызметкерлерінің тасымалдаушылар өте көп және тұрақты болуы.
Антибиотиктерді орынсыз пайдалану
Госпитальдық штамдардың пайда болуы, таралуы.
Диагноз қоюда, емдеуде әртүрлі инвазивтік техникаларды (эндоскоптар, лапроскопия пайдалану және т.б.)
Науқастың психо-эмоциональдық жағдайы.
Эпидемиялогиялық қадағалау жұмысының кемшіліктері мен олардың толық атқарылмағандығы.
Слайд 38Шартты-патогенді микробтар (ШПМ) қоздыратын аурулар қай жерде жұғатынына қарай 2
топқа бөледі:
Ауруханадан тыс түрі – эндогенді жұғу, яғни басқа жұқпалы
немесе соматикалық аурулардың асқынуының нәтижесінеде болады.
Аурухана ішіндегі түрі – экзогенді жұғу, яғни госпитальді (адаптацияланған) және госпитальды емес (адаптацияланбаған) штаммдар жұққанда болады.