Слайд 1АУРУХАНАІШІЛІК ИНФЕКЦИЯЛАР, ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ
ПРОФИЛАКТИКАСЫ
м.ғ.к., доцент Ахметова Сәуле Балтабайқызы
Слайд 2Ауруханаішілік инфекциялар – иммундық қорғаныш механизмдері бұзылған ауруларда пайда болады.
Олар емдеу мекемесіне келіп түскеннен кейін 48 сағаттан соң пайда
болады да, клиникалық белгілері білінбейді және инкубациялық кезеңі болмайды.
Слайд 3Инфекциялық процестің тізбегі
ҚОЗДЫРҒЫШ
БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ
КІРУ ҚАҚПАСЫ ИНФЕКЦИЯ
ҚАБЫЛДАП АЛУШЫ ИЕ
ШЫҒУ ҚАҚПАСЫ
РЕЗЕРВУАР
Слайд 4ИНФЕКЦИЯНЫҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ:
Берілу жолдары
КОНТАКТЫЛЫ
тікелей;
тікелей емес;
АЭРОЗОЛЬДЫ
ауалы-тамшылы;
ауалы –шаң;
ТІКЕЛЕЙ
Трансплацентарлы
ФЕКАЛЬДІ-ОРАЛЬДЫ
тұрмыстық-контактылы;
су арқылы;
тамақ арқылы:
ТРАНСМИССИВТІ
-
Шағып алу арқылы
Слайд 5Ауруханаішілік инфекциялардың негізгі қоздырғыштары
АІИ қоздырғышы болып әртүрлі бактерия, вирустар
саңырауқұлақтар және қарапайымдылар өкілдері болып табылады. Алайда жетекші болып патогенді
және шартты патогенді есебінде бактериялар табылады. Олардың тізімі өте ауқымды.
Слайд 6Ауруханаішілік инфекциялардың пайда болуына әсер ететін факторлар:
Олардың 2
категориясын ажыратады: сыртқы және ішкі факторлар.
Ішкі факторлар –
науқастың ауру ағымына байланысты;
Сыртқы факторлар – емдеу тактикасында хирургиялық манипуляциялар және инвазивті әдістемелер (тамыр ішіне катеторлар қолдану) пайдалану.
Слайд 7Ауруханаішілік инфекциялардың пайда болуын тіркеу үшін келесі факторларды ескеру керек:
Микробтарға
сипаттама;
Иесіне сипаттама (пациент – науқас, медперсонал);
Ауруханаішілік факторлар.
Слайд 8Микробтарға сипаттама
Ауруханаішілік инфекциялардың қоздырғыштары – шартты-патогенді микроорганизмдер, олар адгезивтік, инвазивтік
қасиеттерге ие және организмде көбеюге бейім.
Мысалы: S. aureus
– гемолизин, плазмокоагулаза, лецитиназа, фибронолизин, ДНК-аза, экзотоксин бөледі. Бұл бөлінген заттар қоздырғыштың тінге, жасушаға бейімделуіне және оны зақымдауға көмектеседі.
Слайд 9Ауруханаішілік инфекцияларды эпидемиологиялық көрсеткішіне қарай 2 топқа бөледі:
Госпитальді (ауруханаішілік)
бейімделген штамдар – нағыз қоздырғыштар;
Осы түрдің бейімделмеген штамдары -
транзиторлы.
Бейімделген (адаптацияланған) штамдардың бейімделмеген (адаптацияланбаған) штамдардан айырмашылығы: антибиотиктерге, антисептиктерге, дезинфектанттарға, фагтарға, бактериоциндерге жоғары тұрақтылық көрсету.
Слайд 10Иесіне сипаттама
Ауруханаішілік инфекциялардың дамуына себебші “қауіпті факторлар”:
Науқас-пациенттің жасы;
Қосымша аурулар (диабет,
онкологиялық процесстер, созылмалы нефрит, лейкоз ж/е т.б.);
Төмен иммунды статус;
Ауыр операциядан
кейін;
Тиімсіз антибиотик, гормондарды қабылдаудан кейін;
Иммунды тапшылық;
Психологиялық жағдайы;
Ұзақ инвазивті әдістермен зерттеуден кейін.
Слайд 11Ауруханаішілік факторлар
Инфекция көзі – пациент, медперсонал, науқасқа келушілер, бактерия тасымалдаушылар,
аурухана ішіндегі құралдар, аппараттар, медикаменттер, сирек түрде ауа, су, тамақ.
Слайд 12 Емдеу мекемелерінде негізгі тәртіп:
1. Ең алдымен гигиеналық;
2. Техникалық стандартты қатаң сақтау;
3. Емдеу мекемелерінің персоналы әсіресе қан
арқылы берілетін инфекцияларға қатысты қатаң тәртіпті сақтау қажет.
Слайд 13Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алудың негізгі 3 бағыты бар:
Мед. қызметкерлердің қолын
өңдеуін бақылау;
Инвазивтік техниканың қолдануын бақылау;
Стационарда антибиотиктерді қолдануды бақылау.
Слайд 14Ref: Guinan et al 1997 American Journal of Infection Control
25: 424 - 425
Слайд 15Ауруханаішілік инфекцияда қолданылатын терминдер:
Госпитальді (ауруханаішілік, нозокомиальді) инфекция – емдеу мекемесіне
түскеннен кейін 48 сағаттан кейінгі жағдайда болады, клиникалық белгілері білінбейді,
инфекциялық кезеңі болмайды;
Ятрогенді инфекциялық – инфекция диагностикалық н/се терапиялық процедурадан кейін пайда болады;
Оппортунистикалық инфекция – инфекция иммунды қорғаныш механизмдері бұзылған ауруларда пайда болады.
Слайд 16Ауруханаішілік инфекциялардың негізгі қоздырғыштары:
S. aureus, S. epidermidis;
Streptococcus-тың А,
В, D топтары;
Ps. aeruginosa, E. coli, Proteus;
Enterobacter, Citobacter;
Klebsiella, Salmonella, Serratia; Legionella, Mycoplasma;
Bacteroides, Campylobacter, Bac.cereus;
Саңырауқұлақтар – Candida, Penicillium, Aspergillus және т.б.;
Вирустар – қарапайым герпес, РС-вирус, аденовирус және т.б.
Слайд 17Госпитальді (ауруханаішілік) инфекцияларды келесі топқа бөледі:
Септицемия және бактеримия;
Іріңді қабыну инфекциялары;
Жаралы
және күйік инфекциялары;
Жоғары тыныс жолдары инфекциялары;
Урогенитальді инфекциялар;
Өткір ішек инфекциялары;
Посттарнсфузионды инфекциялар
(бронхоскопия, гастроскопиядан кейін, гемодиализ, наркоздан кейін);
Слайд 18Ауруханаішілік инфекциялардың пайда болуының негізгі себептері:
1. Ауруханада стафилококктардың госпитальді штамдары
ж/е әртүрлі Грам теріс бактериялардың пайда болуы мен табиғи селекциясы.
Олар әдетте жоғары вирулентті, көпшілігі дәрілерге тұрақты;
2. Мед. қызметкерлер арасында, әсіресе хирургиялық, гиникологиялық мекемелерде патогенді стафилококкты ж/е басқа бактерияларды тұрақты тасушылардың пайда болуы;
3. Асептика принципінің бұзылуы, стерильді емес шприц, инструмент қолдану;
Слайд 194. Әртүрлі бактериялар ж/е
саңырауқұлақтармен кірлеген
антисептиктер, дезинфектанттар,
дайын дәрілерді қолдану барысында
олар оппортунистік аурулар тудырады;
5. Емдеу мекемелерінде санитарлық
гигиена тәртібі бұзылғанда, жеке
гигиена сақталмағанда;
6. Емдеу мекемелеріне вирустар, өткір
респираторлы н/се өткір ішек аурулары
қоздырғыштары түскенде;
7. Емдеу мекемелерінде бактериотасушылар
н/се жасырын инфекциялы түрімен ауыратын
аурудың пайда болуы;
Слайд 208. Антибиотикпен және химиопрепараттармен
тиімді емдеудің бұзылуы,
дәріге тұрақты
патогенді және шартты патогенді
бактериялардың таралуына тұрақты
бақылаудың жүргізілмеуі;
9. Басқа да көптеген белгісіз факторлар.
Слайд 21НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!