Слайд 1Ақуыздар, құрылысы,
жіктелуі, қызметтері.
Нуклеин қышқылдары,
құрылысы, жіктелуі,
қызметтері.
Слайд 2Ақуыздардың құрылысы
Ақуыздар - өзара пептидтік байланыстармен
байланысқан, амин қышқылдарынан тұратын жоғары молекулярлы азоттық қосылыстар. Белки –
это высокомолекулярные азотистые соединения, состоящие из аминокислот, связанных пептидными связями.
Ақуыздардың элементарлық құрамы:
С - 50%-55% Н – 6,3%-7,5% О – 21,5%-23,5%
N – 15%-18% S - 0%-2,4% Р – 0%-2%
Ақуыз – бұл мономерлерден тұратын биополимер. Ақуыздардың мономері болып амин қышқылдары саналады. Ақуыз құрамына кіретін амин қышқылдарының саны – 20. Оларды протеиногенді амин қышқылдары деп аталады.
NH2 – CH – COOH
NH2 – амин тобы СOOH – карбоксиль тобы
R
Амин қышқылдарының бір – бірінен айырмашылығы –олар, тек радикалдары бойынша (R) ғана ерекшеленеді.
Амин қышқылдарын 2 топқа бөлуге болады:
1) алмасатын (егер бұл амин қышқылдары болмаса, құрылымыбойынша ұқсас амин қышқылымен алмаса алады);
2) алмаспайтын (егер бұл амин қышқылдары болмаса, басқа амин қышқылымен алмаса аламайды (триптофан, метионин, лизин и др.).Олар автотрофты ағзаларда ғана синтезделеді.
Слайд 3Амин қышқылдары
Пептидті байланыстардың түзілуі
Слайд 5ақуыздардың алғашқы құрылымы
Амин қышқылдары қалдықтарының полипептидті тізбекте бір ізділікті орналасуы.
…- ала – лиз – вал – вал –
иле - …
Ақуыздардың алғашқы құрылымын ақуыздардың жүйелік номенклатурасында қолдануға болады.
Слайд 6ақуыздардың екінші ретті құрылымы
Полипептидтік тізбектің кеңістікте орналасуы:
1) α – спираль.
2) β – спираль.
α-спираль
Пептидтік тізбектің
негізі тірегі спиральға
бұралған, амин қышқылының радикалдары спиральдан сыртқа қарай айналады.
Бұл құрылым кезінде аминқышқыл негіздері сутекті байланыспен қосылады.
Бір спиарльді орамға 3,6 аминқышқыл қалдықтары қатысады (бір амин қышқылының NH -тобы мен басқа амин қышқылының СО-тобы).
α-спиральді ақуыздар: миозин,- α-кератин
Слайд 7
β-құрылым
пептидті тізбектердің негіздері иректелген конфигурацияны немесе бүктелген жапырақ тәрізді болып
келеді.
Бұл құрылым сутекті байланыспен байланысқан.
β- құрылымды ақуыздардың түрлері:
фибрион
шелка
β-кератин
Слайд 9ақуыздардың үшінші ретті құрылымы
Үшінші ретті құрылым домендер пішінімен анықталады.
Домен –
бұл ақуыздардың әртүрлі екінші ретті құрылымынан тұратын, нақты құрылым
α и β аймақтарының қатынасына тәуелді, ақуыздардың үшінші ретті құрылымы глобулярлы және фибриллярлы болып бөлінеді және глобула деп аталатын құрылым түзіледі..
Үшінші ретті құрылымға тән байланыстар түрі:
1) дисульфитті - ковалентік байланыс,, цистеин қалдықтары аралығында түзіледі
2) сутекті – полярлы (зарядталған және зарядталмаған радикалдар аралығында);
3) гидрофобты әсерлесу
Слайд 10Байланыстар типтері: 1 — иондық; 2 — сутектік; 3 —
гидрофобты өзара әсерлесу; 4 — дисульфидтік
Слайд 11ақуыздардың төртінші ретті құрылымы
Төртінші құрылым, бірнеше
суббірліктен тұратын ақуыздарға тән,
мысалы, гемоглабин – 4 молекуладан тұрады.
Суббірліктер арасында туындайтын гидрофобтық өзара әсерлесу нәтижесінде құрылымның тұрақтылығы сақталады.
Слайд 13ақуыздардың қызметтері
1) Құрылымды түзуші қызметі. Құрылымдық ақуыздар клетка мен ұлпалардың
тұрақтылығын және пішінін ұстап тұруға жауап береді. Мысалы: ақуыздар коллаген,
гистондар. Гистондардың қызметі - хроматинде ДНҚ жинақтау болып саналады.
2) Катализаторлық. Ақуыздардың ішіндегі ең көп тобы - ферменттер. Жасушадағы химиялық реакциялардың өтуін жылдамдатады.
3) Қозғалыстық (жиырылғыштық) қызметі. Актин және миозин ақуыздары бұлшық еттің жиырылуына және басқа биологиялық қорғаныш түрлеріне жауап береді.
4) Тасымалдаушы қызметі. Гемоглобин ақуызы - өкпе мен ұлпалар аралығында оттегін және көмірқышқыл газын тасымалдауға жауап береді.
Слайд 145) Қорғаныс қызметі. Негізгі ақуыз – бұл иммуноглобулин, эритроциттерде мембраналық
гликолипидтермен бірге комплекс түзуге қабілетті. Қызметі – ағзаны ауру қоздырғыштарынан
және бөгде заттардан қорғайды.
6) Энергетикалық қызметі. Ақуыздар энергияның қайнар көзі болуы мүмкін. Ақуыздың 1 г соңғы өнімге дейін толық ыдырағанда 17,6 кДж энергия бөлінеді. Бірақ, бұл өте сирек кездеседі.
7) Реттеуші қызметі. Ақуыздар – сигналдық заттардың(гормондар) және гормональді рецепторлардың қызметтерін атқаруға қабілетті. Мысалы: өсу гормоны соматотропин сәйкес рецепторлармен байланысады (ол сигналдың берілуін белсендіреді).
8) Тірек қызметі. Коллаген, эластин, тірек-қимыл аппараты –сіңір (сухожелия) құрамына кіреді.
Слайд 15АҚУЫЗДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
I. ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ БОЙЫНША:
1) жай ақуыздар (протеиндер), тек амин
қышқылдарынан тұрады.
2) күрделі(протеидтер), амин қышқылдарынан басқа әртүрлі қосымша топтары бар
(нуклеопротеидтер, гликопротеидтер, т.б.
II. ӘРТҮРЛІ ЕРІТІНДІЛЕРДЕ ЕРІГІШТІГІ БОЙЫНША:
1) Альбуминдер – минеральды тұздардың қаныққан ерітіндіңлерінде ериді;
2) глобулиндер - минеральды тұздардың жартылай қаныққан ерітіндіңлерінде ериді;
3) проламиндер – этанолда 60%-80% ериді;
4) глютаиминдер – сілтілік ерітінділерде ериді және т. б.
III. ҚОСЫМША ТОПТАРЫНЫҢ СИПАТЫ БОЙЫНША:
1) Металлопротеидтер
2) Метал емес протеидтер.
Слайд 16Ақуыздар фолдингі және фолдинг факторлары
Ақуыздар әр түрлі себептердің әсерінен (қызып
кету, сәулелену, оксиданттардың әсері) өзінің нативті конформациясын жоғалтуы мүмкін, яғни
жарым жартылай немесе толығымен денатурацияланады. Денатурация – белоктың табиғи құрылымының бұзылуы.
Фолдинг- бұл дұрыс үш өлшемді құрылымға пептидті тізбекті орау.
Фолдинг факторларын келесі екі топқа бөлуге болады:
1 топ – каталиттік белсенділігі бар ақуыздар, яғни фолдинг ферменттері – фолдазалар
2 топ – молекулалық шаперондар– қосымша белоктар.
Шаперондардың әсер ету механизмі әртүрлі;
Пептидті тізбектегі дұрыс емес әрекеттестікті ескертеді.
Шаперондар – рефолдингке бақылау жүргізеді. Рефолдинг – қайтадан құрылу деген мағынаны білдіреді.
Шаперондар жасушаішілік тасымалдауға қатысады.
Слайд 19Бұл – қарапайым құраммен сипатталатын және нуклеотидтерден, көмірсудан, фосфор қышқылының
қалдығынан тұратын жоғары молекулалық қосылыс.
Нуклеин қышқылдары – биополимерлер, мономері болып нуклеотид (қарапайым бірлік) саналады.
Нуклеотид: 1) Азоттық негіздің біреуі: А– аденин, Т– тимин (ДНҚ) , У– урацил (РНҚ) , Ц– цитозин, Г – гуанин
2) көмірсу – пентоза: ДНҚ –да – дезоксирибоза , в РНҚ –да – рибоза
3) Фосфор қышқылының қалдығы
нуклеин қышқылдары
Слайд 20НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ
МОНОМЕРЛЕР - НУКЛЕОТИДТЕР
ДНҚ –
дезоксирибонуклеин
қышқылы
РНҚ
Рибонуклеин
қышқылы
ДНҚ
нуклеотидінің құрамы
РНҚ нуклеотидінің құрамы
Азоттық
негіздер:
Аденин (А)
Гуанин (Г)
Цитозин (Ц)
Урацил (У):
Рибоза
Фосфор
қышқылының
қалдығы
Азоттық
негіздер:
Аденин (А)
Гуанин (Г)
Цитозин (Ц)
Тимин (Т)
Дезокси-
рибоза
Фосфор
қышқылының
қалдығы
Ақпараттық
(матрицалық)
РНҚ (и-РНҚ)
Транспорттық
РНҚ (т-РНҚ)
Рибосомалық РНҚ (р-РНҚ)
Слайд 21ДНҚ және РНҚ құрылымы
Дж.Уотсон және Ф.Крик 1953ж. ДНҚ құрылысын ашты.
Слайд 24днқ құрылымы
бірінші ретті
екінші ретті
үшінші ретті
төртінші ретті
Слайд 25 Полинуклеотидтік тізбекте нуклеотидтердің бірізділікті орналасуы жүреді.
Бірінші ретті құрылымды зерттеу барысында бірқатар заңдылықтар ашылды.
1) А + Г = Ц + Т Пуриндік негіздердің молекулярлық массасы пиримидиндік негіздердің молекулярлық массасына тең.
2) Аденин – тиминдік және гуанин – цитозиндік жұптардың қатынасы ДНҚ – ның спецификалық коэффициентін көрсетеді.
Бұл көрсеткіштер әртүрнлі жануарларда әртүрлі. Бірінші ретті құрылымды зерттеу нәтижесінде, Днқ-ның бөлігінің 64% ерекше бірізділікті құрайды. Бұл бірізділік – құрылымдық ген деп аталады. Құрылымдық гендер арнайы ақуыздардың биосинтезін қамтамасыз етеді. Ал, басқа гендер, көп мөлшерде қажет болатын басқа ақуыздардың синтезін бақылайды
Ген – ақуыздың бірінші ретті құрылымы туралы ақпараты сақталған ДНҚ молекуласының бөлігі.
.
бірішші ретті құрылымы
Слайд 26 Полинуклеотидтік тізбектің кеңістікте нақты орналасуы жүреді.
Екінші ретті құрылымның ерекшелігі – полинуклеотидтік
тізбектің спирализациясы. ДНҚ-ның спирализациялық
деңгейі 100%. Екінші ретті құрылымды ашқан
Уотсон және Крик(Нобель премиясын алған). ДНҚ моолекуласының құрамы екі полинуклеотидтік
тізбектен тұратын, оңға қарай бұралған қос спираль.
Көмірсу және фосфор қышқылының қалдығы
спиральдың сыртында, ал, азоттық негіздер ішінде
орналасқан. А – Т Г – Ц сутектік байланыстар арқылы комплементарлы жұптар түзеді. А және Т екі сутектік, Г және Ц – үш сутектік байланыс. Екінші ретті құрылымның түрлері:
1) В – форма. Азоттық негіздердің ДНҚ молекуласының осіне перпендикулярлы орналасуы. Спираль қадамына 16 жұп нуклеотид кіреді. Бұл түрі тұрақты.
2) А – форма.. Спираль қадамына 11 жұп нуклеотид кіреді. Бұл түрі репликация және транскрипция кезінде түзіледі.
3) Z – форма. солға қарай бұралған қос спираль.
екінші ретті құрылым
Слайд 27 Полинуклеотидтік тізбектің кеңістікте жалпы орналасуы
жүреді. Прокариот және эукариот ядроларында хромосомада ДНҚ молекуласының тығыз жинақталуы
жүреді.
Хромосома хроматиннен тұрады. Оның құрамына: ДНҚ, гистонды ақуыздар және біршама РНҚ кіреді.
Гистонды ақуыздардың 5 түрі бар: Н2А, Н2В, НЗ, Н4 (нуклеосомдық гистондар) және H1. Жинақталу нәтижесінде, нуклеосомалар (диаметрі 10 нм)түзіледі. ДНҚ 20-50 есе қысқарады. Нуклеосома құрамына 145-150 нуклеотид кіреді. Нуклеосомалар жинақталып – соленоид (катушка) диаметрі 30 нм түзеді.. (20-60есе қысқарады). Соленоидтар фибриллярлық құрылым түзеді. ( 200 есе қысқарады). Нәтижесінде екі хроматидтен (диаметрі 700нМ) тұратын хромосома (диаметрі1400нм) тұзіледі.
Толық жинақталу нәтижесінде ДНҚ молекуласы
100 000 есе қысқарады.
үшінші ретті құрылымы
Слайд 28 Хромосомада әрбір ДНҚ молекуласының жалпы кеңістіктік
орналасуы және ақуыз биосинтезі барысында ДНҚ және РНҚ молекулаларының өзара
кеңістіктік орналасуы жүреді.
төртінші ретті құрылым
Слайд 29 Жасуша үшін ДНҚ-ның (РНҚ-ның) маңызы зор. Олардың
химиялық құрылысының ерекшелігі – жеке даму этаптарында, әрбір ұлпада синтезделетін
ақуыздық молекулалардың құрылымы туралы ақпараттың, ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалауын жасушалық деңгейде сақталуын, тасымалдануын қамтамасыз етеді. Нуклеин қышқылдарының тұрақтылығы – жасушаның (ағзаның) қалыпты тіршілік етуінде, барлық ағзадағы процестедің дұрыс өтуін қамтамасыз етеді.
ДНҚ қызметтері
Слайд 31РНҚ құрылысы
РНҚ ДНқ сияқты биополимер, оның мономері- үш
негізгі компоненттен тұратын нуклеотидтер:
1) азоттық негіз;
2) көмірсу – рибоза;
3) фосфор қышқылының қалдығы.
РНҚ құрамында тиминнің (Т) орнына урацил (У) болады.
Құрылымы бойынша, РНҚ бір тізбекті және екі тізбекті болып бөлінеді. Екі тізбекті РНК бірқатар вирустардың тұқым қуалайтын белгілері туралы ақпаратты сақтайды.
Бір тізбекті РНҚ-ның түрлері: т-РНК, и-РНК, р-РНК.
Слайд 32р – РНК (рибосомды)
РНҚ түрлері
т – РНК (тасымалдаушы)
и – РНК
(ақпараттық, матрицалық)
Слайд 33Т – РНҚ(тасымалдаушы)
Ең кіші РНҚ. 75-90 нуклеотидтен
тұрады. Жалпы РНҚ –ның 10%-20% т-РНК құрайды.
Қызметі: белсенді амин қышқылдарын ақуыздық биосинтез орнына (рибосомаға) тасымалдау.
т- РНК –ның кеңістікте орналасуы «жоңыршқа жапырағының» пішініне ұқсас.
кодон
т- РНК –ның құрамында үш ілмек бар::
1) дигидроуридиндік. 8-12 нуклеотидтен және бірнеше дигидроурацил молекуласынан құралған .
2) псевдоуридтік. Құрамына 7 нуклеотидтен және минорлық негіз – псевдоуридин кіреді.. Ілмектің маңызы:рибосомамен байланысты қамтамасыз етеді.
3) антикодондық. 20 нуклеотидтен тұрады.Оның құрамында синтезделетін ақуыз молекуласында амин қышқылының «орнын танитын» нуклеотидтер триплеті бар. Әрбір амин қышқылна тән кодоны болады.
т-РНК ЦЦА триплеті арқылы амин қышқылдарының белсенділігін қамтамасыз етеді
Слайд 34и – РНҚ
(ақпараттық, матрицалық)
и – РНК,
ДНҚ молекуласындағы транскрипция барысында түзіледі, сондықтан, и-РНК –ның бірінші ретті
құрылымы ДНҚ-дағы геннің дәл көшірмесі болады. Барлық РНҚ-ның жалпы мөлшерінен и-РНК 2 - 6% болады.
и-РНК құрамына 6 аймақ кіреді, олардың әрқайсысы нақты қызмет атқарады.
1) КЭП: и-РНК молекуласын стабилизациясын қамтамасыз етеді.
2) Цистронға дейінгі аймақ: сутектік байланыс арқылы рибосомамен байланысуды қамтамасыз етеді.
3) Инициирулеуші аймақ: рибосомада ақуыз синтезінің басталуы туралы «бұрық» бар.
4) Цистрондық аймақ: ақуыз синтезі туралы ақпаратты әкеледі.
5) Үзілуші триплет: ақуыз биосинтезінің аяқталуы туралы «бұйрық»бар.
6) Цистроннан кейінгі аймақ: Синтезделген ақуыздың мөлшерін реттейді.
Слайд 35р – РНК
(рибосомалық)
Рибосоманың негізгі құрылымдық компоненті
болып саналады. Барлық РНҚ-ның жалпы мөлшерінен р-РНК 75% болады.
Ақуыздармен (гистондармен)
өзара байланысып, рибосоманың субьбірліктерін құрайды.Рибосома үлкен және кіші субьбірліктен тұрады.