Разделы презентаций


ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

Содержание

II – БӨЛІМ. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ №11 тақырып «ОНТОЛОГИЯ» ДӘРІС ЖОСПАРЫ: 1. БОЛМЫС КАТЕГОРИЯСЫ. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ БОЛМЫС МӘСЕЛЕСІ. 2. БОЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ.3. МОНИЗМ, ДУАЛИЗМ ЖӘНЕ ПЛЮРАЛИЗМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫНДАҒЫ СУБСТАНЦИЯ

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

ПӘН: ФИЛОСОФИЯ



№11 тақырып
ОНТОЛОГИЯ



Орындаған: ЖГДФ ассоц. профессоры


Ақбаева Л.Н.



Алматы 2015

ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫПӘН: ФИЛОСОФИЯ№11 тақырып ОНТОЛОГИЯОрындаған: ЖГДФ ассоц. профессоры       Ақбаева

Слайд 2 II – БӨЛІМ. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ №11 тақырып «ОНТОЛОГИЯ» ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
1. БОЛМЫС

КАТЕГОРИЯСЫ. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ БОЛМЫС МӘСЕЛЕСІ.
2. БОЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ.
3. МОНИЗМ,

ДУАЛИЗМ ЖӘНЕ ПЛЮРАЛИЗМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫНДАҒЫ СУБСТАНЦИЯ МӘСЕЛЕСІ.
4. МАТЕРИЯ КАТЕГОРИЯСЫ МЕН ОНЫҢ АТРИБУТТАРЫ.
5. ДАМУ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ЗАҢДАРЫ.
6. ДАМУ КАТЕГОРИЯЛАРЫ.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ.
II – БӨЛІМ. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ №11 тақырып «ОНТОЛОГИЯ» ДӘРІС ЖОСПАРЫ:  	1. БОЛМЫС КАТЕГОРИЯСЫ.

Слайд 4 1. БОЛМЫС КАТЕГОРИЯСЫ. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ БОЛМЫС МӘСЕЛЕСІ







Оған

мағынасы жағынан жақын ұғымдар ретінде «космос», «дүние», «табиғат» ұғымдарын атауға

болады, бірақ «болмыс» категориясы кең және ауқымды, мазмұны жағынан терең. Болмысқа қарсы категория  «болмыс емес» немесе «болмау», «бейболмыс» ұғымдары.




Реалды болмыс кеңістіктік-уақыттық сипатқа ие, қайталанбайтын, индивидуалды заттардың, үдерістердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір сүруі. Идеалды болмыс мәңгі, уақытқа тәуелсіз, өзгермейді. Құндылықтар, идеялар, ұғымдар осындай сипатқа ие. Кейбір философтар идеалды болмысты ақиқат болмысы деп таниды.









Болмыс категориясы философиялық категориялардың ішіндегі ең бастысы.
Болмысты философияның саласы  онтология (грекше ontos  мән, мәніс
(сущее); logos  ілім деген сөздер) жан-жақты түрде зерттейді.
Болмыс ұғымының анықтамасы  дүниеде барлық нәрсенің өмір сүріп
отырғанын және олардың ең маңызды қасиетін  бар болуды, нақты өмір
сүруді білдіретін категория.

Болмыс ұғымы руханилықты және материалдылықты қамтиды.
Яғни болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады.
Реалды болмысты өмір сүру, бар болу деп, ал идеалды болмысты  мән деп атайды.

1. БОЛМЫС КАТЕГОРИЯСЫ.  ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ БОЛМЫС МӘСЕЛЕСІ   	 Оған мағынасы жағынан жақын

Слайд 5
Болмыстың түп-негізін негіздеудің мұңдай тәсілі хаосты (бейберекетсіздікті) себеп-салдарлық байланыс жағдайынан

түсіндіруге мүмкіндік береді. Парменид әлемнің өзімен қатар, адамның да субстанциялық-заттық

болмысын іздестірді.
Философия тарихында болмыс категориясы әр түрлі мазмұнға ие болды. Алдымен болмыс  мәңділіктің өзі ретінде (Парменид), болмысты, яғни дүниені шын мәнінде мәңгі үдеріс, жанып тұрған от деп қараған (Гераклит). Орта ғасыр философиясында  жоғары және абсолюттік негіз Құдай ретінде, неміс классикалық философиясында болмыс  трансцендентальдық негіз немесе тәжірибе мүмкіндігінің шарты ретінде (И. Кант), ғылымның (логиканың) бастамасы ретінде, Абсолюттік Рухтың диалектикалық қозғалысы ретінде қарастырылды (Г.Гегель). К.Маркс болмысты қоғамның экономикалық негізі ретінде немесе барлық табиғи түзілімдердің түпкі материалдық негізі ретінде (материалистер сияқты) санап, Ф.Ницше оны билікке деген ерік ретінде қарастырды.

1. БОЛМЫС КАТЕГОРИЯСЫ. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ БОЛМЫС МӘСЕЛЕСІ

Болмыс ұғымын алғаш рет философияға енгізген антикалық
Элеаттар мектебінің өкілі ПАРМЕНИД (б.з.д. V-IV ғғ.) еді.
Болмысты ол тұрақты, өзгермейтін және өзіне тең болмыс деп;
ол қажеттілік, заңдылық, детерминация сипаттамалармен ерекшеленеді,  деді.

Болмыстың түп-негізін негіздеудің мұңдай тәсілі хаосты (бейберекетсіздікті) себеп-салдарлық байланыс жағдайынан түсіндіруге мүмкіндік береді. Парменид әлемнің өзімен қатар,

Слайд 7 1. БОЛМЫС КАТЕГОРИЯСЫ. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ БОЛМЫС МӘСЕЛЕСІ


Ж.-П.

Сартрдың айтуынша, өз болмысындағы адамның нақтылығы қасірет нақтылығына айналады, өйткені

ойдың «рационалдануы» мен «этикалануы» адамды болмыстан алшақтатудың бастамасы болып табылады.
М.Хайдеггер болмыс мәселесін философиялық рефлексия саласына қайтару тақырыбын талдаумен айналысты. Өз болмысының ешнәрсеге бағытталғанын терең сезініп, ойға батқанда, өзіңнің ақырыңды толық сезгеніңде, өлімге тура қараған сәтте ғана адам Болмыс туралы сұрақты айқын қоя алады деді. Хайдеггердің ойынша, болмыс мәселесі өлім табалдырығында тұрған, ешнәрсеге бағытталған өзінің шарасыздығын сезген адамға қатысты ғана маңызды.





Болмыстың «жаңа» стратегиясын постмодернизм философиясы енгізді. Олар болмыс ретінде мәтіннің философиялық пайымдаудын, тұрақсыздықты, өзгермелілікті, ағымдылықты, әлем үлгілері өміріндегі эклектизмді мойындайды.

Болмысты әсіресе экзистенциализм философиялық мектебі жете қарастырды.
Оның өкілдері әлемдегі адам болмысының негізін нигилизм құрайды деді.

Бұл болмыс мәселесін сұрауды М.Хайдеггер терминологиялық тұрғыда «Осы арадағы
болмыс» (Dasein) немесе «фундаментальдық онтология» деп белгілейді. Сондықтан
адам болмысты қасиетті несібе ретінде қабылдап және аялай сақтауы тиіс. Демек,
М. Хайдеггер мен Ж.-П. Сартр «нағыз болмыс» пен «жалған болмыстың»
шекараларын айқындайды.

1. БОЛМЫС КАТЕГОРИЯСЫ.  ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ БОЛМЫС МӘСЕЛЕСІ     Ж.-П. Сартрдың айтуынша,

Слайд 8 2. БОЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ




Бұл тұжырымды соңғы кезде қарқынды дамып отырған синергетика

(грекше synergetikos – ынтымақтастық, бірлесе әрекет ету деген сөз) ғылымы

немесе ашық жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы теориясы жақсы дәлелдеп отыр.



Қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді. Бірінші табиғатқа адам санасынан тәуелсіз табиғат заттары, үдерістері және күйлері жатады. Екінші табиғатқа адам өзі жасаған барлық материалды заттар жатады. Бірінші табиғат пен екінші табиғат бір-бірімен тығыз байланысты.




Нақты табиғи мәселелер мен үдерістер ауыспалы нәрселер, әлдебір жерде, белгілі бір уақытта өмір сүреді, басқа жерде, басқа уақытта олар жоғалып кетеді.

Болмыстың түрлеріне ЗАТТАР мен ТАБИҒАТ, АДАМ, РУХАНИ,
ӘЛЕУМЕТТІК болмыстары жатады. Болмыстың түрлері сан-алуан
болғанымен, олар бір-бірімен тығыз байланысты және бірлікте.

Заттар мен табиғат болмысын тірі және өлі табиғаттың заттары, қасиеттері
болмысы, қоршаған орта деген ұғым арқылы бейнелеуге болады.

Табиғат болмысы: объективтілігімен – адам санасынан тыс және тәуелсіз
өмір сүруімен – кеңістік пен уақытта мәңгі-бақи болуымен –
ол барлық жерде және әрқашан болуымен сипатталады.

2. БОЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ Бұл тұжырымды соңғы кезде қарқынды дамып отырған синергетика (грекше synergetikos – ынтымақтастық, бірлесе

Слайд 9 2. БОЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ







Адам табиғаттың бөлшегі болғандықтан,

адам денесінің болмысына пайда болу, қалыптасу, күйреу және басқа күйге

көшу тән. Бұл фактор адамды өз денесін күтуге мәжбүр етеді, онсыз адам болмысы мүмкін емес. Жеке адамның болмысы тек физикалық денемен шектелмейді, ол оның ішкі жан дүниесі немесе психикасын, рухани болмысын және қоғамдағы рөлін қамтиды. Антикалық философтар адам болмысының басты көрсеткіші ретінде тәнін ғана емес, жанын күту, оны жетілдіру де адам үшін басты міндеттердің бірі ретінде қарастырған.
Демек адам болмысы – табиғи және оның өзі жасаған заттар мен рухани игіліктер дүниесіндегі болмысы. Ол рухани және әлеуметтік болмыстармен тығыз байланысты.

Адам жасаған, адамның белгілі бір еңбегі мен білімінің туындысы болып
табылатын заттар болмысы табиғаттың алғашқы болмысына сүйенеді.

Адам болмысы оның үш өлшемімен байланысты:
биологиялық (адам физиологиясы), психологиялық (саналылық пен санасыздық),
әлеуметтік (қоғамдағы рөлі).

2. БОЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ    Адам табиғаттың бөлшегі болғандықтан, адам денесінің болмысына пайда болу, қалыптасу,

Слайд 102. БОЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ





Адам өзінің рухани өндірістік қызметінде рухани

игіліктерді өндіріп қана қоймай, оларды мәдени туындылар формасында өз игілігіне

жаратып, қайтадан түлетеді.



Адам қоғамда білім алады, еңбек етеді, қоғамды өзгертеді, онда әр түрлі іс-әрекеттер мен қатынастарды жүзеге асырады.


Рухани болмыс адам санасының ең жоғарғы болмысы ретінде саналып,
оған адамның рухани өндірісі, өзі жасаған рухани игіліктері жатады.
Рухани өндірістің түрлеріне идеяларды, теорияларды, білім мен түсініктерді,
көркемөнерді жатқызамыз.

Адам болмысы әлеуметтік болмыс арқылы мәнді. Әлеуметтік болмыс деп
адамның қоғамдағы және жалпы қоғамның әлеуметтік болмысын айтамыз.

2. БОЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ  Адам өзінің рухани өндірістік қызметінде рухани игіліктерді өндіріп қана қоймай, оларды мәдени туындылар

Слайд 11 3. МОНИЗМ, ДУАЛИЗМ ЖӘНЕ ПЛЮРАЛИЗМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫНДАҒЫ СУБСТАНЦИЯ МӘСЕЛЕСІ
Болмыс, оны

құрайтын заттар мен құбылыстарды біріктіретін бір бастау болуы мүмкін деген

мәселе философтарды ерте заманнан-ақ ойландырды және бұл мәселе бойынша пайымдаушыларды плюрализм, дуализм, монизм ілімдерінің өкілдері ретінде бөлуге болады.







Субстанцияның өз-өзіне жеткілікті идеясын барынша категориялық формада Б. Спиноза ұсынды: субстанция – «саusа suі», яғни «өз-өзіне» себеп болып табылады. Бұл бастау өзін негіздеу үшін өзге ешнәрсені талап етпейді. Субстанция өз-өзіне жеткілікті. «Мен субстанцияны, – деп жазады Б.Спиноза, – өзімен-өзі өмір сүретін және өзі арқылы өзі өмір сүретін, яғни басқа нәрседен түзілетіндей өзге затпен салыстыруға келмейтін нәрсе деп түсінемін». Субстанцияның объективті нақтылық ретінде мойындауы арқасында оның барлық алуан түрлі құбылыстар мен үдерістердің себептік шарттылығын негіздеуіне мүмкіндік туды.

Субстанция (латынша substantia – мән, маңыз деген сөз) идеясы көмегімен
философтар болмыстың өзіндік шарттылығын негіздеуге тырысады.
Субстанция – абсолюттік бастауды, түп-негізді бейнелеу үшін болмыстың
өзгермейтін, жойылмайтын негізі ретінде қолданылатын ұғымы болып
табылады. Онымен субстрат (латынша – негіз деген сөз) ұғымы байланысты,
ол болмыстың неден тұратынын анықтайды.

3. МОНИЗМ, ДУАЛИЗМ ЖӘНЕ ПЛЮРАЛИЗМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫНДАҒЫ СУБСТАНЦИЯ МӘСЕЛЕСІ  Болмыс, оны құрайтын заттар мен құбылыстарды біріктіретін

Слайд 12 3. МОНИЗМ, ДУАЛИЗМ ЖӘНЕ ПЛЮРАЛИЗМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫНДАҒЫ СУБСТАНЦИЯ МӘСЕЛЕСІ











Идеалистік монизмнің ең дәйекті бағыты Г.Гегельдің философиясы

болып табылады. Мысалы, Платон барлық нәрселердің негізі ретінде идеяны, ал Гегель абсолюттік идеяны жариялады. Ортағасырлық христиан және мұсылман ойшылдарының да басым көпшілігі осы монистік көзқарасты ұстанды, бірақ дүниенің негізі Құдай деп пайымдады.
Материалистік монизм өкілдеріне антикалық Милет мектебінің ойшылдарын, Қайта Өрлеу ғалым-философтары Н.Кузанский мен Дж.Бруноны, марксизм философиясын жатқызуға болады.

Субстанция мәселесі монистік, дуалистік және плюралистік тұрғыдан
шешіледі.

Монизм (грекше monos  біреу, жалғыз деген сөз)  бүкіл дүниедегі
нәрселердің бір ғана бастамасын мойындайтын философиялық ілім.

Материалистер дүниенің бастамасы, негізі ретінде материяны немесе
табиғатты алады.
Идеалистер барлық құбылыстардың бастамасын рух, идея деп санайды.
Яғни монизм идеалистік және материалистік монизм болып бөлінеді.

3. МОНИЗМ, ДУАЛИЗМ ЖӘНЕ ПЛЮРАЛИЗМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫНДАҒЫ СУБСТАНЦИЯ МӘСЕЛЕСІ       Идеалистік монизмнің

Слайд 133. МОНИЗМ, ДУАЛИЗМ ЖӘНЕ ПЛЮРАЛИЗМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫНДАҒЫ СУБСТАНЦИЯ МӘСЕЛЕСІ




Әсіресе Р.Декарт

пен И.Кант философиясына тән. Дуализм психофизиологиялық параллелизм теориясының негізі болып

табылады.




Ғылымның дамуы дүниенің бір, материалдық негізі бар екендігін дәлелдеді деуге болады.



Дуализм (латынша dualis  екі жақты деген сөз)  дүниенің екі, яғни
материалдық және идеалдық (рухани) субстанцияларды өзара тең құқылы
бастаулар деп есептейтін, монизмге қарама-қарсы философиялық ілім.

Плюрализм (латынша pluralis  көпше, көптік деген сөз)  дүниенің көп
бастамасы бар екенін, бұл бастамалардың бір-бірінен тәуелсіз екендігін
мойындайды.

3. МОНИЗМ, ДУАЛИЗМ ЖӘНЕ ПЛЮРАЛИЗМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫНДАҒЫ СУБСТАНЦИЯ МӘСЕЛЕСІ Әсіресе Р.Декарт пен И.Кант философиясына тән. Дуализм психофизиологиялық параллелизм

Слайд 14 4. МАТЕРИЯ КАТЕГОРИЯСЫ МЕН ОНЫҢ АТРИБУТТАРЫ


Антикалық философтары

 Натурфилософтар  материя ретінде, мысалы, Гераклит отты, Фалес 

суды, Анаксимандр  апейронды, Анаксимен  ауаны көрсетеді. Демокрит материалдық және идеалдық дүние өте кішкентай бөлшектерден  атомдардан тұрады деп түсіндірді. Яғни дүниенің атомистикалық бейнесін орнатты. Материяға көзқараста атомдық түсінік XVIII ғасырға дейін басым болды. Бірақ XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы ғылыми жаңалықтар, атап айтқанда, рентген сәулесін (1895 ж.), радиоактивтік сәулелердің (1896 ж.), электронның (1897 ж.), А.Энштейннің салыстырмалы теориясының (1905 ж.) ашылуы материяны материалдық бөлшек емес, энергия ретінде қарастырды. Ғалымдар материя жоғалды, энергия ғана қалды, яғни субстанция деп энергияны тану қажет деген пікір айта бастады.



Осы анықтамадан материяның онтологиялық мәнін түсінуге болады:



Қазіргі ғылымда материяның өмір сүретін екі формасы белгілі: зат және толқын, бұлар бір-бірімен байланысты және бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.





Материя (латынша materia  зат, материал деген сөз) категориясы болмыс
категориясы сияқты философиялық категориялардың арасындағы ең бастысы.

В.И.Ленин өзінің «Материализм және эмпириокритицизм» еңбегінде материяға
философиялық анықтама берді және ол өзінің маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.

Материя  жалғыз субстанция, өзінің себебі бар адам санасынан тыс өмір сүретін
бірақ санада бейнеленетін объективтік реалдық, ол жаратылмайды және жойылмайды.

4. МАТЕРИЯ КАТЕГОРИЯСЫ МЕН ОНЫҢ АТРИБУТТАРЫ    Антикалық философтары  Натурфилософтар  материя ретінде,

Слайд 15 4. МАТЕРИЯ КАТЕГОРИЯСЫ МЕН ОНЫҢ АТРИБУТТАРЫ







Қозғалыстың өзiне қарама-қарсы

сәтi: тыныштық материя объектілерінің өзгеру ерекшеліктері. Қозғалыстың формалары сансыз көп.


Қозғалыстың әмбебаптығы туралы, оның бастапқы қасиет екендігін антикалық Милет мектебі, Гераклит, Демокрит, Эпикур сияқты философтар айтып кеткен.
П.Гольбах XVIII ғасырда қозғалысты материяның өмір сүру тәсілі деп түсіндірді. Бірақ ол оны механикалық орын ауыстыру деп түсінген.




Материя қозғалысының ең жоғарғы формасы  әлеуметтік қозғалыс болып табылатындығын айтты. Қазіргі заман ғылымында қозғалыстың геометриялық, термоядролық, планетарлық формалары туралы сөз етіліп жүр.

Материя болмысының үш атрибуты бар – кеңістік, уақыт, қозғалыс.


Материяның басты қасиеті  қозғалыс, материясыз қозғалыс, қозғалыссыз
материя жоқ. Болу деген қозғалыста болуы дегенді білдіреді. Қозғалысты
кез-келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол материяның сыртқы емес, ішкі,
ажырамас қасиеті, ол объективті, мәңгілік және абсолютті.

XIX ғасырда қозғалыс формаларының классификациясын Ф.Энгельс ұсынды.
Ол қозғалыстың механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық
және әлеуметтік түрлерін атап көрсетті.

4. МАТЕРИЯ КАТЕГОРИЯСЫ МЕН ОНЫҢ АТРИБУТТАРЫ   Қозғалыстың өзiне қарама-қарсы сәтi: тыныштық материя объектілерінің өзгеру

Слайд 16 4. МАТЕРИЯ КАТЕГОРИЯСЫ МЕН ОНЫҢ АТРИБУТТАРЫ




Кеңістік объектілердің және

олардың қалыптарының бірінің қасына бірі жайғасып тұруының тәртібінен қалыптасады. Реалды

кеңістік тіршілік етушілерді іс жүзінде бөлудің, сонымен қатар біріктірудің тұрақты көрсеткіші.


А.Энштейннің салыстырмалылық теориясы төрт өлшемділікті қолданады, үш өлшемге төртінші өлшем  уақыт қосылады.





А.Энштейннің салыстырмалылық теориясы кеңістік пен уақыттың нақты қасиеттерінің материалдық объектілердің ерекшелігіне, олардың қозғалыс пен өзара әрекетіне тәуелділігін анықтайды. Кеңістік пен уақыттағы дененің қасиеттері қозғалыстың жылдамдығына байланысты. Мысалы, дененің қозғалыс жылдамдығының жарық жылдамдығына жақындауы, жылжу бағытындағы өлшемдерді қысқартады, ал уақыттың өтуі бәсеңдейді.

Кеңістік  материяның маңызды атрибуты. Кеңістік уақыт сияқты емес,
ол қайта оралады. Кеңістік  материя болмысының объективті формасы,
ол әртүрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын,
құрылымдылығын сипаттайды.

Кеңістік үш өлшемді. Ол өлшемдерге  ұзындық, ен, биіктік жатады.

Уақыт  әр түрлі жүйелердің жағдайларының созылғандығын, ретпен жүруін
сипаттайды, материя болмысының объективті, жалпы атрибуты.
Басты қасиеттері  бір өлшемді, бірбағытты, қайта оралмайды, ылғи да
өткеннен болашаққа қарай жүреді.

4. МАТЕРИЯ КАТЕГОРИЯСЫ МЕН ОНЫҢ АТРИБУТТАРЫ   Кеңістік объектілердің және олардың қалыптарының бірінің қасына бірі

Слайд 17 5. ДАМУ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ЗАҢДАРЫ



Диалектикада даму

ұғымын құбылыстардың байланысы мен өзара тәуелділігі, өзара әрекеттестігі ұғымдарымен сипатталады.

Заттар арасындағы байланыс тікелей немесе жанама түрлі сипатта болады. Құбылыстардың ішкі байланысы және өзара шарттастығын қарастыратын ұғым заң деп аталады. Заңға тән байланыстар  мәнді, тұрақты, қайталанып отыратын, құбылыстарға іштей тән байланыстар.
Объективтік заңдарды үш үлкен топқа бөлуге болады: 1) объектілердің ерекше қасиеттерінің арасындағы қатынастарды көрсететін жеке заңдар; 2) объектілер мен құбылыстардың үлкен жиынтықтары үшін ортақ жалпы заңдар; 3) ең жалпы немесе универсалды заңдар. Олар универсалды диалектикалық қатынастарды көрсетеді.







Даму туралы ең толық, жан-жақты және терең мазмұнды ілім  ДИАЛЕКТИКА
деп аталады. Ол философияның әдісі ретінде метафизикаға қарама-қарсы ұғым.

Даму заңдары универсалды заңдар ретінде барлық жерде мен жағдайларда
әрекет етеді. Олар табиғат, қоғам, ойлау заңдары болып табылады.
Дамудың негізгі үш заңы бар  олар:
сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне және керісінше өту заңы;
қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы;
терістеуді терістеу заңы.
Оларды диалектикалық тұрғыдан бірінші болып зерттеген неміс классикалық
философы Г. Гегель болды.

5. ДАМУ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ЗАҢДАРЫ   Диалектикада даму ұғымын құбылыстардың байланысы мен өзара тәуелділігі,

Слайд 18 5. ДАМУ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ЗАҢДАРЫ







САПА категориясы заттың

бірлігін, тұтастығын, оның салыстырмалы тұрақтылығын, өзі мен өзінің тепе-теңдігін көрсетеді.
САН

категориясы заттардың біртектілігінің, ұқсастығының көрінісі екенін, соның салдарынан олар көбею немесе азаю, бөліну немесе бірігу және т.с.с. өзгерістерге ұшырай алатындығын көрсетеді. Сондықтан сан шамадан, мөлшерден, көлемнен, объектінің белгілі бір жақтарының даму дәрежесі мен тездігінен, үдерістің өту қарқынынан, құбылыстардың кеңістік-уақыттық қасиеттерінен көрінеді.
ӨЛШЕМ категориясы объектінің сан мен сапа жақтарының арасындағы қарым-қатынастардың өзгерістері, өлшемнің, шаманың өзгерістері дамудың механизмін анықтап береді: бұл механизм бойынша дамуды ескінің жаңамен ауысуы, бар нәрселердің мәңгілік әрі тоқтаусыз жаңару үдерісі ретінде түсінген жөн.
СЕКІРІС категориясы  үздіксіз даму формасына қарағанда едәуір тез болатын даму формасы. Дамудың 1) эволюциялық  біртіндеп болатын сапалық өту формасы және 2) революциялық  бір сапаның басқа сапаға айтарлықтай тез және бірден айналу формаларының бірлігі қоғамдық дамудын заңын құрайды.

Сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне және керісінше өту заңының басты
ерекшелігі мынада: даму дүниеде бар нәрселердің сан жағынан жай ғана өсуі
(көбеюі немесе азаюы) емес, ескінің құру, жойылу және жаңаның пайда болу
үдерісі ретінде ұғынылады. Бұл үдеріс сан өзгерістерінен сапа өзгерістеріне және
керісінше өту заңына негізделеді. Бүл заңның мәні сапа, сан, өлшем, секіріс,
шама сияқты бірқатар категориялар арқылы ашылады.

5. ДАМУ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ЗАҢДАРЫ  САПА категориясы заттың бірлігін, тұтастығын, оның салыстырмалы тұрақтылығын,

Слайд 19 5. ДАМУ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ЗАҢДАРЫ
Қарама-қарсылықтардың бірлігі

мен күресі заңы философия тарихында ежелден бері қарастырылып келген. Мысалы,

Аристотель: «дүниеде барлық заттар қарама-қарсылықтардан тұратынын жұрттың бәрі мойындайды; мәселен, біреулер тақ пен жұпты, екіншілер  жылы мен суықты, үшінші біреулер  шектілік пен шексіздікті, төртіншілер  махаббат пен өшпенділікті көрсетеді».
Ежелгі грек диалектигі Гераклит қайшылықтар мәселесін барлық нәрсе өтіп, өзгеріп отыратындықтан, барлық нәрсе қарама-қарсылықтар күресінің нәтижесінде ғана болып жатады  деп санады.









Қайшылықтар пайда болғаннан кейін нақты қайшылықтардың қай-қайсысы болмасын дамиды, белгілі бір сатылардан, баспалдақтардан өтеді. Құбылыстардың қай-қайсысы болмасын, оның қайшылықтарының беті ашылғанша, толық мөлшерде өріс алғанша жойылмайды, басқа құбылыстарға орын бермейді, өйткені тек осындай даму үдерісінде ғана жаңа сапалық күйге секіріс үшін алғышарттар жасалады.

Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңына сәйкес барлық заттар мен
үдерістерге ішкі қайшылықтар және өздеріне тән ерекше қайшылықтары тән,
ол қайшылықтар табиғат пен қоғамның өзіндік дамуының қозғаушы күшін
құрайды. Себебі қарама-қарсылықтардың күресі дамуға іштей күш береді,
белгілі бір кезеңде ескі нәрсе жойылып, жаңа нәрсе туылады.
Бұл үдерісте екі кезең болады: 1) нәрсеге тән қайшылықтардың даму, өріс алу
кезеңі; 2) бұл қайшылықтардың шешілу кезеңі.

5. ДАМУ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ЗАҢДАРЫ    Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы философия тарихында

Слайд 20 5. ДАМУ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ЗАҢДАРЫ











Терістеуді терістеу

заңының әрекет етуінің әсерімен даму әрбір шеңбері және орамы дамудың

жоғарырақ күйін білдіретін спираль түрінде болады. Осы мағынада дамудың диалектикалық теориясында «спираль тәріздес» деген термин қолданылады; бұл терминмен даму формасының спираль түрінде болатындығы айтылады.





Терістеуді терістеу заңы. Терістеу  кез келген дамуда сөзсіз болатын заңды
кезең. Диалектикалық терістеуге екі белгі тән:
ол дамудың шарты және кезеңі болып табылады; 2) ол жаңаның ескімен
байланысының кезеңі болып табылады.
Оның бірінші белгісінің мәні мынада: қандай да болмасын жаңа, неғұрлым
жетілген формалардың пайда болуы үшін алғышарт болатын терістеу ғана
«жағымды терістеу» болып табылады.
Екінші белгісінің мәні мынада: ескіні жай ғана жоймайды,
керісінше, оның дұрыс жақтарын «қалқып алып» қалғандай болады.



Терістеуді терістеу үдерісі. Г. Гегель бойынша: «тезис» (дамудың бастапқы
пункті), «антитезис» (бірінші терістеу) және «синтез» (екінші терістеу) деген
терминдермен бейнеленіп, дамудың мәні осы үш сатылықта деп түсіндіріледі.



5. ДАМУ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ЗАҢДАРЫ    Терістеуді терістеу заңының әрекет етуінің әсерімен даму

Слайд 216. ДАМУДЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ




Жекеше, ерекше және жалпылық. Орта ғасырлар дәуірінде

номиналистер деп аталатындар жалпы ешқандай реалды түрде өмір сұрмейді, ол

 тек атау, сөз ғана, реалды түрде өмір сүретіндер, жеке заттар. Реалистер, керісінше, жалпы ұғымдар заттардың рухани мәні ретінде шын өмір сүреді.





Жекеге (мысалы, адам аты) қарағанда ерекше (қазақ) жалпы болады, ал одан да гөрі кең жалпылыққа (адамзат) қарағанда, ол жеке болуы мүмкін. Жалпылық және айырмашылық  ол заттың қасиеттерінің даму үдерісінің тұрақтылығы мен өзгергіштігін, теңдігі мен теңсіздігін, ұқсастығы мен ұқсас еместігін, бірдейлігі мен бірдей еместігін, үздіксіздігі мен үзіктілігін сипаттайды.
Себеп пен салдар  арақатынасты ұғымдар. Философия тарихында себепті байланыстың объективтілігін жоққа шығарғандардың бірі ағылшын философы Д. Юм болды. Юмның құбылыстардың себепті байланысы туралы білімді біз тәжірибеден аламыз деді.

Дамудың басты категорияларына мыналар жатады: 1) жекеше, ерекше
және жалпылық; 2) себеп пен салдар; 3) қажеттілік пен кездейсоқтық;
4) мүмкіндік пен шындық; 5) мазмұн мен форма; 6) мән мен құбылыс.

Заттардың қасиеттері мен қатынастарының ортақ белгісі жалпылық
категориясымен белгіленеді. Жалпы жекеден тыс өмір сүрмейді. Кез келген
объект  жалпы мен жекенің бірлігі. Жеке мен жалпының арасындағы
байланыстырушы буын ерекше болып табылады.

6. ДАМУДЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ Жекеше, ерекше және жалпылық. Орта ғасырлар дәуірінде номиналистер деп аталатындар жалпы ешқандай реалды түрде

Слайд 226. ДАМУДЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Э.Мах табиғатта себеп те, салдар да жоқ,

ал себептіліктің барлық формалары субъективтік талпыныстан туады деді. Б.Рассел себеп

ұғымын кейбір іс-әрекетке басшылық болатын ғылыми деңгейге жетпеген жалпылау деп санайды.






Құбылыстардың себепті байланысы объективтік, универсалдық, жалпылама сипатта болады. Уақыт жағынан алғанда, себеп салдардан бұрын болады және ол салдарды тудырады. Себепті сылтаудан ажырата білу керек. Сылтау  басқа бір оқиғаның тууына мүмкіндік жасайтын, бірақ оны тудырмайтын оқиға.
Қажеттілік пен кездейсоқтық философия тарихында көп орын алған мәселелер. Мысалы, Демокрит барлық нәрсе тек қажеттілік бойынша жүзеге асады дегенді айтады. Б.Спиноза заттардың табиғатында кездейсоқ ешнәрсе жоқ, барлығы табиғаттың қажеттілігі салдарынан пайда болады, деп санады. XVIII ғасырдағы француз материалистері, мысалы П.Гольбах, барлық нәрсе абсолютті қажеттілік түрінде болып жатады, дүниеде кездейсоқтық деген мүлде жоқ десті. Неопозитивист Л.Витгенштейннің пікірі бойынша, тек логикалық қажеттілік қана  бір пікірдің екінші пікірден туу қажеттілігі ғана бар, деді.

Дүниедегі барлық құбылыстар себепті байланыста деген қағида себептілік заңын
көрсетіп, оны мойындаушы философтар детерминистер (латынша determinatio
анықтау деген сөз) деп аталса, себептілік заңын жоққа шығарушы бағыт 
индетерминизм деп аталады. Басқа бір құбылысты өмірге келтіретін құбылыс
оның себебі болып табылады. Себеп әрекетінің нәтижесі салдар болады.

6. ДАМУДЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ Э.Мах табиғатта себеп те, салдар да жоқ, ал себептіліктің барлық формалары субъективтік талпыныстан туады

Слайд 236. ДАМУДЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ












Мүмкіндіктің әр алуан түрлері бар. Мүмкіндіктср жалпы

және жеке болуы мүмкін. Жалпы мүмкіндік жеке нәрселер мен құбылыстардың

жалпы жақтарының алғышарттарын, ал жеке мүмкіндік құбылыстардың жеке жақтарының алғышарттарын, жеке ерекшеліктерін көрсетеді. Мүмкіндік реалды (нақты) және формальды (абстрактылы) болуы мүмкін. Егер мүмкіндік объект дамуының заңды, мәнді тенденциясын білдірсе және оның жүзеге асуы үшін қажетті жағдайлар болса, оны реалды мүмкіндік деп атаймыз. Формальды мумкіндік объект дамуының мәнсіз тенденциясын көрсетеді және оның жүзеге асуы үшін қажетті жағдайлар шындықта болмайды.


Қажеттілік  шындықтағы құбылыстардың, үдерістердің, объектілердің одан
бұрыңғы бүкіл дамуының барысында пайда болған тұрақты, мәнді байланыс.
Кездейсоқтық дегеніміз  дәл осы жағдайларда болуы да мүмкін, болмауы да
мүмкін, дәл сондай болуы да немесе басқаша болуы да мүмкін нәрсе.
Кездейсоқтық қажеттіліктің көріну формасы және оның қосымшасы ретінде
өмір сүреді. Дамудың барысында кездейсоқтықтар қажеттілікке айналуы мүмкін.

Мүмкіндік пен шындық. Даму үдерісі  мүмкіндік пен шындықтың
диалектикалык бірлігі. Жаңаның пайда болу күйіндегі болмысы мүмкіндік деп
аталады. Мүмкіндіктің шындыққа айналуы үшін тиісті жағдайлардың болуы
қажет. Өйткені мүмкіндік дегеніміз  кең мағынада алғанда, шындықтың бір
формасы, ішкі, потенциалды шындық.

6. ДАМУДЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ Мүмкіндіктің әр алуан түрлері бар. Мүмкіндіктср жалпы және жеке болуы мүмкін. Жалпы мүмкіндік жеке

Слайд 246.ДАМУДЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Мазмұн мен форма. Философия тарихында мазмұн мен

форманың арақатынасы түрліше шешіліп келді. Мәселен, Аристотельдің пікірі бойынша мазмұн

мен форма о баста біріне-бірі тәуелсіз дербес нәрселер ретінде өмір сүреді, тек кейіннен, белгілі бір зат түзілген кезде ғана олар тығыз байланысқа түседі. Оның философиясында Құдай алғашқы форма немесе формалардың формасы рөлінде көрінеді. Өнердегі формализмнің, абстракционизмнің көріністері форманы абсолюттендіруге байланысты. Форма дербес мәні бар құнды дүниеге айналады.





Бұлардың жетекші жағы  мазмұн. Мазмұнға сәйкес келетін форма мазмұнның дамуына көмектесіп, оны жылдамдатады. Мұнымен қатар, ескі форманың өзгерген мазмұнға сәйкес келмей қалатын, сөйтіп оның одан әрі дамуын тежей бастайтын кезеңі сөзсіз болады.




Объектінің барлық элементтерінің құрамы, оның қасиеттерінің, ішкі үдерістерінің,
байланыстарының, даму қайшылықтары мен тенденцияларының бірлігі мазмұн
деп аталады. Мазмұнның сыртқы көріну әдісін, мазмұн элементтері ішкі
байланысының және олардың өзара әрекеттесуінің біршама тұрақты
айқындылығын, мазмұнның типі мен құрылымын форма деп түсінеді.




Мән мен құбылыс  заттардың түрлі жақтарын, танымның сатыларын, объектіні
терең меңгерудің түрлі дәрежесін көрсететін категориялар. Мән дегеніміз 
объектінің негізгі қасиеттерінің, жақтарының, ішкі байланыстарының түйіскен
жері. Құбылыс  мәннің сыртқы байқалуы, оның көріну формасы. Егер мән
жалпы нәрсе болса, құбылыс  мәннің әйтеуір бір сәтісін ғана көрсететін жеке нәрсе.



6.ДАМУДЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ  Мазмұн мен форма. Философия тарихында мазмұн мен форманың арақатынасы түрліше шешіліп келді. Мәселен, Аристотельдің

Слайд 25 ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:
1. Сәрсенова, Ж. Н. Әлеуметтану: ЖОО студ. арналған оқу

құралы. - Алматы: Нұр-Принт, 2013. - 201 б.
2. Абдирайымова Г.С.

Жастар социологиясы. 2-басылым.- Алматы: Қазақ университеті, 2012.-224 б.
3. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер.-Алматы: Эверо, 2011.-284 б.
4. Абдикерова Г.О. Әлеуметтану.-Алматы: Қазақ университеті, 2011.-192 б.
5. Биекенов Б.У., Садырова М.С. Әлеуметтану. Ұғымдар мен баламалар.- Алматы: Эверо, 2011.-400 б.
6. Әженов М.С., Садырова М.С., Омарова А. Білім социологиясы. Оқулық. - Алматы: Эверо, 2011.-124 б.
7. Сәрсенова Ж.Н. Әлеуметтану. Кредиттік технология оқу процесінде пайдалану үшін дайындалған оқу құралы.Алматы: Нұр-Принт, 2010.-238 б.
8. Абсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: Оқу құралы.- Алматы: Қарасай баспасы, 2010.-384 б.
9. Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2010.-240 б.



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі:	1. Сәрсенова, Ж. Н. Әлеуметтану: ЖОО студ. арналған оқу құралы. - Алматы: Нұр-Принт, 2013.

Слайд 26ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Қосымша әдебиеттер:
1. Акбаева Л.Н. Социология: Учебное пособие.- Алматы: КазГАСА,

2015.-242 с.
2. Габдуллина К.Г. и другие. Социология. Учебник для студентов

высших технических учебных заведений. – Алматы: Санат, 2007.
3. Әлеуметтану. 2-кітап/ Жалпы ред. М.М.Тажин.-Алматы, 2005.-268 б.
4. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2004.-640 б.
5. Дакенов Н. Абсаттаров Р.Б. Социология. – Алматы: Гылым, 2004.

Электрондық басылымдар:
1. Ақбаева Л.Н. Әлеуметтану: Электрондық оқулық. – Алматы: ҚазБСҚА, 2012-144 б.
2. Акбаева Л.Н. Социология: Электронный учебник, Алматы: КазГАСА, 2010.-161 с.
3. Интернет ресурстары: www.sociology.ru

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕРҚосымша әдебиеттер:1. Акбаева Л.Н. Социология: Учебное пособие.- Алматы: КазГАСА, 2015.-242 с.2. Габдуллина К.Г. и другие. Социология.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика