Слайд 1Қазақ-түрік лицейлері — Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу
жоспары бойынша білім беріледі
Слайд 2КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН № 1 ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН "ҚАЗАҚ-ТҮРІК
ЛИЦЕЙІ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ
Саттар Жансерік.
Мектеп директоры:
Слайд 4
Оқу төрт тілде жүргізіледі:
«Қазақ тілі және әдебиеті», «Қазақстан тарихы», «Қазақстан
географиясы», «Құқықтану», «Азаматтық қорғаныс», музыка, сурет және дене шынықтыру пәндері
- қазақ тілінде;
математика, физика, химия, биология және информатика — ағылшын тілінде;
«Түрік тілі және әдебиеті», «Жалпы тарих», «Жалпы жағрапия», «Діндер тарихы» — түрік тілінде;
«Орыс тілі мен әдебиеті» — орыс тілінде.
Слайд 6Қазақ-түрік лицейлерінің маңызды ерекшеліктерінің бірі — шет тілдерін оқытуда басымдылық пен
ерекше талап қоюуы. Сондықтан да оқытуда әлемде озық деп танылған
әдістермен бірге, түрлі әдебиеттер, таспалар, дискеттер, компакт-дисктер, карточкалар, көрнекті құралдар мен басқа да оқу материалдары пайдаланылады.
Слайд 7Орыс тілінде білім беретін мектептерді бітіріп келген оқушылар үшін оқулық,
аудиотаспалар және мұғалім мен оқушыға арналған кітаптардан тұратын арнайы әдістемелік
комплекс жасалған.
Слайд 8Оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны әлемдік стандарттарқа сай. Олар тек
Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар көптеген елдерде жетістіктерге қол жеткізген.
Оқушыларға жаңа құралдар, оқу-әдістемелік құралдары, таспалар, дискеттер, CD, макеттер және басқалар берілген. Лицейлерде ғылыми-көпшілік және көркем әдебиет кітаптардың үлкен қоры бар кітапханалар қызмет көрсетеді.
Қазақ-түрік лицейлерінің негізін түрлі зерттеулер мен тәжірибелер өткізу арқылы жаңа нәрселер үйренуге мүмкіндік беретін зертханалар құрайды
Слайд 9Қазақ-түрік лицейдерінде сабақтан тыс уақытта түрлі шаралар ұйымдастыратын тәрбие және
психологиялық кеңес орталықтары құрылған. Орталықтар оқушылардың даму барысын қадағалайды, тәрбие
және тұлғаның жан-жақты қалыптасуы бойынша кеңес береді.
Слайд 10Оқушылардың әлеуметтік және мәдени дамуы үшін конференциялар, семинарлар, республика бойынша
және шетелге туристік сапарлар, дискуссиялар, көрмелер, театрлар, мұражайлар және кинотеатрларға
қыдыру шаралары ұйымдастырылады.
Оқушылардың ақыл-өрісі мен моральдық тұрғыдан дамуымен бірге дене шынықтыруына да үлкен көңіл бөлінеді. Қазақ-түрік лицейлері жеткіншектердің қабілеттері мен бейімділіктерін анықтап, оларды жетілдіру үшін шынайы мүмкіндіктер туғызады
Слайд 11Лицейлердің шаңырағы астында сан-алуан спорт секциялары мен әдебиет, музыка, бейнелеу,
ғылыми-практикалық және басқа да үйірмелер қызмет көрсетеді. Бұндай үйірмелердің көмегімен
оқушылардың бейімділіктері мен талпыныстары артады, сондай-ақ қоғамдық өмірге дайындық үрдісі жылдам қалыптасады. Осы шаралар негізінде лицей оқушылары әлеуметтік және мәдени тұрғыдан дамыған және өздеріне сенімді тұлға болып өсе алады..
Слайд 13Қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары бірнеше жылдан бері облыстық, республикалық және халықаралық
пән олимпиадаларының жүлделі орындарына ие болуда.
Дарынды және қабілетті жастарды жетілдіру
мақсатымен барлық қазақ-түрік лицейлерінде олимпиадаларға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Халықаралық олимпиадалар туралы мәліметтер тиянақты түрде сарапталады, оқушылар барлық қажетті оқу және ғылыми материалдармен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын лицейлер арасында негізгі пәндер бойынша олимпиадалар өткізіледі. Жыл өткен сайын оқушылар облыстық, республикалық және халықаралық пән бойынша білім олимпиадаларының жеңімпаздары болуда
Слайд 14Биология және физика дәрісханалары
Слайд 22ҚТЛ оқушылары-өте көңілді оқушылар