Разделы презентаций


Қазақша ет.   Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны

Қазақтың дастарханы Қазақта дастарқаннан үлкен ешнәрсе жоқ. Дастарқаннан аттамайды. Дастархандағы тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақтың ұлттық дастарханында тамақтардың үш түрі болады. Олар: ет, сүт, нан тағамдары. Ет тағамдарына бесбармақ, қуырдақ,

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қазақша ет. Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек

тағамдарының ең бастысы – қазақша ет .Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп,

табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға  асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі..
Қазақша ет. Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет .Қазақтар сыйлы қонақтарға

Слайд 2Қазақтың дастарханы

Қазақта дастарқаннан үлкен ешнәрсе жоқ. Дастарқаннан аттамайды. Дастархандағы

тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақтың ұлттық дастарханында тамақтардың үш

түрі болады.
Олар: ет, сүт, нан тағамдары. Ет тағамдарына бесбармақ, қуырдақ, қарта, қазы, жал, жая жатады. Сүт тағамдары - ірімшік, құрт, май. Дәннен жасалған тағамдар - тары, қуырған бидай, жент, талқан. Нан тағамдары- бауырсақ, шелпек.
Тамақ ішуге шақырғанда, тамақты көп күттіруге болмайды.


Қазақтың дастарханы 				Қазақта дастарқаннан үлкен ешнәрсе жоқ. Дастарқаннан аттамайды. Дастархандағы тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақтың ұлттық

Слайд 3Қуырдақ. Қуырдақ  - соғыммен бірге жасалынатын кәделі әрі дәстүрлі тағам.

Соғым сойылған үйде қуырдақтың дайындалмауы мүмкін емес. Әзірленуі қиын емес

және тез піседі. Қуырдақты сұрп ет пен өкпе бауырды, бүйректі майлы ішек-қарынға араластырып, қуырып пісіреді. Жас етті кейде апаларымыз қаймаққа да қуырып пісіреді. Мұны «бал қуырдақ» дейді.  
Қуырдақ. Қуырдақ  - соғыммен бірге жасалынатын кәделі әрі дәстүрлі тағам. Соғым сойылған үйде қуырдақтың дайындалмауы мүмкін емес.

Слайд 4Сірне. Жас төлдің етінен пісірілетін дәмді тағам. Қозы мүшесін жіліктеп қазанға

салып, үстіне бие сүтін немесе жаңа тартылған сұйық қаймақ  құйып, тұз салады

да, буын сыртқа шығармай, бұқтырып жайымен қайнатады. Сонда сүт те, қаймақ та етке сіңіп, оның сүйегіне дейін жұмсарып пісіп шығады.     
Сірне. Жас төлдің етінен пісірілетін дәмді тағам. Қозы мүшесін жіліктеп қазанға салып, үстіне бие сүтін немесе жаңа тартылған сұйық қаймақ

Слайд 5Наурыз көже.  22 наурыз мерекесіне ғана тән, көпшілікке арналған тағам. Оны

әр үй жеті дәмнен жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы

ет мүшелерін қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол баршаны мейірімділікке, ізгілікке, бірлікке, татулыққа шақырады. 
Наурыз көже.  22 наурыз мерекесіне ғана тән, көпшілікке арналған тағам. Оны әр үй жеті дәмнен жасап, оған қазы

Слайд 6Шұбат – түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам. Өйткені

бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік

қасиеті де бар. Шұбатты  ашыту технологиясы қымыз ашытуға қарағанда оңай. Өйткені оны бір қорландылып алса, одан әрі ешқандай ашытқысыз аши береді. Қымыз секілді мезгіл- мезгіл пісіп отырудың да қажеті жоқ. Тек кісіге құйып берерде ғана шайқап-шайқап жіберсе, ол жақсы араласып, көпіршігі азаяды. Шұбат құйылған ыдыстың тығынын алып немесе местің пұшпағын шешіп, ғазын шығарып отыру керек. Әйтпесе тығынды ұшырып, месті ісіндіріп жібереді.
Шұбат – түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы

Слайд 7Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға

сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт іркітке айланып, майы

бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап, әбден қойылған соң қапқа құйып, керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт капта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып, құрғайды. Бұдан кейін құртты қаптан алып, сықпалап бөліп, шиге, тақтаға қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Содан кейін құртты кептіру үшін әр түрлі  формаға келтіреді.
Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика