Слайд 1Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті
Тақырыбы: Беттің үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген
және төмендемеген кездегі тістердің аса қажалуы, клиникасы, емі.
Слайд 2Ең алдымен әсер етіп тұрған факторларды жою қажет: парафункцияны емдеу,
бұлшықет гипертонусын, бруксизмді жою, қышқыл әсерін жою, зиянды әдеттерді тастау,
зат алмасуды қалыптастыру, тістесуді қалыптастыру, жоқ тістерді ерте протездеу немесе сауыт орнату.
Слайд 3Тістердің мүжілуі кезінде емдеудің мақсаттары: шайнаау қызметін және бет әлпетін
қалпына келтіру; тістердің анатомиялық формасы мен көлемін қалпына келтіру, қажалған
тістердің окклюзиялық бетін қалпына келтіру; альвеола аралық биіктікті және беттің төменгі бөлігінің биіктігін қалпына келтіру, буын басын қалпына келтіру.
Слайд 4Тістердің қажалуын емдеуде зақымдалудың дәрежесіне, түріне, көлеміне байланысты. Патологиялық қажалудың
1-ші дәрежесін емдеуде бастырмалар, пломба, сауыттар қолданылады; ал 2-ші дәрежесінде
бастырмалар, жасанды сауыттар, окклюзионды бастырмалармен бюгельді протездер; 3-ші дәрежесінде культялық сауыттар, штампталған қалпақтар жасалады.
А-вертикальды қажалу; б-горизонтальды қажалу
Слайд 5Жасанды сауыттарды көбіне қолдана бермейді, өйткені қысым әсерінен цемент қабаты
зақымдалып, сауыт қызылиек қалтасына еніп тұруы мүмкін, маргинальды пародонттың зақымдалуы.
Сондықтан жасанды сауыттармен емдеу қиынға соққан жағдайды келесілері жасалады: құйылған сауыт, окклюзиялық штампталған қалпақтар, культялық сауыттар.
Слайд 6Сауыттардың қандай материалдан жасалынатынын қарастырған жөн. Егер антогонист тістердің кіреукесі
зақымдалмаса металлды, металлкерамиканы, фарфор сауыттарын қолданады. Антагонист тістер 1-ші патологиялық
мүжілуінде пластмассалық сауыттарын, тот баспайтын металл сауытын, қымбат металл құймаларын, КХҚ керамика немесе толық құйылмалы протезді қолданады. 2 және 3-ші дәрежесінде бастырма және сауыт бір материалдан болу керек.
Слайд 7Бруксизмның әсерінен пайда болған тістердің патологиялық мүжілуінде құйылмалы металл және
металлпластмассалық протездер жасалады, мүжілуге шыдамды қарапайым металл құймаларын қолданған жөн.
Слайд 8Окклюзиялық биіктіктің төмендеуімен жүретін тістердің патологиялық қажалуында ем бірнеше этапты
болады: уақытша емдік диагностикалық аппараттармен окклюзиялық биіктікті қалыптастыру, адаптациялық кезең,
тұрақты протездеу. Бірінші кезеңде окклюзиялық биіктікті пластмассалық тістік каппа, қызылиек тістік каппа, алмалы пластиналық және бюгельды протездерді қолданады. Болашақ протездің биіктігін қалыптастыруда тістесу валиктерімен балауыздық және пластмассалық базис жасалады. Төменгі жақты жаңа қалыпта орналастырып фиксацияланады. Екінші кезең-адаптациялық кезең, 3 аптаға дейін созылады, пациент жаңа окклюзиондық биіктікке үйренетін уақыт.
А-Бюгельды протез шайнау тістеріне окклюзиялық бастырмасымен; б,в-алдыңғы топқа арналған металлокерамикалық сауыттар
Слайд 9Алмалы емдік-диагностикалық аппараттар-пластмассалық каппа-адаптациялық процесс тез жүреді. Егер бір уақытта
8-10 мм-ге дейін окклюзиялық биіктікті көтергенде самай төменгі жақ буынында
және бұлшықетте ауру сезімдері байқалады, сол себепті биіктікті ауру сезім жоғалғанша 2-3 мм-ге дейін төмендету керек. Кейін ауру кеткесін биіктік қайта көтеріледі. Кей науқастар 10 мм биіктік нәтиже бермей науқаста әрдайым ауыру сезімдері тудыруы мүмкін. Сондықтан физиологиялық тыныштық күйінде 2 мм-ден төмендетіп алынбайтын емдік диагностикалық аппарат жасалынады.
Ошақты патологиялық мүжілуде төменгі жақтың алдыңғы тістеріне арналған пластмассадан жасалған емдік каппа. А-емге дейін; б-тістегі каппа; в-емнен кейін
Слайд 103-ші кезең-тұрақты протездеу кезеңі. Көпір тәрізді протездердің шайнау беткейі пластмассадан
болмауы тиіс. Алмалы протездерде форфор тістерін, құйылмалы окклюзиялық бастырмаларды қолданады.
Тұрақты
протездеуге дейін уақытша емдік каппалар арқылы окклюзиялық биіктікті толығымен анықталады.
Слайд 11Окклюзиялық биіктік төмендемеген жағдайда ем 3 кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде
сатылы дезоклюзиялық әдіспен мүжілген тістерді қайта тіс қатарында қалыптастырады. Ол
үшін тістерге және антагонистерге пластмассалық каппа дайындалады. Каппа мүжілген тістер аймағында толық жанасу керек, ал қалған шайнау тістер тобында каппа арасында 1 мм саңылау қалуы керек. Пациент сол саңылау жоғалғанда қайта қабылдауға келеді. Кейін арасына пластиналық бюгельді балауыз қабатын койып келесі дезокклюзиялық сатымен бытырап орналасқан азу тістердің толық жанасуын күтеді. Осы әдіспен альвеола өсіндісінің вакатты гипертрофиясын аймақты қайта құрады. Сатылы дезокклюзияны окклюзиялық биіктік төмендемеген шектелген тістердің патологиялық мүжілуінде қолданады. Ал ошақты түрінде дәйекті түрде(последовательно) дезокклюзия қолданылады. Бірінші фронтальды аймақта, кейін шайнау тістердің бір жағында, сосын екінші жағында жасалынады. Бұл ем өте ұзақ уақыт алады. СТЖБ ауруларында, түбір ұшы аймақта қандайда бір патология болған жағдайда, тіс айналасындағы сүйік тінінің атрофиясында ұарсы көрсетілім болып табылады.
2-ші кезең-протездердің көмегімен мүжілген тістердің анатомиялық пішінін қалыптастыру.
Слайд 12Ошақты компенсирленбеген аса қажалуы бар пациенттерді емдеу
Мақсаты: қажалған тістердің анатомиялық
пішінін қалпына келтіру.
1-2-ші мүжілген сатысында пластмассалық, фарфор, комбинирленген құйылған сауыттарды
қолданады, ал 3-ші сатысында-культялық сауыттар қолданылады.
Шектелген компенсирленген аса қажалуы.
Емнің мақсаты: қажалған тістердің пішіні мен қызметін қалыптастыру. Бұл топ науқастары арнайы протездеуге дейінгі дайындықтан өтеді, яғни протез орнын дайындауға. Осы мақсатта альвеола өсіндісін қайта құру және мүжілген тістерді орнын жылжыту керек. Аса қажалудың 3-ші сатысында тістердің түбірі қажет болмағанда оларды жұлып, альвеола өсіндісінің аймағын резекциялау қажет. Протездеуге дайындағаннан кейін әр түрлі жасанды сауыттармен протездейді.
Слайд 13Жайылған компенсирленбеген аса қажалуында және тіс қатары толық болғанда пациентті
емдеу.
Ем мақсаты: тістердің анатомиялық пішіні мен қызметін қалпына келтіру; төменгі
жақтың қалыпты жағдайда орналастыру; төменгі жақтың қозғалуын, бұлшықеттердің қызметін, СТЖБ қызметін қалыптастыру; бет әлпетін қалыптастыру.
Бұл топ науқастарға емдеу әдісі альвеола аралық биіктіктің төмендеуі және төменгі жақтың дистальды жылжуына байланысты жүргізіледі. Альвеола аралық кеңістік 6 мм төмендеп, төменгі жақ дистальды жылжымаса пациенттерді арнайы протездеуге дайындықсыз бір уақытты альвеола өсіндісін биіктету керек. Ал 8 мм-ден көп төмендеген жағдайда арнайы емдік тістеу пластинкалары арқылы жүргізіледі.
Альвеола аралық биіктік төмендеген, төменгі жақ дистальды жылжығанда арнайы қиғаш жазықтықтағы тістеу пластинкаларын қолданады.
Жайылған компенсирленбеген аса қажалудың алғашқы сатысында терапия жүргізу профилактикалық тұрғыда қарама-қарсы сауыттар және бастырмалар қолданылады. Осы топтың тістердің мүжілуінің 2-ші сатысында алмалы, алынбайтын протездер жасалады. Алынбайтын протездер-комбинирленген құйылмалы сауыттар, шайнау беті құйылған штампталған сауыт, пластмассалық сауыт және каппалар; Алмалы протездер-доғалы протез окклюзиялық бастырмалы шендеуіш Schnadef; 3-ші сатысында сау түбірлерін Эльбрехт әдісіне дайындау және жақты алмалы протездермен протездеу.
Слайд 14Жайылған аса қажалу және толық емес тістерін жоғалтқан науқастарды емдеу
Емнің мақсаты: тіс қатарын қалыптастыру
Екі жолмен емдейді. Біріншіде қалған тістерді
анатомиялық пішінін алынбайтын протезбен қалпына келтіріп, тіс қатарын алмалы протезбен протездеп альвеола аралық биіктікті реконструкциялайды. Екіншісінді окклюзиялық бастырмасы бар алмалы протезді қалған тістерге қою арқылы.
Слайд 15Ошақты компенсирленген аса қажалған және тіс қатары толық науқастарды емдеу.
Ем
мақсаты: тістердің анатомиялық пішіні мен қызметін қалыптастыру. Қажалудың бірінші дәрежесінде
қарсы сауытта немесе бастырмада үш пунктты контакт жасалады, альвеола биіктіктің өзгертуінсіз. Екінші дәрежесінде тістердің анатомиялық пішінін беттің төменгі бөлігінің биіктігін көтермей қалпына келтіріледі. Емдік тістеу пластинкасымен төменгі жақтың физиологиялық тыныштықтағы күйін қалпына келтіріледі. Кейін алмалы және алынбайтын протездермен тістердің анатомиялық пішіні қалпына келтіріледі. Тістердің 3-ші дәреже қажалуында бір науқастарға альвеола өсіндісінің қайта құру мақсатында арнайы шаралар қолданып, культялық сауыттармен протездейді. Басқа науқастарда түбірлерін Эльбрехт әдісімен дайындап, алмалы протезбен протездейді. Тағы хирургиялық дайындықпен түбірді және альвеола өсіндісінің бөлігін алып тастайды. Кезеңмен протездейді.
Слайд 16Жайылған компенсирленген аса қажалуы және тістерінің толық емес жоғалуы бар
науқастарды емдеу.
Емнің мақсаты: тістердің анатомиялық пішінін және қызметін қалпына
келтіру.
Қалған тістерде қарсы сауыттың немесе бастырманың көмегімен үш пунктты контакт жасалады, алмалы протездеу. Мүжілудің 2-ші сатысында арнайы дайындықпен қалған тістерді жылжытып және альвеола өсіндісін қайта құрастырып, протездеу. 3-ші сатысында түбір мен альвеола өсіндісінің бөлігін алып тастап, протездейді.
Слайд 17Аса мүжілу кезінде тіс қатарының окклюзиялық беткейін қалыптастыру қиынға соғады.
Алынбайтын протездеу кезінде шайнау бетін толығымен қалыптастыру керек: тістесу кезінде
тіс қатарына вертикальды қысым біркелкі түсуі; орталық окклюзияда көптеген жанасу беткейінің болуы; жақтың қозғалуына шектеуші контакттардың болуы; төменгі жақтың қозғалуында тістерге горизонтальды қысымның түспеуі. Окклюзия қалпына келтірілгенде барынша бірінші күйіне жақын болғаны дұрыс.
Слайд 18СТЖБ патология жоқ тістердің қажалуында емдеуде патологияның пайда болытынын ескертеді.
Оны антагонист тістерге екі жақты құйылмалы металл сауыттармен немесе металл
бастырмалардың көмегімен жүргізіледі. Тістесу биіктігін көтеруді қажет етпейді, тек қажалуды тоқтатып, тістесудің төмендеуін тоқтату керек. Гиперестезия пайда болғанда десенсибилизациялық заттарды, фтор құрамдас пасталар, CaCl, глюконат калций 10 пайыз ерітіндісімен электрофорез жасалады.
Слайд 19Патологиялық мүжілуді алып келуге әр түрлі этиологиялық факторлар әсер етеді.
Оларды 3 топқа бөлсек болады: тістердің қатты тіндерінің функционалды жетіспеушілігі,
көптеген абразивтермен әсер етуі, тістерге функционалды қысымның жоғары болуы. Осы факторларды бастапқы кезеңде жойған кезде патологиялық мүжілуді тоқтатуға болады.
Қорытынды: