Слайд 1Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік
Университеті
Заң факультеті
Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы
тақырыбы: “Қылмыстық
іс жүргізу мерзімдері”
Орындаған: ю – 25 тобының
студенті Қожанов Б.Н
Тексерген: аға оқытушы
Абзалбекова М.Т
Қарағанды 2011 жыл
Слайд 2
Жоспар:
Қылмыстық іс жүргізу мерзімдері түсінігі
Мерзiмдердi есептеу
Мерзiмдi сақтау
Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары
және оны қалпына келтiру тәртiбi
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Слайд 3 Іс жүргізу мерзімі деп қылмыстық іс жүргізу заңнамасында
көрсетілген уақыт аралығын айтамыз.
54-бап. Мерзiмдердi есептеу
1. Осы Кодексте
белгiленген мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен, жылдармен есептеледi.
2. Мерзiмдердi есептеу кезiнде мерзiмнiң өтуi басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл ереженiң ұстау кезiндегi мерзiмдердi есептеуге қатысы жоқ.
3. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыс уақыты емес уақыт та кiредi.
Слайд 4 4. Мерзiмдi тәулiкпен есептеу кезiнде мерзiм оның ақырғы
тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады. Мерзiмдi айлармен немесе жылдармен есептеу
кезiнде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде аяқталады, ал егер бұл айдың тиiстi күнi болмаса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс күнi емес (демалыс, мереке) күнге келсе, онда ұстау, қамауға алу, үйiнде қамауда ұстау және медициналық немесе арнаулы оқу-тәрбие
Слайд 5 мекемесiнде болуы кезiндегi мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, одан
кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң ақырғы күнi болып саналады.
5. Адамды қылмыс жасады деген күдiк бойынша ұстаған кезде мерзiм осы шара iс жүзiнде қолданылған сәттен (сағаттан) бастап есептеледi.
Слайд 6 55-бап. Мерзiмдi сақтау
1. Егер шағым, өтiнiш
немесе өзге де құжат мерзiм аяқталғанға дейiн почтаға тапсырылса, оны
қабылдауға уәкiлеттi адамға берiлсе немесе мәлiмделсе, ал күзетпен ұсталушы не медициналық ұйымға орналастырылған адамдар үшiн, - егер шағым немесе өзге де құжат күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкiмшiлiгiне мерзiм аяқталғанға дейiн тапсырылса, мерзiм өтiп кеткен болып саналмайды.
Слайд 7 Шағымды немесе өзге де құжатты почтаға тапсыру уақыты
почта штемпелi бойынша, ал оны қабылдауға уәкiлеттi адамға немесе күзетпен
ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкiмшiлiгiне тапсыру уақыты - бұл ұйымдар кеңсесiнiң немесе лауазымды адамдарының қойған белгiсi бойынша айқындалады.
Слайд 8 2. Лауазымды адамдардың белгiленген мерзiмдi сақтауы iс жүргiзу
құжаттарында тиiстi көрсетумен расталады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы адамдарға
тапсырылуға жататын құжаттардың алынғандығы iске қоса тiгiлген олардың қолхатымен расталады.
3. Iс жүргiзу мерзiмдерi тек осы Кодексте белгiленген жағдайларда және тәртiппен ғана ұзартыла алады.
Слайд 956-бап. Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары және оны қалпына келтiру тәртiбi
1. Мерзiм аяқталғаннан кейiн процеске қатысушылармен жасалған iс
жүргiзу әрекетi жарамсыз болып саналады.
2. Дәлелдi себептермен өткiзiлiп алынған мерзiм, мүдделi адамның өтiнiшi бойынша, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың немесе iс жүргiзiп отырған судьяның қаулысымен қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Бұл орайда мерзiм, егер қылмыстық процестi жүргiзушi органның
Слайд 10 тиiстi шешiмiмен өзгеше көзделмесе, басқа адамдар емес,
оны өткiзiп алған адам үшiн қалпына келтiрiледi.
3. Мүдделi адамның
өтiнiшi бойынша белгiленген мерзiм өткiзiлiп алып шағым жасалған шешiмдi орындау өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы мәселе шешiлгенге дейiн тоқтатыла тұруы мүмкiн.
4. Мерзiмдi қалпына келтiруден бас тартуға осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым (наразылық) жасалуы мүмкiн.
Слайд 11Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодекісі
Нұрмашев Ү., Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы.,Алматы “Жеті Жарғы”, 2008 ж.
Қ.Ө.Тәшібаев, А.Қ.
Тәшібаева., ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы., Қарағанды Болашақ – Баспа, 2009ж.
Б.Қ.Төлеубекова., ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы (жалпы бөлім)., Алматы “Жеті Жарғы”,2000ж.