Слайд 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Пән: «Балалар мен
жасөспірімдер гигиенасы»
Мамандық: 5В 110400- «Медициналық-профилактикалық іс
Дәріс № 4
Тақырыбы: Даму мен өсудің негізгі заңдылықтары. Балалар мен жасөспірімдер дамуы мен өсуіне әсер ететін факторлар.
Лектор: Жумадилова Ақмарал Рахматуллақызы
Шымкент 2016 ж.
«Гигиена – 1 және эпидемиология» кафедрасы.
Слайд 2Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
А) Даму мен өсудің негізгі заңдылықтары
Б) Балалар мен жасөспірімдер
дамуы мен өсуіне әсер ететін факторлар.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Мақсаты: дене дамуы, дене дамуының акселерациясы
мен ретардациясы, балалар мен жасөспірімдердің дене дамуының көрсеткіштерін зерделеу және бағалау әдістерімен таныстыру.
Дене дамуы денсаулықтың бастауыш көрсеткіштерінің бірі. Денсаулықтың басқа да көрсеткіштері дене дамуы денгейіне тәуелді, Ф.ФЭрисман балалардың физиологиялық дамуынын көп бөлігін зерттеген алғашқы ғалым деп есептелінеді. 1879 жылы әр түрлі жастагы балалар мен жас өспірімдер арасында антропометриялық тексерулер жүргізіп, болашақ ұрпақтардың дене дамуы жөнінде алғашқы мәліметтер алды. XX ғасырдың алғашқы жартысыңда (1926 жылы) А.В.Мольков атындағы алғашқы антропометриялық бөлім ашылды.
Слайд 4 Өлшеу әдістері бірқалыпқа
келтірілді, болашақ ұрпақтардың дене дамуын зерттеу басталды және
балалардың дене дамуының алғашқы өлшемдері қалыптасты. Бұл жұмыстар тәжірибесі денсаулық сақтаушылардын балалар мен арнайы балалар тобының өсуі мен дамуында дәрігерлік бақылау ісін жеңілдетгі. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы, морфологиялық және функционалдық жағдайының қасиеттері мен сапасы, сондай-ақ биологиялық дамуының дегейі - олардың биологиялық жасын көрсетеді.
Баланың өмірінің әрбір кезеңіндегі дене дамуы -
бұл ағзасының биологиялық дамуда жеткен жасы мен жұмысқа қабілеттілігін сипаттайтын морфофункционалдық қасиеттерінің жиынтығы.
Дене дамуы термині жағдайдың сол уақыттағы сипатын емес даму динамикасын бейнелейді. Бұл көзқарас бойынша дене даму дегенді бала ағзасының, дене өлшемдерінің, дене құрылысының, сыртқы келбетінің, бұлшықет күшінің және еңбек қабілетілігінің жасына сай болуымен түсіндіреді. Бой өсуінің тежелуі, немесе, бой ұзындығы мен салмақ қатынастарының өзгеруі айқын көрінгенмен, көптеген созылмалы аурулардың бастапқы кезеңінде,өзіне тэн белгілері мен арнаулы симптомдары білінбейді
Слайд 6Яғни, морфологиялық аурулары бар балалар да, патологиялық өзгерістер жиі анықталады.
Дене салмағының жетіспеушілігі мен ауру дамуының арасында төзу корреляциялық байланыс
бар.
Осындай балалардың өмірлерінің алғашқы жылында, басқа балаларға қарағанда өлім саны 4 есе көп.
Дене дамуының көрсеткіштері көптеген үдерістердің диагностикасында қолданылуы мүмкін. Сондықтан медициналық зерттеулерде, жеке адамның және ұжымның дене дамуын бағалауға үлкен мән беріледі.
Слайд 7 Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі
Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген
сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:
Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.
Слайд 8 Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне
байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау -
бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.
Слайд 9Балалар мен жасөспірімдер дамуы мен өсуіне әсер ететін факторлар.
Халықтың барлық
топтарының ішінде қолайсыз жағдайларға негізінен аналар мен балалардың ағзалары өте
сезімтал келеді. Калалардын денсаулығын қалыптастыратын негізгі жағдайлар мыналар:
1. Ата-аналардың денсаулығы мсн конститудиясына әсер етуші әсіресе аналарға жүкті болғанға дейінгі факторлар
2. Генетикалық (тұқымға әсер етуші) факторлар
3 Ауаның, судың, топырақтың саыитарлык -гигиеналық сипаты
4. Тамақтану-жағдайы
Слайд 105 Жанұя тұрмыстық факторлар, жанүяның құрамы,
тұратын мекен жайдың сипаттамасы, орташа кірк:
мелшері, жанұя тұрмысы және сәбидің күтші, жанүяның психологиялық климаты, зиянды әдетгердің (шылым шеі у. арақ қүмарлық, т.с.с)бодгуы.
6. Сәбидің мектепке жоие мектеп жасына дейінгі мекемелерде болу жағдайьшың санитарлық-гиғиеналық сииаты. Булай топтастыру Әлеуметтік гигиеналык бүкілодақтық ғылыми зерттеу институтында жоне ССРО Денсаулық сақтау министірлігінін ұйымдарында жасалған.
Слайд 11Анасының шылым шегуі, әртүрлі дәрі-дәрмектерді бақылаусыз пайдалануы, ішімдікке оуес болуы
нәрестенің шаранада жатқандағы өсуінен ғана смсс, одан кейінгі дамуына да
зиянды әсерлерін тигізеді. Аналардың жұмысында екі рет 100 гр артығырақ арақ ішуі салмағы азайған балалар туу қаупін көбейтіп жібереді. Емшек сүтімен асырау және дұрыс тамақтандыру сәбилердің денсаулығына осер ететін маңызды фактор болып табылады. Кейінгі жылдары көптеген экономикасы дамыған елдерде дене салмағы жоғарылап кеткен (200% жоғары) мектеп оқушыларының саны көбейіп келеді. Бұл құбылыстың себептері, басқа да қауіп- қатер факторлары сияқты тереңірек зерттеуді қажет етеді.
Слайд 12Практикалық мақсатка арнап А.Г Сухарев, өсіп келе жатқан балалардың денсаулығына
әсер ететін факторлардыц әлеуметтік-гигиеналық классификациясын келтірді.
1. Қолайлы факторлар.
а) ең жақсы
қимыл- қозғалыс демалыс тәртібі
б) шынығу
в) дұрыс мөлшермен тамақтану
г) рационалды күн тәртібі , демалыс
д) қоршаған ортаның гигиеналық нормаларға сәйкес болуы
е) гигиеналық дағдылар және жақсы тұрмыс- қалыпта өмір сүру
Слайд 132. Қолайсыз жағдайлар (қауіп-қатер факторлары)
а) қимыл қозгалыс
қажеттілігініц жеткілік-
сіздігі, немесе шамадан тыс жогары болуы
б) оқу тәрбие
процестерінін және кун тәртібінің бұзылуы
в) ойын, оқу және еңбек іс әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы
г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер
д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу
е)жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.
Слайд 14 Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы;
Балалардың
дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа
бөлуге болады: Биологиялық (генетикалық) және қоршаған орта(қоршаған орталық және әлеуметтік) факторлары. Биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді айтады. Олардың ішінде абиотикалық (қоршаған орта) және биотикалық (әлеуметтік орта) факторларды бөлуге болады.
Слайд 15 Биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе
жатқан организмдердің дамуына тигізетін әсерін зерттеуге көптеген іздену жұмыстары арналған.
Бірақ, қандай да бір топты бөліп, басқалардан артығырақ етіп көрсетуге мүлде болмайды. Мысалы, тұқым қуалаушылық ролін артығырақ бағалау даму процессінің артығырақ екенін мойындауға мәжбүр етеді. Олай болса, сәбиге ата-анасының барлық жаман, жақсы қасиеттерінің бәрі (соның ішінде аурулары да) міндетті түрде берілуі керек. Солай десек те, тұқым қуалағыштықтың бағыт беруші роль атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды.
Слайд 16Балалардың дене бітімінің дамуына жеке баға беру әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі:
Ең
басында осы мақсат үшін көп уақыттар бойы жеке антропометриялық параметрлердің
қатынастары - индекстер тәсілі қолданылды. Бұндай индекстердің саны бірнеше ондықтарға дейін жетті. Әртүрлі индекстер әртүрлі көрсеткіштердің санынан тұрды, ең қарапайым индекстер - екі көрсеткіштен тұрды (дене салмағы - бой ұзындығы және кеуде шеңбері - бой ұзындығы индекстері). Индекстердің есептелуі қарапайым болып келетіндіктен, бұрынғы кезде кеңінен қолданылған болатын. Әсіресе, ең кең таралғандары Брок, Пинье, Кетле, Гульда және Кауп, Ливи, Рорера жоғарыда аталған Эрисман индексі және т.б. болды.
Слайд 17Қорытынды
Жоғарыда айтылған заңдылықты білудің оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіңде әртүрлі
жастағы балаларды дұрыс топтастыруда ерекше маңызы бар. Сонымен қатар, ол
балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде, мектепке баруға болатын жастарын, еңбекке, қызметке араласуға болатын жастарын т.с.с анықтау үшін керек.
Слайд 18Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А.,
Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х
Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
3.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
Слайд 19Қорытынды сұрақтар:
1. Хронологиялық жас дегеніміз не?
2. Биологиялық жас дегеніміз не?
3.
Балалар мен жасөспірімдер дамуы мен өсуіне әсер ететін факторлар.