Слайд 1Қазақстанның ірі көлдері
Каспий,Арал теңіздері және Балқаш көлі
Слайд 2Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен
кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында,
теңіз деңгейінен340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км2, ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 –19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі6 м, ең терең жері26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі.
Слайд 31. Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының
көп жері Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайды. Теңіз жағасының шекарасын
Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы Қиғаш өзенінен Исатай ауданының Забурын елді мекеніне дейінгі жағалық аймақ түгелдей Құрманғазы ауданының жері. Бұл жердің экологиялық жағдайынан сөз қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы қандай екеніне көз жеткізу керек.
Бұрын бұл жердің кеңестік кезеңге дейін, онан кейін де теңіз суының және оның құрлыққа суғына кіріп жатқан шалқыған саналуан сулы шығанақтары мен теңізден бөлініп қалған көлдері көп болды. Қай кездерде де осы көлдерден, шығанақтардан жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі өнімдерін шығаратын шағын да ірі кәсіпорындарына тапсыратын. Оларды балықшылардың тілімен айтсақ «Балық батағалары» дейтін.
1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде құрылған балық колхоздарының балықшылары теңізге балық аулауға шығатын кеме-қайықтарын Астрахань облысы аумағына қарасты теңіз жағасындағы «Тұмақ» аралына күзде тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге шығатын болды.
Слайд 4Арал теңізі (өз. Orol dengizi; қарақ. Aral ten'izi) — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан
(68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.
Арал
теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспетұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілікдәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі.
Слайд 5Арал теңізі табанының не бір жұмбақ сызбаларға толы болуы да
жұртты таңғалдырып отыр. Осыдан он шақты жыл бұрын Қазақ ғылыми-зерттеу
институтының ауа райын бақылау орталығы қызметкерлері Аралды ұшақпен суретке түсіру кезінде күтпеген жайға тап болған.
Суы тартылған теңіз табанында кем дегенде 500 шаршы метр алаңда бір бағытқа тартылған ондаған ірі сызбаларды суретке түсірген. Кей жерлерде сызбалардың ені 2 метрден 50 метрге дейін жеткен. Сызбалар бір-біріне қатты ұқсайды. Мамандар бұл жұмбақ таңбаларды қаншама зерАрал ттегенімен, оның неден пайда болғанын таба алмады. Кеңес заманында Аралға орналасып, бактериялық қаруды сынаған әскерилер де, қайраңға батқан балықшы кемелері де, теңіздегі қатулы толқын, құйындар да, не болмаса табиғаттың өзге де тосын мінезі, өзгерістері де теңіз түбінде мұндай керемет сызба-таңбалар қалдыра алмасы хақ. Сонда бұл не? Әлде адамзаттан тыс тағы бір әлем болып, солардың жазғандары ма?
Тіпті тартылған теңіз түбіндегі жұмбақ сызықтар, шын мәнінде, бізге белгісіз ақпараттық алаң болып табылуы әбден-ақ мүмкін. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, осы сызықтардың көмегімен кеңістікті ажыратуға, планетаның магниттік өрісін, меридиандар, параллельдер, оңтүстік пен солтүстікті, өзге де маңызды мағлұматтарды білуге болады екен. Тартылған теңіз түбіндегі жұмбақ жерге келген ғалымдар нақты бедерленген стрелканың тілі іспеттес суретті анықтаған. Бұл символдың әзірге қай тұсты меңзеп тұрғаны белгісіз, бірақ осынау жұмбақтардың түйіндерін бірте-бірте тарқата келе, болашақта адамзат баласы беймәлім алып меңзеп тұрған жерді табуы да мүмкін. Сонда зерттеушілерді түптің-түбінде не күтіп тұр? Жұмбақ символдардың сыры неде, кілтін қалай табамыз? Ол жерде не бар? Жаңа өркениет бар ма?
Көзден ғайып болып бара жатқан Арал теңізінің түбіндегі суреттердің аса үлкен аумақта шашырап жатқаны әзірге ғалымдардың жұмысын күрделендіріп отыр. Ғалымдар суреттерді ұшақпен немесе тікұшақпен зерттеуге мәжбүр. Бір жақсысы, таяз әрі тұнық су жұмбақ суреттердің нақты картинасын жасауға мүмкіндік беретін көрінеді. Не керек, әйтеуір құлшынған білгіштер жерден тыс өркениеттен келген жасырын шифрлардың жауабын іздеуін жалғастыруда.