Слайд 1Қазақтың атақты өнер жұлдыздары
Слайд 2Шәкен Айманов
Айманов Шәкен (Шаһкерім) — актер, режиссер, КСРО халық артисі
(1964). Ол 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. Айманов
актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды. 1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968).
Слайд 4Шәкен Айманов «Жамбыл» фильмінде
Слайд 6Жұмат Шанин
Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы – режиссер, драматург, актер, қазақтың ұлттық профессионалды театр өнерінің
негізін салушылардың бірі, қоғам және театр қайраткері, Қазақ АКСР-інің халық
артисі (1931). Режиссерлік өнер жолын 20-жылдары Семейде «Ес-аймақ» труппасынан бастады. Осында өзінің «Арқалық батырын» және С. Сейфуллиннің «Қызьл сұңқарларын» қойды. 1925-1937 жылдары Қазақ драма театрын, Қазақтың опера және балет, Орал музыкалық драма театрын ұйымдастырып, жетекшілік етті. 1927 жылы бір топ өнер шеберлерімен бірге Мәскеуде этнографиялык концертке қатысты. «Торсықбай», «Айдарбек», «Баян батыр», «Жаңды сурет», «Қара құльп», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Үш бажа» т. б. пьесалар жазып, ұлттық драматургияны дамытуға үлес қосады.
Слайд 8Күләш Бәйсейітова
Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912-1957) - қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера
өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық артисі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты. Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Шет ауданы. 1930 жылы Қазақтың тұңғыш драма театрының труппасына қабылданады. Алғаш рет Қазақ музыка театрының шымылдығы 1934 жылы «Айман-Шолпан»(М.Әуезов, И.В.Коцых) музыкалық комедиясымен ашылғанда, Күләш басты рольді үлкен шеберлікпен ойнап, Айман бейнесі арқылы Қазақ қыздарының ар-намыстан жаралғандай парасатты болмысын шабытпен тұлғалайды. Мұнан әрі Күләштің ғажайып қабілеті мен дарыны Б.Майлин мен И.В.Коцыхтың«Шұғасындағы» - Шұға, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы – Жібек образдарын сомдау барысында одан әрі жарқырап ашыла түседі. Аз уақыт аясында Е.Брусиловскийдің «Жалбыр» , «Ер Тарғын», «Алтын астық», «Гвардия алға», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М. Төлебаевтың «Біржан-Сара», Пуччини Д.Ж.Пуччинидің «Чио-Чио Сан», П.И.Чайковскийдің «ЕвгенийОнегин»,А.Рубинштейннің «Демон» сияқты операларында басты рольдерде ойнап, басты вокальдық партияларды орындап, қайталанбас хас шеберлігімен танылды.
Слайд 12Бибігүл Төлегенова
Бибігүл Ахметқызы Төлегенова — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі.
1954 жылы Қазақ консерваториясын бітірді. 1965-1971 жылдары қазақ филармониясының әнші-солисі болды. 1971 жылдан Қазақтың
опера және балет театрында еңбек етеді. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері ("Гауһар тас", "Жиырма бес"), Қазақстан композиторларының шығармалары (Хамидидің "Бұлбұлы", Брусиловскийдің "Қос қарлығашы", Төлебаевтың"Еске алуы", Рахмадиевтің "Тарантелласы", Мұхамеджановтың "Көктем вальсі", Тілендиевтің "Кел еркем, Алатауыма"), сондай-ақ П.П.Чайковский мен С.В.Рахманиновтың романстары, Н.А.Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыc Еуропа сазгерлерінің (Доницетти, Григ, Шуберт) шығармалары да бар. Төлегенова опера өнеріне де елеулі үлес қосып, Жібек (Брусиловскийдің "Қыз Жібегінде"), Гүлбаршын (Рахмадиевтің "Алпамысында"), Еңлік (Жүбановтың "Еңлік—Кебегінде"), Джильда, Виолетта (Вердидің "Риголеттосы" мен "Травиатасында") т. б. партияларды орындады.
Слайд 15Ермек Серкебаев
Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев — әнші. КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР Халық әртісі,
профессор, қоғам қайраткері. 1946 жылы консерваторияға қабылданады. Консерваторияны бітірер жылы Абай
рөлін орындайды. Одан әрі «Евгений Онегин» операсында – Евгений, «Травиатадағы» — Жермон рөлдерін жоғары дәрежеде шырқайды. Келесі рөлі — «Севиль шаштаразындағы» Фигаро. Серкебаев орындаған партиялардың ішінде Қожағұл, Амангелді (М. Төлебаев, «Біржан мен Сара»; М.Төлебаев және Е.Брусиловский, «Амангелді»), Абай, Серке (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, "Абай"; С.Мұхамеджанов, "Айсұлу"), Тарғын, Артем (Е.Брусиловский, "Ер Тарғын", "Дударай"), Онегин, Елецкий (П.Чайковский, "Евгений Онегин", "Пиковая дама"), Петруччио (В.Шебалин, "Укрощение строптивой"), Фигаро (Дж.Россини, "Севильский цирюльник"), Валентин ("Фауст"), т.б. бар. Әнші репертуарында қазақтың халық әндері, орыс және шет ел композиторларының шығармалары бар.
Слайд 18Асанәлі Әшімұлы
Асанәлі Әшімұлы — актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі, КСРО халық артисі. Театрдағы тұңғыш рөлі М.
Әуезов пен Л. Соболевтің “Абай” спектакліндегі — Айдар рөлі. Содан
кейін Кебек, Шуақ (Әуезовтің “Еңлік — Кебегі” мен “Қарақыпшақ Қобыландысында”), Қозы, Қодар (Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш—Баян сұлуында”), Еламан (Ә. Нұрпейісовтың “Қан мен терінде”), Дон Жуан (М. Фриштің “Дон Жуанның думанында”), Виктор (Л. Зориннің “Варшава сазында”) сияқты әр замандағы, әр түрлі қоғамдағы әр қилы мінезді бейнелерді сомдады. А. Әшімов — Қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актер. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз Жібек”, 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры”, 1971), Мәмбет (“Сарқырама”, 1973), Қасымханов (“Транссібір экспресі”), Кемел (“Нан дәмі”), Нұрғазы (“Алатаудың ай мүйізі”), Қаражал (“Жаушы”, 1980), Шыңғыс хан (“Бұлғар даласынан ескен жылы жел”, 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті.