Слайд 1Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясының 2
“Ә”сынып оқушысы
Жусуп Айша
Слайд 2Жобамның тақырыбы: «Қазақтың ұлттық тағамы-құрттың адам ағзасына пайдасы»
Слайд 3Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын зерттеуге
арналған. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы
да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.
Аңдатпа
Слайд 4Зерттеудің мақсаты:
Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы
маңызын көрсету.
Слайд 5Зерттеудің міндеттері:
- Қазақтың ұлттық тағамы – құртпен танысу;
- Құрттың қазақ
өмірінде алатын орнын көрсету;
- Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету.
Слайд 6
Ғылыми жаңашылдығы:
Қазіргі уақытта құрттың адам денсаулығына пайдасы бар екенін
дәлелдеу.
Слайд 7Ғылыми жоба:
кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Слайд 8Кіріспе
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел-жұрт
жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида
осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары).
Слайд 9Мал және одан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның
ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір
бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған.
Слайд 10Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік,
құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім
пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.
Слайд 11Негізгі бөлім
Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық.
Іші-бауырымыз құрысып-тырысып, көзіміз қарауытқанда,
ойбай дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу
керек деп ақыл айтатындар да табылады.
Слайд 12Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге
құлап, талып қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен-жегені нағыз дәрумендердің
көзі екен.
Слайд 13Құрттың түрлері:
Ж а с қ ұ р т
Ыстық құрт
Сықпа
құрт
Малта
Езген құрт
Слайд 14Қазақстанның ұлттық бренді – құрт.
Ұлттық брендті құру – Қазақстанның өзекті
мәселесі. Мәдениет, тарих қайраткерлері және бизнес - құрылым өкілдері де
осы мәселе бойынша ізденісте. Ұсыныстар өте көп. Біреулер ұлттық бренд домбыра, қобыз сияқты музыкалық аспаптар десе, екіншілері қымыз және шұбат сусындары деп санайды, ал үшіншілері киіз үйді жақтайды. Келешекте Қазақстанның атын шығаратын не екені белгісіз.
Слайд 15Таңдау қиын, ұлттың сәні – кешке киетін сәнді киім емес.
Ал, Алматылық Айдар Шалбарбаев уақытын текке өткізіп жүрген жоқ.
Айдар Шалбарбаев
19 жыл бойы құртқа ұлттық бренд мәртебесін беруге ат салысуда. Әлі нәтижесіз.
Слайд 16Қорытынды
Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл
тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар.
Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды,
оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді.
Слайд 17Қолданылған әдебиеттер
1.Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматыкітап 2007 ж.
2. Матюхин
З. П. Тамақтану, гигиена және физиология негіздері, Просвещение 1999 ж.
3.Ғаламтор
4.Қазақтың
ұлттық ақ тағамдары энциклопедия