қоғам мен жекелеген адамдардың мінез-құлқына әсер етеді. Интернет жүйесінің қазіргі
жастар арасында әлеуметтік желілер арқылы түрлі мнтернет қауымдарға тартып отырады. Діни веб-сайттар да қарқынды әрі интенсивті қызмет етуде. Міне осы тұрғыдан БАҚ жастардың діни дүниетанымына ықпал етуші факторлардың бірі деп қарастыруды жөн көрдік.
Жеке тәжірибе, өз бақылауы. Әрине, әр адам жеке тұлға болғандықтан
өзіндік пікір, өзіндік көзқарас, өзіндік дүниетаным, мінез-құлық, өзінді санаға ие субъект болып табылады. Әр адам жеке тұлға ретінде сыртқы ортаны өздігінше қабылдап, өздігінше іштей қорытып, жауап қайтарады. Сондықтан әр адамның жеке тәжірибесі мен бақылауы діни дүниетанымының қалыптасуында елеулі орын алады және дамуына ықпал етуші фактор болады.
Өміріндегі қайғылы оқиға. Адам баласы қалыпты өмір барысында
кезедйсоқ қайғылы оқиғамен кездесіп жатса, оқиғаның әсерінен өмірге деген көзқарастың өзгеруіне әкеліп соғады. Кей жағдайларда қайғылы оқиға әсерінен адамның дінге деген ойы да өзгереді, тіптен діни ұстанымы да түбегейлі өзегеретін жағдайлар да кезедсіп жатады. Мысалы, әдетте дінге сенбейтін адамдар бір өлім аузынан қалған соң, құдіретті күштің барына сеніп, құдайға құлшылық ете бастайды. Осы себептен, өмірдегі қайғылы оқиғаны діни дүниетанымның қалыптасуына ықпал етуші фактор деп қарастырдық.
Жоғарыда келтірілген факторларды негізге ала отырып сауалнаманың келесі сұрағын дайындадық. Жауап берген респонденттердің жауаптары түрлі көрсеткіштерге сай орналасты. Көрсеткіштер төмендегі Диаграмма 3-те көрсетілген.
Диаграмма 3. Ықпал етуші факторлар
25,0%
Отбасы
Кітап оқу Достар
Дін өкілдерімен араласу БАҚ
Өз бақылауым, тәжірибем
Өмірімдегі қайғылы оқиғадан кейін
ықпалымен