lumen — жарық, escent — әлсіз) — табиғатта кездесетін кейбір
заттардың сыртқы факторлар себебінен сәуле шығару құбылысы.Атомдардың және молекулалардың жылулық қозғалысы нәтижесінде денелердің жарық шығаруын люминесценциямен шатастыруға болмайды. Жарықтың шағылуы, шашырауы, Вавилов – Черенков эффектісі және денелердің басқа да жарық шығаруы люминесценцияға жатпайды. Солтүстік жарқыл кейбір жәндіктердің, минералдардың, шіріген ағаштардың жарқырауы табиғатта кездесетін люминесценция құбылысына жатады.
Люминесценция құбылысы ХІХ ғасырдан бастап зерттеле бастады. Әр түрлі заттардың жарқырауын зерттей жүріп К. Рентген өзінің атымен аталатын сәулелерді ашқан болса, Беккерель радиоактивтік құбылысын ашты. Люминесценцияның негізгі заңдарын ашуда С.И. Вавилов бастаған ғалымдардың еңбегі аса зор.