Разделы презентаций


Дәріс № 3 Тақырыбы : Периодонт қабынуының этиологиясы мен патогенезі. Периодонт

Содержание

Дәрісті оқуды негіздеу: Периодонт қабынулары асқынған тісжегіге жатады және стоматологиялық аурулар ішінде белгілі пайызға ие (15-20%). Болашақ дәрігер стоматолог периодонт қабынуларының себебі (этиологиясы) мен салдарын (патогенезін), клиникалық

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Дәріс № 3 Тақырыбы: Периодонт қабынуының этиологиясы мен патогенезі. Периодонт қабынуларының

патологиялық анатомиясы және жүйесі. Периодонт қабынуларының клиникасы және сараптамалы диагностикасы
Орындаған:

проф.Мезгілбаева Д.М.
Дәріс № 3  Тақырыбы: Периодонт қабынуының этиологиясы мен патогенезі. Периодонт қабынуларының патологиялық анатомиясы және жүйесі. Периодонт

Слайд 2 Дәрісті оқуды негіздеу: Периодонт қабынулары асқынған

тісжегіге жатады және стоматологиялық аурулар ішінде белгілі пайызға ие (15-20%).

Болашақ дәрігер стоматолог периодонт қабынуларының себебі (этиологиясы) мен салдарын (патогенезін), клиникалық ерекшеліктерін жақсы игерген жағдайда ғана емдеу шараларын тиімді және жоғары деңгейде жүргізе алады.

Дәрістің жоспары:
Периодонт қабынуы туралы ұғым;
Периодонт қабынуының этиологиясы мен патогенезі;
Периодонт қабынуларының патологиялық гистологиясы;
Периодонт қабынуларының терминологиясы, жүйесі немесе классифкациясы;
Периодонт қабынуларының клиникасы, диагнозын нақтылау және сараптамалы диагностикасы.
Дәрісті оқуды негіздеу: Периодонт қабынулары асқынған тісжегіге жатады және стоматологиялық аурулар ішінде белгілі

Слайд 3Периодонттағы коллагенді талшықтар шоғырларының орналасу схемасы
Түбір ұшы периодонты
Сурет-1

Периодонттағы коллагенді талшықтар шоғырларының орналасу схемасыТүбір ұшы периодонтыСурет-1

Слайд 4Периодонттағы дамитын патологиялық үрдістердің ішінде белгілі орын алатыны – периодонттың

қабынуы. Қабыну үрдісі көбінесе түбірұшы периодонты аймағында орын алатындықтан, орыс

тіліндегі әдебиеттерде «түбірұшы периодонтының қабынуы» (верхушечный периодонтит) деген атау жиі кездеседі. Бұдан әрі – периодонттың қабынуы туралы мәлімет бергенде, түбірұшы деген анықтауышты қоспай, тек «периодонттың қабынуы» деген атау қолданылады.
 

Периодонттағы дамитын патологиялық үрдістердің ішінде белгілі орын алатыны – периодонттың қабынуы. Қабыну үрдісі көбінесе түбірұшы периодонты аймағында

Слайд 5Периодонт қабынуының этиологиясы
Қазіргі кезде периодонт қабынуын туындататын себептерді үш топқа

бөлуге болады:
1) инфекциялық факторлар;
2) жарақаттаушы факторлар;
3) дәрі-дәрмектер

және химиялық заттар әсері.
Периодонт қабынуының этиологиясыҚазіргі кезде периодонт қабынуын туындататын себептерді үш топқа бөлуге болады: 1) инфекциялық факторлар; 2) жарақаттаушы

Слайд 6Периодонттың инфекция әсерінен қабынуы (инфекционный периодонтит)
Бұл жағдайды туындатуда көптеген

бактериялардың маңызы бар, солардың ішінде белгілі рөл атқаратындар – коктар:

гемолиздемеуші-стрептокок (негемолитический стрептококк – 62% жағдайда, жасылдандырушы – (зеленящий стрептококк) – 26%, гемолиздеуші – (гемолитический срептококк) – 12% жағдайда. Солармен бірге басқа микроорганизмдер (вейлонеллалар, лактобактериялар, ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтар) да қабынуды туындатуға өз үлестерін қосады.

Периодонттың инфекция әсерінен қабынуы (инфекционный периодонтит) Бұл жағдайды туындатуда көптеген бактериялардың маңызы бар, солардың ішінде белгілі рөл

Слайд 7
Микроорганизмдердің уыттары, ұлпа ыдырауынан шыққан улы заттар периодонтқа көбіне түбір

өзектері арқылы өтеді, сирек жағдайда қызылиек қалтасы арқылы, қан және

лимфа жолдарымен (тұмау, сүзек, безгек және басқа жұқпалы аурулар кезінде), жанасу жолы (сүйек майы, Гаймор қуысы қабынуы кезінде) арқылы да түсуі мүмкін.
Микроорганизмдердің уыттары, ұлпа ыдырауынан шыққан улы заттар периодонтқа көбіне түбір өзектері арқылы өтеді, сирек жағдайда қызылиек қалтасы

Слайд 8

Көптеген микробиологиялық зерттеулер нәтижесіне жүгінсек, емделмеген периодонт қабынулары кезінде түбір

өзегінде 2-5 түрден тұратын микробтар ассоциациялары, сирек жағдайда микробтардың таза

түрлері кездеседі. Осыған байланысты бактериялардың периодонтқа өту жолдарын интрадентальдық (тіс арқылы) және экстрадентальдық (тістен тысқары жол) деп бөлуге болады.

Көптеген микробиологиялық зерттеулер нәтижесіне жүгінсек, емделмеген периодонт қабынулары кезінде түбір өзегінде 2-5 түрден тұратын микробтар ассоциациялары, сирек

Слайд 9Периодонтың жарақат әсерінен қабынуы (травматический периодонтит)
Көбінесе периодонтқа біраз күші

бар жарақаттаушы ықпал бір рет әсер еткенде (тісті байқамай соғып

алу, ұрылып қалу, сүйек, тас, жеміс дәндерін байқамай тістеп алу), сирек жағдайда аз күшті жарақаттаушы ықпал ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда (биік қойылған пломбы, тік тістем, көп тістердің жұлынуы кезінде қалған тістерге шайнау күшінің түсуі, музыкалық үрлейтін аспаптардан алдыңғы тістерге қысымы түсуі, теріс әдеттер) дамиды.
Периодонтың жарақат әсерінен қабынуы (травматический периодонтит) Көбінесе периодонтқа біраз күші бар жарақаттаушы ықпал бір рет әсер еткенде

Слайд 10Біраз күшпен жарақаттаушы ықпал әсер еткенде периодонтқа қан құйылып, талшықтары

үзіліп, басқа тіндері жаншылып, периодонттың жедел қабынуы туындайды. Жарақаттаушы ықпал

ұзақ әсер еткенде периодонтта паталогиялық өзгерістер біртіндеп дамиды және алғашқы кезде периодонт оған бейімделеді. Кейін бейімделу қабілеті төмендеген кезде созылмалы қабыну үрдісі дамиды, периодонт талшықтары фиброздануға ұшырайды немесе түбір ұшы аймағындағы альвеоланың қатты сүйек қабаты сорылып, орнын жас грануляциялық тін басады. Қабынудың бұл түріне түбір өзегін пломбылаған кезде (ұлпа қабынуын емдеген кезде) пломбылық материалдарды (стоматологиялық цементтерді, әртүрлі штифтерді мен қойыртпақтарды) периодонтқа шығарып алған кезде дамитын реакцияларды да жатқызуға болады.

Біраз күшпен жарақаттаушы ықпал әсер еткенде периодонтқа қан құйылып, талшықтары үзіліп, басқа тіндері жаншылып, периодонттың жедел қабынуы

Слайд 11Периодонттың дәрі-дәрмектен қабынуы (медикаментозный периодонтит)
Қабынудың бұл түрі ұлпа қабынуын

емдеген кезде күшті химиялық заттарды (мышьяк қышқылы, фенол, трикрезолформалин), жоғары

концентрациялы антисептиктер ертіндісін (формальдегид, гипохлорид, хлорамин ертінділері, резорцин-формалин сұйығы) дұрыс қолданбау нәтижесінде дамиды. Периодонттың дәріден қабынуына жергілікті иммунологиялық реакцияларды туындатып, аллергия белгілерін дамытатын дәрілер әсерінен (антибиотиктер, эвгенол және б.) туындаған қабынуды да жатқызуға болады.

Периодонттың дәрі-дәрмектен қабынуы (медикаментозный периодонтит) Қабынудың бұл түрі ұлпа қабынуын емдеген кезде күшті химиялық заттарды (мышьяк қышқылы,

Слайд 12Периодонт қабынуының патогенезі

Жоғарыда айтылғандай периодонтта қабыну үрдісі түбір ұшы тесігі

арқылы түбір өзегіндегі инфекциялы-уытты құрамның периодонтқа өтуі нәтижесінде дамиды. Периодонт

қабынуының дамуында граммтеріс бактериялдардың қабықтарының бұзылуы кезінде бөлінетін эндотоксиндердің маңызы зор. Периодонтқа түскен эндотоксиндер қан тамырларын кеңейтетін және өткізгіштігін жоғарылататын биологиялық белсенді заттардың бөлінуін қамтамасыз ете отырып, онда жедел қабыну үрдісін туындатады. Жедел қабыну кезінде периодонтта көп мөлшерде антигендер жиналады және периодонт саңылауы қатты сүйек қабатымен қоршалғандықтан, олардың периодонттан шығарылып тасталуы (элиминация) қиындайды. Антигендік қасиетке ие болған эндотоксиндер периодонттың және оны қоршаған тіндер жүйесіне күшті әсер етеді.

Периодонт қабынуының патогенезіЖоғарыда айтылғандай периодонтта қабыну үрдісі түбір ұшы тесігі арқылы түбір өзегіндегі инфекциялы-уытты құрамның периодонтқа өтуі

Слайд 13Периодонттың жедел қабынуының және оның төңірегіндегі тіндерге жайылу қарқындылығы қабыну

үрдісін туындатқан инфекцияның вируленттігімен және организмнің жалпы иммундық жағдайымен тығыз

байланысты болады.
Иммундық қорғаныс механизмі төмендеген кезде жергілікті қабыну ошағы шектелмей, керісінше айналасындағы жұмсақ және қатты тіндерге жайыла отырып, бет-жақ аймағында одонтогендік қабынбалы үрдістердің дамуына себепкер болады.
Егер иммундық қорғаныс механизмі түбір ұшындағы қабыну ошағын шектейтін бөгет құра алса, онда қабыну үрдісі аса жайылмай, алғашқы сатысында-ақ тежеледі. Емдеу шаралары жүргізілмеген жағдайда, инфекция көзінің сақталуына байланысты, периодонттағы жедел қабыну үрдісі созылмалы қабыну үрдісімен алмасады. Кейде периодонттағы созылмалы қабыну үрдісі жедел қабыну сатысынсыз да дамиды.

Периодонттың жедел қабынуының және оның төңірегіндегі тіндерге жайылу қарқындылығы қабыну үрдісін туындатқан инфекцияның вируленттігімен және организмнің жалпы

Слайд 14Түбір өзегінен толассыз тітіркендіре әсер етуші антигендерге периодонт тіндерінің реакциясы

(жауабы) екі түрде дамиды: 1) антидене тәуелді; 2) клеткалар туындататын

үрдістер. Антидене тәуелді үрдістерге иммундыкешен және IgE туындататын реакциялар жатады. Клеткалар туындататын үрдістерге баяу дамыған жоғары сезімталдық реакциялары жатады. Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде иммундыкешендік реакцияның дамуы үшін А.И.Волошиннің ұйғаруынша үш түрлі шартты жағдайлар керек: 1) фагоцитозға толық ұшырамайтын иммундық кешендердің болуы; 2) комплемент жүйесінің болуы; 3) көп мөлшерде полиморфты-ядролы лейкоциттердің болуы. Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде аталған жағдайлардың барлығы да орын алады.
Түбір өзегінен толассыз тітіркендіре әсер етуші антигендерге периодонт тіндерінің реакциясы (жауабы) екі түрде дамиды: 1) антидене тәуелді;

Слайд 15Иммундыкешенді реакцияға ІgЕ туындататын реакция да ұқсас келеді. Периодонттың созылмалы

қабынуы кезінде түбір ұшын қоршаған тіндерде ІgЕ құрушы және толықша

клеткалар (тучные клетки) анықталған.
Базофильдер мен толықша клеткалардың рецепторларында ІgЕ ұзақ уақыт бекіп, атопиялық реакция туындата алады. Толықша клетка бетінде антиген ІgЕ -нің екі молекуласымен байланысады, осының нәтижесінде клеткадан гистамин, серотонин сияқты қабыну медиаторлары босап шығады. Олардың әсерінен қан тамырлары кеңейіп, өткізгіштігі жоғарылап, периодонтқа қан тамырлардан көптеп лейкоциттер ауыса бастайды. Лейкоциттерден бөлінген ферменттер өліеттенген тіндерді ыдыратуға қатысады.


Иммундыкешенді реакцияға ІgЕ туындататын реакция да ұқсас келеді. Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде түбір ұшын қоршаған тіндерде ІgЕ

Слайд 16Баяу дамыған аса жоғары сезімталдық реакциясы антиденелерді қажет етпейді, себебі

арнаулы антигенмен реакцияға (байланысқа) сенсибилизацияланған Т-лимфоцит-эффекторлар түседі. Бұл реакция клеткалық

антигендермен сенсибилизацияланған лимфоциттердің өзара әрекеті нәтижесінде дамиды және лимфоциттердің көбейіп, олардан көп мөлшерде лимфокиндер бөлінуіне әкеп соғады. Кейбір лимфокиндер (мысалы, лимфотоксиндер) периодонт клеткаларын бұзуға қатысады және сонымен қатар сүйек тінін сорылуға ұшырататын остеокластардың белсенділігін арттырады. Қабыну ошағында макрофагтар мен нейтрофильдер коллаген талшықтарын ыдыратып, сүйек тінін бұзатын фермент коллагеназа бөліп шығарады. Осылардың барлығы периодонттағы созылмалы қабыну ошағында талшықты және клеткалы құрылымдардың жойылып, периодонтты қоршаған сүйек тінінің сорылуына, орынбасушы жаңа құрылымдардың (фиброзданған және грануляциялық тіндер) пайда болуына әкеп соғады.

Баяу дамыған аса жоғары сезімталдық реакциясы антиденелерді қажет етпейді, себебі арнаулы антигенмен реакцияға (байланысқа) сенсибилизацияланған Т-лимфоцит-эффекторлар түседі.

Слайд 17Периодонт қабынуының жүйесі.
Периодонт қабынуының көптеген жүйесі ұсынылған. Солардың ішінде көп

қолданыс тапқан периодонт қабынуының Лукомский И.Г. (1955) ұсынған жүйесі:
Клиникалық ағымына

байланысты екі түрге бөледі: жедел және созылмалы қабынулары.
І. периодонттың жедел қабынуы (острый периодонтит – pеriodontitis acuta).
1) периодонттың жедел серозды (сарысулы) қабынуы (острый серозный периодонтит – periodontitis acuta serosa)
2) периодонттың жедел іріңді қабынуы (острый гнойный периодонтит – periodontitis acuta purulenta)
ІІ. Периодонттың созылмалы қабынуы (хронический периодонтит – pеriodontitis chronica)
1) периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы (хронический фиброзный периодонтит – periodontitis chronica fibrosa)
2) периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы (хронический гранулирующий периодонтит – periodontitis chronica granulans)
3) периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы немесе түбірұшы гранулемасы (хронический гранулематозный периодонтит или верхушечная гранулема – periodontitis chronica granulomatosa, s. Granuloma radicis).
Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде әртүрлі қолайсыз жағдайлар әсерінен (тұмау, организмнің суыққа шалдығуы, жүйкелік күйзелістер және б.) өршу үрдісі орын алуы мүмкін. Сондықтан бұл үрдісті жеке топқа енгізуге болады.
ІІІ. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі (хронический периодонтит в стадии обострения – periodontitis chronica exacerbata)
Периодонт қабынуының жүйесі.Периодонт қабынуының көптеген жүйесі ұсынылған. Солардың ішінде көп қолданыс тапқан периодонт қабынуының Лукомский И.Г. (1955)

Слайд 18



Грошиков М.И. (1960) периодонттың жедел серозды және іріңді қабынбалы түрлерін

клиникалық белгілеріне сүйене отырып анықтау мүмкін еместігін ескере отырып, жедел

қабынудың екі сатысын (фазасын) ажыратуды ұсынды:
бірінші сатысы – уыттану сатысы (фаза интоксикации – fasae intoxicationis),
екінші сатысы – жалқықтану сатысы (фаза экссудации – fasae exudativa).
Грошиков М.И. (1960) периодонттың жедел серозды және іріңді қабынбалы түрлерін клиникалық белгілеріне сүйене отырып анықтау мүмкін еместігін

Слайд 19ҚазҰМУ-дың терапиялық стоматология кафедрасында қолданыс тапқан периодонт қабынуының жүйесі төмендегідей
Периодонттың

жедел қабынуы.
1. Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы (острый периодонтит, фаза

интоксикации).
2. Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы (острый периодонтит, фаза экссудации).
 
Периодонттың созылмалы қабынуы.
1. Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы (хронический фиброзный периодонтит)
2. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы (хронический гранулирующий периодонтит)
3. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы немесе түбірұшы гранулемасы (хронический гранулематозный периодонтит или корневая гранулема).
4. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі.
ҚазҰМУ-дың терапиялық стоматология кафедрасында қолданыс тапқан периодонт қабынуының жүйесі төмендегідейПериодонттың жедел қабынуы.1. Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

Слайд 20Периодонт қабынуының клиникалық сипаттамасы.
Периодонттың жедел қабынуы.
Қабынудың бұл түрі жедел дамиды

және клиникалық белгілері тез ауысып отырады. Осыған байланысты қабыну үрдісінің

дамуын екі кезеңге бөлу (уыттану және жалқықтану) негізді деп келісуге болады.
Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы (бірінші кезеңі). Уыттану сатысы қабыну үрдісінің алғашқы кезінде байқалады және сырқат тістің өз бетімен сыздап ұзақ ауыруымен сипатталады. Сырқат тіспен ас шайнағанда, қарама-қарсы тіс тигенде ауыру сезімі күшейе түседі. Бастапқы кезде тісі сырқат адам мазаландырған тісін анық көрсете алады. Температуралық тітіркендіргіштер ауыру сезімін күшейте немесе бәсеңдете әсер ете алмайды. Қарап тексергенде сырқат тісте тісжегі қуысы анықталады және ол сауыт қуысымен байланыста болады. Сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі жоқ, тік қағып байқағанда тіс ауырады. Тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндер ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Кейде тіс қуысы жабық болуы мүмкін және тістің ЭҚ-100 мка жоғары болады. Периодонттың дәрі әсерінен дамыған жедел қабынуы кезінде сырқат тісте уақытша немесе тұрақты пломбы тұруы мүмкін.

Периодонт қабынуының клиникалық сипаттамасы.Периодонттың жедел қабынуы.Қабынудың бұл түрі жедел дамиды және клиникалық белгілері тез ауысып отырады. Осыған

Слайд 21Патологиялық анатомиясы. Микроскопиялық зерттеу кезінде периодонт тінінде қан тамырларының кеңейіп,

қанға толғаны (воспалительная гиперемия) байқалады. Тамырлар төңірегіндегі тінде сарысулы жалқықтың

сіңуіне байланысты домбығу байқалады (воспалительный отек). Сонымен қатар бірлі-жарымды полинуклеарлармен бірге лимфоциттерден және гистоциттерден тұратын қан тамырларына жақын орналасқан клеткалар шоғыры (клеточные инфильтраты) анықталады.
Қабыну үрдісінің толастамай, одан әрі күшеюіне байланысты клеткалық метаболизм бұзылып, сүт қышқылы жиналуы әсерінен тіндерде ацидоз дамиды. Мұның өзі қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылатып, жалқықтануды күшейтеді және лейкоциттердің көптеп сыртқа шығуына жағдай туғызады.

Патологиялық анатомиясы. Микроскопиялық зерттеу кезінде периодонт тінінде қан тамырларының кеңейіп, қанға толғаны (воспалительная гиперемия) байқалады. Тамырлар төңірегіндегі

Слайд 22Жалқықтану сатысы (фаза экссудации) – екінші кезеңі. Бұл кезде периодонтта

жалқықтану үрдісінің күшейіп, периодонт саңылауында қысымның артуына байланысты толассыз мазалайтын,

солқылдата кернейтін ауыру сезімі пайда болады. Ауыру сезімі бір деңгейде тұрады немесе бірте-бірте күшейе түседі және көрші тістерге беріледі немесе үшкіл (үштік) нерв тармақтары бойымен таралады. Тіспен ас шайнағанда, қарсы жақ тісі немесе тіл тиіп кеткенде қатты ауырады. Кейде науқас тісін өсіп кеткендей сезінеді және қозғалмалы бола бастағанын байқайды. Мұның себебі – түбір ұшы периодонтындағы коллаген талшықтарының домбығуы және жартылай ыдырап бұзылуы нәтижесінде периодонттың тісті ұясынан шығармай ұстап тұру қызметінің бұзыла бастауы.
Жалқықтану сатысы (фаза экссудации) – екінші кезеңі. Бұл кезде периодонтта жалқықтану үрдісінің күшейіп, периодонт саңылауында қысымның артуына

Слайд 23Қарап тексергенде сырқат тісте тісжегі қуысы анықталады, сүңгілеп байқағанда ауыру

сезімі болмайды, сауыт қуысы көбінесе ашық. Температуралық тітіркендіргіштер ауыру қарқындылығына

ешқандай әсер етпейді. Сауыт қуысы жабық болған сирек жағдайда тістің ЭҚ 100 мка жоғары. Кейде тісте ұлпа қабынуын емдеу сатысында қойылған уақытша пломбы болуы да мүмкін. Қағып тексергенде сырқат тіс қатты ауырады (барлық бағытта), аздап қозғалмалылығы бар. Тіс төңірегіндегі қызыл иектің кейде қызарып домбыққаны байқалады, түбір ұшы аймағындағы ауыспалы қатпарды сипап тексергенде ауырады.

Қарап тексергенде сырқат тісте тісжегі қуысы анықталады, сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі болмайды, сауыт қуысы көбінесе ашық. Температуралық

Слайд 24Кейбір жағдайларда жақ сүйегін қоршаған жұмсақ тіндерде коллатералды домбығу байқалады,

ауыспалы қатпар тығыздалып (инфильтрат пайда болуы нәтижесінде) тегістелгені анықталады. Осыған

орай дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілмесе, тіс аймағындағы периостың жедел қабыну белгілері дамиды. Бұл кезде организмнің реактивтілігіне байланысты дене қызуы көтеріліп, тісі сырқат адамның басы ауырып, жалпы жағдайы нашарлайды. Кейде қанда да өзгерістер орын алуы мүмкін (лейкоцитоз – 15-20·109, ЭШЖ-жоғарылайды). Сырқат тіс жағындағы төменгі жақ асты, кейде иекасты лимфа түйіндері ұлғайып, ауыратын болады. Периодонттың жедел қабынуы кезінде рентгендік зерттеу периодонт саңылауындағы өзгерістерді анықтай алмайды. Дегенмен, жалқықтану сатысында периодонттың қоршаған қатты сүйек қабатының бүтіндігі сақталғанмен, кемік сүйек суретінің анықтығы төмендегіні байқалады және бұл өзгеріс периодонт қабынуы басталуынан біраз күн (2-5 күн) өткен соң орын алады.

Кейбір жағдайларда жақ сүйегін қоршаған жұмсақ тіндерде коллатералды домбығу байқалады, ауыспалы қатпар тығыздалып (инфильтрат пайда болуы нәтижесінде)

Слайд 25Жоғарғы кіші және үлкен азу тістер периодонтындағы жалқық Гаймор қуысына

ауысып, онда қабыну туындатуы мүмкін.
Периодонттың жедел қабынуы 2-3 тәуліктен екі

аптаға дейін созылуы мүмкін және диагнозын нақтылау аса қиындық тудырмайды. Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысын пародонттың жедел шектеле қабынуынан, қызылиек бүртігінің жедел қабынуынан (папиллит) ажырата білу керек. Ал жалқықтану сатысын ұлпаның жедел іріңді қабынуынан, периодонттың созылмалы қабынуының өршуінен, пародонтальдық абсцестен, сүйек қабының қабынуынан ажырату керек.
Жоғарғы кіші және үлкен азу тістер периодонтындағы жалқық Гаймор қуысына ауысып, онда қабыну туындатуы мүмкін.Периодонттың жедел қабынуы

Слайд 26Бұл аурулардың сараптамалық диагнозын студенттер өз беттерімен құру керек. Пародонтальдық

абсцесс туралы мәлімет беруге болады. Бұл кезде абсцесс дами бастаған

қызылиек қатты сыздап немесе солқылдап ауырады (кейде тісі ауырғандай болады), тіс аздап қозғалмалы болады. Қарап тексергенде тіс сауыты көбіне бұзылмаған (кейде тісжегі қуысы болуы мүмкін), көлденең қағып тексергенде ауыру сезімі бар, температуралық тітіркендіргіштерге жауап береді, төңірегінде әр түрлі тереңдікте пародонталдық қалта болады. Қызыл иек қатты қызарып, томпиып ісінген, сипап тексергенде қатты ауырады, консистенциясы қатты немесе орталық аймағында аздап былқылдау белгісі (флюктуациялану белгісі) сезіледі. Кейде пародонтальдық қалтадан іріңді жалқық бөлінеді. Рентгендік суретте абсцесс аймағындағы альвеола өсіндісінде пародонттың қабынуына тән өзгерістер анықталады. Ал периодонттың жедел қабынуы кезінде рентген суретте 2 тәуліктен кейін-ақ өзгерістер байқалады және олар тісті қоршаған кемік сүйектің суретінің анықтығының жойылуымен сипатталады (сүйек майындағы инфильтраттану үрдісіне байланысты).

Бұл аурулардың сараптамалық диагнозын студенттер өз беттерімен құру керек. Пародонтальдық абсцесс туралы мәлімет беруге болады. Бұл кезде

Слайд 27Патологиялық анатомиясы. Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысы кезінде қабыну ошағындағы

тіндерде лейкоциттермен инфильтраттану үдей береді. Микроскопиялық зерттеу кезінде қабыну белгілерімен

қатар тінде полиморфты-ядролы лейкоциттермен жаппай инфильтраттану байқалады (сурет-2). Лейкоциттердің қан тамырларынан көптеп периодонт тініне ауысуы оның ыдырауға ұшырап, іріңді ошақтың (бір немесе бірнешеу) пайда болуына әкеп соғады. Іріңді ошаққа (іріңдікке) жақын жатқан периодонт, сүйек және қызылиек аймақтарында реактивті қабыну үрдісі (қызару және домбығу) анықталады. Сүйек қабы қалыңдаған, кейде іріңді жалқықпен сылынып кеткен, сүйек майында қанға толу және ошақты іріңдеу үрдістері орын алады.

Патологиялық анатомиясы. Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысы кезінде қабыну ошағындағы тіндерде лейкоциттермен инфильтраттану үдей береді. Микроскопиялық зерттеу

Слайд 28Сурет-2 Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы кезінде
лейкоциттердің шоғырлануы нәтижесінде пайда

болған инфильтратты ошақтар

Сурет-2 Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы кезінделейкоциттердің шоғырлануы нәтижесінде пайда болған инфильтратты ошақтар

Слайд 29Сонымен қатар қабыну ошағының төңірегіндегі альвеола сүйегінің сорылуға ұшыраған аймақтарында

клеткалы-талшықты құрылымдардың пайда болғаны байқалады. Қабыну ошағынан алыстау орналасқан сүйек

тіндерінде клеткалы элементтердің көбеюі орын алған. Жедел қабыну ошағында қышқыл мукополисахаридтердің мөлшері көбейеді, керісінше бейтарап мукополисахаридтердің мөлшері өзгеріске ұшырамайды. Ал қалыпты клеткалармен және қабыну инфильтратындағы клеткалардағы рибонуклеопротеиндердің мөлшері бастапқы кезде жоғарылап барып, кейінірек төмендейді.

Сонымен қатар қабыну ошағының төңірегіндегі альвеола сүйегінің сорылуға ұшыраған аймақтарында клеткалы-талшықты құрылымдардың пайда болғаны байқалады. Қабыну ошағынан

Слайд 30Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысы кезінде дәрігерлік жәрдем дер кезінде

көрсетілмесе, жиналған жалқық шығуға жол іздей бастайды. Ең тиімді жолы

түбір өзегі арқылы өтіп, жалқықтың сауыт қуысына жиналуы (түбір ұшы тесігі кең және ашық болған жағдайда), бұл мүмкін болмаған жағдайда периодонт саңылауы арқылы өтіп, қызыл иек сайымен сыртқа бөлінеді, тіс ұясының түбір ұшы аймағындағы қатты сүйек қабатын бұзып, кемік сүйек арқылы өтіп, сүйек қабығы астына жиналады немесе жұмсақ тіндерге өтіп, қабыну үрдісін (одонтогендік қабынбалы үрдістер) туындатуы.

Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысы кезінде дәрігерлік жәрдем дер кезінде көрсетілмесе, жиналған жалқық шығуға жол іздей бастайды.

Слайд 31Периодонттың созылмалы қабынуы.
Периодонттың созылмалы қабынуы клиникалық белгілерге аса бай емес.

Сондықтан созылмалы қабыну өршу сатысымен асқынбаған жағдайда тісі сырқат адам

көпке дейін стоматолог-дәрігерге емделуге келе бермейді.

Периодонттың созылмалы қабынуы.Периодонттың созылмалы қабынуы клиникалық белгілерге аса бай емес. Сондықтан созылмалы қабыну өршу сатысымен асқынбаған жағдайда

Слайд 33Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы
Қабынудың бұл түрі өз бетімен дамыған жедел

қабынудың барысы ретінде және дұрыс емделген созылмалы қабынулардың басқа түрлерінің

(гранулденіп және гранулемаланып қабынуы) дұрыс емделу нәтижесі ретінде көрініс беруі мүмкін. Периодонттың фиброзды қабынуы көптеген тістер жұлынған кезде, қалған тістерге шайнау күшінің шамадан тыс түсуіне байланысты да дамуы мүмкін. Бұл кезде тіс сауыты бұзылмаған болады және периодонт тінінің фиброздануға ұшырап қалыңдауына байланысты периодонт саңылауы тұтас және біркелкі кеңейеді (тістің рентген суретінде)


Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуыҚабынудың бұл түрі өз бетімен дамыған жедел қабынудың барысы ретінде және дұрыс емделген созылмалы

Слайд 34Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы кезінде тісі бұзылған адам ешқандай ауыру

сезіміне шағымданбайды, тек тісінің түсінің өзгергенін байқауы мүмкін. Егер тісінде

тісжегі қуысы болатын болса, беткей немесе терең сүңгілеп және қағып тексергенде ауыру сезімі болмайды, сауыт қуысы көбінесе ашық болады. Температуралық және химиялық тітіркендіргіштерге ешқандай жауап туындамайды, сырқат тіс күші 100 мка дейінгі электр тогына жауап бермейді (тістің электрқозғыштығы төмендеген. Тіс төңірегіндегі қызылиек өзгеріске ұшырамайды. Қорытынды диагноз тек рентгендік тексеру әдісінің көмегімен қойылады.

Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы кезінде тісі бұзылған адам ешқандай ауыру сезіміне шағымданбайды, тек тісінің түсінің өзгергенін байқауы

Слайд 35Тістің рентген суретінде түбірұшы төңірегіндегі периодонт саңылауы аздап кеңеюі нәтижесінде

деформациялануға ұшыраған (сурет-3 а)), бірақ тіс альвеоласының қатты сүйек қабаты

аздап қалыңдағанымен онда бұзылу үрдісі байқалмайды. Кейбір жағдайларда периодонт саңылауы тарылып, анық көрінуі қиынға соғады. Мұндай жағдай түбір ұшында цементтің шамадан тыс құрылуы нәтижесінде туындайды және түбір ұшы үшкір конус пішінді болмай, түйреуіш басына ұқсас болып келеді, кемік сүйек бағаналары қалыңдап, склероздану үрдісі орын алады (сурет-3 б)).

Тістің рентген суретінде түбірұшы төңірегіндегі периодонт саңылауы аздап кеңеюі нәтижесінде деформациялануға ұшыраған (сурет-3 а)), бірақ тіс альвеоласының

Слайд 36Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы
Сурет-3 б) нағыз түбір ұшы аймағында периодонт

саңылауы тарылған
Сурет-3 а) түбір ұшында
периодонт саңылауы біркелкі
кеңейген

Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуыСурет-3 б) нағыз түбір ұшы аймағында периодонт саңылауы тарылғанСурет-3 а) түбір ұшындапериодонт саңылауы біркелкі

Слайд 37Патологиялық анатомиясы. Периодонттың фиброзданып қабынуы кезінде клеткалық құрылымдардың азайып, коллаген

талшықтарының жуандап, фиброзды тінге айналғаны байқалады. Талшықтар шоғырларының арасында көбінесе

склероздануға ұшыраған тамырлар төңірегінде орналасқан домалақклеткалы қабыну инфильтраттарының ошақтары кездеседі. Ретсіз орналасқан жуанталшықты құрылымдар периодонтқа тыртық тініне тән қасиет береді және периодонттың түбір ұшы аймағындағы бөлігінің тұтас қалыңдауын қамтамасыз етеді.
Ескере жүретін жағдай, ертеректе асқынған тісжегімен емделген тістің түбір өзектері жақсы пломбыланған болса және рентген суретте бірақ түбір ұшы периодонтында фиброзданып қабынуға тән өзгерістер анықталса, мұндай тісті қайта емдеу қажет деген пікір теріс деп санауға болады.

Патологиялық анатомиясы. Периодонттың фиброзданып қабынуы кезінде клеткалық құрылымдардың азайып, коллаген талшықтарының жуандап, фиброзды тінге айналғаны байқалады. Талшықтар

Слайд 38Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы
Периодонт қабынуының бұл түрі де уақытында емделмеген

жедел қабынудан дамиды немесе біріншілік дамыған созылмалы қабыну үрдісінің белгілі

бір сатысына жатады. Көп жағдайда ешбір клиникалық белгісіз дамиды, ал кейде әлсіз ауыру сезімдері (тіс түбірі тұсында ыңғайсыздық, ауырсыну, кернеу сияқты) мазалауы мүмкін. Оқта-текте сырқат тіспен ас шайнағанда аздаған ауырусыну белгісі біліну мүмкін. Ауық-ауық қызылиекте сырқат тістің түбір ұшы проекциясы деңгейінде жыланкөз пайда болып мазалауы да мүмкін.
Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуыПериодонт қабынуының бұл түрі де уақытында емделмеген жедел қабынудан дамиды немесе біріншілік дамыған созылмалы

Слайд 39Қарап тексергенде, сырқат тісте үлкен тісжегі қуысы анықталады, көбінде сауыт

қуысымен байланысқан болады. Беткей және терең сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі

болмайды. Температуралық тітіркендіргіштерге ешқандай жауап анықталмайды, тістің ЭҚ-100 мка жоғары. Тісте кейде тұрақты пломбы тұруы да мүмкін (ертеректе асқынбаған немесе асқынған тісжегімен емделген болса).
Кейде тіс тұсындағы қызылиекте ауыспалы қатпарға жақын аймақта жыланкөз анықталады, аузынан бүршіктеніп жас грануляциялық тін немесе іріңді жалқық шығып тұруы мүмкін, кейде бітіп кеткен жыланкөз орнында ақшыл-сұр түсті тары дәніне ұқсас домалақ пішінді тыртық анықталады (бір немесе біреше жерде). Жыланкөз аймағын сипап тексергенде альвеола сүйегінің беті тегіс емес, кедір-бұдырлы екені байқалады (қатты сүйек қабатының сорылып, бүтіндігінің бұзылуы нәтижесі).


Қарап тексергенде, сырқат тісте үлкен тісжегі қуысы анықталады, көбінде сауыт қуысымен байланысқан болады. Беткей және терең сүңгілеп

Слайд 40Жыланкөз болмайтын көпшілік жағдайда тіс тұсындағы қызылиек аздап қызарыңқырағанын байқауға

болады; нығыздағыштың домалақ ұшымен басып көргенде бозғылт түсті ойық пайда

болып, тез арада тегістеле қоймайды (вазопорез симптомы) және ойық аймағы тегістелген кезде ашық қызыл түске боялады. Саусақпен басып сипағанда ыңғайсыздық немесе аздаған ауырсыну сезімі білінеді. Тісті салыстырмалы әдіспен қағып тексергенде, сырқат тісте сау тіске қарағанда ыңғайсыздық немесе аздап ауырғандай сезім (жоғары сезімталдық) анықталады.
Ұзақ уақыт дамыған қабыну үрдісі кезінде сырқат тіс жақтағы аймақтың лимфа түйіндерінің (жақ және иекасты) ұлғайғандығы және аздап ауыратындығы байқалады.
Жыланкөз болмайтын көпшілік жағдайда тіс тұсындағы қызылиек аздап қызарыңқырағанын байқауға болады; нығыздағыштың домалақ ұшымен басып көргенде бозғылт

Слайд 41Рентгендік тексеру кезінде созылмалы қабыну үрдісі аймағында тіс альвеоласының қатты

сүйек пластинкасы мен кеуек сүйектің сорылуы нәтижесінде сырқат тістің түбір

ұшында жиегі тегіс емес, ойлы-қырлы шекара құрайтын (сурет 4 б))., кейде от жалынына ұқсас әртүрлі көлемді қаракөлеңкелі ошақ (сурет 4 а)) анықталады.
Сорылу үрдісіне кейде түбір ұшын жауып жатқан цеметпен түбір дентині де ұшырауы мүмкін. Бұл кезде тістің түбір ұшы жойылып, шекарасы ойлы-қырлы болып көрінеді және түбір ұзындығы біршама қысқарады.
Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы кезінде өршу үрдісі жиірек кездеседі (басқа қабыну түрлеріне қарағанда) және көбіне жыланкөз пайда болып басылады. Егер жыланкөз бітіп қалмай, ұзақ сақталатын болса, өршу үрдісі де жиі қайталанбайды.

Рентгендік тексеру кезінде созылмалы қабыну үрдісі аймағында тіс альвеоласының қатты сүйек пластинкасы мен кеуек сүйектің сорылуы нәтижесінде

Слайд 42 Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы
Сурет 4 а) түбір ұшындағы от жалынына

ұқсас қара көлеңкелі ошақ
Сурет 4 б) түбір ұшы аймағындағы сүйек

тініндегі жиегі тегіс емес (ирек-ирек немесе ойлы-қырлы) біраз көлемді сорылу ошағы .
Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы Сурет 4 а) түбір ұшындағы от жалынына ұқсас қара

Слайд 43Патологиялық анатомиясы. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы кезінде ұзақ қабыну әсерінен

бұзылып, ыдырауға ұшыраған периодонттың орнын грануляциялық тін басады. Бұл тіннің

құрамы капиллярларға (қылтамырларға), фибробластарға, домалақ плазматикалық клеткаларға және лейкоциттерге бай болады. Жас грануляциялық тіннің қалыптасуы кезінде оның құрамында гликогеннің, бейтарап және қышқыл мукополисахаридтердің мөлшері жоғарылайды. Түбір ұшы периодонтының орнын грануляциялық тін басқан кезде, осы аймақтағы қатты тіндер (альвеоланың қатты сүйек пластинкасы, кемік сүйек, кейде цемент және дентин) остеокластар мен грануляциялық тіннің қатысуымен сорылуға ұшырайды.
Патологиялық анатомиясы. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы кезінде ұзақ қабыну әсерінен бұзылып, ыдырауға ұшыраған периодонттың орнын грануляциялық тін

Слайд 44Грануляциялық тін сүйек майы қуыстарын қуалай өсіп, қызылиекте іріңді немесе

грануляциялы жыланкөздің пайда болуына себепкер болады, кейде грануляциялық тін жұмсақ

тіндерді қуалай өсіп, кілегей қабық немесе теріасты гранулемасына (подслизистая или подкожная гранулема) айналады. Кейде мұндай гранулемалардың қабыну ошағынан біраз қашық орналасуына байланысты, көп жағдайларда себепкер тісті анықтау дәрігер-стоматологқа біраз қиындықтар тудыруы мүмкін.
Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы кезінде альвеола өсіндісіндегі сорылу үрдісіне және көптеген тіндердің ыдырауына байланысты қабыну ошағында пайда болған уытты заттар қанға сіңіп, организмнің созылмалы уыттануын туындатады. Сондықтан созылмалы қабынудың бұл түрі – ең белсенді патологиялық үрдіс деп саналады. Осыған қарамай, емдеу шараларын дұрыс жүргізген жағдайда оның нәтижелелігі жоғары болады және қабынудың тиімділеу түріне – созылмалы фиброзданып қабынуымен алмасады.
Грануляциялық тін сүйек майы қуыстарын қуалай өсіп, қызылиекте іріңді немесе грануляциялы жыланкөздің пайда болуына себепкер болады, кейде

Слайд 45Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы
Периодонт қабынуының бұл түрі кезінде өршу сатысы

болмаса, ешқандай клиникалық белгілер орын алмайды. Тек сирек жағдайда ғана

периодонттың гранулдене қабынуына тән белгілер (қызылиектің аздап қызарып ісінуі, жыланкөз орын алуы) болуы мүмкін. Осыған байланысты тісі сырқат адам дәрігерге шағым айтып бара қоймайды.
Тіс қатарын әртүрлі мақсатпен қарап тексергенде, себепкер тісте терең тісжегі қуысы немесе пломбы анықталады (тіс ертеректе асқынған тісжегімен емделген). Сүңгілеп және қағып тексергенде ешқандай ауыру сезімі анықталмайды, тістің ЭҚ-100 мка жоғары болады.
Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуыПериодонт қабынуының бұл түрі кезінде өршу сатысы болмаса, ешқандай клиникалық белгілер орын алмайды. Тек

Слайд 46Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуының немесе түбір гранулемасының қорытынды диагнозын рентгендік

тексеру арқылы анықтайды. Бұл кезде сырқат тістің түбір ұшында немесе

түбір ұшының бүйір бетіне жақын домалақ (сурет-5 б)) немесе сопақ пішінді (сурет- 5а)) шекарасы тегіс және анық, диаметрі 0,5 см дейін қара-көлеңке ошақ анықталады. Егер қара-көлеңке ошақтың диаметрі 0,5-0,8 см болса, кистогранулема, ал одан үлкен болса түбір кистасы (корневая киста – cysta radicularis) деген диагноз қойылады.

Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуының немесе түбір гранулемасының қорытынды диагнозын рентгендік тексеру арқылы анықтайды. Бұл кезде сырқат тістің

Слайд 47Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы
Сурет- 5 а) бірінші үлкен азу тістің

алдыңғы түбірі ұшындағы сопақ пішінді жиегі тегіс қара қөлеңкелі ошақ

(d=0,5см).

Сурет- 5 б) түбір ұшында қызыл түспен белгіленіп, шекарасы анық, домалақ пішінді гранулема ошағы схема түрінде көрсетілген.

Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы Сурет- 5 а) бірінші үлкен азу тістің алдыңғы түбірі ұшындағы сопақ пішінді жиегі

Слайд 48Дегенмен гранулема мен кистогранулеманы толық ажырату үшін патологоанатомиялық зерттеудің қорытындысы

қажет. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы кезінде қызылиекте өзгеріс байқалмайды, тек

кистогранулема немесе киста кезінде тістің түбір ұшы проекциясындағы қызылиекті басып сипаған кезде ауырмайтын томпақ құрылым анықталады. Кейде киста көлемінің үлкею бағытындағы жақ сүйегінің қатты сүйек пластинкасының жұқарғаны соншалықты, сипап тексергенде томпайған сүйек аймағы пергамент қағазын уқалаған кезде шығатын шуға немесе сықырға ұқсас дыбыс береді (симптом хруста). Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы өршіген кезде қызылиекте жыланкөз пайда болуы мүмкін.
Түбір гранулемалары көбінесе жоғарғы жақ тістерінің периодонтында (63%), сирегірек жағдайда (37%), төменгі жақ тістерінің периодонтында дамиды. Сонымен қатар кіші азу тістер аймағына қарағанда (38%), үлкен азу тістер аймағында көбірек (54%) анықталады.

Дегенмен гранулема мен кистогранулеманы толық ажырату үшін патологоанатомиялық зерттеудің қорытындысы қажет. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы кезінде қызылиекте

Слайд 49Патологиялық анатомиясы. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы – созылмалы үрдістің тұрақтанған

және аса белсенділікпен дамымайтын түрі, себебі, бұл кезде қабынбалық қызару

мен ісіну белгілері пролиферативтену үрдісімен алмасады. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы кезіндегідей, қабыну әсерінен жойыла бастаған периодонт тінінің орнын грануляциялық тін басады және бұл тін сорылуға ұшыраған сүйек тінінен коллагенді талшықтары периодонт тінімен байланысқан фиброзды қабық арқылы бөлінеді.
Гранулеманың орта бөлігінде біраз мөлшерде плазматикалық, гистиогентекті және гематогентекті клеткалар орналасады.
Патологиялық анатомиясы. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы – созылмалы үрдістің тұрақтанған және аса белсенділікпен дамымайтын түрі, себебі, бұл

Слайд 50Көпшілік гранулемалардың құрамында жас грануляциялық тіннен басқа Маляссе эпителиалды аралшықтарынан

дамыған тартпаға ұқсас құрылымдар (тәждер) кездеседі, кейде фиброзды қапшықтың ішкі

беті эпителийден тұратын қабықпен төселеді. Осыған байланысты құрамының күрделілігіне қарай түбір гранулемалары қарапайым (простые, неэпителиальные) және күрделі (сложные, эпителиальные) болып екіге бөлінеді. Қарапайым гранулемалар 8-10% жағдайда кездеседі.
Гистохимиялық зерттеулер кезінде гранулемада аз мөлшерде гиалурон қышқылы, ал эпителиалдық клеткалардың протоплазмасында сульфатталған мукополисахаридтер анықталады.

Көпшілік гранулемалардың құрамында жас грануляциялық тіннен басқа Маляссе эпителиалды аралшықтарынан дамыған тартпаға ұқсас құрылымдар (тәждер) кездеседі, кейде

Слайд 51Эпителиалдық құрылымдардың арасында дегенеративті үрдістердің әсерінен қуыстар пайда болып, оларда

бұзылған эпителий клеткаларының қалдықтары, эозинофильді қабыну жалқығы, белокты және майлы

детрит жиналады. Детрит ыдыраған кезде кистогранулема мен киста сұйығының құрамына кіретін холестерин кристалдары пайда болады.
Периодонттың гранулемаланып қабынуы да дұрыс емдеген жағдайда көбінесе фиброзданып қабынуға ауысады. Бұл көріністі периодонттың гранулемаланып қабынуына емдеу жүргізгеннен кейін 6-12 ай аралығында жасалған рентген суретте байқауға болады. Ал емделмеген немесе түбір өзегі дұрыс өңделіп, пломбыланбаған жағдайда кистогранулемаға немесе түбір кистасына ауысады, кейде бет-жақ сүйегі аймағының одонтогендік қабынбалы үрдістерімен асқынады.
Периодонттың созылмалы қабынуының әр түрлерін бір-бірінен, орта тісжегіден, баяу дамыған терең тісжегіден, ұлпаның созылмалы шіри қабынуынан ажырата білу керек.

Эпителиалдық құрылымдардың арасында дегенеративті үрдістердің әсерінен қуыстар пайда болып, оларда бұзылған эпителий клеткаларының қалдықтары, эозинофильді қабыну жалқығы,

Слайд 52Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі
Көбірек өршуге ұшырайтын – периодонттың созылмалы гранулденіп

және гранулемаланып қабынулары. Периодонттың жедел қабынуына қарағанда өрши қабынуы жиірек

кездеседі. Өршудің басты себептері – организмнің қорғаныс қасиетінің төмендеуі (жедел жұқпалы аурулармен ауру, бойындағы созылмалы аурулардың өршуі, суыққа шалдығу), тіске шайнау күшінің көбірек түсуі, периодонттың созылмалы қабынуының емін дұрыс жүргізбеу.
Периодонт қабынуы өршуінің клиникалық белгілерінің ерекшеліктері түбір ұшы төңірегіндегі тіндердегі деструкциялану үрдісінің деңгейіне байланысты. Сондықтан сырқат тісте ауыру сезімі қабыну ошағында біраз мөлшерде жалқық жиналғаннан кейін ғана мазалай бастайды. Периодонттың созылмалы қабынуы өршуінің клиникалық белгілері көп жағдайда жедел қабыну белгілеріне ұқсас келеді.

Периодонттың созылмалы қабынуының өршуіКөбірек өршуге ұшырайтын – периодонттың созылмалы гранулденіп және гранулемаланып қабынулары. Периодонттың жедел қабынуына қарағанда

Слайд 53Бұл кезде сырқат тістің толассыз сыздап, немесе солқылдап ауыруы, тістің

тез арада қозғалмалы болуы, тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндердегі коллатералды домбығу,

лимфа түйіндерінің ұлғаюы, тіс тұсындағы ауыспалы қатпардың тегістелуі, сипап тексергенде ауыратындағы сияқты белгілер пайда болады. Кейбір жағдайларда сырқат тіс аса қатты мазаламай, бірінші кезектегі белгілер қатарында сырқат тіске жақын және алыстау аймақтарда орналасқан жұмсақ тіндерде коллатералды домбығу және ісіну белгілері орын алуы мүмкін. Себебі, түбірұшы аймағындағы альвеоланың қатты сүйек қабатының ертеректе бұзылуына байланысты жиналған жалқық кедергісіз сүйекқабы астына өтіп, іргелес аймақтағы жұмсақ тіндерде коллатералды домбығуды жылдамырақ туындатады.
Бұл кезде сырқат тістің толассыз сыздап, немесе солқылдап ауыруы, тістің тез арада қозғалмалы болуы, тіс төңірегіндегі жұмсақ

Слайд 54Бұл кезде сырқат тісті қағып тексергенде аса көп ауыру сезімі

болмайды, керісінше көрші тұрған тістер көбірек ауырсынады, тіс аздап қана

қозғалуы мүмкін. Сырттай қарап тексергенде, бет аймағында асимметриялану белгілерін көруге болады. Сонымен қатар дымкәстік, бас ауруы, ұйқының қашуы, дене қызуының көтерілуі, асқа тәбеттің болмауы сияқты белгілермен қатар, қанда анықталатын лейкоцитоз, ЭШЖ-ның (эритроциттердің шөгу жылдамдығының) өсуі де периодонт қабынуының өршуіне тән. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі (әр түрлерінің) 37% жағдайда жақсүйек аймақтарындағы абсцестер және флегмоналармен асқынады екен (Боровский Е.В., 2002). Рентгендік тексеру кезінде периодонтта әртүрлі көлемді деструкциялану ошақтары байқалады. Сондықтан периодонттың фиброзды қабынуы болмаса, гранулденіп және гранулемаланып қабынуының өршуін бір-бірінен ажырату қиындау болады, себебі, сүйек тінінің сорылу ошағының рентген айқындылығы төмендейді (ошақта жалқықтың көп мөлшерде жиналуы нәтижесінде).
Бұл кезде сырқат тісті қағып тексергенде аса көп ауыру сезімі болмайды, керісінше көрші тұрған тістер көбірек ауырсынады,

Слайд 55Патологиялық анатомиясы. Периодонттың созылмалы қабынуының әр түрлерінің өршуі кезіндегі патоморфологиялық

өзгерістер қабыну үрдісінің қарқындылығына және организмнің иммундық реактивтігіне байланысты болады.

Олар көбінесе қабыну ошағында жалқық мөлшерінің жоғарылауы, нейтрофильді лейкоциттер, клеткалық және талшықты құрылымдар санының көбеюімен сипатталады.
Периодонттың созылмалы қабынуының өршуін периодонттың жедел қабынуынан, ұлпаның жедел іріңді қабынуынан,жоғарғы жақ тістерінде Гаймор қуысының қабынуынан, периостың және сүйек майының қабынуынан (периостит, остеомиелит) ажырата білу керек.
Патологиялық анатомиясы. Периодонттың созылмалы қабынуының әр түрлерінің өршуі кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер қабыну үрдісінің қарқындылығына және организмнің иммундық

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика