Слайд 1Дәріс №4
Тақырыбы: Физиологиялық үрдістердің жалпы реттелу қағидалары. Жүйке орталықтары
және олардың қасиеттері.
Жоспар:
1. Нейрон – ОЖЖ құрамындағы морфофункционалдық бірлігі.
2. Функцияларды реттеудегі рефлекстік принципі.
3. Рефлекстік доға. Рефлекс түрлері.
4. Жүйке орталықтарының физиологиялық қасиеттері
5. ОЖЖ тежелу, оның түрлері.
6. Үйлестіру.
Слайд 2ОЖЖ - жүйке клеткалардың немесе нейрондардың жиынтығы.
Нейрон.
Мөлшері 3 тен 130 мкм. Нейрондарадың құрылысы:
1. Денесі (сома).
2.
Өсінділері
Аксон дендриты
ОЖЖ құрылысы.
Нейрон денелерінің жиынтығы сұр зат құрайды, өсінділердің жиынтығы ақ зат.
Слайд 3Жасуша элементінің әр бөлігінің қызметі:
Нейрон денесінде орналасқан әртүрлі органеллалар осы
жасушаның іс-әрекетін қамтамасыз етеді.
Нейрон мембранасының бетінде көптеген синапстар ораналасады.
Солар арқылы басқа нейрондардан келген серпіністер қабылданады.
Аксон (ұзын өсіндісі) – жүйке серпіністерді нейрон денесінен перифериямен басқа нейрондарға өткізеді.
Дендриттер (қысқа, көп тармақты) – жүйке серпіністерді нейрон денесіне өткізеді. Дендрит ұштарында тітіркендіргіштерді қабылдайтын құрылымдар – рецепторлар орналасады.
Слайд 4
1. Тармақтардың санына қарай :
- униполярлы – бір өсінді
- биполярлы
– бір аксон және бір дендрит
- мультиполярлы – бірнеше дентриттер
мен бір аксон
2. Атқаратын қызметіне қарай:
- афференттік немесе рецепторлық - (рецепторларда пайда болған қозуларды орталыққа (ОЖЖ) жеткізеді.
- аралық нейрондар – афференттік және эфференттік нейрондарды байланыстырады.
- эфференттік – серпіністерді орталықтан шеткі ағзаларға жеткізеді.
ВЖЖ нейрондары мен мотонейрондарға бөлінеді.
- қоздырушы
- тежеуші
НЕЙРОН ТҮРЛЕРІ
Слайд 5 Функцияларды реттеудегі рефлекстік принципі.
Тітіркендіргіш әсерінен пайда
болған рефлекстік реакция организмнің іс-әрекетінің негізін құрайды.
Рефлекстік теорияның даму тарихы.
Рефлекстік
теория дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады:
Декарт (1664 ,Прохаска 1817ж.);
Сеченов(19 ғ.);
Павлов(19-20 ғ.ғ.);
Қазіргі, нейрокибернетикалық (20-21 ғ.ғ.).
Слайд 6 Жүйке жүйесі екіге бөлінеді: орталық және шеткі.
ОЖЖ жатады: бас ми және жұлын. Шеткі жүйесі- түйіндер мен жүйке талшықтары.
ОЖЖ маңызы:
Жеке организмнің сыртқы ортаға бейімделуін.
Организмнің қызметін үйлестіру, біріктіру.
Организмнің бағытталған іс-әрекетін қалыптастыру.
Түскен тітіркендірулерді талдауын, қортуын өткізу
Эфференттік импульстарды қалыптастыру.
Организм жүйелерінің тонусын қамтамасыз ету.
Рефлекстік және өткізгіштік
Слайд 7
ОЖЖ екі қызмет атқарады:
1. Рефлекстік;
2. Өткізгіштік.
Рефлекстік қызметтің негізін рефлекстер құрайды.
Рефлекс - дегеніміз ОЖЖ-нің сыртқы
немесе ішкі
тітіркендіргіштерге беретін
күрделі жауабы.
Слайд 8Рефлекстік жауап - рецептивтік өрістің табалдырықтық немесе табалдырықтан жоғары күшпен
тітіркендіруден пайда болады.
Рецептивтік өріс - дегеніміз әрбір рефлекстің рецепторлары орналасқан
аймағы.
Слайд 10Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке
орталығына, онан
шеткі ағзаға (эффекторға) жеткізетін жол.
Ол бес бөлімнен тұрады.
Слайд 11Рефлекс уақыты – рефлекс орындалатын уақыт, ол 5 компоненттен құралады:
-
рецептордың жасырын (латенттік) кезеңі;
- қозудың афференттік жүйке талшықтарымен
өтетін уақыты;
-
орталық уақыт – қозудың ОЖЖ-ден афференттік
нейроннан эфференттік нейронға өтетін уақыты;
- қозудың эфференттік жүйке талшықтарымен
өтетін уақыты;
- эффектордың латенттік кезеңі.
Слайд 12РЕФЛЕКСТЕР ЖІКТЕЛІСІ
1. Пайда болу түріне қарай:
- шартсыз (туа
біткен);
- шартты (жүре біткен).
2. Рецепторлардың орналасуына (орнына) қарай:
- экстероцептивтік (ауру сезімді, температураны,
жанасу сезімді қабылдайтын);
- интероцептивтік (ішкі ағзаларда, тіндерде, қан
тамырларында);
- проприорецептивтік (сіңірде, буын қабында).
Слайд 13 3. Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай:
- жұлын;
-
сопақша ми
(булбарлық);
- ортаңғы ми
(мезенцефальдық);
- аралық
(диенцефальдық);
- алдыңғы ми
(қыртыстық).
Слайд 144 . Биологиялық маңызына қарай:
- ас қорыту;
- қорғаныс;
- жыныс және т.б.
5.
Жауаптар түрі бойынша:
- моторлық;
- секреторлық (сөл бөлу);
- тамыр қозғалтқыш.
6. Жауаптың созылу уақытына қарай:
- фазалық;
- тонустық.
7. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатысатын
нейрондар санына қарай:
- екі;
- үш және көп нейронды.
8. Синапстар санына байланысты:
- моносинапстық;
- полисинапстық;
9. ОЖЖ қатысуымен:
- нағыз (нейрондар қатысады);
- жалған (нейрондар қатыспайды).
Слайд 15Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын, ОЖЖ-нің белгілі бір жерінде
топтасқан нейрондар жиынтығын айтады.
Слайд 17Жүйке орталықтарының физиологиялық қасиеттері
Жүйке орталығында қозу бір бағытта өтеді
Жүйке орталығынан қозу баяу өтеді, яғни әр синапста 1 –
2 мс кідіреді (0,5 мс медиатордың бөлінуіне, 1,5 мс медиатор диффузиясына).
Тез қажу (медиатор санының азаюы, қуат қорының азаюы, постсинапстық рецепторлардың медиаторға бейімделуі)
Қозудың жинақталуы – (1863 жылы И.М. Сеченов) ОЖЖ табалдырық күштен төмен қозуларды жинақтап, рефлекс жауапты тудырады.
Слайд 18Жинақы қозудың екі түрін ажыратады:
- кеңістік, ол конвергенцияға
негізделген;
- бір іздік немесе уақыттық.
Слайд 19 5. Конвергенция – бірнеше нейроннан келіп түскен әртүрлі серпіністер
бір жүйке орталық-тарында (нейрондарда) жиналуы. Конвергенцияның келесі түрлерін ажыратады:
- мультисенсорлық;
- мультибиологиялық;
- сенсорлы-биологиялық;
- аксосенсорлық.
Слайд 20 6. Дивергенция – бір аксон тармақталып әр түрлі нейрондармен
байланысады да көптеген синапстар құрайды. Сондықтан жүйке орталықтары бірден бірнеше
рефлекстік іс әрекетке қатысады. Адекватты рефлекстік реакция пайда болады.
Слайд 217. Окклюзия - «бітелу». Рецептивтік өрістердің бір бөліктерінің жабылуы. Жинақы
реакциясы жеке тітіркендірген-дегі арифметикалық қосынды реакция жауабынан төмен болады.
8. Жеңілдеу
– жинақы реакциясы жеке тітіркендірген-дегі арифметикалық қосынды реакция жауабынан жоғары болады.
9. Қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіш жиілігі мен күшіне тең болмайды, өзгереді – Трансформация.
10. Әсерден кейінгі жауап. Рецепторды тітіркенуі тоқтағанмен рефлекстік әсерлер жалғасады:
- қысқа мерзімді (ізді деполяризация);
- ұзақ мерзімді (қозу нейрондар арасындағы
тұйық тізбектермен айналып жүреді).
Слайд 2411. ІЗ САЛУ – кейінгі серпіністер алғашқы серпіністерден жылдамырақ өтеді
(морфобиохимиялық және физиологиялық өзгерістер)
Слайд 2512. Лабильбілділігі төмен.
13. Гипоксияға өте сезімтал.
14. Орталықтар кейбір фармакологиялық
заттарға өте сезімтал.
15. Үздіксіз тонуста болуы.
16. Пластикалық қасиет
тән.
Слайд 26ОЖЖ-гі тежелу, оның түрлері.
ОЖЖ интеграциялық қызметі қозу және
тежелу үрдістері арқылы іске асырылады.
1863 жылы академик М.И. Сеченов «Орталықтағы тежелу» атты тақырыпта тәжірибе жасап, орталық жүйке жүйесінде қозумен қатар тежелу де болатынын дәлелдеді.
Ч. Шеррингтон, Н.Е. Введенский, А.А. Ухтомский, И.П. Павлов тежелу үрдісі мидың барлық бөлімдерінде орын алатынын көрсетті.
Жұлын рефлекстерінің тоқтауы мұнда тежелудің дамығанын көрсетеді.
Тежелу - қозу сияқты белсенді үрдіс.
Орталықтағы тежелу шеткі ағзалардың қызметінің қозуын әлсіретеді, не тоқтатады.
Тежелудің
механизмдері:
Орталық жүйке жүйесінде тежелу арнайы тежеуші нейрондар қозған кезде басталады (Экклс, Реншоу, Пуркинье еңбектерінде дәлелденді).
Тежелуші жасушалар мидың әр жерінен табылды.
Тежеуші нейронның аксон ұшынан тежеуші медиатор (гамма-амин май қышқылы – ГАМҚ, не глицин) бөлініп шығады да нәтижесінде айналасындағы мотонейрондарда тежелу үрдісін тудырады.
Слайд 28 Орталық жүйке жүйесінде туатын тежелу
үрдістерінің пайда болу механизмдеріне қарай 4 түрге
бөлінеді:
Постсинапстық (синапстан кейін) тежелу – Реншоу жасушасы тәрізді тежеуші
нейрондардың қатысуына байланысты туады (постсинапстық мембрана
гиперполяризацияланады).
2. Пресинапстық (синапсқа дейінгі) – Реншоу жасушасы қатысады (деполяризация
салдарынан мотонейронды қоздыратын жүйке талшығынан медиатор бөлінбей қалады).
3. Пессимальды тежелу - күшті серпіністердің жиі-жиі келіп түсуіне байланысты медиаторлар
көбейеді де – постсинапстық мембранада тұрақты деполяризация пайда болады.
4. Қозудан кейін туатын тежелу - реполяризация кезеңі аяғында туындайтын
гиперполяризацияға байланысты.
Слайд 29Үйлестіру – бұл ОЖЖ-дегі нейрондар мен жүйке орталықтарының интеграциялық бірлескен
іс әрекет қызметі. Нәтижесінде адекватты рефлекстер пайда болады.
ОЖЖ рефлекстерді
үйлестіру негізін құрайтын құбылыстар:
Иррадиация (қозудың жайылуы);
Концентрация
III. Индукция – қарама-қарсы үрдістің туындауы.
Индукция түрлері: бір мезгілді; бір ізді; оң; теріс.
Слайд 30IV. Соңғы жалпы жол құбылысын (конвергенцияға негізделген «алқым»), Ч. Шеррингтон
анықтаған.
Слайд 31V. Реципроктық (ілеспелі) тежелу – рефлекстердің бір бірімен үйлесуін қамтамасыз
етеді. Мысалы антагонист еттердің арасындағы (бүгілу, жазылу) жауаптың үйлесуі. Дем
алу мен дем шығару кезектесуі.
Слайд 32VI. Кері байланыс (кері афферентация) принципі (П.К.Анохин).
VII. Доминанттық (үстемдік) қозу
- уақытша бір қозу
ошағының үстем болуы
(А.А. Ухтомский).
Ерекше қасиеттері:
Өте қозғыш келеді;
Қозу тез жинақталады;
Қозу созыңқы (инертті) болады;
Басқа орталықтарда тежелуді тудырады;
Басқа орталықтарға бағытталған серпіністерді
өзіне тартып, күшейе түседі.