Слайд 1Электролиттік диссоциация
Судың диссоциациясы.
Сутегілік көрсеткіш
Слайд 2Жоспар
Электролиттік диссоциация теориясы
Диссоциациялану константасы және дәрежесі
Әлсіз және күшті электролиттер
Ерігіштік көбейтіндісі
Судың
иондық көбейтіндісі
Сутегілік көрсеткіш
Тұздардың гидролизі
Слайд 3
Электролиттік диссоциация теориясы
Электролиттер - ерітінділері немесе балқымалары электр
тогын өткізетін заттар (қышқылдар, негіздер, тұздар);
Электролитеместер -
ерітінділері немесе балқымалары электр тогын өткізбейтін заттар (оксидтер);
С. Аррениус – электролиттік дисссоциация теориясының авторы;
Слайд 4Электролиттер
Қышқылдар – сутегі катиондарына және қышқыл қалдығының аниондарына диссоциацияланатын электролиттер:
НAn ↔ Н+ + An-
Негіздер – металл катиондарына
және гидроксид иондарға диссоциацияланатын электролиттер:
KtОН ↔ Kt+ + ОН-
Тұздар – металл катиондарына және қышқыл қалдығының аниондарына диссоциацияланатын электролиттер:
KtAn ↔ Kt+ + An-
Слайд 5
Электролиттік диссоциация теориясы
Электролиттік диссоциация – заттардың еріткіште ерігенде оң және
теріс зарядталған иондарға ыдырауы;
Катиондар – оң зарядталған, аниондар –
теріс зарядталған иондар;
Аррениус теориясының кемшілігі – иондар еркін, еріткіш молекулаларына тәуелсіз бөлшектер ретінде қарастырылады;
Ерітінділердің химиялық (гидраттық) теориясы (Д. И. Менделеев) – еріген заттың еріткішпен әрекеттесуіне негізделген теория;
Слайд 6
Электролиттік диссоциация теориясы
Біріккен теория (И. А. Каблуков) – иондардың сольватациясына
немесе гидратациясына негізделген;
Сольватация (гидратация) – еріген зат пен еріткіш (су)
бөлшектерінің арасындағы әрекеттесу;
Сольваттар (гидраттар) – сольваттану (гидраттану) барысында түзілетін молекулалық агрегаттар;
Сольваттық (гидраттық) қабықша – орталық бөлшекті қоршайтын еріткіш (су) молекулаларының қабаты;
Слайд 7Диссоциациялану константасы және дәрежесі
Электролиттік диссоциация константасы (К) – электролиттің
еріткіште иондарға ыдырау қабылетінің сипаттамасы;
Диссоциациялану константасы (К) жоғары болса, электролиттің
диссоциациялану қабылеті жоғары;
Диссоциациялану константасы (К) еріген заттың, еріткіштің табиғатына және температураға тәуелді;
Диссоциациялану константасы (К) температура көтерілгенде, жоғарылайды;
Электролиттің концентрациясы шекті шамада әсер етпейді.
Слайд 8
Диссоциациялану константасы және дәрежесі
KtAn ↔ Kt+
+ An-
[Kt+] · [An-]
K = -----------------
[KtAn]
KtmAnn ↔ mKt n+ + nAnm-
[Ktn+]m · [Anm-]n
K = -----------------
[KtmAnn]
Слайд 9
Диссоциациялану константасы және дәрежесі
Электролиттік диссоциация дәрежесі (α) – иондарға
диссоциацияланған молекулалар санының (n) жалпы молекулалар санына (N) қатынасы:
α =
(n / N) · 100%
Диссоциациялану дәрежесі (α) еріген заттың, еріткіштің табиғатына және температураға тәуелді;
Электролиттің концентрациясы жоғарылағанда, оның диссоциациялану дәрежесі төмендейді.
Слайд 10
Диссоциациялану константасы және дәрежесі
Ерітінді сұйытылғанда, диссоциациялану дәрежесі жоғарылайды;
Температура жоғарылағанда,кейде
диссоциациялану дәрежесі жоғарылайды;
Кейбір электролиттер үшін температура жоғарылағанда, диссоциациялану дәрежесі тұрақты
шамаға дейін жоғарылайды, содан соң төмендейді;
Әлсіз электролиттің диссоциациялану дәрежесі оның кез келген ионымен аттас иондар қосқанда төмендейді.
Слайд 11Күшті және әлсіз электролиттер
Күшті электролиттер (α > 30%): НСІ, HBr,
H2SO4, HNO3, HClO4, HClO3, сілтілер, суда жақсы еритін тұздар
Орташа электролиттер (α = 3 - 30%): H2SO3, HF, H3PO4, H2C2O4, шарап, янтарь, лимон, сүт қышқылдары;
Әлсіз электролиттер (α < 3%): H2S, H2CO3, HNO2, HCN, H3ВO3, H2SiO3, органикалық негіздер, NH4OH, кейбір суда еритін тұздар, H2O, суда ерімейтін және нашар еритін негіздер мен тұздар;
Слайд 12Күшті және әлсіз электролиттер
Күшті электролиттер – ерітінділері немесе балқымалары иондарға
толық ыдырайтын электролиттер;
Әлсіз электролиттер – ерітінділері немесе балқымалары иондарға
нашар ыдырайтын электролиттер;
Слайд 13Әлсіз және күшті электролиттердің теориялары
В. Оствальдтың сұйылту заңы: әлсіз
электролиттердің диссоциациялану дәрежесі электролиттің концентрациясына кері, ал сұйылтуға тура пропорционал:
α2 C
K = ---------------
1 – α
Әлсіз электролиттер үшін 1 – α = 1, осыдан K = α2C, олай болса α = √ K/C
Слайд 14Әлсіз және күшті электролиттердің теориялары
Дебай-Гюккель теориясы: күшті электро-литтердің ерітінділерінде бір
аттас иондар өзара тебіседі, әр аттас иондар тартылады.
Әрбір ионның айналасында
қарсы заряд-талған иондардан иондық атмосфера пайда болады;
Концентрация жоғарылаған сайын иондық атмосфера тығыздалып, иондардың қозғалысы қиындайды;
Күшті электролиттердің ерітінділеріндегі иондардың мөлшері өздерінің нақты шамасынан төмен болып көрінеді;
Слайд 15Әлсіз және күшті электролиттердің теориялары
Белсенділік (а) – күшті электролиттер үшін
қолданылатын шартты әсерлі концентрация:
а = γ·С
γ – белсенділік
коэффициенті – күшті электролиттердің қасиеттерінің ауытқуын сипаттайтын шама;
Белсенділік коэффициенті электр өрісіне, ерітіндінің иондық күшіне тәуелді:
І = 0,5 ∑Ci Zi2
lg γ = – 0,5 Z2 √ I
Слайд 16
Ерігіштік көбейтіндісі
Ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) - әлсіз электролиттердің қаныққан ерітінділеріндегі иондардың
концентрацияларының көбейтіндісі, ол белгілі температурада тұрақты шама.
Әлсіз электролиттер ерігенде, ерітіндіге
иондар ауысады, сондықтан тепе-теңдік қатты тұз бен ерітіндіге ауысқан иондардың арасында орнайды;
Слайд 17Ерігіштік көбейтіндісі
CaSO4 ↔ Ca2+ + SO42-
[Ca2+]
[SO42-]
K = ------------------
[CaSO4]
K · [CaSO4] = [Ca2+] [SO42-]
EKCaSO4 = [Ca2+] [SO42-]
Слайд 18Ерігіштік көбейтіндісі
Қаныққан ерітінді:
EKCaSO4 = [Ca2+] [SO42-]
Қанықпаған ерітінді:
EKCaSO4 > [Ca2+] [SO42-]
Аса
қаныққан ерітінді:
EKCaSO4 < [Ca2+] [SO42-]
Слайд 19Судың иондық көбейтіндісі
Н20 ↔ H+ + OH-
[H+] [OH-]
K = ------------------
[H2O]
K · [H2O] = [H+] [OH-]
KH2O = [H+] [OH-] = 1·10-14
Слайд 20Cутегілік көрсеткіш
Бейтарап орта:
[H+] = [OH-] = 1·10-7 моль/л
Қышқылдық орта:
[H+]
> [OH-]
[H+] > 1·10-7 моль/л
Негіздік орта:
[H+] < [OH-]
[H+]
< 1·10-7 моль/л
Слайд 21Cутегілік көрсеткіш
Сутегілік көрсеткіш (рН) – сутегі иондары концентрациясының теріс ондық
логарифмі:
pH = - lg [H+]
Бейтарап орта: pH = 7
Негіздік орта:
pH > 7
Қышқылдық орта: pH < 7
рН + pOH = 14, осыдан pH = 14 – pOH
Гидроксильдік көрсеткіш pOH = - lg [OH-]
Слайд 22Cутегілік көрсеткіш
Күшті қышқылдар үшін:
pH = - lg [H+]
Күшті негіздер
үшін:
pH = 14 – pOH = 14 + lg [OH-]
Әлсіз
қышқылдар үшін:
pH = ½ (pK – lgC)
Әлсіз негіздер үшін:
pH = 14 – ½ (pK – lgC)