Слайд 1 ГМО өнімдерінің зияны
Орындаған: бт1303
Әмір Айдана
Біллә Гүлнази
Дүйсеева Перизат
Ерсін Меруерт
ЕлемесоваАқгүл
Ермекова Айгерім
Қабылдаған:
Токубаева Анара
Слайд 2Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі гендік модификацияланған өнімдер жайлаған.
Гендік модификацияланған организмдер дегеніміз бір организмнің генін басқа бір өсімдіктің
немесе жануардың ДНК-сына енгізіп, трансгенизация жасау арқылы алынатын өнім. Бұл операция организмнің кейбір табиғи қасиеттерін өзгертеді. Мұндай азықты тұтынған адамның ағзасында өзгерістер болады. Қазір ГМО-ны Қытай, Жапония, Корея, АҚШ сынды елдер өндіреді және мұндай өндіріс жылдан-жылға еселеп өсіп келеді. Бірақ гені өзгерген өнімді тұтынушының ағзасында өзгеріс болмайды деген кепіл жоқ.
Слайд 3 Гендік модификацияланған өнімдердің қазір кеңінен таралуына біріншіден ғаламдық аштық
себеп болып отыр десек, дәл қазір жер бетінде 1 млрд
200 млн адам аштыққа ұшыраған көрінеді. Осыдан бес жыл бұрын шетелдік ғалымдар «ашыққандардың қатары 800 миллионға жетті» деп дабыл қаққан еді, қысқа мерзім ішінде 50%-ға көбейген ашқұрсақтарды аштықтан қорғаудың амалы да осы гендік модификацияланған организмдерді ойлап табуға келіп тіреленге ұқсайды.
Слайд 4Қазіргі ұрпаққа гені модификацияланған өнімді бермеуіміз керек. ГМО (гені модификацияланған)
арқылы алған өнімнің генінің экспрессия механизмін реттеу әлі жете зерттелген
жоқ. Адамға, оның үшінші, төртінші ұрпағына трансгенді өнімдердің қандай әсері бар екенін білмейміз. Ал егеуқұйрықтарға зерттеу жүргізгенде, екінші, үшінші ұрпағы туу қабілетінен айырылғандығы анықталады
Слайд 5 ГМО ол – гендік модификацияланған ағзалар немесе Гендік өзгеріске ұшыраған
ағзалар деп те аталады. Мысалы: қызанаққа камбала балағының генін қосу
арқылы суыққа төзімді және ерте қызаратын өнім алады. Күрішке адамның бауырының генін қосу арқылы әртүрлі гербецид, пецецид сияқты 14 түрлі улы-химикаттарды егіс алқабына ұшақпен өте улы-химиялық заттарды сепкенде, сол егістік алқапта тек қана күріш өсіп шығады яғни бірнеше есе өнім береді. картоп генінің қатарына сарышаян геннін қосу нәтижесінде біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе, күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған солтүстік камбаласының генін пайдаланған.Енді ол аязға төзімді ,үсімейді.
Ең кең таралған гендік модификацияланған дақылдарға — соя ,жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады.
Слайд 6Бүкіл жаратылыс ғасырлар бойы өзі сұрыптап берген, кез келген организмнің
өсіп-өнуіне жауапты болып саналатын геномына бөтен генді әкеліп, жасанды жолмен
енгізген кезде оның келесі ұрпағы өзгеріске ұшырайды. ГМО-ның дүниежүзіне кең тарап кетуінің кесірінен адамдар мен жануарлар арасында ұрпақсыздықтың дамуы, қатерлі ісік ауруларының көбеюі, тұқым қуалайтын кемтарлықтың ерекше түрлері пайда болатынын белгілі ғалымдар дәлелдеген.
Слайд 7Шетелдік ғалымдар бірнеше зерттеу жүргізіп, ағзадағы өзгерістен бөлек, бедеуліктің пайда
болатынын да анықтаған болатын. Бірақ бұл мәлімдемелер нақты ғылыми-зерттеудің нәтижесі
ретінде танылмай отыр. Оның себебі де белгілі. Алпауыт елдердің ГМО-дан тауып отырған пайдасын ескерер болсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының да «тіс жармай» отыруының неден екенін ұғыну қиын емес. Мысалы, дамыған елдердің бірнешеуінде жүргізілген сараптама бойынша, есек пен атты будандастырып алынған жануардан ұрпақ өрбімейтіні анықталды. Гені өзгеріске ұшыраған картопты жеген егеуқұйрық та, жүгеріні жеген тышқанның да көбеймейтіндігі дәлелденді. Бірақ ГМО-ны таратушы негізгі ел АҚШ мойындар емес. Алысқа бармай-ақ қоялық, біздің елде де соңғы жылдары бедеулердің күрт көбеюі білініп отыр.
Слайд 8Тіпті ГМО-жүгері беріп асыраған эксперименттік жануарлардың төлдері 100% өлі туғаны
туралы ғылыми нәтиже белгілі бола тұра қорытынды жойылған. Себебі ғалымдардың
бұл секілді мәлімдемелерінің жария болуы өндіруші компанияларға тиімсіз. Керек десеңіз, биотехнология саласында зерттеулер жүргізген 500 ғалымның үштен бірі өздерінің анықтаған қорытындысын өзгертуге мәжбүр болғаны туралы мәліметтер де бар екен. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына демеушілік жасаған өндіруші компания өкілдерінің өтінішін орындаған ғалымдардың 17% -ы тапсырыс берушіге ұтымды нәтиже көрсетіп, жалған қорытынды берген, ал 10%-ы қаржылай қыспаққа түсетіндіктен қаймығып, ГМО-ның кері әсерлері жөніндегі ақпаратты жасырған. Бірақ ГМО-ның негізін қалаушы АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігі өз елінде ГМО-күріштің сортын егуге баяғыда-ақ тыйым салған.
Слайд 9Көрші қытай, Европа, Америка сияқты елдерден келетін өнімдерден сақтанған абзал
есесіне барынша өз еліміздің және орталық азия елдерінің өнімін тұтынған
жөн. Айталық, алмаға пингвиннің генін енгізу арқылы суыққа төзімді құстың «қабілет» алмада пайда болады, нәтижесінде алма қыстың қақаған аязында үсімейді. Өткен ғасырдың 70 ж.ж. АҚШ пен Еуропа елдерінде бірнеше эксперименттерден кейін 80-90 жылдары тамақ өнеркәсібі мен фармацияда гендік ақпараты өзгертілген өнімдер пайда бола бастады. Бүгінгі күні гендік модификацияланған (ГМ) өнімдер АҚШ, Канада, Аргентина, Бразилия, Үндістан, Қытай және т.б. өндіріліп жатыр. Қытайдың өзінде қоян, үйрек, доңыз етін арнайы дәм өзгертетін қоспа арқылы сиыр етіне айналдырып жатыр. АҚШ-та жасанды түсіктен қалған нәрестенің эмбриондарын PEPSI сусынына қосып жүрсе, Жапонияда адам нәжісінен ет жасауда, енді осыдан өзіңіз қортынды жасап көріңіз
Слайд 12ГМО-дан сақтаныңыз! Ұрпақсыз қалудың басы ГМО-да!!!
ГМО дегеніміз не? Иә, оның
ағзаға зиянды екені туралы естіген болармыз, бірақ, адам денсаулығына қаншалықты
қауіпті екенін бәріміз біле бермейміз, білген күнде де мән бермейміз. Өйткені бүгінде кез келген дүкенде самсап тұрған тағамдардың 50-70 пайызы осы ГМО қосылған өнімдер.
Қазақстандық әйелдердің 18%-ы құрсақ көтере алмай жүр. Мұндай мәселе әлем елдерінің басымының басында бар. Осыдан-ақ түсінуге болады, АҚШ ГМО-ны белгілі бір саяси сипатта өндіреді. Жер шарындағы адам санын азайту керек, сол үшін. Ғалымдар гені өзгерген өнімдерді жегеннен адам ағзасында өзгерістер болып, ұрпақ жалғастыру тоқталатынын дәлелдеп беріп отырса да, АҚШ-қа бағынышты әлемдік ұйымдар оларды қарсы шықтыңдар деп, көздерін құртып жатыр. Ал жазықсыз, қарапайым халық жапа шегіп жүр.
Слайд 14 ГМО азықтарын пайдаланудың
зияны:
• өте қауіпті аллергиялық реакциялардың пайда болуы. Мысалы: АҚШ-та
адамдар ГМО өнімдерін еркін қолданады. Аллергиямен ауыратындар саны 70%-ды құрайды, ал Швецияда – 7% және бұл өнімдерді қолдануға тыйым салынған;
• трансгенді өнімдерді пайдалану асқазанның сілемейлі қабатының құрылымын бұзады. Зат алмасудың бұзылып, иммунитеттің төмендеуіне әкеледі;
• ісік ауруларының көбеюіне себеп болады. Жасушаларды мутацияға ұшыратады.
Слайд 15Ислам дінінде Алла харам еткен нәрсені ешкім де халал ете
алмайды ал біле тұра харамды халал деу немесе халалды харам
деу діннен шығарады. Ислам ғұламалары егер халал генді халал өсімдікке жасаса ол халал, ал егер халал өсімдікке харам жануар немесе өсімдіктің генін қолдану харам деп пәтуасын бергелі біраз жылдың жүзі болды. Сол пәтуалардың негізінде жасалған ислам конференциясы ұйымының (ОИК) базасындағы халықаралық Халал стандарттарымыз қолымызда бар солардың талаптарына сай жұмыс жүргіземіз. Ең қауіптісі ұрықтық жасушадағы Y –жасушаны жояды да нәтижесінде Х-жасуша яғни, қыз туылатын жағдайлар көбейеді. Ең басты қаупі жаппай гендік өзгеріске ұшыраған өнімдерді тұтынған жанның ұрпағы белсіз немесе бедеу болып қалатыны
Слайд 16 ГМО жасушаларды мутацияға ұшыратып, түрлі аллергияларды тудырып, ақыры ер
адамды да, әйел адамды ұрпақ сүю қабілетінен айырады. Ғалымдар дәлелдеген
бір жайт, ол адам ДНК еніп, онда генетикалық кодты өзгертеді, сөйтіп нәтижесінде жасушаларда қатерлі ісік ошақтары өзінен-өзі пайда бола бастайды. Мысалы, Ресейде бүгін әрбір 6-шы адам бедеу не белсіз болса, біздің елімізде ер мен әйелдің ұрпақты болу қабілеті 50/50 екенін дәрігерлеріміз ашық айтуда. Ендеше, ГМО ұрпақ сүю бақытынан айыруға апаратын тура жол екенін тағы да айтуымыз керек! Әсіресе, жастар бұдан сақ болғаны абзал. Кола, Пепси сияқты көптеген түрлі сусындар мен тәттілерге өте абайлық танытса шіркін...
Слайд 17 Тағы бір мысал. 2004 жылдың мамырында Бельгия елінің Льеж
қаласында НАТО ұйымының мамандары ГМО өнімдерді жаппай қырып жоятын биологиялық
қару ретінде пайдалануы мүмкін деген мәлімдемені ресейдің ақпарат көздері таратқан болатын. Бидайға мысықтың немесе улы жыланның генін қосады. Еуроодақтың бірнеше елдерінде сатуға тиым салынған бірақ сол елдерде өсіріліп біздің елдермен тең дәрежелі елдерге экспорттауда. Ал, батыстың алпауыттары гендік өзгеріске ұшыраған өнімдердің ұрығын сатып байыса, отандықтар соларға масыл болады. Экономикалық тиімсіз. Денсаулыққа қауіпті. Жеке адамдардың қалтасын толтыратын бизнес және қауіпті қару. Осы тағамның кесірінен әлемде көптеген мутант жануарлар мен адамдар пайда болды. Елімізде балықтың терісімен қапталып бала дүниеге келсе ал, Индонезияда жыланның терісімен және т.с.с.
Слайд 19ГМО Соядан сүт және ет өнімдері шығарылуда. Мысалы, балаларға арналған
сүт өніміне ГМО соя қосылады. Попкорндардың көбіне скорпионның яғни, улы
шаянның генін қосу кеңінен қолдануда. Ресейге Қытайдан экпортталған сояның 90-95 пайызы скорпионның генімен шағылысқанын ресейдің мамандары алға тартуда әрі оның қауіпті екенін айтып дабыл қаққалы қашан, сондықтан бұл кеңестерге немқұрайлы қарауға болмайды.
Слайд 21Кока коланың құрамында не бар?
Түрлі той-жиындар мен басқосулардағы дастарқанның көркін
келтіретін "Кока-кола" сусыны жайлы не білеміз? Кішкентай балалардан бастап, ересек
адамдарға дейінгілердің сүйіп ішетін сусынына айналған тәтті сумен дүниежүзінде миллиондаған адам шөлін басады. Ата-аналарымыз "Кока-коланы" ішпе деп ұрысқанның өзінде де, бұл тіс пен асқазанға зиянды сусыннан бас тарта алмаймыз.
Слайд 23"Кока-коланы" 1866 жылы доктор-фармацевт Джон Пемертон ойлап тапқан болатын. Джон
Пемертон дәрілік тұнбаны ойлап таптым деп ойлап, оны асқазан аруларына
қарсы емдік қасиеті бар деген тұжырымды алға тартқан. Бұл тұжырымдамада бір шындыққа ұқсас негіз бар сияқты. Өйткені, "кока-коланың" алғашқы ингредиенттерінде кокаин өсімдігінің құрамындағы заттар болды. Қазіргі таңда бұл сусында ондай зат жоқ.
Бір литр сусынды жасау үшін 2 литр су қажет. Үндістан еліндегі ауыз су тапшылығы 2004 жылы қалың жұрттың "Кока-кола" компаниясына қарсы ереуілге шығуына түрткі болған. Бір қызығы "Кока-кола" компаниясының бұдан бірнеше жыл бұрын жүргізген "H2O-жоқ деп айт" бағдарламасы адамдарды қарапайым судан гөрі кока-кола ішуге шақырған. Бұл бағдарламаның негізі бойынша, мейрамханаларда ауыз суға тапсырыс берген адамға "кока-кола" сусыны ұсынылатын.
Слайд 24Бүгінге бар білетініміз бұл "кока-коланың" қант құрамы өте жоғары ащы
сусын болып табылады. Сусындағы фосфор қышқылы жер бетіндегі органикалық заттарды
құртатынын білеміз
"Кока-коланың" құрамы қандай? Бөтелкедегі қағазға қарасақ: газдалған су, қант, карамель түсі, кофеин мен дәмдеуіштер. Бірақ, сусынның құрамында тағы бір "7Х" деген құпия ингредиент бар. Бұл заттың мазмұны жазылған ақпарат Джорджия штатына тиісті Атланта қаласының банкінде сақтаулы тұр. Дүниежүзінде осы заттың не екенін білетін адамдардың саны санаулы. Осы орайда, "Біз не ішіп жатырмыз?" деген сұрақ туындауы мүмкін.
Слайд 25Сонымен кока-кола ішкеннен кейін сіздің ағзаңыз қандай жағдайда болады?
10 минуттан
кейін
Кока-коланың құрамындағы 10 қасық қант ағзаға сіңе бастайды. Қанттың бір
күндік нормасы кока-коланы бір ішкенде қабылданады екен. Соншама тәтті сусынды ішіп, ағза құсқысы келеді, алайда бұны кока-кола құрамындағы фосфор қышқылы басады.
20 минуттан кейін
Дәл осы уақыттан кейін, қандағы инсулиннің шамасы күрт көтеріліп, бауыр қабылдаған қанттарды майға айналдыра бастайды.
40 минуттан кейін
Ағзаңызға кофеин түгелімен сіңіп, көздің қарашығы үлкейеді. Бауыр қанға қантты көбірек бөліп, қан қысымы көтеріле бастайды. Аденозинді рецепторлардың сезгіштігі төмендеп, өзіңізді сергек сезінесіз.
Слайд 2645 минуттан кейін
Ағзаңыздан "дофамин" атты гормон бөліне бастайды. Бұл гормон
миға әсер етіп, сізге ләзаттық сезімін сыйлайды. Айта кетсек, героиннің
де әсер ету механизмі дәл осындай.
Бір сағаттан соң
Кока-кола құрамындағы фосфор ас ішектеріндегі кальций, магний және мырыш элементтерін айдап, зат алмасуды тездетеді. Нәтижесінде кіші дәретке барғыңыз келеді. Дәретпен бірге, кола ағзадағы кальцийді шаяды.
Бір сағаттан көбірек уақыттан кейін
Кіші дәрет арқылы ағзадан кальций, магний, мырыш, натрий элементтері мен су шайылып шыға бастайды.
“Coca-cola” шәрбәтінің дәмін білерсің, Ал қалай дайындалып,қандай зиян әкелетінін білмессің!
Кока-коланы өндiру тарихы. Бiлгеннен кейін қайтіп ішкің келе ме?) Коланың құпиясы да осында: ішкен сайын, одан әрі ішкің келе береді...
Слайд 27Түркияда оның жасалу жолын білгеннен-ақ коланың әкелуіне мүлде тыйым салынды.
Бұл сусынды АҚШ-тың солтүстік штаттарында жол полициясы авариядан кейінгі асфальттағы
қанды жуып кетіру үшін қолданады екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі, тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат-қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін БІЗБЕН не қылмақ?!
Слайд 28"Coca-Cola" деп аталу себебі де жайшылық емес. Оның логотипін керісінше
жазып оқығанда, арабша мағына беретін маңызды сөздер жасырылған. Оның аудармасы:
"La Mohammed = Мухаммеда жоқ, La Mecca = Мекки жоқ" болған. Ендеше, әлі есің барда, бауырым, харам суды ішпе.
Кока-кола ─ сергітетін алкогольсіз сусын, көптеген елдерде кеңінен тараған; The Coca-Cola Company компаниясының өнімі; 2006-2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік бренд болып саналады
«Кока-кола» сусынын 1886 жылдың 8 мамыр айында (Джоржия штаты, АҚШ) Атлантада ойлап тапқан
Слайд 29Жер шарындағы адамзат санының артуы тағам тапшылығы мен жаппай аштықтың
белең алуына әкеп соқтырады деген болжам бар. Осыған сәйкес, гендік
модификацияланған өнімдерді тұтыну бүкіл әлем елдерінде тараған деседі. Алайда пайдасынан зияны көп.
Слайд 30 ГМО-өнімдері аллергия және ісік ауруларын тудырады
Алғаш рет ГМО-ны АҚШ ойлап тапқан екен.
АҚШ-тың Monsanto 100 жылдан бері гендік-модификацияланған организмдерді «дүниеге» әкелді. Тарихқа көз жүгіртсек, 1960 жылы АҚШ пен Вьетнам арасындағы соғыс барысында қолданылған Agent Orange затының құрамында түрлі ісік аурулары мен адам организмінің мутациясын тудыратын диоксин бар. 1961-1971 жылдар аралығында Вьетнам жеріне 72 миллион литр Agent Orange төгілген. Осының салдарынан миллиондаған вьетнамдық мерт болып, АҚШ әскерінің сарбаздары ісік аурулары мен белгісіз мутациялардың салдарынан көз жұмды. РҒА биологиялық даму институтының мәлімдеуі бойынша ГМ-өнімдермен қоректендірілген жануарларда ісік аурулары дамитынына көздерін жеткізіп отыр.
Слайд 31Дәл осындай зерттеу жұмыстары Франция, Австрия, Ресей мемлекеттерінде бір-бірінен тәуелсіз
жүргізілді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бірдей болып шықты. ГМО зиянкестер, саңырауқұлақтар
мен бактериялар тудыратын ауруларға қарсы күшті трансгенді ақуыздар қамтамасыз етеді, ал олар улы және аллергиялар тудыратыны дәлелденіп отыр. Мысалы, генетикалық модификацияланған соя алу үшін пайдаланылған бразилия жаңғағынан алынған альбуминді қолдану оны тағамға пайдаланған халықтың басым көпшілігінің аллергиялық аурудан зардап шеккенін айтып өтуге болады. Дәрігер ғалымдар ХХ ғасырдан бастап пайда болған індет - аллергиялық ауруларды тудыратын негізгі факторлардың біреуі – ГМО өнімдерін қолдану деп отыр.
Слайд 34Қорытынды
ГМО-ның дүниежүзіне кең тарап кетуінің кесірінен адамдар мен жануарлар арасында
ұрпақсыздықтың дамуы, қатерлі ісік ауруларының көбеюі, тұқым қуалайтын кемтарлықтың ерекше
түрлері пайда болып, ауру түрлері көбейіп келеді. ГМО- адамзаттың жойылуына, ұрпақсыз қалуға алып келетін қатерлі өнім.