Разделы презентаций


Инфекциялық ауруларды алдын - алу және емдеу

Содержание

Иммунды әдіспен алдын алу және емдеудең медицина тәжірибесіндегі мәні мен орны Иммунды профилактика мен емдеу жұқпалы және жұқпайтын аурулардың өзіндік профилактикасын, емдеуін және диагноз қоюын зерттеп олардың жаңа тәсілдерін ұсынатын иммунологияның

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Инфекциялық ауруларды алдын-алу және емдеу

Инфекциялық ауруларды алдын-алу және емдеу

Слайд 2Иммунды әдіспен алдын алу және емдеудең медицина тәжірибесіндегі мәні мен

орны
Иммунды профилактика мен емдеу жұқпалы және жұқпайтын аурулардың өзіндік

профилактикасын, емдеуін және диагноз қоюын зерттеп олардың жаңа тәсілдерін ұсынатын иммунологияның бөлімі болып саналады. Айтылған мақсаттарға жету үшін иммундық жүйеге әсер ететін, не иммунологиялық принциптерді негіздеп іс атқаратын иммунобиологиялық препараттар қолданылады. Иммудық профилактика сезімтал организмде аурудың қоздырғыштарына немесе антигендеріне, немесе басқа да патогендерге қарсы белсенді, немесе енжарлы иммунитет тудыру арқылы олардың алдын алып, жұқпалы ауруларға қарсы тұру қаблеттілігін арттыруға бағытталған. Иммунды емдеу иммунды процестер бұзылғанда пайда болған ауруларды емдеп денсаулықты қалпына келтіруге негізделген.
Иммунды әдіспен алдын алу және емдеудең медицина тәжірибесіндегі мәні мен орны Иммунды профилактика мен емдеу жұқпалы және

Слайд 3Иммунды профилактика мен иммунды емдеу төмендегідей жағдайларда қолданылады:
а) спецификалық

иммунитет құру үшін, не иммундық жүйе жұмысының

деңгейін көтермелеу үшін; б) иммундық жүйенің кейбір бөлімдерінің жұмысын тежеу үшін; в) иммундық жүйенің жұмысы бұзылғанда оны қалпына келтіру үшін; Иммунды профилактика мен иммунды емдеу медицина тәжірибесінде кең қолданылады: жұқпалы аурудың алдын алу, не емдеу үшін, аллергиялық, имунопатологиялық жағдайларда, онкология саласында, трансплантациологияда, иммундытапшылықтарда т.б. Мысалы, кейбір жағдайда иммунды профилактика, не иммунды емдеу тек қана жалғыз тәсіл болып шығуы мүмкін (қызылша, полимиелит).
Иммунды профилактика мен иммунды емдеу төмендегідей жағдайларда қолданылады: а) спецификалық иммунитет құру үшін, не иммундық жүйе жұмысының

Слайд 4Токсинемиялық ауруларды (ботулизм, сіреспе) емдегенде нәтижелі емнің түрі антитоксикалық қан

сарысуын, немесе иммундыглобулиндерді қолдану болып табылады. Онкологиялық ауруларды емдегенде

иммундыцитокиндерді қолданудың болашағы өте зор. Иммунды алдын алудың, иммунды емдеудің негізгі – иммундық жүйеге әсер ету. Ол әсер белсенді және енжарлы, спецификалық, не бейспецификалық болуы мүмкін. Иммунды алдын алуда, иммунды емдеуде иммундық жүйеге реттеп әсер ету үшін иммундыбиологиялық препараттар (ИБП) деп аталатын заттар тобы зерттеліп , жасалып шығарылған.

Токсинемиялық ауруларды (ботулизм, сіреспе) емдегенде нәтижелі емнің түрі антитоксикалық қан сарысуын, немесе иммундыглобулиндерді қолдану болып табылады.

Слайд 6 Иммундыбиологиялық препараттар (ИБП) ИБП – лардың жалпы сипаттамалары

мен жіктелуі  
Иммундыбиологиялық препараттар күрделі құрамнан тұрып бірінен бірі тегімен ,

шығарылу тәсілімен, қолдану бағытымен ажыратылады. Бірақ, иммундық жүйе арқылы әсер етуі олрдың ортақ қасиеті болып саналады. ИБП-лардың әсер ететін факторлары антиген, антидене, микроб жасушалары, не олардың ыдыраған заттары, биологиялық белсенді иммундыцитокиндерге ұқсаған заттар болып келеді. Аталған факторларға әсер ету сапасын үдету үшін ИБП-ға басқадай заттар қосылуы мүмкін (стабилизаторлар, адъюванттар, консерваттар, витаминдер, адаптогендар). ИБП-лар параентералды, пероралды (ауыз қуысы арқылы), аэрозолды және де басқадай тәсілдер арқылы қолданылады. Соған сәйкес олар әртүрлі формаларда, қолдану шарты және өлшемі көрсетіліп дайындалады.
Иммундыбиологиялық препараттар (ИБП)   ИБП – лардың жалпы сипаттамалары мен жіктелуі  Иммундыбиологиялық препараттар күрделі құрамнан

Слайд 8 Қазіргі заманда ИБП- ның бес топ түрі бар:
1) тірі,

не өлі микробтардан (бактерия, вирус, саңырауқұлақтар), немесе олардың құрамдық заттарынан

алынған арнайы профилактика және емдеу үшін қолданылатын препараттар. Олардың қатарына тірі және инактивацияланған корпускілді, субжасушалық вакциналар, анатоксиндер, бактериофактар, пробиотиктер жатады; 2) спецификалық антиденелерге негізделген ИБП-лар. Олардың қатарына иммунды глобулиндер, иммундысарысулар, иммудытоксиндер, фермент - антиденелер (абзимдер), рецепторлы антиденелер, мини – антиденелер кіреді; 3) жұқпалы, жұқпайтын аурулардың иммундытапшылықтарын иммундыкоррекциялау, алдын алу және емдеуі үшін қолданылатын ИБП. Оларға жататындар: эзогендік иммундымодуляторлар (адъюванттар, кейбір антибиотиктер, антиметаболиттер, гормондар) және эндогендік иммундымодуляторлар (интерлейкиндер, интерферондар, айырша бездің пептидтері, миелопептидтер т.б.); 4) адоптогендер: биологиялық кең белсенді, иммундық жүйеге әсер ету мүмкіншілігі бар өсімдіктер мен жануардан алынған, немесе тегі басқа күрделі құрылысты химиялық заттар. Женьшеннің, элеутетракоктардың басқа да өсімдіктердің сығындылары, тін лизаттары (ерітінділері), тағамға қосылатын әртүрлі биологиялық қосындылар (липидтер, полисахаридтер, витаминдер, микроэлеметтер т.б.); 5) жұқпалы, не жұқпайтын аурулардың спецификалық, не бейспецификалық диагнозын қою үшін қолданылатын диагностикалық препараттар мен жүйелер. Олардың көмегімен антиденелердір, антигендерді, ферменттерді, метаболизм заттарын, биологиялық белсенді , бөгдетекті жасушаларды тағы басқаларды анықтауға болады.
Қазіргі заманда ИБП- ның бес топ түрі бар: 1) тірі, не өлі микробтардан (бактерия, вирус, саңырауқұлақтар),

Слайд 9 Вакциналар
Вакцина деген термин француз тілінен vacca - сиыр

деп аударылады. Ол сөзді әдебиетке кіргізген Л.Пастер болатын. Өйткені ағылшын

ғалымы Э.Дженнер сиыр шешегін ең алғаш адамға егіп , ол адамды аурудан қорғап қалғандығы үшін вакцина деп атаған. Вакциналарды көбінесе аурудың спецификалық алдын алуға, кейбір кезде емдеуге қолданылады. Вакциналық әсер туғызатын заттар санына төмендегілер жатады: - патогендігінен арылтып иммуногендігі сақталған, әлсіретілген тірі миктобтар; - бірнеше тәсіл түрімен белсенділігі жойылған микробтардың бүтін жасушалары , не вирустрдың бөлшектері, яғни өлі вакциналар; - микробтардан алынған субжасушалық антигендердің қосындысы (протективті антигендер); - аурудың патогенезінде басты рөл атқаратын арнайы антигендік қасиеті бар микробтардың рекомбинантты штамдарыннан алынған табиғи антигендерге ұқсас антигендер.
ВакциналарВакцина  деген термин француз тілінен vacca - сиыр деп аударылады. Ол сөзді әдебиетке кіргізген Л.Пастер

Слайд 10Тірі вакциналар

Вакциналардың жүйеленуі
)
Комбинациаланған вакциналар (тірі+өлі)
Тірі емес вакциналар
(инактивтелген)

Тірі вакциналарВакциналардың жүйеленуі )Комбинациаланған вакциналар (тірі+өлі)Тірі емес вакциналар(инактивтелген)

Слайд 11Тірі вакциналар

Тірі емес вакциналар
(инактивтелген)

Аттенуацияланған
Дивергенттік
Рекомбинанттық
(векторлық)
Бүтінжасушалық
Бүтінвириондық


Субжасушалық
Субвириондық
Табиғи биосинтетикалық
Генді- инженерлі биосинтетикалық
Химия тәсілімен синтезделген
Корпусқылдық
Молекулалық

Тірі вакциналарТірі емес вакциналар(инактивтелген)АттенуацияланғанДивергенттікРекомбинанттық(векторлық)БүтінжасушалықБүтінвириондықСубжасушалықСубвириондықТабиғи биосинтетикалықГенді- инженерлі биосинтетикалықХимия тәсілімен синтезделгенКорпусқылдықМолекулалық

Слайд 12Тірі вакциналар
Тірі вакциналар - әсерлі заты әртүрлі әдіспен патогендік қасиеті

жойылып антигендік қасиеті сақталып қалған, аттенуацияланған (әлсіретілген) микробтардан жасалған препараттар.

Аттенуацины микробтың штамына химиялық (мутагендер), физикалық (температура, радияция), не болмаса ауру жұқпайтын жануарларға қайталап егу арқылы жүргізеді. Сондықтан нәтижесінде ауру туғызбайтын, бірақ организмге енгізген кезде белгілі бір жұқпалы ауру түріне қарсы арнайы иммунитет құратын мүмкіншілігі бар заттар пайда болады. Аттентуация тәсілін ең алғаш Л.Пастер ұсынған. Тәсіл іс жүзінде құтыру, тырысқақ, түйнеме қоздырғыштарында тексерілген. Қазіргі заманда бұл тәсіл өте кең қолданылады. Тірі вакцина ретінде адамға патогендік емес, бірақ адамға патогенді микробтардың антигендеріне ұқсас антигендері бар, дивергенттік штамм деп аталатын түрлерін қолдануға болады. Мысалы ретінде шешекке, туберкулезге (БЦЖ) қарсы қолданылатын вакциналарды келтіруге болады. Тірі вакциналарға тек қана тұрақтылығын сақтайтын заттар қосылып лиофилдік әдіспен кентіріледі. Тірі вакцинаның өлшемі микроб жасушаларының санымен көрсетіледі. Олар терінің үстіне, терінің астына, бұлшық етке енгізу үшін, немесе ауыз қуысы арқылы қолдануға болады. Әдетте олар бірақ рет егіледі, кебір кезде ғана қайталанып қолданылуы мүмкін.
Тірі вакциналарТірі вакциналар - әсерлі заты әртүрлі әдіспен патогендік қасиеті жойылып антигендік қасиеті сақталып қалған, аттенуацияланған (әлсіретілген)

Слайд 13Өлі вакциналар
Өлі вакциналардың әсер ететін заты - физикалық , не

химиялық тәсілдермен өлтірілген патогенді бактериялар мен вирустардың бүтін жасушалары, не

олардан алынған протективті антигендік комплекстері (субжасушалық, субвириондық вакциналар). Бактерия мен вирустарды бейбелсендіру үшін формалдегид, спирт, фенол, температурамен, ультракүлгін сәулесімен әсер ету және ионизациялайтын радиация қолданылады. Бактерияның, вирустардың антигендік комплексін (гликопротеин, ақуыздар) алу үшін үшхлорлысірке қышқылы, фенол, ферменттер, изоэлектрикалық тұндыру, ультрацентрифугалау, хроматография және де басқа тәсілдер қолданылады. Өлі вакцинаны алу үшін алғашында микробтар мен вирустардың таза дақылын өсіреді содан кейін белсенділігі жойылады. Препаратқа міндетті түрде консервант, кейде адъювант қосылады. Өлшемі бір антигендік көрсеткішпен есептеледі. Әдетте терінің астына, не бұлшық ет ішіне бірнеше рет егіледі.
Өлі вакциналарӨлі вакциналардың әсер ететін заты - физикалық , не химиялық тәсілдермен өлтірілген патогенді бактериялар мен вирустардың

Слайд 14Молекулалық вакциналар
Молекулалық вакциналар да антиген, олардың спецификалығын анықтайтын молекулалық немесе

молекуланың бөлшегі түрінде болады (эпитоптар,дитерминанттар).Иммунитет туғызатын протективті антигендерді табиғи патогенді

микробтарды өсіру кезәнде биологиялық синтез арқылы алуға болады(мысалы, экзотоксині бар күл, сіреспе ,ботулизм, микробтарынан). Токсинді молекула түрінде бөліп шығарғаннан кейін, формалинмен өңеп оның улығын жойып антигендік және иммуногендік қасиетін сақтайды.Гендік инженерияның дамуы неше түрі рекомбинанттық вакциналарды алуға мүмкіншілік тудырды. Вирусты гепатиттерге , полиомиелитке, тағы басқа көптеген ауруларға қарсы вакциналарды айтылған тәсілмен дайындаудың зор болашағы бар. Молекулалық вакциналарды алудың таңы бар жолы оларды лабораторияда химиялық синтез арқылы жасау, бірақ бұл жол өте күрделі және мүмкіншілігі шектеулі.
Молекулалық вакциналарМолекулалық вакциналар да антиген, олардың спецификалығын анықтайтын молекулалық немесе молекуланың бөлшегі түрінде болады (эпитоптар,дитерминанттар).Иммунитет туғызатын протективті

Слайд 16Анатоксиндер(токсоидтар)
Молекулалық вакциналардың түрлеріне күл, сіреспе, ботулизм,газды гангренаның қоздырушыларының анатоксиндері

жатады. Анатоксин алудың принципіне негізінде токсинді 0,4 пайызды формалин

ерітіндісімен 37 градус жылылықта 3-4 жұма өңдеген кезде токсин улығын жоғалтып антигендік және имуногендік қасиетін сақтап қалуы жатады. Алынған анатоксинді тазартып оған адьювант қосады. Анатоксиннің өлшемі спецификалық антитоксинмен байланыстырушы (ЕС) , немесе флокуляцлайтын бірлік көрсеткішпен (Lf ) есептеледі .Анатоксин өте тиімді вакциналар түріне жатады. Мысалы, күлге , сіреспеге , қарсы анатоксинді егу арқылы осындай аурулар саны күрт төмендеп эпедемия пайда қауіп жойылады.Тазартылған анатоксин тері астына, не бұлшық ет ішіне егіледі.
Анатоксиндер(токсоидтар)  Молекулалық вакциналардың түрлеріне күл, сіреспе, ботулизм,газды гангренаның қоздырушыларының анатоксиндері  жатады. Анатоксин алудың принципіне негізінде

Слайд 17Адъюванттар
Жоғарыда айтылғандай вакциналардың иммуногендік дәрежесін көтермелеу үшін адъюванттар қолданылады

(лат. аdjuvant - көмекші). Адъювант ретінде минералдық сорбенттер, полимерлі заттар,

күрделі химиялық қосындылар; бактериялар мен оның компоненттері (мысалы Фрейнд адъювантына қосатын БЦЖ-ның сорындысы); қабыну тудыратын заттар (сапонин, скипидар) қолданылады. Жоғарыда айтылғанға сәйкес адъюванттардың барлық түрі организмге бөгде заттар болып келіп, әртүрлі тектен және құрамнан тұрады, ал ұқсастығына қарай – олардың барлық түрі антигеннің иммуногендігін күшейтеді. Адъюванттардың әсер ету механизімі өте күрделі. Олар антигенге де ағзаға да әсерін тигізеді.
Адъюванттар Жоғарыда айтылғандай вакциналардың иммуногендік дәрежесін көтермелеу үшін адъюванттар қолданылады (лат. аdjuvant - көмекші). Адъювант ретінде минералдық

Слайд 18Ассоциаланған вакциналар
Вакцина егуді және егу санын қысқарту үшін арнайы

ассоцияланған (құрмаланған) вакцина түрі ойлап табылған, яғни бір препараттың ішіне

түрлі текті антигендер кіріп, бірнеше ауру түріне қарсы иммунизациялауға болады. Вакцинаның ондай түрін құру ғылыми түрде дәлелденген, өйткені иммундық жүйе бір мезгілде бірнеше антиген түріне жауап бере алады. Ассоциалық вакцина жасау жолындағы шешілетін ең басты мәселе, ол вакцинаға кірген антигендердің бірімен бірі қарсыластыққа түспеуі және жанама көрніс тудырмауы. Ассоциалық вакцинаның ішінде тірі және бейбелсендірілген препараттар бірге болуы мүмкін. Егер препараттың ішіне бір текті антигендер кірсе оны поливакцина деп атайды. Егерде ассоциаланған вакцинаның ішіне түрлі текті антигендер кірсе онда оны комбинацияланған вакцина деп атайды.
Ассоциаланған вакциналар  Вакцина егуді және егу санын қысқарту үшін арнайы ассоцияланған (құрмаланған) вакцина түрі ойлап табылған,

Слайд 19Иммундыпрофилактикада қолданылатын негізгі вакциналар тізімі

Иммундыпрофилактикада қолданылатын негізгі вакциналар тізімі

Слайд 21Спецификалық антиденелердің негізінде жасалған иммундыбиологиялық препараттар
Антидене негізінде жасалған ИБП-ларға жататындары

төмендегідей: - Иммунды қан сарысулары; - Иммундыглобулиндер; - Моноклоналды антиденелер; - Иммундытоксиндер, иммундыадгезиндер; - Абзимдер

(антидене- ферменттер)
Спецификалық антиденелердің негізінде жасалған иммундыбиологиялық препараттар Антидене негізінде жасалған ИБП-ларға жататындары төмендегідей: - Иммунды қан сарысулары; -

Слайд 22Иммунды қан сарысулары. Иммундыглобулиндер
Иммунды сарысулармен аурудың алдын алу, не емдеу

ертеден белгілі. Беринг алғашқы рет күл ауруына қарсы антитоксикалық қансарысуын

қолданған еді. Иммунды сарысуды алу үшін жануарды (жылқы,есек, кейде ор қоян ) арнайы антигенмен (анатоксин, бактерия не вирус дақылы, не олардың антигені) гипериммунизациялау тәсілі қолданылады. Антидене түзілуінің ең жоғарғы деңгейінде малдың қанын толығынан ағызып, одан сарысуды дайындайды. Жануарлардан алынған иммунды сарысуды гетерогендік деп атайды, өйткені онда адамға бөгде ақуыз бар.
Иммунды қан сарысулары. Иммундыглобулиндер Иммунды сарысулармен аурудың алдын алу, не емдеу ертеден белгілі. Беринг алғашқы рет күл

Слайд 23Ауырып сауыққан адамдардан, не арнайы иммунизацияланған донор адамдардан, не жатырдан,

не түсіктен кейінгі қанның құрамынан алынған, не вакцинациялаудан кейін пайда

болған антиденелер бар иммундық сарысулар гомологиялық деп аталады. Иммунды сарысулар мен иммундыглобулиндерді аурудың алдын алу және ауруды емдеу үшін қолданылады. Токсинемиялық ауруларды (сіреспе, ботулизм, күл, газды гангрена) сарысулық препараттармен емдеген жөн. Сонымен қатар, кейбір бактериялық және вирустық ауруларды (қызылша, қызамық, оба, түйнеме т.б.) емдеуге болады. Иммунды сарысу алған адамда жанама асқыну көрінісі болуы мүмкін (анафиалактикалық естен тану, сарысу ауруы). Сондықтан, сарысу қолданудың алдында адамның сезімталдығын тексеріп, содан кейін препаратты Безредка тәсілімен енгізу керек.  

Ауырып сауыққан адамдардан, не арнайы иммунизацияланған донор адамдардан, не жатырдан, не түсіктен кейінгі қанның құрамынан алынған, не

Слайд 24Вирустық инфекциялардың спецификалық алдын алуда пассивті және

активті иммундаудың рөлі  
Жұқпалы аурулардың алдын алудың жалпы қағидаларына

сай вирустық инфекциялардың профилактикасы да енжар және белсенді иммундау тәсілдерінен тұрды. Белсенді иммунитет организмге вакцина ретінде вирусты енгізгенде қалыптасады. Мұндай иммунитет вакцина енгізгеннен кейін бірнеше аптадан соң пайда болады да, бір жылдан бірнеше жылдарға дейін сақталады. Енжар иммунитет организм ге иммунды антиденелер енгізгенде пайда болады. Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда қолданылады. Оған адамдарда ауру жұғу қауіпті төнген және активті иммундау уақыты өтіп кеткен жағдайлар жатады. Бұл кезде пайда болған иммунитет ұзаққа созылмайды.  
Вирустық инфекциялардың спецификалық алдын алуда     пассивті және активті иммундаудың рөлі  

Слайд 25Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!!!

Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика