Разделы презентаций


Күйістілер хабертиозы мен буностомозын балау, емі және профилактикасы

Содержание

Хабертиоз қоздырғышы- Chabertia ovinae – қой,iрi қара және кейбiр жабайы (қодас, бұғы т.б.) күйiстiлердiң бүйенi мен тоқ iшегiн мекеңдейтін iрi құрттар. Олардың тұрқы 1,3-2,6 см, ақсары түстi, денесiнiң жуандығы басынан құйрығына

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Күйістілер хабертиозы мен буностомозын балау, емі және профилактикасы
Орындаған:Есімханқызы Д.
Топ:ВМ-404

Тексерген: Турганбаева Г.

Күйістілер хабертиозы мен буностомозын балау, емі және профилактикасы Орындаған:Есімханқызы Д.Топ:ВМ-404  Тексерген: Турганбаева Г.

Слайд 2Хабертиоз қоздырғышы
- Chabertia ovinae – қой,iрi қара және кейбiр жабайы

(қодас, бұғы т.б.) күйiстiлердiң бүйенi мен тоқ iшегiн мекеңдейтін iрi

құрттар. Олардың тұрқы 1,3-2,6 см, ақсары түстi, денесiнiң жуандығы басынан құйрығына дейiн бiркелкi. Басы төмен қарай сәл қисайған, дамыған ауыз қуысы шар сияқты, көптеген ұсақ тiстерi бар. Ауыз тесiгi екi қатар орналасқан ұшы үшкiр жапырақшалармен көмкерiлген. Құйрық бұлтығы қысқа, қоңыр түстi, жолақ сызықты, спикулалары жiптей жiңiшке, рулегі бар.
Хабертиоз қоздырғышы- Chabertia ovinae – қой,iрi қара және кейбiр жабайы (қодас, бұғы т.б.) күйiстiлердiң бүйенi мен тоқ

Слайд 3Эпизоотологиялық белгілері.
Хабертиоз барлық жерде тараған, бiрақ ол қой шаруашылығы

өркеңдеген өлкелерде жиi тiркеледi. Хабертиоз көбнесе Қазақстанның оңтүстiк және солтүстiк-шығыс

өңiрлерiнде жиi кездеседi. Гельминтоз қойдың жасына қарамай, барлығын зақымдайды, бiрақ клиникалық түрi көбiнесе жас малда байқалады. Қой, ешкi, әсiресе олардың төлi бұл ауруға жаппай шалдығып, шығынға ұшырауы ықтимал. Хабертиоз ауруының белгiлерi көбiнесе қыс айларында байқалады, ал оның таралуы көктем шығысымен басталады. Осы кезде төл шығыны көп болуы ықтимал. Мамырдан бастап паразиттің интенсивтілігі төмендеп, оның жұғу деңгейi де төмендей бередi. Малға ауру өрiсте жұғады. Жаңбырлы жылдар, сулы, ойпатты және сазды жайылымдар парзиттің белсенділігін арттырып, оның малға жұғуын үдетеді. Балаңқұрттар суыққа өте төзiмдi, клиникалыққы ортада бiр жылдай тiршілігін сақтауы мүмкiн. Қой құмалағымен клиникалыққы ортаға таралған жұмыртқалардан бір тәулікте балаңқұрт пайда болады және олар инвазиялық сатыға 5 күн ішінде дамиды. Ақтық иесі организмінде балаңқұрттар 32 – 60 күн аралығында ересек құрттарға айналады.
Эпизоотологиялық белгілері. Хабертиоз барлық жерде тараған, бiрақ ол қой шаруашылығы өркеңдеген өлкелерде жиi тiркеледi. Хабертиоз көбнесе Қазақстанның

Слайд 4 Даму айналымы

Даму айналымы

Слайд 5Аурудың дамуы
Ересек құрттар, өзiнiң ауыз қуысымен бүйен мен тоқ

iшектiң кiлегей қабығын жарақаттайды. Жарадан аққан қанмен паразит қоректенедi, iшек

қуысына қан құйылады. Ағзаның зақымданған бөлiктерiне зиянды бактериялар жиналып, көбейе бастайды. Микроб және нематодалардың тiршiлiгiнен пайда болған улы заттар iшекке сiңiп, қан тамырларына енiп, бүкiл денеге жайылады, малды уландырып, шығынға ұшыратуы мүмкiн.
Аурудың дамуы Ересек құрттар, өзiнiң ауыз қуысымен бүйен мен тоқ iшектiң кiлегей қабығын жарақаттайды. Жарадан аққан қанмен

Слайд 6Клиникалық белгiлерi.
Аурудың жiтi түрiнде, малдың дене қызуы көтерiлiп, тамыр

соғуы мен демалуы жиiлейдi, мал күйсiзденедi, кiлегейлi қабықтары бозарады, алқым

тұсынан жалқаяқ байқалады, iшi өтедi, құйрығы мен артқы аяқтары сұйық нәжiспен былғанады, дерт өршiген сайын түлiк етiнен 112 22 сурет. O.columbianum:1 – бас жағы, 2 - еркегiнiң құйрық жағы, 3- ұрғашысының құйрық жағы айырылып, көтерем халге жетеді, өлiмге де ұшырауы ықтимал. Созылмалы түрiнде ауырған малдың азыққа зауқы болмайды, жүнi ұйысып, түскiш келедi, жағының асты iсiнiп кетедi, тышқақтайды, азып-тозып, өлiмге ұшырайды.
Клиникалық белгiлерi. Аурудың жiтi түрiнде, малдың дене қызуы көтерiлiп, тамыр соғуы мен демалуы жиiлейдi, мал күйсiзденедi, кiлегейлi

Слайд 7Патологиялық-анатомиялық өзгерістері.
Өлексе өте арық, көтерем. Оның кеуде және құрсақ

қуыстарында 2-3 л. сары сұйық жиналған. Тоқ iшек пен тiк

iшек қатпарлары жуандаған, iшi қоңыр түсті сұйыққа толған, ал оның арасынан хабертиялар табылады. Тоқ ішектiң кiлегей қабығы iсiнген, қызарған, қалыңдаған. Кейбiр ішек тұстарының бүрлерi жойылып, қанталаған және жарақаттар басқан.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Өлексе өте арық, көтерем. Оның кеуде және құрсақ қуыстарында 2-3 л. сары сұйық жиналған. Тоқ

Слайд 8Балау.
Нақтылы диагнозды хабертиидің зардапты балаңқұрттаррын анықтай отыра немесе тік

ішекке тереңдете формалин ерітіндісін клизма түрінде шайып, диагностикалық дегельминтизация жүргізе

растайды. Өлген мал өлексесінде тоқ ішекте хабертиилер мен тән өзгерістер табылуы диагноздың түпкіліктілігіне нұсқайды.
Балау. Нақтылы диагнозды хабертиидің зардапты балаңқұрттаррын анықтай отыра немесе тік ішекке тереңдете формалин ерітіндісін клизма түрінде шайып,

Слайд 9Емі.
Дегельминтизация жүргізуге фенотиазиннің (1г/кг) судағы суспензиясын жарма жемге 10:4:100

арақатынасында қосып немесе ұннан дайындалған болюс түрінде 2 рет (24

сағаттан кейін) беріледі. Керек болған жағдайда 12-16 күннен соң үшінші рет дегельминтизация жүргізіледі. Дәрілеу таңертеңгілікте - аш қарынға атқарылады. Жаппай дегельминтизацияны фенотиазинді жарылған жеммен 1:20 арақатынаста қосып, әр малға 15-20г есебінен, топтан бере өткізеді. Нафтамон 0,5г/кг дозада фенотиазинді қолданғандай, 2 рет өткізіп, 12-16 күндері үшінші рет жүргізіледі. Суспензияны сырлы я болмаса ағаш, шыны ыдыста қолданар алдында (ex tempore) дайындалады. 113 Нилверм 10%-тік ерітінді түрінде тері астына немесе азықпен 15мг/кг дозада қолданылады. Дитразиннің ылғалдаған жеммен қоспасына 0,5г/кг дозада азықтандырады. Жоғарыда көрсетілген препараттарды жаппай қолданар алдында біршама мал басында зияндылығын тексереді.
Емі. Дегельминтизация жүргізуге фенотиазиннің (1г/кг) судағы суспензиясын жарма жемге 10:4:100 арақатынасында қосып немесе ұннан дайындалған болюс түрінде

Слайд 10Алдын алу шаралары.
Қолайсыз шаруашылықта фенотиазинмен алдын- ала дегельминтизацияны регулярлы

өткізу керек. Жайлау мерзімінде малды күн сайын жеткілікті фенотиазинның 1

бөлімінен және азық тұздың 9 бөлімінен тұратын қосымшамен азықтандырады. Осы шаралармен бірге қозыларды ересек қойлардан бөлек бағады. ҚазҒЗВИ ұсынысы бойынша Қазақстанның оңтүстігінде ересек құрттардан жануарларды арылту үшін қаңтарда, наурызда және қазанда, оңтүстік-шығыста - қаңтарда, сәуірде және қазанда, оңтүстік- батыста - наурызда, маусымда және қыркүйекте дегельминтизация жүргізілуі
Алдын алу шаралары. Қолайсыз шаруашылықта фенотиазинмен алдын- ала дегельминтизацияны регулярлы өткізу керек. Жайлау мерзімінде малды күн сайын

Слайд 11Буностомоздар
- жіті және созылмалы ағымдарында ауыру малдың қоңы

төмендеуі және асқорыту жүйесі функциясының бұзылуы белгілерімен сипатталатын күйістілердің нематодозы.

Қоздырғышы үй және кейбiр тағы күйiс қайыратындардың ащы iшегiн мекеңдейтін - Bunostomum phlebotomum (Railliet,1900) және B. trigonocephalum (Rud.,1808) деген жұмыр құрттар. Бұлардың бiрiншi түрi көбiнесе қойда, екiншiсi - iрi қарада ұшырасады. Бұлар iрi гельминттер, басы кiшкене, жоғары қарай бір жағына қисайған. Тұрқы 1,2-2,5 см-ге дейiн жетедi. Шар секiлдi ауыз қуысы (капсуласы) түбiнде, екi жақ шетiне таман, жарты айға ұқсас екi тiсi бар. Жоталы өзекшесi бар. Құйрық буылтығының үшiншi бөлiгi, қалған екеуiне ассиметриялы болып қалыптасқан, екi тең спикуласы (гельминттiң бiрiншi түрiнде - жiңiшке де ұзын, ал екiншiсiнiкi – сәл жуандау, қысқа) бар, рулегі жоқ.
Буностомоздар - жіті және созылмалы ағымдарында ауыру малдың қоңы төмендеуі және асқорыту жүйесі функциясының бұзылуы белгілерімен сипатталатын

Слайд 13Эпизоотологиялық деректері.
Iшқұрт ауруы барлық жерде таралған. Кезiнде ірі шаруашылықтарда

буностомоздан бұзаудың 30 пайызы, қозының 60-80 пайызы өлiмге ұшырағаны мәлiм.

Бұл дертке негiзiнен ұсақ тұяқтылардың төлдері және бұзау мен 1-2 жастағы торпақ-тайыншалар шалдығады. Мал құртты көбiнесе ылғалды өрiсте жұқтырады, өйткеңі мұндай жерлерде балаңқұрттар өз тiршiлiгiн 1,5-2 ай уақыт сақтайды. Малдың буностомозбен зарарлану деңгейi күзге қарай үдейе түседi. Ішектің кiлегей қабығына бекiнiп, тiстерiмен жарақаттайды, қылтамыр-лардан (капиллярдан) қан ағады, олардың орны жазылмайтын уытты жараларға айналады. Зақымдалған жарадан зардапты микробтар енедi, организм жаппай уланады. Ересек құрттар – гематофагтар қан аздықты (анемия) тудырады.
Эпизоотологиялық деректері. Iшқұрт ауруы барлық жерде таралған. Кезiнде ірі шаруашылықтарда буностомоздан бұзаудың 30 пайызы, қозының 60-80 пайызы

Слайд 14Клиникалық белгiлерi
Клиникалық белгiлерi айқын емес. Тек, алғашқы клиникалық көрiнiстер қозыларда

ғана айқын. Олардың денелерi қызып, күйi төмендейдi, көзге iлiнетiн кілегей

қабықтары бозарады, мал әлсiрейдi, азыққа тәбетi төмендейді. Жүрiсi ауырлайды, көп жатады, алқымы мен төсi домбығады, iшi үздiксiз өтедi, нәжiс түсi шырыш пен қан араласып, қоңыр боп көрінеді, соңынан мал өлiмге 110 ұшырайды. Ересек сақа малдарда қаназдық, көтеремдiк, дамылсыз iштiң өтуi (диарея) байқалады.
Клиникалық белгiлерiКлиникалық белгiлерi айқын емес. Тек, алғашқы клиникалық көрiнiстер қозыларда ғана айқын. Олардың денелерi қызып, күйi төмендейдi,

Слайд 15Патологиялық-анатомиялық өзгерістері.
Өлексе көтерем, iшектiң кiлегей қабығы қабынған, қаптаған нүктелiк

қанталаулар байқалады, кейбiр жерлерiн күлдiреген жаралар басқан. Ағза қуысы сұйық

қан мен құрттарға толған. Балау зардапты балаңқұрттарға қарай нәтижеленді. Өлген малда ағзаларды жарып сойғанда табылған буностомдар ауруды растайды.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Өлексе көтерем, iшектiң кiлегей қабығы қабынған, қаптаған нүктелiк қанталаулар байқалады, кейбiр жерлерiн күлдiреген жаралар басқан.

Слайд 16Балау және емі
-зардапты балаңқұрттарға қарай нәтижеленді. Өлген малда ағзаларды жарып

сойғанда табылған буностомдар ауруды растайды.
Қойларды дегельминтизациялауға фенотиазин 1г/кг дозада,

нафтамон, нилверм гемонхоздағы дозада, альбендазол, альбен, альвет, панакур және т.б. тағайындалады. И.Таразинаның (1963) деректері бойынша тиабендазолдың азықпен 50мг/кг дозада берілген мөлшері өте жоғары тиімді.
Балау және емі-зардапты балаңқұрттарға қарай нәтижеленді. Өлген малда ағзаларды жарып сойғанда табылған буностомдар ауруды растайды. Қойларды дегельминтизациялауға

Слайд 17Алдын алу шаралары.
Әр 6-7 күн сайын ауыспалы жайылымды қолдану

буностомозды алдын алуға мүмкіндік береді. Жайылымдағы малға фенотиазин- тұз қоспасын

беру химиопрофилактикалау болып табылады. Қоздырушының тері арқылы енуін ескере, қойды ылғалды мезгілдерде (жаңбырлы жазда) тұрған орындарын құрғақ биік жерлерге ауыстыру жағдайларына көңіл аудару. Қой қораларындағы температура деңгейін қалыпты деңгейде ұстау.
Алдын алу шаралары. Әр 6-7 күн сайын ауыспалы жайылымды қолдану буностомозды алдын алуға мүмкіндік береді. Жайылымдағы малға

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика