Разделы презентаций


Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан туризмнің дамуына

Содержание

Мазмұны: І. КіріспеІ. Негізгі бөлімБатыс Қазақстан аймағындағы мәдени - танымдық туризмБатыс Қазақстан аймағындағы жағажай туризміБатыс Қазақстан аймағындағы экотуризм Батыс қазақстан аймағындағы іскерлік туризм ІІІ. Қорытынды бөлім

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан туризмнің дамуына

сипаттама. Батыс Қазақстан аймағы

Орындаған: Ужанов Данияр Тексерген: Жылқыбаева М.I.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті  Қазақстан туризмнің дамуына  сипаттама. Батыс Қазақстан аймағы

Слайд 2Мазмұны:
І. Кіріспе
І. Негізгі бөлім
Батыс Қазақстан аймағындағы мәдени - танымдық

туризм
Батыс Қазақстан аймағындағы жағажай туризмі
Батыс Қазақстан аймағындағы экотуризм
Батыс қазақстан

аймағындағы іскерлік туризм
ІІІ. Қорытынды бөлім

Мазмұны: І. КіріспеІ. Негізгі бөлімБатыс Қазақстан аймағындағы мәдени - танымдық туризмБатыс Қазақстан аймағындағы жағажай туризміБатыс Қазақстан аймағындағы

Слайд 3Кіріспе
Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек

көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен

өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен,Жамбылдың Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт аймақтарында орналасқан Тамғалысы және басқа да аты аңызға айналған жерлерді айтуымызға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес,жергілікті азаматтардың да жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын-ақ, және еліміздің ішкі туризмі өкініщке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес.
КіріспеҚазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық

Слайд 4Батыс Қазақстан аймағы — Орталық пен Оңтүстік Қазақстан  және Орта Азия мемлекеттерінің  қақпасы болып

табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық

мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.
Ірі өзендері – Жайық пен Ембі. Үлкен көлдер – Индер, Аралсор, Қамыс-Самарские. Каспий теңізі бұл аймақта ең маңызды рөл атқарады. Мұнай шығару 100 жылдан бері дамып келеді. Атырау қара уылдырықты дайындау және сақтау орталығы болып табылады. Бұл жердің климаты - қатаң континенталды, құрғақ.
Батыс Қазақстан аймағы — Орталық пен Оңтүстік Қазақстан  және Орта Азия мемлекеттерінің  қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи

Слайд 5Батыс Қазақстан географиясы
Еліміздің батысында орналасқан бұл аймағы аудан Ресей Федерациясының

Шығыс Еуропа далалары мен Орта Азияның шөлдерінің аралығында орналасқан. Осындай географиялық жағдайына

байланысты климаты шұғыл континентті, өте құрғақ болып келеді. Қысы суық, аумағының көпшілік бөлігін шөлейт және шөл алып жатқындықтан тұщы су тапшылығы басымырақ байқалады.
Батыс Қазақстан географиясыЕліміздің батысында орналасқан бұл аймағы аудан Ресей Федерациясының Шығыс Еуропа далалары мен Орта Азияның шөлдерінің

Слайд 6Батыс Қазақстан климаты
Батыс Қазақстанның климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы

ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы –11 — 14

°С, кейде —40 °С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22 — 25 °С, кейде 40 °С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлш. 190 (оңт-те) — 350 мм (солтүстікте). Қар жамылғысы 70 күннен (оңтүстікте) 140 күнге (солтүстікте) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15 — 20 м/с-қа дейін) болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150 — 170 тәулік.
Батыс Қазақстан климатыБатыс Қазақстанның климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы

Слайд 7Туризм тек Европаны қана емес, Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік

Америка елдерін қамтыды. Әрине, халықаралық деңгейде туристермен алмасу көбінесе көрші

елдердің арасында жүзеге асырылғанмен, алайда соңғы кезде алыстағы шет елдердің мәдениетімен танысу мақсатында қашыққа саяхат жасауға тілек білдіруші адамдар көбейіп келеді. Қазіргі заманғы ұшақтар жолаушыларды әлемнің кез келген нүктесіне жеткізе алады. Бұл жерде Батыс Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени және табиғи мұраларды рационалды қолдану арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беретін, шетелдік инвестицияны тартудың арқасында республикалық және жергілікті бюджеттің ұлғаюына алып келетін бәсекеге қабілетті туристік кешенді қалыптастыру жолдары қарастырылды.  
        Фактологиялық материалдарды талдай отыра, төмендегідей қорытындыларды жасауға болады

Туризм тек Европаны қана емес, Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерін қамтыды. Әрине, халықаралық деңгейде туристермен

Слайд 8

 Батыс Қазақстан аймағында ашық күндердің көп болатындығы

(220-дан 240-дейін)
 Туристік рекреациялық зоналарды дамытуға септігін тигізетін қолайлы кезеңдердің ұзақтылығы

(120-130 кундей)
    Батыс Қазақстан түрлі экскурсиялар, қыдырулар және демалысты ұйымдастыруға қажетті барлық ресурстармен қамтылған.
Бұл аймақ аса көркем және қызықты ландшафтарға ие.
Батыс Қазақстанның туристік рекреациялық потенциалы жалпы Қазақстан туризмінде маңызды орынды алады.
 Батыс Қазақстан өңіріндегі негізгі объектілер бойынша жасалатын экскурсиялық маршруттар үлкен тарихи, археологиялық және танымдық қызығушылыққа ие болып отыр.
      Осы факторлардың барлығы Батыс Қазақстанның табиғи және туристік рекреациялық ресурстарын зерттеуге және санаторий курорттық емделуге арналған түрлі мекемелерді, демалыс үйлерін, пансионаттарды және жалпы туристік инфрақұрылымды дамытуға септігін тигізетіні сөзсіз

 Батыс Қазақстан аймағында ашық күндердің көп болатындығы (220-дан 240-дейін) Туристік рекреациялық зоналарды дамытуға септігін тигізетін қолайлы

Слайд 9Батыс Қазақстан аймағындағы мәдени - танымдық туризм
Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштері бұл

- өлкенің киелі орындары мен әулиелері . Маңғыстау жеріндегі 362

әулиеден басқа да көптеген ескерткіштер өлкенің жерлеу-салттық кешендерінің әр алуандылығын көрсетеді. Оларға ең алдымен кішкентай территорияда шоғырлана орналасу тән. Бұл осы өлкедегі дәстүрлі мәдениеттің оғыз-қыпшақ кезеңінен жаңа заманға дейін үздіксіз жүріп отырғандығының белгісі болып табылады.
Батыс Қазақстан аймағындағы мәдени - танымдық туризмМаңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштері бұл - өлкенің киелі орындары мен әулиелері .

Слайд 10Шопан ата мешіті
Аңыз бойынша Ақтау қаласынан 200 шақырымнан астам жерде

Сенек кенті аумағында орналасқан бұл мешіт Қожа Ахмет Иасауи әулиенің

шәкірті сопы Шопан-ата салған. Аңызда Шопан-ата мұнда тәлімгерлерінің асатаяғын тауып алып, сол жерде он бір жер асты камералардан тұратын мешіт тұрғызу шешіміне келді. Аңызда одан әрі баяндалады: жерге шаншылған асатаяқтан ағаш өсіп, ол осы күнге дейін өсіп келеді, оның жасағанына 800 жыл болды. Аңыз-әңгімеге нансақ, ағашты үш рет айналсаң, барлық аурулардан құтыласың екен. Шопан-Ата мешіті көп ғасырлар ішінде абажадай некропольмен қоршалған және үш мыңнан астам қорғандар бар.
Шопан ата мешітіАңыз бойынша Ақтау қаласынан 200 шақырымнан астам жерде Сенек кенті аумағында орналасқан бұл мешіт Қожа

Слайд 11Шақпақ Ата жер асты мешіті
Шақпақ ата жер асты мешіті – ескілікті

сәулет өнерінің ескерткіші. Түпқараған ауданы Таушық ауылынан 25 км қашықтықта, Каспий теңізінің Сарытас-Қошақ шығанағына жақын

Оңғазы (Өңеже) тауының етегінде (Шиліқұдық алқабы) орналасқан. Кезінде мешіт құрылысына А.Г. Медоев (1966 – 68) және М.Меңдіқұлов 1975 зерттеу жұмыстарын жүргізген. Мешіттің ішкі бөлмелері орталық зал арқылы шаңбақ (крест тәріздес) үлгісінде орналасып, солтүстік, оңтүстік, шығыс және батысқа қарай бағытталып салынған. Мешіттің шығысындағы кіреберісі үш бұрышты арка іспетті; арканың сыртқы босағасының екі жағын тастан қашалған қабірханалар алып жатыр. Есіктен кіргеннен кейін үлкен зал (4,5Ч3,22 м), төрт бұрышында қабырғадан қашалған төрт ұстын бар. Ұстындар арасына арка тәрізді маңдайша қашалған. Күмбезді төбесінен диам. 1,2 м, биіктігі 5 м ойық тесілген. Ойық аузында мешітті жауын-шашыннан, желден қорғайтын биіктігі 3,9 м құрылғы тұрғызылған. Зал төрінен айналма сатылы есік шығарылған. Ортасы намаз оқылатын бөлменің (биіктігі 3 м-дей) төрт бұрышынан сәнді, ою-өрнекпен безендірілген әрі тіреу міндетін атқаратын жұмыр бағаналар қашалған. Қабырғаның әр жерінде кітап қоятын сөрелер, шырақ орындары мен шымылдық (перде) ілетін қуыстар қашалған. Кіреберіс қаптал мен қабырғаларында араб әрпімен жазылған адам аттары, құран сүрелері, сопылық өлең мәтіндері, адамның қолы (бес саусағы), ат, өгіздің сұлбалары бейнеленген.) бар.
Шақпақ Ата жер асты мешітіШақпақ ата жер асты мешіті – ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші. Түпқараған ауданы Таушық ауылынан 25 км қашықтықта, Каспий

Слайд 12Батыс Қазақстан аймағындағы экотуризм
Маңғыстау өлкесін шын мәнінде білгісі келген адам,

міндетті түрде сұлу Шерқаламен көркемделетін тамаша таулы арнаға аяғын басып

көрді. Кейбіреулер оны шөлін қандырған жолаушының төңкерген кесесіне ұқсайтындығын айтады. Басқа біреулер тауды бір жағынан киіз үйге, екінші жағынан жасырынып тұрған жануарға ұқсастырады. Бетпақ даланың ортасында тәкаппар жұмбақ мүсінді тау Шерқала биіктен көрініп тұр.Мұнда экотуриз жақсы дамып келеді.
Батыс Қазақстан аймағындағы экотуризм Маңғыстау өлкесін шын мәнінде білгісі келген адам, міндетті түрде сұлу Шерқаламен көркемделетін тамаша таулы

Слайд 13Сарайшық
Сарайшық - ортағасырлық қала. Атырау қаласының солтүстігінен 55 километр жерде Жайық өзенің оң

жағалауында орналасқан. Қала іргесі 11 ғасырда қаланған. Аттын Орда дәуірінде

Кавказ бен Қырымды Қарақорым, Қытаймен байланыстырған керуен жолы бойындағы маңызды діни, саяси-экономикалық орталық. Аттын Орданың, қазақ және ноғай хандарының алғашқы пантеоны. Қаланың гүлденген дөуірі 13 - 14 ғасырлар аралығы. Алтын Орданың күйреуіне қарай қала әлсірегенімен артынша Ноғай ордасының астанасы атанып, қайтадан дәуірледі. Қасымхан тұсында Қазақ хандығының алғашқы астанасы болды. 1580 жылы Дон, Еділ казактарының Жайық бойына дендеп кіріп, тағылық шапқыншылық жасау нәтижесінде Сарайшық біржолата қирады. Кейін гүлденген кала орнына Ресей патшалығы отаршылдық бекініс салды. Ол осы мақсатта Қазан төңкерісіне дейін сақталып келді. Көне Сарайшық орнына соңғы ғасырда археологиялық қазба жүмыстары жүргізіле бастады. Солардың ішіндегі ең нәтижелісі 1937, 1950 жылы Ә.Марғұлан жүргізген зерттеу. Кезінде қалада үлкен қыш күйдіру, темір қорыту цехтары мен ұстахана, ақша жасау шеберханалары болған. Тұрғындар егін, балық шаруашылығымен айналысқан. Жаз кездерінде Аттын Орда хандары осы Сарайшықты саялаған. Үстірт пен Жайык бойындағы тоғайда саят қүрған. 1966 жылдан бері мұнда Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институтының Батыс Қазақстан экспедициясы түрақты қазба жұмыстарын жүргізуде. 1999 жылы қала орнынан қүрамына ескерткіш-пантеон (Ноғайлы, қазақ хандары жерленген), мешіт, мұражай кіретін Сарайшык мемориалдық кешені бой көтерді
СарайшықСарайшық - ортағасырлық қала. Атырау қаласының солтүстігінен 55 километр жерде Жайық өзенің оң жағалауында орналасқан. Қала іргесі 11 ғасырда қаланған.

Слайд 14Батыс Қазақстан аймағындағы жағажай туризмі
КАСПИЙ ТЕҢІЗІ — Еуразия құрлығының орталығында,

мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең

ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ентерең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қара-бүғазкөл, т.б. 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, т.б.). Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрыңғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. Актау каласында арнайы порт салынды.Және айта кететін жайт бұл теңіз Қазақстандағы ең үлкен су алабы болғандықтан осы Батыс Қазақстан аймағында жағажай туризмінің дамуып келе жатыр.
Батыс Қазақстан аймағындағы жағажай туризміКАСПИЙ ТЕҢІЗІ — Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы.

Слайд 15Каспий теңізінде жағажай және круиз туризмін дамыту:
Жобаны іске

асыру мақсатында мыналар жоспарланып отыр:
Каспий теңізі бойынша Ақтау

- Астархань (Ресей) - Махачкала (Дағыстан)-Баку (Әзірбайжан) - Энзели (Иран) - Түркменбаши (Түрікменстан) - Ақтау халықаралық круизін дайындау және оны ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау;
жағажай туризмін дамыту және Ақтау қаласында туризм және ойын-сауық индустриясын құру жөніндегі мәселені пысықтау мақсатында Кендірлі демалыс аймағын жайластыру.
Каспий теңізінде жағажай және круиз туризмін дамыту:  Жобаны іске асыру мақсатында мыналар жоспарланып отыр: Каспий теңізі

Слайд 16Бекет ата - ескерткіш ғимараттары - Маңғыстау  Үстірт  Жем бойындағы Бекет Ата

есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық

жадында сан алуан аңыздар сақталған. Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750- 1813) - әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған. Бекет Ата төрт мешіті бар. Оның бірі маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда екіншісі Бейнеуде үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда» дейді. Бекет Ата бүл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Бекет Ата ескерткішінің бірі - Жем өзені бойындағы Ақмешітте, Құлсары қаласына жақын жерде. Әктасты жартасқа қоржын там етіп ойып жасалған шағын ғимарат. Оның басына кейін қос кесене тұрғызылған. Екіншісі - Ескі Бейнеуде, ұлутасты шатқалға қашалған. Бөлмелері құлап, үгітіліп, байырғы қалпын жоғалта бастаған. Баялыдағы ескерткіш-ғимараттың жай-күйі мәлім емес. Бекет Атаның Оғыландыдағы жер асты ғимараты жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат киіз үй көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Немересі Мұрынньң мүрдесі де осы бөлмеге қойылған. Кіреберіс бөлмеден жоғары шығатын есік арқылы жоғары бөлмеге баруға болады. Онда Бекет Ата қызы жерленген.
Бекет ата - ескерткіш ғимараттары - Маңғыстау  Үстірт  Жем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы.

Слайд 17Батыс қазақстан аймағындағы іскерлік туризм
Атырау облысының iскерлiк туризмiнiң қазiргi

жағдайы 
Атырау облыстық туризмді дамыту бөлімінен алған мәліметтерге сүйенсек,Әрине, берілген

көрсеткіштер былтырғы облыстың туризм саласындағы келім-кетім туристер саны жыл сайынғы көрсеткіштен екі уш есе өсңп өтыр. Соңғы жылдары, мұнайлы өңірдің туризміндегі алатын орны да осы болып тур. Облыстағы туристер үшін тартымды нысанның бірі – Сарайшық. Бұл тарихи мекен болғанымен осы жерге арнайы іссапармен бірнее мемлекет басшылары ғана емес еліміздің лауазымды тулғалары да барып кайтады.Осы орайда Сарайшық мекені жоба ретінде «KOIKA» агенттігі Қазақстанның жалпы саны 8 жобасына қатысты.Кездесуге келгендер белсенді қатысып, көкейлеріндегі сұрақтарын іркілмей, батыл айтты.
Батыс қазақстан аймағындағы іскерлік туризм Атырау облысының iскерлiк туризмiнiң қазiргi жағдайы   Атырау облыстық туризмді дамыту бөлімінен

Слайд 18Маңғыстау облысының iскерлiк туризмiнiң даму песпективалары  Маңғыстау облысын дамытудың негізгі үш

бағыты бар деп есептелінеді.Көлік-логистикалық қызметтерді дамыту барысында Маңғыстау облысы тоғыз

жолдың тоғысқан аймағы болып саналады. Қазақстан–Иран инвестициялық форумында Иран Ислам елдерімен келіссөздер болып өтті. Іскер қауым өкілдері бас қосқан форумда Иран Ислам елдер - Екі мемлекеттің үкіметаралық келісімі шеңберінде өткізіліп отырған іскерлік катынас орнатылды. Біздің еліміздің экономикасы негізінен жеке меншік кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетіліп келеді. Қазірде Қазақстан - Иран инвестициялық форумы секциялардағы жұмыстарға белсене араласып келе жатыр, оның бңрң осы - Иран Ислам Республикасының инвестициялық жобаларының көрмесі
Маңғыстау облысының iскерлiк туризмiнiң даму песпективалары  Маңғыстау облысын дамытудың негізгі үш бағыты бар деп есептелінеді.Көлік-логистикалық қызметтерді дамыту

Слайд 19Қорытынды
Соңын қорыта келе, Қазақстанның Батыс аймағында туризм саласы жақсы қарқынмен

дамып келе жатыр.
Бұл үшін қолда үлкен потенциалдар бар.

Егер табиғи, әлеуметтік және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалансақ, үлкен жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын.
ҚорытындыСоңын қорыта келе, Қазақстанның Батыс аймағында туризм саласы жақсы қарқынмен дамып келе жатыр.  Бұл үшін қолда

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика