Разделы презентаций


Мәдениет

Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Мәдениет

Мәдениет

Слайд 2Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның

өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын

ерекше құбылыс
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара

Слайд 3 Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар

оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра

белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды.Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
 Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады,

Слайд 4 Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды.

Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. 

 Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. 

Слайд 5Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына

сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін,

икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды. Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мәдени ошақтарға, сән-салтанатты, барлық жағдайы бар демалыс орындарына, т.б. байланысты. Оларды игілікке пайдалана білу де мәдениеттің бір саласы. Сөйтіп, материалдық және рухани мәдениет тікелей байланысты екен. Одан шығатын қорытынды, мәдениет – қоғамның материалдық және рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ.
Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады.

Слайд 6Мәдениет – бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе. Мәдениетті оның

жеткізуі бойынша бөлеміз, әлемдік және ұлттық мәдениетті бөлу. Әрбір мәдениет

этносқа, халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады. Алайда осы мәселе бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Ежелгі заманда мәдениеттің этноұлттық сипатына көзқараста екі қарама-қарсы тенденция пайда болды: этноцентризм және космополитизм. Біріншісіне сәйкес қандай да бір этнос өзінің мәдениетін үлгі мен эталонның кейбір үлгісі ретінде қарастырады, оны басқадан жоғары қояды, басқа мәдениеттерді сенімсіз немесе өшпенділікпен, кейде ксенофобия – басқадан қорғау түрінде қабылдайды. Екінші тенденция үшін өзінің этносы мен елінің шеңберінен шығып, әлем азаматы болуға тырысу керек. Бұл жағынан космополитизм патриотизмге қарама-қарсы болады.
Мәдениет – бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе. Мәдениетті оның жеткізуі бойынша бөлеміз, әлемдік және ұлттық мәдениетті

Слайд 8Ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасындағы қатынастар проблемасы кейде «Батыс-Шығыс» белгілі

мәдениеттану дилеммасы арқылы қарастырылады. Батыс және шығыс мәдениеттері арасындағы үйлесімділік

немесе үйлесімсіздік туралы дау ертеде пайда болды және әлі шешімін таппай, жалғасуда. Оның бірін Р. Киплинг ұсынды: «Батыс ол Батыс. Шығыс ол Шығыс… Олар ешқашан қосылмайды». К. Юнг де осындай көзқараста болды. Ол Шығыс пен Батысқа тән ойлау типтері соншалық өзгеше болғандықтан, қосылу оларға мүмкін емес, әрі қажет емес деп есептеген. В. Соловьев керісінше, болашақта Шығыс пен Батыс бірыңғай әлемдік өркениетке бірігеді де, бұл «алқалық» принциптердің толық жеңуіне негіз болады деп санаған.
Ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасындағы қатынастар проблемасы кейде «Батыс-Шығыс» белгілі мәдениеттану дилеммасы арқылы қарастырылады. Батыс және шығыс

Слайд 9Мәдениет нақты түрлерге бөлінеді. Адам қызметінің алуан түрін есепке алу

осылай бөлуге негіз бола алады. Осыдан материалдық және рухани мәдениет

бөлініп шығады.
Мәдениет нақты түрлерге бөлінеді. Адам қызметінің алуан түрін есепке алу осылай бөлуге негіз бола алады. Осыдан материалдық

Слайд 10Материалдық мәдениет ең алдымен материалдық өндіріс сферасы мен оның өнімдері

– техниканы, технологияны, байланыс және коммуникация құралдарын, өндірістік ғимараттар мен

үймереттерді, жолдар мен көлікті, тұрғын үйді, тұрмыстық заттар мен киімді қамтиды.

Материалдық мәдениет ең алдымен материалдық өндіріс сферасы мен оның өнімдері – техниканы, технологияны, байланыс және коммуникация құралдарын,

Слайд 11Рухани мәдениет рухани өндіріс сферасынан және оның нәтижелері – дін,

философия, мораль, өнер, ғылымнан құралады. Рухани мәдениеттің ішінен көбінесе өнер

мен ғылым туындыларынан құралатын көркем мәдениетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым, өз кезегінде, зерделік, ғылыми-техникалық мәдениет негіздері ретінде қарастырылады.

Рухани мәдениет рухани өндіріс сферасынан және оның нәтижелері – дін, философия, мораль, өнер, ғылымнан құралады. Рухани мәдениеттің

Слайд 12Материалдық және рухани мәдениет арасында терең бірлік бар, өйткені олардың

екеуі адам қызметінің нәтижесі болып табылады, оның бастауында рухани басы

– адамның материалдық формаға айналдыратын идеясы, жобалары, ойлары тұр. Алайда материалдық және рухани мәдениетке бөлу көбінесе шартты түрде болады, өйткені шынайы өмірде олар тығыз байланысты, бір-бірімен сіңісіп, толықтырып тұрады. Тек материалдықққа немесе руханиға жатқызуға болмайтын мәдениеттің бір қатар түрлері бар (экономикалық, саяси, экологиялық, эстетикалық). Адамдарға әсері бойынша мәдениетті прогрессивті және реакциялық деп бөледі, өйткені мәдениет тек өнегелі тұлғаны ғана емес, өнегесіз тұлғаны да тәрбиелейді.
Материалдық және рухани мәдениет арасында терең бірлік бар, өйткені олардың екеуі адам қызметінің нәтижесі болып табылады, оның

Слайд 13Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика