Слайд 1 Медициналық
сақтандыру
Орындаған: Талғатқызы Т.
Факультет: ЖМ
Курс: 3
Топ: 019-2
Тексерген: Мусина М.С
Алматы-2014
Слайд 2Сақтандыру
Медициналық сақтандыру
Міндетті және келісілген медициналық сақтандырудың айырмашылықтары
Сақтандыру шарты,нысандары,қатынастары,объектісі
Жоспар:
Слайд 3Сақтандыру – бұл болжамсыз табиғи, шаруашылық немесе әлеуметтік көріністермен негізделген
заттай нұқсанның орнын толтыруға арналған арнайы фондтардан, әртүрлі жағдайларда азаматтарға
және олардың отбасына көмек көрсетуді қамтитын экономикалық қатынас жүйесі.
Слайд 4Сақтандыру жағдайы сақтандырылған адамның қандай да бір жағдайлардың пайда болуына
байланысты сақтандыру келісім шартына сәйкес сақтандыру фондынан төлемақы жүргізілетін факт.
Сақтандырушы – сақтандырылған тұлғамен келісім шарт жүргізетін заңға сәйкес заңдық күші бар физикалық тұлға.
Слайд 5Сақтандырылған адам – заңға сәйкес сақтандыру қызметтерін пайдалануға құқығы бар
ұйымддастырушы – құқықтық форманың заңды тұлғасы.
Сақтандырылған – өз пайдасына
шешілетін сақтандыру келісіміне отырған тұлға.
Слайд 6Сақтандыру объектісіне қатысты 3 түрін ажыратады:
Заттай сақтандыру;
Жауапкершілікті сақтандыру;
Жеке сақтандыру.
Слайд 7Медициналық сақтандыру, анықтамасы, түрлері
Медициналық сақтандыру — бұл азаматтардың денсаулығын қалпына
келтіруге және медициналық көмек алуға байланысты жұмсалатын шығындар объектісі болып
табылатын сақтандыру түрі.
Әдетте медициналық сақтандыруда сақтандыру ақшалай түрде емес, медициналық түрде көрсетіледі
Слайд 8Міндетті және келісілген медициналық сақтандырудың айырмашылықтары және ерекшеліктері.
1.Міндетті медициналық сақтандыру арнайы заңмен жүргізіледі. Келісілген медициналық сақтандыруға қатысушылар
арасында өзара келісіммен жүргізіледі.
Слайд 9 2.Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтаушы ретінде:
Мемлекет;
Жұмыс беруші;
Сақтандырылған азаматтар болып табылады.
Келісілген сақтандыруда сақтандырушы
ретінде:
Жұмыс беруші;
Азаматтар болып табылады
Слайд 10 3.Міндетті медициналық сақтандыруда сақтанушы сақтандыру компаниясымен міндетті
түрде келісімге отырады, ал келісілген сақтандыруда келісім шарт өз еркімен
жүргізіледі.
Слайд 11 4.Міндетті медициналық сақтандыруда сақтандыру салымы заңды
түрде сақтанушының төлем ақы мөлшерінің пайыздық қатынасымен анықталады.
Слайд 12 5. Міндетті медициналық сақтандыруда медициналық
мекемемен көрсетілетін медициналық қызмет тарифтері арнайы тарифтік комиссиямен аймақтық деңгейде
анықталады, комиссия құрамына сақтандырушы мекеме, мемлекеттік басқару ұйымы, кәсіби медициналық ұйым қызметкерлері кіреді.
Келісілген медициналық сақтандыруда медициналық қызмет тарифтері сақтандырушы мекеме мен өзара келісілген ұйым арасында жүргізіледі.
Слайд 13803-бап. Сақтандыру шарты
1. Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап
(сақтанушы) сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы)
сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi.
2. Сақтандыру сақтандыру шарты негiзiнде жүзеге асырылады.
Слайд 14 804-бап. Осы Кодекспен реттелетiн сақтандыру қатынастары
Сақтандырушылар мен сақтанушылар
арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау
процесi кезiнде туындайтын сақтандырылғандармен және пайда алушылармен қатынастары осы Кодекспен реттеледi.
805-бап. Сақтандыру нысандары
1. Сақтандыру нысандары:
1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша - ерiктi және мiндеттi;
2) сақтандыру объектiсi бойынша - жеке және мүлiктiк;
3) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады.
2. Сақтандыру қызметiн лицензиялау мақсатында заң актiлерiнде өзгеше жiктеу көзделуi мүмкiн.
Слайд 15807-бап. Сақтандыру объектiсi
1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың, соның
ішінде:
1) азаматтардың белгілі бір жасқа
дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуына;
2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне;
3) мүлікті иеленуiне, пайдалануына және оған билiк етуiне;
Слайд 16 4) басқа тұлғаларға, соның ішінде шартты
(міндеттемелерді) бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты кез келген
мүліктік мүдделері мүліктік және жеке сақтандыру объектілері бола алады.
Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру объектiсi заң актiлерiмен айқындалады.
2. Сақтанушының құқыққа қайшы мүліктік мүдделерi сақтандыруға жатпайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүліктік мүдделер объектiсi болатын сақтандыру шарттары жарамсыз болып табылады.
Слайд 17 808-бап. Мiндеттi сақтандыру туралы ережелердi бұзылу зардабы
1. Заң актiлерiне сәйкес пайдасына мiндеттi сақтандыру жүзеге асырылуы
тиiс болған адам, егер оның сақтандырылмағандығы белгiлi болса, осы мiндет жүктелген тұлғадан оны сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
2. Егер сақтандыру мiндетi жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе сақтандыру шартын заң актiлерiнде көзделгенмен салыстырғанда сақтандырылғандардың жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, бұл тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде дұрыс сақтандыру кезiнде сақтандыру төлемi қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса, сақтандырылғандардың алдында сондай талаптарда жауапты болады.
Слайд 18809-бап. Жеке және мүлiктiк сақтандыру
1. Азаматтың өмiрiн,
денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн және жеке басына байланысты өзге де мүліктік
мүдделерiн сақтандыру жеке сақтандыруға жатады.
Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзi, сондай-ақ шартта аталған басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкiн.
2. Мүлiктi және оған байланысты мүліктік мүдделердi сақтандыру мүлiктiк сақтандыруға жатады.
3. Мүлiктi сақтандыру кезiнде мүлiктiң жоғалуы (жойылуы) тәуекелi, жетiспеуi немесе бүлiнуi және осы Кодекстiң 115-бабында көзделген өзге де мүлiктiк игiлiктер мен құқықтар сақтандырылады.
Слайд 19 4. Сақтанушының немесе пайда алушының мүлiктердi
сақтандыруға мүддесi болмаған жағдайда жасалған мүлiктiк сақтандыру шарты жарамсыз болады.
5. Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезiнде, үшiншi бiр адамдардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу, сондай-ақ шарттардан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелiн сақтандырады.
Слайд 20
813-бап. Сақтанушы
1. Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру
шартын жасасқан тұлға.
2. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар
бола алады.
3. Сақтанушы сақтандырудың ерiктi де, мiндеттi де нысандары бойынша сақтандырушыны таңдап алуға ерiктi.
Слайд 21814-бап. Сақтандырушы
Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы
пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға
(пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегiнде сақтандыру төлемін жүргізуге мiндеттi тұлға.
Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола алады.
Слайд 22Қолданылған әдебиеттер:
Лисицын Ю.П. “Общественное здоровье и здравоохранения”.
Биғалиева Р.Қ, Исмаилов “әлеуметтік
медицина және денсаулық сақтауды басқару”.