Слайд 1Министерство здравоохранения
Республики Казахстан
ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫБЫ:
ЗООНОЗДЫ ИНФЕКЦИЯ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ (СІБІР ТҮЙНЕМЕСІ, ТУЛЯРЕМИЯ).
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ.
м.ғ.к., доцент Ахметова С.Б.
Слайд 2
ТҮЙНЕМЕ
Түйнеме қоздырғышын Р.Кох ж/е Л.Пастер зерттеді.
Түйнеме қоздырғышы Bacillus anthracis – грам оң, шеттері
кесілген, ірі таяқшалар, ұзын тізбек тәрізді орналасады.
Сыртқы ортада спора түзіп, топырақта ұзақ жылдар бойы сақталады. Адамдар мен жауарлар ағзасында ақуызды капсула түзеді. Тығыз ортада R-формалы колониялар береді.
Сахаролитикалық ж/е протеолитикалық қасиеттерге ие.
Слайд 3ҚОЗДЫРҒЫШТЫҢ ТАКСОНОМИЯЛЫҚ ЖІКТЕЛУІ
Тұқымдастығы: Bacillaceae
Туыстастығы: Bacillus
Түрі: Bacillus anthracis
Слайд 4B. аnthracis споралары - Ожешка б/ша бояу ж/е қарапайым әдіспен
бояу
Слайд 5B.аnthracis мүшеден алынған (Грам әдісі б/ша бояу) – капсула көрінеді
Слайд 7БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ
Қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі.
Факультативті аэроб.
Микроскопиялық кіші үлкейткішімен қарағанда,
“медузаның басы” н/е “арыстанның жалынына” ұқсайды.
Вирулентті штаммдарына R-пішіні, авирулентті
штаммдарына – S-пішіні тән болып келеді.
Bacillus anthracis колониялары
Слайд 8АНТИГЕНДЕРІ
B.anthracis 3 түрлі антигеннен тұрады: топтық спецификалық соматикалық,
полисахаридті ж/е түрлік спецификалық капсулалық антигендер.
1. Топтық спецификалық
соматикалық антиген – термостабильді, қайнату кезінде бұзылмайды, сыртқы ортада ұзақ уақытқа дейін сақталады.
2. Капсулалық антиген – табиғаты полипептид болып табылады.
3. Полисахаридті антиген – ақуызды токсинмен байланысты, оны протективті антиген деп атайды. Себебі оған қарсы протективті қасиетке ие антидене түзіледі.
Слайд 9ПАТОГЕНДІЛІГІ Ж/Е ПАТОГЕНЕЗІ
B.anthracis-тің вируленттік факторына ең алдымен капсулды
полипептид жатады. Ол макроорганизмнің сезімтал жасушаларына бактериялардың адгезиясына қатысады.
Инфекцияның ену қақпасына байланысты түйнеменің терілік, өкпелік ж/е ішектік формаларын ажыратады. Қоздырғыш ену қақпасынан макрофагтар арқылы регионарлы лимфа түйіндерге өтеді ж/е онда қабыну процесі дамиды.
Слайд 10ИММУНИТЕТ
Сібір жарасымен сырқаттанып болғаннан кейін гуморальді
антитоксикалық иммунитет қалыптасады. Иммунитетте Т-тәуелді (тимус тәуелді) аллергия ерекше маңызға
ие.
Слайд 11ИНФЕКЦИЯНЫҢ КӨЗІ – ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ
Слайд 12Экологиясы ж/е эпидемиологиясы
Түйнеме – ауылшаруашылық жануарлары
мен адамдардың аса қауіпті өткір инфекциясы.
Бациллалардың табиғи мекен ету ортасы топырақ, онда қоздырғыштар көбейеді және спора түрінде ұзақ уақыт бойы сақталады.
Қоздырғыш адамға жұқпалы материалдардан дайындалған өнімдер, әсіресе ет арқылы жұғады. Сонымен қатар аэрозольді жолмен қан сорғыш жәндіктер жұқтырады.
Слайд 13Терідегі түрі – түйнемелі карбункул
Слайд 14ЕМДЕУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ
1. Ерекше сақтандыру үшін “СТИ”
тірі вакцинасы қолданады.
2.Түйнемеге қарсы жылқы иммуноглобулині алдын
алу ж/е емдеу үшін қолданылады.
3.Антибиотиктер - беталактамдар, аминогликозидтер, тетрациклиндер.
4. Аллерген – антраксин – тері аллергиялық сынағына қолданады.
Слайд 15Зертханалық диагностикасы
Материалды зерттеу үшін аурудың клиникалық көрінісіне
байланысты: карбункул ж/е визикула бөлінділері, қан, қақырық, сылдырылып түскен қабыршық,
нәжіс, қоршаған орта объектілерінен шайындылар және т.б.
Қолданылатын зерттеу әдістері:
Бактериоскопиялық;
Бактериологиялық;
Серологиялық;
Биологиялық;
ПЦР;
Тері-аллергиялық.
Слайд 16Иммундыфлюоресценциялық әдіс – экспресс-әдіс
Слайд 17Түйнемеге МБІ арнайы режимді зертханада жүргізеді
Бактериоскопиялық әдіс – жұғын дайындап,
Грам әдісі б/ша бояйды– грам оң спора түзетін таяқшалар көрінеді.
Слайд 18БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСІ
Қоздырғышты Хоттингер агарына, ЕПА-ға, Хоттингер сорпасына н/е ЕПС, қанды
агарға себеді.
Слайд 19 Лизис Bacillus anthracis бұзушы фаг гамма
(стерилді
дақ көрінеді = фагтың негативті колониясы)
Слайд 20Дала жағдайы үшін арналған ПЦР-индикаторы
Слайд 22Туляремия қоздырғышы: классификациялық жіктелуі
Туыстастығы: Francisella
Түрі: F. tularensis
Бұл түр 3
түр астына бөлінеді: арктикалық емес, орта азиялық, голарктикалық.
Голарктикалық
3 биологиялық варианттан тұрады: жапониялық, биовар I Ery (S) (эритромицинге сезімтал) және биовар II Ery (R) (эритромицинге төзімді).
Слайд 23Морфологиясы
Ұсақ, грам теріс, қозғалмайтын таяқша, коккобактерия, спора түзбейді,
капсуласы бар.
Дақылдық қасиеттері
Тыныс алуы бойынша – аэробтар, оптимум
температура 37°С. Қоректік орталарға талғамды. Элективті қоректік ортада, қанды агарда өседі. Ұсақ, жылтыр, S-формалы колониялар түзеді.
Патогенді факторлары: эндотоксин бөледі, инвазивтілігі жоғары. Кемірушілердің көптеген түрлері үшін патогенді болып саналады.
Слайд 25Биохимиялық және патогендік қасиеттері бойынша 3 нұсқасын ажыратады:
Американдық;
Еуропалық;
Азиялық;
Туляремия қоздырғышы сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады.
Слайд 26
Инфекцияның негізгі көзі – кемірушілер (ондатра, қоян, тышқан, атжалман).
Қоздырғыш несеп арқылы сыртқа шығады, су, тамақты ластайды.
Слайд 27Инфекцияның таралу жолдары:
Трансмиссивті (кене, маса, бөгелектің шағуы)
Қарым-қатынас-тұрмыстық (көздің шырышты қабаты,
терінің зақымдалған беткейі арқылы);
Қоздырғыш жұқтырылған сумен жуынғанда;
Ауа-тамшылы (кеміргіштер бөліндісімен ластанған
ауадағы шаң н/е тамшылармен дем алу кезінде);
Адамнан адамға жұқпайды. Ауылдық жерлерде ауруға шалдығу жиі кездесуі мүмкін.
Инкубация кезеңі 3-7 күн.
Слайд 28Патогенезі
Көбінесе қоздырғыш ену қақпасынан лимфогенді жолмен лимфа түйіндерге түсіп, бубон
түзіледі. Ену қақпасында жара пайда болады, қоздырғыш қан арқылы ағзаға
таралады. Әдетте, қоздырғыш қан ішінде жойылып кетеді де, токсин бөліп, лихорадка байқалады.
Слайд 29Клиникалық формалары:
Бубондық;
Жаралы-бубондық;
Көздік бубондық;
Баспа (ангина)-бубондық;
Септикалық;
Ішектік;
Өкпелік.
Иммунитет тұрақты, асасезімталдық пайда болады.
Слайд 30Зертханалық диагностикасы
Зерттелетін материал: қақырық, қан, сілекей, нәжіс,
жараның бөлігі, бубонның бөлігі.
Ерекшелігі: қоздырғышты бірден бөліп алуға
болмайды. Алдымен қоздырғышты биологиялық әдіспен бөліп алады, содан соң жануарлардан жұғынды алып, таза дақылды бөліп алады, агглютинация реакциясын өткізеді.
Слайд 31Зертханалық диагностикасы
Негізгі зерттеу әдістері: серологиялық және аллергиялық.
1. Серологиялық әдіс – агглютинация реакциясы мен ПГАР-да қос сарысуларды
зерттеу.
2. Аллергиялық әдіс – тері үсті немесе тері ішілік реакция, бұл әдісте өлтірілген бактериялардың қоспасы – туляринді пайдаланады.
Экспресс диагностика – антигенді ПГАР және ИФР көмегімен анықтау.
Слайд 32НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!