тұқым қуалайтын өзгергіштік.
Мутация» деген терминді ең алғаш 1901 жылы Голландия
ғалымы Г де Фриз өзінің «Мутациялық теория » деп аталатын еңбегінде қолданды. Ол есек шөптің белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитындығын және бұл ауытқуардың тұқым қуалайтындығын байқады.
Г де Фриздің теориясының кейбір мәселелері осы күнге дейін өз мәнін жойған жоқ
1. Мутацияның кенеттен пайда болатындығы
2. Жаңадан пайда болған формалардың тұрақты келетіндігі
3. Мутациялардың сапалық өзгеріс болып саналатындығы
4. Мутацияның өзі әр түрлі бағытта – пайдалы да, зиянды да болатындығы
5. Мутацияның жиілігі организм санына байланысты
6.Бір рет болған мутацияның қайтадан қайталана алатындығы.


