Слайд 1№14 тақырып
Қазынашылықты ұйымдастыру, оның бюджеттің орындалуындағы ролі
Слайд 2Жоспар:
Қазынашылықтың бюджеттің орындалуындағы ролі.
Қазынашылықтың міндеті мен функциялары.
Бюджеттің қазыналық орындалуының
негізгі принциптері.
«Кассаның бірыңғайлығы» принципінің мазмұны.
Бюджеттің қазыналық орындалуының негізгі
тәртібі мен технологиясы.
Слайд 3Қазынашылықтың қалыптасуы
1994 жылы қаңтарда Қаржы Министрлігі жанында қазынашылықтың Бас
басқармасы құрылды. Бұл бюджетті атқару жөніндегі бірыңғай орган, оған бухгалтерлік
есеп бойынша бюджеттік басқару қызметтері, бюджеттік мекемелер мен қаржы жүйесіндегі бухгалтерлік есептің әдіснамалары берілді. Қазынашылықтың Бас басқармасының көптеген өкілеттіліктері болды, ол бюджеттік қаражатты максатты және дұрыс қолдануына байланысты министрліктер, ведомстволар, кәсіпорындар мен ұйымдарды тексеру мүмкіндігіне ие, мұндай фактілер анықталған жағдайда - мақсатты қолданылмаған қаражатты қайтарып алу өкілеттілігіне ие болды.
Слайд 4Қазынашылықтың қалыптасуы
Ұлттық банктің есептік-кассалық орталықтары бар аймақтарда қазынашылық жүйені
құрудың бірінші кезеңінде, қазынашылықтың аймақтық басқармалары қүрылды. Олар бюджеттік қаражаттың
түсуіне бақылау жүргізді және оларды мемлекеттік мекемелердің шоттарына аударған. Аймақтық басқармалар заңды тұлғалар болып табылды, оларда шығындардың дербес сметалары, ҚР Ұлттық банкі мекемелерінде ағымдағы шоттары болған.
1995 жылы Қазынашылық халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін, Қазақстан Республикасы бюджеттерінің табыстары мен шығындарының жаңа бюджеттік сыныптамасы әзірленді.
Слайд 5Қазынашылықтың қалыптасуы
Сол жылы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Ұлттық банктің
есептік - кассалық орталықтары Қазынашылықтың иелігіне берілді, олардың негізінде Бюджеттік
банк құрылды. Бөлімшелері мен қазынашылықтың облыстық басқарамасы бюджеттік ұйымдардың төлемдерін өңдеудің жаңа технологиясын меңгере отырып, тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеу мақсатында бұл банк өтпелі кезеңде кұрылған.
1996 жылдың маусымында республикалық және жергілікті бюджеттерінің ақшалай қаражаты шоғырланған Ұлттық Банкте Бірыңғай Қазынашылық Шоты ашылды. Қазынашылық БҚШ бойынша төлемдерді жүргізу әзірледі, бағдарламалық қамсыздандыруды кұрды. Күн сайын БҚШ бойынша алынған ақпарат өңделіп, басшылық пен Қазақстан Республикасының Үкіметіне беріледі. Осылайша, күн сайын бюджеттің жағдайына бақылау жүргізіледі: табыстары, шығындары, жалпы республика бойынша және облыстар бойынша ақшалай каражаттың қалдығы.
1998 жылдың қаңтарында Бюджеттік банк жойылып, бюджеттің кассалық атқару қызметтері қазынашылықтың аймақтық органдарына берілді.
Слайд 6Қазынашылыққа түсінік
«Қазынашылық» тар мағынада Республикалық бюджетті атқар және есептік
- кассалық қызметті атқару бойынша арнайы қызметтерді жүзеге асыратын басқарудың
мемлекеттік органы.
Кең мағынасында «Қазынашылық» мемлекеттік қаржы ресурстарын басқару үдерісінде мемлекеттің бюджеттік мекемелерге катынасын білдіретін және нарықтық қайта құрулар жағдайында қажетті экономикалыі түсініктің мәртебесі болып табылады.
Бюджетті атқару - бүл елдің қаржы жоспарына сәйкес ағымдағы лына бөлінетін бюджеттік қаржы шегінде табыстарды қүру мен мемлекеттік қордың каражатының шығындарын жүзеге асырудағы қаржы - ақша саясатының жиынтығы.
Слайд 7Бюджетті қазынашылық атқару
- бұл мемлекеттік қазынашылықтың, оның ішінде ағымдағы қаржы
жылына бөлінетін бюджеттік қаражат шегінде жүргізілетін бюджеттік, салық, ақша -
несие, әлеуметтік және саяси реформалар аясында бюджеттік корлардың қаражатын құру мен жұмсаудың мемлекетпен регламенттелген үдерісі, сонымен қатар бюджеттік қаражаттың уақытында түсуі мен мақсатты қолданылуына бақылау жүргізу, мониторингі және олард басқару.
Слайд 8Бюджетті қазынашылык атқарудың мәні мынада:
тиісті бюджеттің бірыңғай шотының қызмет етуі;
•
қазынашылық органдары арқылы ҚР бюджеттік жүйесі мен деңгейлері бойынша түсімдерді
бөлу операцияларын тиісті бюджеттердің шоттарына аудару жүзеге асырылады;
• бюджеттік ұйымдардың несие мекемелерінде ашылған шоттарындағы бюджеттік каражаттың қозғалысын айқындайтын дербес шот жүйесін қолдану;
есептеу мен ақпараттық қамсыздандыруда автоматтандырыл-ған жүйесін кеңінен енгізу;
қаржыландыру көлемін соңғы бюджеттік алушыларға дейін жеткізуді қамтамасыз ету (делдалсыз);
• қазынашылық органдарымен кассалық операцияларды жүзеге асыру мен есепке алудың міндеттілігі.
Слайд 9Бюджетті қазынашылық атқарудың негізгі кағидалары келесідей:
1. Қазынашылық органдары арқылы бюджетті
атқарудың қағидасы дегеніміз, түсімдерді тіркеу, бюджеттік міндеттемелерді қабылдау мерзімдері мен
көлемдерін реттеу, бюджеттік міндеттемелердің бөлінген лимиттері аясында шығындарды жүмсауға рұқсатнама қолын атқару, бюджетті алушылардың атынан толемдердің жүзеге асырылуы қазынашылықтың орталық жэне аймақтық органдарына жүктеледі.
2. Қазынашылықтың бірыңғай шотының қағидасы, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы баланстық шоттар жүйесінде мемлекеттік бюджеттің қаражатынан барлық операциялары, казынашылықтың аймақтық органдырмен жүзеге асырылатындыгын білдіреді; мемлекеттік бюджеттің барлық түсімдері мен одан жүмсалатын төлемдер Қазынашылық Комитетін орталықтандыру негізінде;
Слайд 10Бюджетті қазынашылық атқарудың негізгі кағидалары келесідей:
3. Кассаның тұтастық қағидасы дегеніміз,
эр түрлі деңгейдегі бюджеттердің барлық табыстарын бірыңғай қазынашылық шотқа аудару
мен ол арқылы қарастырылған шығындарды жүзеге асыру. Бюджеттерді кассалык атқару расталған бюджеттік міндеттемелер бойынша бюджеттердің табыстары мен төлемдерін аудару бойынша қазынашылық шоттардағы қаражатпен жүргізілетін операциялардан түрады. Бюджеттік міндеттемелерді алу мақсатында бюджет- тен есептен шығарылған акшалай қаражаттың сомалары кассалык бюджеттік шығын болып табылады. Бюджеттік жүйенің барлык деңгейлеріндегі бюджет- тер касса түтастығының қағидасы негізінде атқарылады.
4. Қазынашылық шоттағы қаражаттың шегінде бюджеттік шығындар мен төлемдерді қамсыздандыру қағидасы. Бюджеттік қаражаттың жүмсалуы расталған бюджеттік міндеттемелер мөлшерінде бюджет шотынан акшалай қаражатты есептен шығару арқылы жүзеге асырылады. Шығындар бойынша бюджеттің атқарылуы кезеңдер бойынша жүгізіледі.
Слайд 11Бюджетті қазынашылық атқарудың негізгі кағидалары келесідей:
5. Бюджеттік тізім қағидасы -
бүл бюджеттік қаражатты бөлуші жэне алу- шылар аясында бюджеттік жылдың
(токсан) мерзімдері бойынша қолданыстағы бюджеттік сыныптамаға сэйкес бекітілген бюджеттің табыстары, қарыз бен шығындар қаражатының көрсеткіштерінен түратын қүжат. Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының тізімі қаржы Министрлігімен қүрылады жэне мемлекеттік бюджет бекітілгеннен кейін 15 күннің ішінде бекітіледі. 2 күннен кейін бекітілген тізім Қазынашылықтың аймақтық орган- дарына атқару үшін беріледі.
6. Табысты атқару қағидасы мына міндетті шарттарды қарастырады:
а) Қазынашылық Комитетінің бірыңғай шотына мемлекеттік бюджеттің та¬быстарын аудару жэне есептеу;
б) бекітілген мемлекеттік бюджетке сэйкес жалпы мемлекеттік салықтарды бөлу;
в) табыстардың артық төленген сомаларын қайтару, табыстарды есепке алу мен бюджеттік сыныптамаға сэйкес табыстар туралы есепті дайындау.
Слайд 12Бюджетті қазынашылық атқарудың негізгі кағидалары келесідей:
7. Шығындарды санциялау қағидасы бекітілген
бюджетте қарастырылмаған гөлемдер мен шығындарға қатысты қаржыландыруды қабылдау мақсатында қолданылады
немесе мемлекеттік бюджет қарыз каражаты мен табыстардың қамсыздандырылмаған түсімдер. Мемлекеттік бюджеттің шығындарын санкциялау мынадай іс - әрекеттерден түрады:
- мемлекеттік бюджеттің қаражатын бөлуші мен алушыларға дейін бюджеттік қаражатты бекіту мен жеткізу және мемлекеттік бюджет каражатын алушылар мен бөлушілердің сметаларын нақтылау;
қаражатты бөлуші мен алушыларға бюджеттік міндеттемелердің лимиттерін бекіту мен жеткізу;
мемлекеттік бюджеттің қаражатын алушылармен ақшалай міндеттемелерді қабылдау;
мемлекеттік бюджеттің ақшалай міндеттемелерін растау.
8. Бюджетті ақтарудағы бюджеттік есепке алу қағидасы дегеніміз, бюджетті атқару үдерісінде барлық табыстар, қарыз қаражат, шығындар, бюджет тапшылығы мен операциялар бюджеттік есеп шоттарының жоспарлары негізінде бюджеттік есептің тіркелімінде тіркеледі. Бюджеттік есептің бірыңғай әдіснамасын ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті әзірлеп, оны аймақтық органдарына жібереді.
9. Бюджетті атқару туралы міндетті есепті ұсыну қағидасы, ҚР ландырылған бюджет туралы есепті кұру үшін мемлекеттік биліктің у: атқарушы органдары бюджетті атқару туралы жедел есепті мемлекеттік б тиісті өкілді органдарына, бакылау - есептік органдарына, қазынашьи аймақтык органдарына өткізу міндеттілігін білдіреді.
Слайд 13Бюджетті қазынашылық атқарудың негізгі кағидалары келесідей:
10. Бюджет иммунитетінің қағидасы дегеніміз,
бюджеттік кар; алуға жүгіну тек сол актісі негізінде жүзеге асырылады,
тек нақты зала жыландыруға дейінгі мөлшерде өтелуге жатады.
11. Банк депозиттеріне бюджеттік қаражатты орналастыруға, оларды с басқаруға беруге жол бермеу қағидасы дегініміз банк депозиттерінде әр деңгейдегі бюджеттердің қаражатын орналастыру немесе сенімді басқар быстау жолымен бюджеті атқару үдерісінде бюджеттің косымша табыс алуға тыйым салу.
Слайд 14Қазынашылықтың негізгі ережелері
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті республикалық бюджетті
атқару мен мемлекеттік бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттың
есептік - кассалық қызметі бойынша aрнайы қызметтерді жүзеге асыратын, заңды түлғаның қүқығы бар мемлекеттік басқару органы.
Қазынашылық өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңы, Қазакстан Республикасы Президенті мен Үкіметтің актілері, басқа да нормативтік құқықтык актілері мен Ережеге сүйенеді.
Слайд 15Қазынашылық Комитетінің негізгі мақсаттары:
мемлекеттік мекемелердің қызмет корсету уақытын қысқарту;
•
каржы қүжаттарын оңдеу сапасын жетілдіру;
• бюджеттік есеп пен бюджетті атқару
жоніндегі есептің ашық, толық талап етілуін қамтамасыз ету;
операциялық шығындарды қысқарту.
Слайд 16Қазынашылық Комитетінің негізгі міндеттері:
- республикалық бюджетті кассалық атқаруды ұйымдастыру, жүзеге
мен бақылау;
- мемлекеттік бюджеттің есептік - кассалық қызметі және мемлекеттік
бюджеттен тыс қорлар мен қаражатты ұйымдастыру;
- кассаның тұтастығы қағидасына негізделе отырып, Қазақстан РеспубликасыҰлттык Банкіде ашылған Қазынашылық шоттарындағы ақшаны басқару;
- республикалық және жергілікті бюджеттер арасында жалпы мемлеі салықтарды бөлу және оларды әр түрлі деңгейдегі бюджеттерге аудару;
- республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер арасында өзара есеп айырысуларды жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттік мемлекеттік кепілдігімен алынған қарыздарды басқару;
- бюджеттік несиелеу, бюджеттік несиелерді ұйымдастыру мен қайтарылуын жүзеге асыру;
- мемлекеттік несиелеу және шаруашылық субъектілерге мемлекеттік несиелерді қайтаруды жүзеге асыру;
- республикалық бюджет пен мақсатты каржыландырудың мемлекеттік корлары арасында өзара қатынастарды жедел басқару, сол қорлардың к жатының қозғалысы мен қолданылуына бақылау жүргізу;
- ресурстарды тиімді және жедел басқару мен орағыту мақсатында мемлекеттік қаржы ресурстарының мөлшерін болжау;
- республикалык бюджетті атқару мен есеп берудің белгіленген тәртібінде ұсыну туралы бухгалтерлік есеп пен есеп беруді жүзеге асыру;
- белгіленген тәртіпте жергілікті бюджеттерді атқару мен оны жедел басқаруда қолдану туралы ақпаратты жинау, өңдеу және ұсыну;
- бюджеттік жүйеде бухгалтерлік есеп пен ішкі аудит әдіснамасын эзір. Қазынашылықтың қүзыретіндегі және Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен қызмет ететін ұйымдардың атқаруға міндетті сүрақтары бойынша есеп операцияларын жүргізу;
- үкіметтік (бюджеттік) резервтің қүндылықтарын жедел басқару және есепке алу.
Слайд 17Жүктелген міндеттерге сәйкес Қазынашылық келесідей қызметтерді қарады:
- республикалық бюджетті атқару
жэне Қазақстан Республикасының Ұлтті қоры, жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету;
-
қолма - қол ақшаның бақылау шоттары мен мемлекеттік мекемелердің шет ел валюта шоттарын ашу, жүргізу жэне жабу;
міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, республикалық бюджет бойынша төлемдерді қаржыландыру мен түсімдердің жиынтык жоспарын кұру, бекіту және жүргізу;
қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, республикалық және жергілікті бюджеттер, міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары, төлемдер бойынша қаржыландыру мен түсімдердің жиынтық жоспарын енгізу;
республикалық бюджетті атқару жөніндегі есепті мәліметтерді республикалық бюджеттік бағдарламалардын әкімшілеріне тұрақты және жүйелі түрде жеткізілуіне қатысты бюджеттік мониторинг жүргізу және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен міндеттемелердің уақытында орындалмауы, республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдер, уақытында жүргізілмеудің себептерін анықтау мақсатында ақпаратты жинау (сыртқы қарыз бен несиелеуді есепке алусыз).
Слайд 18Қазақстан Республикасы Қаржы Министрілігі қазынашылық Комитеті орталық аппаратының құрылымы
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрілігі қазынашылық Комитеті орталық аппаратының құрылымы төмендегі суретте көрсетілген.
Комитетті
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрімен тағайындалады және лауазымнан босатылатын Төраға басқарады.
Комитет төрағасында заңмен белгіленген тәртіпте Комитетті ҚР Қаржы министрімен тағайындалатын және лауазымнан босатылатын екі орынбасары болады.
Астана мен Алматы қалалары, облыстары бойынша қазынашылық департаменттің басшылары Комитет басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы қаржы Министрімен тағайындалып, лауазымнан босатылады.
Комитет төрағасы жұмысты ұйымдастырып, оны атқарады жэне Комитетке жүктелген қызметтердің атқарылуына жауапты. Комитет төрағасы орнында болмаған кезінде оның міндеттерін Қазақстан Республикасының қаржы Министрі аныктайтын орынбасарының бірі атқарады. Комитеттің кеңес беру - кеңес органы болып табылатын Алқасы болуы мүмкін. Алқаның сандық және жеке құрамы Төраға орынбасарының ішіндегі төрағасы мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшысымен бекітіледі. Комитет аймақтық бөлімшелерді баскарады.
Слайд 20Қазынашылыктың негізгі міндеттерін атқару мен бюджеттік тәртіпті күшейту мақсатында төмендегідей
құкықтары бар:
1) мемлекеттік мекемелерден республикалық және жергілікті бюджетті атқаруды ұйымдастыруға
қажетті ақпарат пен мәліметтерді алуға, оларды уақытында ұсынбау жағдайында, бухгалтердік есеп беруге сұрау салу;
2) бірыңғай қазынашылык шоты мен теңге түріндегі және шет ел валютасы шоттары банк шоттарын ашуға және олар бойынша банк операцияларын жүргізу;
3) қаржы тәртібін сақтауға, мемлекеттік қаражатты мақсатты және тиімді қолдануға бағытталған ұсыныстарды енгізу;
4) мемлекеттік мекемелердің қаржы құжаттарында бүзушылықтарды анықтау жағдайында оларды тиісті органдарға жіберу;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, республикалық бюджетті аткару мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету жөніңдегі сұрақтар бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыру;
6) инвестициялык жобаларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдардан үкіметтік сырткы қарыздың түсуі (игеру) және жұмсау туралы сұрау салу мен алу;
7) шет елдің қазынашылық жүмысының тәжірибесін қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
8) Комитеттің құрылымдық аймақтық бөлімшелерінің қызметін тексеру, оны жетілдіру бойынша үсыныстарды енгізу.
Слайд 21Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!