Слайд 2Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың
100000-дай түрі кездеседі.
Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды.
Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.
Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.
Слайд 3Құрылысы. Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий, немесе грибница деп аталынады. Мицелий гифа
деп аталатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында
көлденең перделер болмайды, сондықтан да олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюлозалан тұрады. Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының құрамы біршама күрделі болады : төменгі сатыдағыларының қабықшасы пектинді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының целлюлозаға жақын углеводтардан және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады.Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады. Крахмал еш уақытта түзілмейді. Гифалары жоғарғы арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте тез өседі. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақ-тардың гифалары көп жағдайда матасып жалған ұлпа – плехтенхима түзеді. Одан келешегінде жыныстық спора дамитын жемісті дене түзеді. Саңырауқұлақтардың суды бойына өткізетін және оны буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтан да олар тек ылғалды жерлерде өседі.
Слайд 4Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен
қоректенетін сапрофиттер. Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі,
ал бір мыңнан аздауы жануарлар мен адамдардың паразиттері. Саңырауқұлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен де селбесіп өмір сүруі жиі байқалады.Оны симбиоз деп атайды. Симбиозға мына жағдай мысал бола алады. Ақ саңырауқұлақтардың, қайыңның, қарағайдың, шыршының және емен ағашының түбінде, рыжиктердің шыршалы және қарағайлы ормандарда, подосиновиктердің көк теректің түбінде өсетіндігі белгілі. Бұл жағдайда ағаштардың тамырларымен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арасында тығыз байланыс қалыптасады, яғни симбиоз түзіледі. Мицелийдің жіпшелері тамырды тығыз орап, кейде тіптен ішіне өтеді. Сонымен мицелий ағаштардың тамыр түктерін алмастырады, ал ағаштардың тамырларынан мицелий өзінің қорегіне және жемісті дене түзуге қажетті органикалық заттарды алады.
Слайд 5Көбеюі. Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы артраспоралары (оидийлері) арқылы
клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған бөлігі: хламидос –
полары арқылы қабықшалары қалың болып келетін клеткаларға ыдырайтын гифалар бүршіктену арқылы гифаларында келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбею.
Слайд 6Классификациясы. Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді.Хитридиомицеттер класы, гифохитромицеттер класы, оомицеттер
класы, зигомицеттер класы, аскомицеттер класы, базидиомицеттер класы, жетілмеген саңырауқұлақтар класы.
Алғашқы 4 кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып келеді.
Слайд 7хитридиомицеттер (Chytrіdіomycetes), басым көпшілігі өсімдік пен жануарлар жасушаларының ішінде паразиттік
тіршілік ететіндіктен вегетативтік денелері жалаңаш плазмалық массадан (плазмодиядан) тұрады не
бір жасушалы, кейде өте нашар дамыған, жасушасыз, бастама мицелий түрінде болады. Клетка қабығы хитиннен тұрады. Бір талшықты зооспорасы бар зооспорангий құрып, жыныссыз және жынысты (гаметогамия, оогамия, соматогамия) жолмен көбейеді. Табиғатта кең тараған. 3 қатарға, 90 туысқа жататын 500-дей түрі белгілі. Кейбір түрі (ольпидиум, синхитриум) а. ш. дақылдарының ауру тудырушысы болып саналады.
хитридиомицеттер
Слайд 8оомицеттер (Oomycetes), мицелийлері жақсы дамыған, жасушасыз. Клетка қабықшасының негізгі заты
– целлюлоза және глюкан. Бірінің сырты тегіс, екіншісі – қауырсын
тәрізді екі талшықты зооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Жынысты көбеюі – оогамия, соның нәтижесінде ооспора пайда болады. 4 қатарға, 70 туысқа жататын 550 түрі бар. Араларындағы ең қарапайымдары органик. заттарға бай, тұщы суда тіршілік ететін – сапротрофтар. Кейбір түрлері патогенді саңырауқұлақтар, балықтар мен қосмекенділердің уылдырығында тіршілік етеді; ал құрлықтағылары – жоғары сатыдағы өсімдіктердің паразиттері. 3-класы – зигомицеттер.
оомицеттер
Слайд 10Зигомицеттер (Zygomycetes) саңырауқұлақтардың бір класы. 4 қатары (Mucorales, Endogonales, Entomophthorales,
Zoopagales), 500-ден артық түрлері белгілі. Табиғатта кең тараған. Топырақта, көңде,
сондай-ақ өсімдіктердің құрамында, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлар мен адамдардың денесінде паразитті тіршілік етіп, қоректік заттардың құрамында ақ ұнтақ түрінде кездеседі. Зигомицеттердің талломы өте жақсы дамыған көп ядролы жіпшумақтардан (мицелийлер) құралады. Клетка құрамында хитин және хитозин, кейде глюкан заттары болады. Зигоспора түзіп, зигогамия жолымен жынысты көбейеді, аты осыған байланысты қойылған. Зигогамия жолымен жынысты көбею кезінде әр түрлі жынысты екі жіпше түйісіп, перделермен бөлініп, екі жыныстық мүше гаметангийлер түзіледі. Гаметангийлерде жыныстық жасушалар түзілмейді. Екі гаметангийдің түйіскен жерінде қабықтары еріп, зигота түзіледі. Зигота 2-3 қабаттан тұратын қабықпен қапталып, ұзақ бұйығу кезеңінен өтеді.
Слайд 12Қалталы саңырауқұлақтар (Ascomycetes) – саңырауқұлақтардың бір класы. Дүние жүзінде кең тараған. 30 мыңнан
астам түрі белгілі. Қазақстанда 1 мыңнан астам түрі анықталған. Бұлар
негізінен топырақта, өсімдік қалдықтарында, тағамда сапрофитті тіршілік етеді. Қалталы саңырауқұлақтардың басты ерекшелігі – көп клеткалы мицелийінің (жіп шумақтарының) және жыныс процесінің нәтижесінде түзілетін қалталарының (аскаларының) болуында. Олардың ішінде қалыпты жағдайда 8 эндогенді спора түзіледі, оларды аскоспоралар деп атайды. Қалталы саңырауқұлақтардың жынысты көбеюімен қатар конидиялар арқылы жыныссыз және вегетативті жолмен де көбейеді.
Слайд 14Базидиялы саңырауқұлақтар , базидиомицеттер (Вasіdіomycetes) – айрықша көбею мүшесі –
базидиялары бар жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақ класы. Жер шарында кең тараған,
3 класс тармағы, 18 қатары, 30 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 2 мыңнан астам түрі кездеседі. Б. с-дың жетілген базидиясының (грек. basіdіon – тірек) әрқайсысы бір клеткадан тұратын 4 спорасы (базидиоспоралары) болады. Өсе бастаған әрбір базидиоспорадан алғашқы гаплоидты мицелий өседі. Сондықтан Б. с-дың көбінде бір немесе бірнеше мицелийдің клеткалары өзара қосылады. Диплоидты мицелийден әдетте жеміс денесі дамиды. Б. с-дың ішінде көптеген түрі жеуге жарамды (ақ саңырауқұлақ, қозықұйрық, т.б.), улы түрлері (мухомор, шайтан саңырауқұлағы, т.б.), құрылыс ағаштарын шірітіп, ұнтаққа айналдырып жіберетін үй саңырауқұлақтары, а. ш. дақылдарын зақымдайтын түрлері де бар. Кейбір түрлері антибиотик түзеді.
Слайд 16Гемиаскомицеттер
Бұл кластармағының өкілдерінің жемісті денесімен гимениалды қабаты болмайды. Қалталары мицелийдің
аскогендік гифаларында немесе жекеленген маманданбаған клеткаларында жетіледі. Кластармағының кең таралған
жіне ең маңызды өкілдерінің бірі ашытқы саңырауқұлағы. Бұл түр мәдени жағдайда ғана белгілі сыра ашытуға, нан пісіруге және спирт алу үшін қолданылады.
Табиғи жағдайда кездесетін түріне шарап ашытқысы жатады.
Ашытқы саңырауқұлағының бұл түрі спирттік ашу туғызады, нәтижесінде глюкоза шараптық спиртке айналады және көмір қышқыл газы бөлініп шығады. Сондықтан да оны шарап ашыту үшін пайдаланады. Ашытқы саңырауқұлағының талломасы бір клеткалы болып келеді. Вегативтік көбеюі бүршіктену арқылы жүзеге асады. Қолайлы жағдайда оның тез жүретіндігі сонша тіптен бір-бірінен клеткалар ажырап үлгермейді. Бір тәуліктің ішінде мұндай клеткадан миллиондаған ұрпақ пайда болады.
Слайд 17Дейтеромециттер
Жетілмеген саңырауқұлақтар, дейтеромицеттер (Fungі іmperfectі, Deuteromycetes) – қалталы және базидиялы
спора тасушы органдары айқын байқалмайтын, мицелийлері жақсы дамыған саңырауқұлақтар класы.
Бұлар көбіне жыныссыз жолмен түзілетін конидийлер арқылы, біраз түрі бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы көбейеді. Жетілмеген саңырауқұлақтар табиғатта кең тараған, 30 мыңдай түрі белгілі. Олар топырақта, өсімдіктердің қалдықтарында сапрофит және жоғары сатыдағы, әсіресе, мәдени өсімдіктерде паразит ретінде көп кездеседі. Бұлардың біраз түрлері бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы да көбейе алады. Жетілмеген саңырауқұлақтар азық-түлікті бүлдіреді, кейбіреулері өсімдіктердің паразиттері – антракноз, фузариоз, септориоз, фомоз ауруларын қоздырады. Рenіcіllіum chrysogenum, Рenіcіllіum notatum түрлерінен пенициллин антибиотигі бөлініп алынады. Рenіcіllіum roguefortі, Рenіcіllіum camembertі түрлері сыра өндірісінде пайдаланылады. Аspergіllus nіger, Аspergіllus wentіі түрлерін егіп, лимон қышқылын бөліп алады. Кейбір түрлері адамның тыныс алу, есту мүшелерінде аспергиллез ауруын қоздырады.