территориялық бөлініс бойынша Қарағандыоблысы Ақтоғай ауданында, кәзіргі
өз атымен атлатын Нарманбет ауылында, Саға деген жерде туып өскен. Туған жері аталып жүрген Сағаны 10 жасар Нарманбет өз шешендігі мен алғырлығының арқасында ата мекенге айналдырған. Руы Тобықты оның ішінде Дадан, Қалдау, Балтабай болып таралады.Орманбеттен туған Қалиман, Нарманбет, Тілеуберлі, Алдаберлі, Құдайберлі, Сақып, Тауық, Разиға, Қаппар, Аппар, Бөдене, Қасым және Мұса. Он үш баладан төрт баласы жастай қайтыс болған. Нарманбет ұлдан үлкені болғандықтан ең жақсы көретін баласы болыпты. Бірде өз тұсында Жиренше шешен атанған Бертісұлы Шалқар сыншыға Орманбет балаларын сынатқанда; «Буыны жоқ былқылдақ, сүйегі жоқ сылқылдақ деген адам осы болайын деп тұр. Кісі өлтірмейді, кісіден жеңілмейді,»деп баға беріпті.Орманбет үлкен ұлы Нарманбетке ерекше көңіл бөліп, болашағынан үміт күтеді. Жалғыз-ақ кісі үйіне бармайтын салмақты, сабырлы бала болып өсіпті. «Кісі үйіне барып есік жақта отырғанша, өз үйімнің төр алдында отырғаным жақсы емес пе!» - деп айтыпты он жасқа толмаған Нарманбет. Әкесі Орманбет Балқаш көлінің маңынан көшіріп қонысты Дересін деген жерден жер алып береді. Бір күні тасынған
Орманбет өз балалары Нарманбет, Алдаберлі, Тілеуберліні ертіп Асанқойбастың басына шығып; «Мен алған жерді көрмейсіңдер ме? О шеті мен бұл шеті ат шаптырым жер»,-депті. Сонда Нарманбет; «Ақке, жер табылар-ау, ел табылмас Сәдіге қиянат жасадыңыз ғой»- деген екен. Ақынның жеті атасының қолынан билік кетпеген, байлығымен емес, шешен, әділ билігімен аузына ел қаратқан тұқымнан тарайды. Өз әкесі де шешен, өжеттігімен ел басқарған адам. Нағашысы Қаракесектің
ӨМІР ЖОЛЫНАН ҮЗІНДІ