Слайд 1Нейросенсорлы есту мүкістігі. Есту жолын протездеу.
Орындаған: Байсын Б
Топ: 408 ЖМ
Тексерген:
«Астана медицина университеті» АҚ
ЛОР және көз аурулары кафедрасы
Астана – 2016
ж
Слайд 2Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Нейросенсорлы есту мүкістігі
Этиологиясы
Патогенезі
Клиникасы
Диагностикасы
Емі
Есту жолын протездеу
Кохлеарлы имплантация
III
Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер
Слайд 3Нейросенсорлы есту мүкістігі
Есту анализаторының әр түрлі бөлімдерінің – кохлеарлы рецепторлардан
үлкен ми қыртысының есту аймағына дейінгі бөлімдердің зақымдалуы.
Нейросенсорлы есту
мүкістігі есту бұзылысынан зардап шегетін барлық науқастардың ¾-інде байқалады.
Слайд 4Есту анализаторының зақымдалу деңгейіне байланысты
кохлеарлы (рецепторлық, перифериялық);
ретрокохлеарлы (иірімді
өзектің немесе кіреберіс-ұлулық нервтің зақымдалуы)
орталық (бағаналық, ми қабы асты,
ми қабы)
аралас
Слайд 5Нейросенсорлы есту мүкістігінің түрлері (ағымына қарай)
кенет (басталғанынан 12 сағат
аспаған)
жіті (1 айға дейін)
созылмалы (1 айдан асқан)
Слайд 6Этиология
Инфекциялық аурулар (тұмау, паротит, қызылша, қызамық, менингит, жәншау, т.б.);
Тамырлардағы қанайналымның бұзылысы (спазм, тромб түзілу);
Интоксикация (никотин, алкоголь,
бензин, мышьяк);
Ортаңғы және ішкі құлақтың қабынуы (жіті ортаңғы отит);
Жарақат (механикалық, аку-, вибро-, баротравма, ауалық контузия)
Есту анализаторының жастық өзгерістері (пресбиакузис);
Кіреберіс-ұлулық нервтің невриномасы;
Аллергия;
Жалпы соматикалық аурулар
Слайд 9Патогенез
Нейросенсорлы есту мүкістігінде ишемияға, сезімтал жасушалардың және басқа да жүйке
элементтерінің қоректенуінің бұзылысына әкелетін, сондай-ақ онда дегенеративті өзгерістерді дамытатын капиллярлық
стазға дейінгі микроциркуляцияның бұзылысы маңызды рөл ойнайды. Интоксикациялық зақымдалуда (әдетте дәрілік) бірінші орынға иірімді ағзаның жасушаларының дегенеративті өзгерістері көрінеді. Ототоксикалық антибиотиктер эндо- және перилимфада жиналатыны белгілі. Олар дәнекер тіннің құрылымына әсер етеді (Б.М.Сагалович эксперименттік зерттеулері). «Ілмектік» диуретиктер жасуша мембранасының өткізгіштігін бұзады, сондықтан емдік практикада ототоксикалық антибиотиктер мен диуретиктерді қоса тағайындау ішкі құлақтың нейросенсорлы құрылымының айқын және қайтымсыз зақымдалуына әкеледі.
Слайд 10Клиникасы
Естудің төмендеуі
Құлақтағы қарқындылығы мен биіктігі әр түрлі субъективті
шулар (шиқыл, дыңыл, ысқырық)
Бас айналу
Тепе-теңдік бұзылысы
Слайд 11Диагностика
Анамнез
Клиникалық белгілері
Аудиометриялық зерттеу
Камертональды зерттеу
Отоскопия
Слайд 12Есту мүкістігінің дәрежелері
20-40 дБ – I дәреже
41-60 дБ – II
дәреже
61-80 дБ – III дәреже
80 дБ аса – IV дәреже
Слайд 13Ұлудың немесе жүйке өзегінің қызметінің бұзылысының әр түрлі сипатты белгілері
бар. Патологиялық процесстің ұлуда орналасуы жоғарғы тондарды қабылдаудың бұзылысымен көрінеді.
Процесстің өршуіне байланысты зақымдайтын жиіліктердің диапазоны кеңейеді. Ототоксикалық және жастық есту мүкістігіне көбіне жоғарғы жиіліктерді қабылдаудың бұзылуымен аудиологиялық қисықтың төмендеуші типі тән. Кейде сезімтал жасушалардың ұлу жолының бойында кеңістікке бөлуіне байланысты жеке жиіліктерді қабылдаудың төмендеуі байқалады.
Есту мүкістігінің кохлеарлы формасына (иірімді ағзаның рецепторларының зақымдалуы) шек үсті аудиометриясында дауыс қарқындылығының үдей түсу феномені (ФУНГ) байқалады. Ол кіреберіс-ұлу жүйке өзегінің зақымдалуында (ретрокохлеарлы есту мүкістігі) болмайды және бұл ажыратпа диагностика жасауға маңызды. Бірақ кейде жүйкенің шван қабығынан өсетін кіреберіс-ұлу жүйкесінің невриномасында – қатерсіз ісікте, оң ФУНГ байқалуы мүмкін. Бұл невринома нақты өлшемге жетіп, ішкі құлақтың құрылысын қоректендіретін лабиринттің артериясын қысқанда болады.
Слайд 14Емі
Инфекциялық ауруларда – неототоксикалық антибиотиктер: пенициллин 1 000 000 ХБ
б.етке күніне 4 рет; рулид 0,15 г ішке күніне 2
рет; верцеф 0,375 г ішке тәулігіне 2 рет.
Токсикалық формада – алғашқы 3 күнде реополиглюкин немесе гемодез 250 мл тамырішілік тамшылатып; бұл препараттар детоксикациялық, дегидратациялық әсерінен бөлек қанның тұтқырлығын төмендету мен капиллярлы қанайналымды жақсарту қасиетіне ие. Кейбір авторлар осы препараттарды енгізген соң 60 мг преднизолон, 5 мл 5% аскорбин қышқылын, 4 мл солкосерил, 50 мг кокарбоксилаза, 10 мл панангинді тамырішілік тамшылатып 500 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісіне қосып тағайындайды. Токсикалық нейросенсорлы есту мүкістігінде этиотропты зат ретінде унитиол антидотын б.етке (1 мл 5% ерітіндіні науқастың дене массасының 10 кг) В тобының дәрумендерімен (мильгамма) қосып енгізеді. Унитиолды 1-ші тәулікте 3 рет, 2-ші тәулікте 2 рет, келесі 7 күнде 1-2 реттен енгізеді.
Слайд 15Егер жіті есту мүкістігінің себебі анықталмаса, онда көбінесе тамырлық генез
есту мүкістігі ретінде қарастырады. Ішкі құлақтың қанайналымын жақсарту үшін күніге
250 мл изотоникалық натрий хлориді ерітіндісіне немесе 5% глюкоза ерітіндісіне 5 мл 2% трентал ерітіндісін тағайындайды. Сонымен қатар, кавинтон, стугерон, вазобрал тағайындалады. Жалпы церебральды гемодинамиканы жақсарту үшін парентеральды эуфиллин, папаверин, дибазол, никошпан, спазмолитин, компламин қолданылады. Көрсеткіш бойынша, арнайы емес қабынуға қарсы заттар, кортикостероидтар қолданылады. Түйіспелегі берілуді (синаптическая передача) жақсарту үшін прозерин, галантамин инъекция арқылы және электрофорез көмегімен қолданады.
Патогенетикалық терапия жүйке тінінің регенерациясын және зат алмасу процесстерін қалыпқа келтіретін және жақсартатын заттарды қамтиды. Гипоксия және ишемия кезінде нейрон метаболизмін нормализациялау мақсатында предуктал (0,02 г ішке 3 рет тәулігіне тамақтану барысында), милдронат (0,25 г капсула ішке қабылдауға 3 рет тәулігіне) тағайындайды.
Слайд 16Медикаментозды емес ем
Гипербариялық оксигенация, лазермен әсер ету, ауыспалы тоқтармен стимуляция,
кванттық гемотерапия, плазмофорез, инерефлексті терапия, гомеопатикалық заттар,
Құлақтағы шуды басу
үшін интрамеатальды немесе құлақартылық новокаинды (лидокаинды) блокада, әр түрлі инерефлексотерапия әдістері қолданылады.
Эндауральды фармакофизикалық әсер ету: эндауральнй фонофорез, фоноэлектрофорез, суперфонофорез
Слайд 17Гипербариялық оксигенация
Инерефлексті терапия
Слайд 18Есту жолын протездеу
Есту аппаратын қолдану арқылы есту қызметін жақсарту.
Сөздер жиілігін
қабылдау шегінің жоғарылауында (500-4000 Гц) 40 дБ және одан жоғары
науқастарға сыртқы дыбыстарды күшейтетін есту аппаратын жеке таңдайды.
Есту аппараты – дыбыс сигналдарын қабылдап, оларды өзгертіп, күшейтіп адамға беруге арналған электроакустикалық құрылғы.
Аппарат дауыс реттегіш пен телефоннан тұрады.
Дәрігер сурдолог
Слайд 20Әлеуметтік кереңдік - адам құлақ қалқаны маңындағы айғайды естімей және
айналадағы адамдармен сөйлесу мүмкіндігі болмағанда 80 дБ және одан көп
деңгейінде тональды естудің жоғалуы.
Ерте балалық шақта есту мүкістігі мен кереңдікті диагностикалаудағы объективті әдістер: импедансты аудиометрия, отоакустикалық эмиссия
Слайд 21Кохлеарлы имплантация
Есту анализаторының перифериялық бөлігі арқылы дыбыс ақпаратын қайта өңдеу
және қабылдау функциясын қалпына келтіру мақсатында ұлуды протездеудің хирургиялық әдісі.
Көрсеткіштер:
Иірімді
ағзаның кірпікшелі жасушаларының зақымдалуымен жүретін кереңдік.
Иірімді түйін және кіреберіс-ұлу нервісі, ұлу түбі зақымдалғанда кохлеарлы имплантация аз перспективті.
Слайд 23Кохлеарлы имплантат сыртқы және имплантатты бөліктерден тұрады. Сыртқы – микрофон,
сөйлеу процессоры, таратқыш (передатчик)
Имплантатты – қабылдағыш, электродтар тізбегі (22)
Слайд 24Қорытынды
Есту анализаторының әр түрлі бөлімдерінің – кохлеарлы рецепторлардан үлкен ми
қыртысының есту аймағына дейінгі бөлімдердің зақымдалуы нейросенсорлы есту мүкістігі деп
аталады.
Нейросенсорлы есту мүкістігі есту бұзылысынан зардап шегетін барлық науқастардың ¾-інде байқалады.
Есту аппаратын қолдану арқылы есту қызметін жақсарту – есту жолын протездеу болып табылады. Оны жасау үшін есту протездік пункттерде дәрігер сурдолог әр науқасқа жеке дара аппарат таңдап береді. Жалпы кохлеарлы имплантация жасаған соң, кейбір науқастар сөйлеуді тез қабылдай бастайды, бірақ көбісі сурдопедагогтан ұзақ уақытқа сабақ алуға мұқтаж.
Слайд 25Пайдаланылған әдебиеттер
В.Т.Пальчун, М.М.Магомедов, Л.А.Лучихин – Оториноларингология
Р.К.Төлебаев, Б.К.Ерсаханова, Б.З.Жусупов – Оториноларингологиядан
қысқаша оқу құралы
Р.К.Төлебаев, Э.К.Исмагулова, Б.З.Жусупов, Е.Ж.Яхин – Оториноларингология дәрістері