Разделы презентаций


О рында ған: Жантаев М. А. Факультет : Жалпы медицина Курс : 4 Тобы : 12 – 20 –

Содержание

Жоспар:КіріспеНегізгі бөлімМұрынның қосалқы қуыстарының құрылымы мен топографиясыҚорытындыҚолданылған әдебиеттер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Орындаған: Жантаев М. А. Факультет: Жалпы медицина Курс: 4 Тобы : 12

– 20 – 01

Қабылдаған: Күлімбетов А.С.

СӨЖ

Тақырыбы :Мұрынның қосалқы қуыстарының құрылымы және топографиясы.

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған: Жантаев М. А. Факультет: Жалпы медицина Курс: 4 Тобы : 12 – 20 – 01

Слайд 2Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мұрынның қосалқы қуыстарының құрылымы мен топографиясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Жоспар:КіріспеНегізгі бөлімМұрынның қосалқы қуыстарының құрылымы мен топографиясыҚорытындыҚолданылған әдебиеттер

Слайд 3Мұрынның қосалқы қуыстарының құрылымы мен топографиясы
Мұрынның қосалқы қуыстары (sinus paranasales)

— бас қаңқасы мен бет сүйектеріндегі ауалы қуыстар, шырышты қабықпен

тысталған, мұрын жолдарымен байланысады, дауыс резонаторлары болып табылады. Қосалқы қуыстарға жатады: жоғарғы жақ сүйек қуысы (Гаймор қуысы), маңдай қуысы, сынатәрізді сүйек, торлы лабиринт.
Мұрынның қосалқы қуыстарының құрылымы мен топографиясыМұрынның қосалқы қуыстары (sinus paranasales) — бас қаңқасы мен бет сүйектеріндегі ауалы

Слайд 4Ең ірі қуыс жоғарғы жақ сүйек қуысы болып табылады (sinus

maxillaris), жұп, үш не төрт қырлы пирамидаға ұқсас, ортаңғы мұрын

жолына ашылады. Бұл қуыста алдыңғы, артқы, жоғарғы, төменгі және медиальды қабырғаларын ажыратады. Сонымен қатар, гаймор қойнауында таңдайлық, альвеолярлық, маңдайлық шұңқырлар орналасқан. Алдыңғы не беттік қабырғасында шұңқыр бар (fossa canina), беттің жұмсақ тіні үстінен осы қабырғасын сипағанда, fossa canina үстінде n infraorbitalis шығады. Fossa canina әртүрлі тереңдікте болады.

Ең ірі қуыс жоғарғы жақ сүйек қуысы болып табылады (sinus maxillaris), жұп, үш не төрт қырлы пирамидаға

Слайд 6Егер ол тым терең болса, қойнаудың алдыңғы және жоғарғы қабырғалары

оның медиальды қабырғасына жақын орналасады. Мұндай жағдайда төменгі мұрын жолы

арқылы инемен қойнауға пункция жасағанда, ине абайсызда қойнаудың алдыңғы не жоғарғы қабырғалары арқылы өтіп кетіп, көзде не беттің жұмсақ тіндерінде іріңденулер туғызуы мүмкін. Радикальды операцияларды қойнауға осы fossa canina арқылы жасайды, себебі жұқа болып келеді.Медиальды қабырғасы (мұрындық) сүйекті болып келген, мұрынның төменгі және ортаңғы жолына сәйкес келеді. Алдыңғы бөлігінде жас мұрын каналы өтеді, ал жоғарғы жағында мұрынның ортаңғы жолымен қатынасатын тесігі (ostium maxillare) орналасқан. Кейде бұл тесік емес, канал түрінде де болуы мүмкін, ондай жағдайда қойнаудан бөлінділердің шығуы қиындап, қабыну жиі кездеседі. Медиальды қабырғасының жоғарғы жағы торлы сүйектің клеткаларымен шектеседі, сондықтан қабыну процессінің таралуына әкеледі.
Егер ол тым терең болса, қойнаудың алдыңғы және жоғарғы қабырғалары оның медиальды қабырғасына жақын орналасады. Мұндай жағдайда

Слайд 7Жоғарғы қабырғасы бір уақытта көздің төменгі қабырғасы болып табылады. Бұл

қабырға өте жұқа, одан көздің төменгі нервісі мен артериясы өтеді.

Кейде бұл жерлерде дегисценция (сүйектер арасы ашық, тек шырышты қабықпен қапталған) кездесуі мүмкін. Сондықтан операция кезінде дегиценция арқылы көз орбитасына еніп кетуі мүмкін.

Төменгі қабырғасы жоғарғы жақ сүйектің альвеолярлы өсіндісі болып табылады. Кейде тіс түбірлері қойнау ішіне еніп тұрады, тек шырышты қабықпен қапталып тұрады, қабыну тістен қойнауға берілуі мүмкін.
Жоғарғы қабырғасы бір уақытта көздің төменгі қабырғасы болып табылады. Бұл қабырға өте жұқа, одан көздің төменгі нервісі

Слайд 8Жоғарғы қабырғасы қалың, жоғарғы жақ сүйектің төмпеден түзілген, ол сына

тәрізді сүйек қуысының алдыңғы қабырғасын шектейді, онда жоғарғы жақ сүйек

нерві, қанаттаңдай түйіні, жақ сүйектің ішкі артериясы, қанаттаңдайлық веноздық өрім орналасқан. Гаймор қуысының қанмен қамтамасыз етілуі жоғарғы жақ және бет, көз артерияларымен жүзеге асады. Лимфа тамырлары мұрын лимфа тамырларына жалғасады. Иннервациясы: көз, жоғарғы жақ сүйек, қанаттаңдай түйіні

Жоғарғы қабырғасы қалың, жоғарғы жақ сүйектің төмпеден түзілген, ол сына тәрізді сүйек қуысының алдыңғы қабырғасын шектейді, онда

Слайд 9Маңдайлық қуыс (sinua frontalis) маңдай сүйегінде орналасқан, негізі төмен қараған

үш қырлы пирамида тәрізді қуыс. Төрт қабырғасы бар: алдыңғы (беттік),

артқы (бас қуысымен шектеседі), төменгі (көздің жоғарңы қабырғасы мен торлы сұйектің клеткалары), ішкі қабырғасы (перегородка) қалқа қойнауды екіге бөліп тұрады. Төменгі қабырғасында маңдаймұрындық канал (1-11.5см) бар, кейде тесік түрінде де болады. Бқл қойнаудың конфигурациясы мен көлемі вариабельді, кейде бқл қойнау мүлдем болмауы да мүмкін. Қанмен қамтамасыз етілуі: көз, жоғарғы жақ сүйек, самайдың беткей артериясы. Вена қаны маңдай және көз, жоғарғы сопақ синусқа құяды. Иннервациясы: алдыңғы торлы және көзүстілік нервпен нервтелінеді.
Маңдайлық қуыс (sinua frontalis) маңдай сүйегінде орналасқан, негізі төмен қараған үш қырлы пирамида тәрізді қуыс. Төрт қабырғасы

Слайд 11Сынатәрізді қойнау(sinus sphenoidalis) сына тәрізді сүйекте орналасқан, қалқамен екіге бөлінген,

әр бөлігінің алдыңғы қабырғасында жоғарғы мұрын жолына ашылатын тесіктері бар.

Қойнауда төрт қабырға бар: алдыңғы, жоғарғы, төменгі, сыртқы, ішкі. Қойнаудың төменгі қабырғасының аз бөлігі мұрынжұтқыншақтың доғасын құрайды, жоғарғы қабырғасы түрік ертоқымының төменгі беті болып табылады, бұл қабырғасына сыртынан тек гипофиз ғана емес, мидың маңдайлық иіс сезу аймағы да жанасуы мүмкін. Артқы қабырғасы қалың, шүйде сүйегінің базиллярлы аймағына ауысады. Латеральды қабырғасы өте жіңішке, онымен ішкі ұйқы артериясы, үңгірлі қойнау (sinus cavernosus) жанасады, бұл жерден көз қозғалтқыш нерв, үштік нервтің бірінші тармағы, әкетуші нервтер өтеді. Қанмен қамтамасыз етілуі: жоғарғы жақ, жоғарылаған жұтқыншақ, көз аретриялары, сонымен қатар, мидың қатты қабығының ортаңғы және артқы артериялары. Веноздық қан мұрын қуысы веналарына, омыртқалық веноздық өрімге құяды. Иннервация: артқы торлы және қанаттаңдайлық түйінмен нервтелінеді.
Сынатәрізді қойнау(sinus sphenoidalis) сына тәрізді сүйекте орналасқан, қалқамен екіге бөлінген, әр бөлігінің алдыңғы қабырғасында жоғарғы мұрын жолына

Слайд 12Торлы лабиринт (laburinthus ethmoidalis) бір бірімен және мұрын жолдарымен байланысатын

ұяшқтар жиынтығы. Торлы сүйектің медиальды қабырғасы мұрын қуысының латеральды қабырғасы

болып табылады. Ұяшықтары алдыңғы ортаңғы және артқы болады. Қанмен қамтамасыз етілуі: алдыңғы және артқы торлы артериялары. Венозды қан мұрын қуысы веналарына, көз және мидың қатты қабығының веналарына құяды. Иннервациясы: алдыңғы және артқы торлы нерв, қанаттаңдай түйінімен жүзеге асады.
Торлы лабиринт (laburinthus ethmoidalis) бір бірімен және мұрын жолдарымен байланысатын ұяшқтар жиынтығы. Торлы сүйектің медиальды қабырғасы мұрын

Слайд 15Қолданылған әдебиеттер
Интернет http://www.google.ru/
Риносинусогенные орбитальные и интракраниальные осложнения
М.А.Лебедева*, Д.Н.Капитанов*, А.С.Лопатин**
*ИИ нейрохирургии

им. Н.Н.Бурденко РАМН, **ФГУ ЦКБ Управления делами Президента РФ, Москва
2.

Пальчун В.Т., Крюков А.Т. В кн.: Оториноларингология. М.: Медицина, 2001.
www.lor.kiev.ua

Қолданылған әдебиеттерИнтернет http://www.google.ru/Риносинусогенные орбитальные и интракраниальные осложненияМ.А.Лебедева*, Д.Н.Капитанов*, А.С.Лопатин***ИИ нейрохирургии им. Н.Н.Бурденко РАМН, **ФГУ ЦКБ Управления делами

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика