Слайд 1Организмдердің қоршаған ортаға экологиялық бейімделуі.
Слайд 2Топырақтағы микроорганизмдер
Топырақ органикалық және анорганикалық заттардан құралады. Оның минерал бөлшектеріне,
көбінесе органикалық заттар жабысып, түйіршіктер құрайды. Міне бұл түйіршіктер микроорганизмдердің
негізгі тіршілік ететін мекені. Топырақта микроорганизмдерге кажетті қоректік заттар мол болады да, тікелей түскен күн сәулесінен оларды қорғап түрады.
Топырақта негізінен бактериялар, актиномицеттер, ашытқы саңырауқүлақтар, микроскоптық саңырауқүлақтар, балдырлар, қарапайым организмдер, түрлі насекомдар кездеседі. Сонымен қатар топыракта түрлі ультрамикроскоптық тіршілік иелері — фагтар, бактериофагтар және актинофагтар кездеседі
Слайд 3Топырақтағы микроорганизмдердің саны жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады. Қыста азайып
ікетсе, жазда қайтадан көбейеді. Көптеген ғалымдар қыс кезінде топыракта тіршілік
тежеледі, тіпті тоқтап қалады деген пікір айтып жүр. Ал Н. А. Красильниковтың байқауынша, қалың қар астындағы топырақ тоңға айналмай, ондағы микробиологиялык процестер үздіксіз жүріп жатады. Қыс кезінде басқа жыл маусымына қарағанда топырақта актиномицеттердің жақсы дамитыны анықталған.
Слайд 4Кезекті жемтігін жеп болғаннан кейін кроккодилдер ірі мөлдір көз жасымен
жылай алады
Слайд 6Қолтырауындар (лат. Crocodylia, гр. κροκόδειλος - малта тастай құрт) — бауырымен жорғалаушылардың архозаврлар класы тармағының отряды.
Дене пішіні кесірткелерге
ұқсас. Қолтырауындардың қазіргі кезде 23 түрі мен түр тармақтары бар.
Қолтырауын 3 тұқымдасқа (аллигаторлар, гавиалдар және нағыз қолтырауындар) жіктеледі. Олар Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда, СолтүстікАвстралияда және Жаңа Гвинея аралдарының өзен сағалары мен теңіз жағалауына жақын жерлерде, көпшілігі тропиктік және субтропиктік ендіктердегі тұщы су айдындарында (өзен, көл) тіршілік етеді.
Тәуліктің көп мезгілін суда өткізеді. Денесінің ұзындығы 2 – 7 метр Басы жалпақ, тұмсығы ұзынша. Миының дамуы бойынша қолтырауын басқа бауырымен жорғалаушылардан жоғары сатыда тұр. Көру және есту органдары жақсы жетілген. Көздері ментанау тесіктері бас сүйегінен едәуір жоғары қарай шығыңқы. Ауыз қуысында екінші реттік таңдай пайда болған. Артқыаяқтарындағы саусақтарының арасында терілі жарғағы бар. Терісі тығыз, ірі мүйізше қалқандармен қапталған, оның астында сүйекті тақташалар (остеодермалар) орналасқан. Қолтырауынның басқа бауырымен жорғалаушылардан ерекшелігі – жүрегі 4 камералы (қуысты). Өкпесі үлкен әрі күрделі құрылысты. Қуығы жоқ.
Слайд 7Қолтырауын туралы қызықты деректер
1)Әлемдегі ең үлкен қолтырауын
2)Әлемдегі ең кішкентай қолтырауын
Слайд 8 «қолтырауын өзі денесін жұтып қойған адамның басына қарап жылайды»
дейді. Содан барып «қолтырауынның көз жасы» деген тұрақты сөз тіркесі
қалыптасқан. Ондай аяушылық сезімі болса бұл құбыжық адамды жұтар ма еді. Жерде жатып көз жасын ағызатыны ақиқат. Бірақ ол, ғалымдардың пайымдауынша, ағзасына жиналған артық тұзды шығарып тастаудың ең оңай жолы екен. Сонда оның адамды жей салатыны рас та, оны жоқтап жылайтыны өтірік болып шығады.
Слайд 9Орта факторларының өзгеруі
Мерзімдік
Мерзімдікті емес
Слайд 11Құс организмінің энергетикасы мен аэродинамикасы құстың 5-6 км-ге дейінгі биіктікке
қалқып ұшуына мүмкіндік береді. Кейбір құстар осы биіктікте ұясын сала
алады. Осы биіктікке қаздар да маусымдық миграцияда көтеріле алады. Олар Гималаи тауын 5500-6000 м биіктікте ұшып өте алады. Бірақ оған барлық құстардың шамасы келмейді. Кейбір құстар миграция кезінде де 1,5 км-ге көтеріле алмайды. Астынан келетін жылу оларға биік көтерілуге мүмкіндік береді. Кейбір құстар мүмкін емес биіктіктерде байқалған. Мысалы 1973 жылы Африкалық күшіген әуедегі ұшақпен 11277 м биіктікте соғысқан. 1967 жылы 30 аққу 8,2 биіктікте байқалған. Жылы қанды құстар мұндай биіктікте ұша алмайды.
Құстардың биік ұшуы оның физикалық күшіне, оның организміне және дем алуына байланысты.
Слайд 12 Саңырауқұлақтар
2012 жылы орманды санитарлы
қорғау мақсатында 1191,7гектар аумақта орманды зиянкестер мен орман ауркларына қарсы
xимиялық жолмен өңдеу жұмыстары жүргізіледі
Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі.
Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.
Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.
Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары ыдырамай, өңделмей, топырақта жата берсе, әр түрлі жұқпалы аурулардың таралуына себепші болар еді. Саңырауқұлақтардың қалдықтарды ыдыратуы топырақтың тазаруына, аурулардың таралмауына көп пайдасын тигізеді. Қалың ағашты ормандардың жапырақтары жыл сайын жаппай түсетіні белгілі. Ағаштардың түбінде өсетін қалпақшалы саңырауқұлақтар жапырақтарды ыдыратып, оларды бактериялар қара топыраққа айналдырады. Сондықтан орман арасындағы топырақтың құрамы өсімдіктерге қажетті минералды тұздарға өте бай болады.
Слайд 13Жылдан - жылға халық саны өсіп келеді. Адам баласын тағаммен
қамтамасыз ету - кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан саңырауқұлақтарды тек дәрі
алу үшін ғана емес, тамаққа пайдалану үшін де қолдан өсіреді. Арнайы орындарда қарашірік топыраққа жылқы тезегін қосып, қозықұйрықтың спораларын себеді. Сонда ғана ол ұзақ жылдар түсім береді. Қазір 70 елде қозықұйрық, жазғы түбіртек егу жолға қойылған. Одан жылына 14 млрд доллар қосымша табыс түседі. Қазақстанда да қозықұйрық пен жазғы түбіртекті қолдан өсіру жүзеге асырылуда.
Саңырауқұлақтар табиғатта зат айналымына қатысады, әр түрлі қалдықтарды ыдыратып, шірітіп топырақ құнарлылығын арттырады. Сондай-ақ қауіпті аурулардың таралмауына пайдасын тигізеді. Саңырауқұлақтардың құрамы ферментке бай. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар құрамында 80-90% су, 2-4%-ға жуық нәруыз, 1%-ға жуық май болады. Демек олар тағамға пайдаланылады. Өте қажетті дәрі өндіруде де маңызы зор. Зиянды бактериялардың өсуін тежейтін дәрілер антибиотиктер деп аталады. Саңырауқұлақтардан өсімдікті тез өсіретін белсенді зат гибереллин алынады.
Саңырауқұлақтардың өсіп-өнуі үшін, қолайлы ылғалды субстрат қажет. Субстраттың ылғалды болуы мицелийдің түзілуіне, ал құрғақ болуы – спора құру органдарының өсіп дамуына себеп тигізеді. Олардың көпшілігі оптималды температураны +20-250С, ең төменгі +1-50 температураны да жақсы көтереді.
Слайд 14Саңырауқұлақтар тайгада, тундрада, далалы жерлерде, тау ормандарында, шалғындықта, батпақта, қоймаларда,
құрылыстарда кездеседі. Сөйтіп табиғатта зат айналымына қатысады. Бактериялар мен топырақта
болатын басқа да майда саңырауқұлақтар бірлесіп, өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақ қалдықтарын (өсімдіктің құраған бөліктері, жануарлардың, майда бунақденелілердің өлекселері) ыдыратып, шірітеді. Сөйтіп топырақты ағзалық заттармен байытып, құнарлылығын арттырады.
Слайд 15Батыс Алтай мемлекеттік қорығы аумағында саңырауқұлақтың 237 түрі (оның үшеуі
Қазақстанда жоқ түрлер) анықталды.
Слайд 18Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік,
өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама
әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.
Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (температура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.
Абиоталық факторды химиялық Абиоталық фактор|химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физика Абиоталық фактор|физикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды.
Слайд 19Арал экологиялық дағдарысы — адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың
неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы.
Соңғы ондаған жылдар
бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы (1960 жылдардағы 50—60 км3-ден 1990 жылдардағы 5-7 км3-ге дейін) садцарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987 ж. 40,3 метрге дейін жоне 1992 ж. 37,2 метрге дейін төмендеді.
1990 жылдардың басында теңіз айдынының ауданы 45%-дан астам кішірейіп, судың көлемі 65%-ға кеміді, судың тұздылығы 3 еседен астам артты. Суы тартылған 30 мың шаршы километрден астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып, одан жылына 40 млн тоннадан 150 млн тоннаға дейін тұзды жел көтеріп теңізден мындаған шақырым шалғайға дейін тарап жайылатын болды. Арал төңірегінде антропогендік шөлдену процесі жедел өршіп, бұл орайда климаттың континенттенуі күшейді, шанды дауылдар жиілеп, топырақ қабаты, өсімдік жамылғысы күрт нашарлады, балықты айтпағанның өзінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мүлдем азайды. Жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігі азайып, дәрі-дәрмектік өсімдіктер қоры кеміді. Табиғи орта сапасының нашарлауы салдарынан жергілікті халықтың денсаулығына қауіпті төтенше экологиялық, әлеуметтік- экологиялық және санитариялық- эпидемиологиялық жағдай қалыптасты.
Слайд 20Өзен алабұғасының популяциясына әсер ететін факторлар
өзен ағысы
балық
қыс