37оС. Ортаның жағдайы өзгергенде (рН 5,0, температура = 40о С)
фермент белсенділігінің өзгеретін себебін түсіндіріңіз.
Ферменттiк реакциялардың жылдамдығына ортаның рН мәнінің әсерi.
Ферменттiк реакцияның жылдамдығы, яғни ферменттердiң активтiгi, ортаның рН мәніне тәуелдi. Әр фермент белгiлi бiр рН интервалында активті. Мысалы, пепсин (3.4.4.1) ортаның рН-ы 1,5-3-ке тең болғанда активті, трипсин (3.4.4.4) ортаның рН-ы 7,5-7,8-ге тең болғанда активті, моноаминооксидаза (1.4.3.4) ортаның рН-ы 8,5-10-ға тең болғанда активті. 15-суретте фермент активтiгiнiң ортаның рН мәніне тәуелдiлiгi көрсетiлген.
Фермент активтiгiне ортаның рН мәнінің әсерi аминқышқылы қалдық-тарының бүйiрлiк топтарының иондалатын қасиеттерiне байланысты.