Слайд 1ОРЫНДАҒАН:Аязбек Дінмұхаммед
тексерген:Жуманов Мерген
Тоңазытқыш қондырғылар
Слайд 11Тоңазытқыш қондырғылары аппараттарының техникалық қызмет көрсетуі кезіндегі негізгі жұмысына аппараттардың
оперативті ауыстырып косулары, суықты пайдаланушылардың қажеттіліктеріне байланысты режимін өзгерту, буландырғыш
жүйелерінің еруі, тұздар мен майлардың жинақталуынан және ластануынан жылуалмасу аппараттарын тазарту, хладогенттің ағып кетуін жою, коррозияларды болдырмау, жүйелер мен аппараттан конденсирленбейтін газадар мен майларды жою, тығыздық пен беріктікке ыдыстарын сынау жатады.
Слайд 12Ластанған атмосфералық ауамен, хладотасығышпен, сумен, грунтпен әрекеттесетін тоңазытқыш қондырғыларының элементтері
әр түрлі коррозияның әсеріне шалдығады. Бұл олардың пайдалану уақытын төмендетеді,
ал жылуалмасу аппаратарындағы коррозия өнімдері термиялық кедергілерді жоғарылатады. Жылына зақымдалған материалдың қалындығымен (мм) немесе бет ауданының бірлігіне жататын (г/м2) массасымен өлшенетін коррозияның жылдамдығы материалдың түріне, ортаның құрамына және сыртқы шарттарға (температура,қысым, қозғалыс жылдамдығы) байланысты. Мысалы, атмосфералық коррозияның жылдамдығы атмосфералық ылғалдылықтың өсуімен жоғарылайды, электрохимиялық коррозияның жылдамдығы қышқыл ортада ортанығ қозғалыс жылдамдығы мен температурасы жоғарылағанда өседі.
Слайд 13Тоңазытқыш қондырғылары элементтерін коррозиядан қорғау үшін әр түрлі әдістерді қолданады:
бетін коррозиялық – төзімді материал қабатымен жауып, коррозиондық ортадан материалды алып
тастайды, ингибтр қолданады (коррозияның жылдамдығын баяултатын зат), металлдың коррозиондық потенциалын өлшейді.
Металлдың коррозиядан сақтаудың грунтовка, бояу, лактау және эмальдау жолдары жиі қолданылады. Лакпен қаптау егер қабат үздіксіз болса, қорғау функциясын атқарады. Қазіргі уақытта цинк ұнтағымен толтырылған қорғаушы лакпен қаптау пайда баолды, ол металлдың қабаттарының үздіксіздігі бұзылған да да қорғайды. Қазіргі уақыттағы технологиялар мееталл бетін әр түрлі қалындықтағы синтетикалық плассмаса қабатымен жабуға мүмкіндік береді.
Слайд 14Тоңазытқыштың 4 негізгі құраушы бөлігі бар:
1. Хладагент – айналып жүретін және жылуды
тасымалдайтын заттек. Хладагент ретінде фреон газы қолданылады.
2. Компрессор – насос қағидасы бойынша
жұмыс істейтін және хладагентті шеңбер бойымен айдайтын мотор.
3. Конденсатор – ол арқылы жылу сыртқа, қоршаған ортаға шығады. Конденсатор – бұл тоңазытқыштың артқы қабырғасындағы тор.
4. Буландырғыш – ол тоңазытқыштағы жылуды алып шығады. Әдетте ьоңазытқыштың артқы қабырғасы буландырғыш қызметін атқарады.
Слайд 15Тұрмыстық тоңазытқыштың негізгі бөліктері:
1 - буландырғыш,
2 - конденсатор,
3
- кептіруші-фильтр,
4 - капилляр,
5 - компрессор
Слайд 16Компрессор буландырғыштың ішінен хладагентті жұтады. Бұл кезде хладагент бу күйінде
болады. Компрессор қысыммен оны конденсаторға жүктейді. Хладагент қысымнан сығылып, газдан
сұйық күйге ауысады. Сонымен бірге температурасы көтеріледі. Ыстық газ конденсатордың трубаларымен өткенде қоршаған кеңістікке жылуын береді және нәтижесінде бөлме температурасына дейін суиды.
Содан кейін өте тар саңлау арқылы (капилляр) хладагент буландырғыштың ішіне түседі. Оның қысымы бірден азайып, және соның арқасында хладагент буланады. Ол қайнап, буға айналады. Сонымен бірге ол қатты суиды. Нәтижесінде буландырғыштың қабырғасындағы жылуды алып, ал буландырғыш өз кезегінде тоңазытқышты және оның ішіндегі азық-түліктерді суытады
Осылайша, хладагент мына цикл бойынша жұмыс істейді: конденсатордың ішінде ол жоғары қысымның әсерінен сұйықтыққа айналады және жылу бөлу арқылы сұйық күйге ауысады, ал буландырғышта төмен қысымның әсерінен қайнайды және жылуды жұтып газға айналады.
Слайд 17Компрессиялы тоңазытқыштың жұмыс істеу сызбасы
1-конденсатор,
2 - капилляр,
3 -
буландырғыш,
4 - компрессор
Слайд 18Тоңазытқыштың міндетті түрде жылу реттегіші болады. Оның көмегімен тоңазытқыш камерасын
суыту температурасы қойылады. Осы температураға жеткенде жылу реттегіші электр тізбегін
ажыратады және компрессор тоқтайды.
Біраз уақыттан кейін тоңазытқыштың ішіндегі температура қайтадан көтеріле бастайды (қоршаған ортаның әсерінен). Сонда жылу реттегішінің түйісулері ажырайды және мотор-компрессордың электр қозғалтқышы қорғаушы реленің көмегімен іске қосылады. Тоңазытқыш ішіндегі температура қажет шамаға дейін төмендемейінше бүкіл цикл басынан қайталана береді.
Слайд 19
Сондықтан тоңазытқыштың дүркін-дүркін шуылдап, кейін қайтадан тынышталғанын еститініміздің себебі осыда.
Бұл компрессордың электр қозғалтқышының қосылып өшуі.
Кептіруші-фильтр хладагентті тазалау және кептіру
үшін қажет. Кептіруші-фильтр ылғалды жұтатын заттекпен (силикагель немесе цеолит) толтырылған цилиндр болып келеді. Хладагент сұйықтыққа айналатын жоғары қысымды жерден, қысымы төмен жерге барады. Ол жерде хладагенттің қысымы төмендеп және ол буға айналады.