Слайд 1Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
“Гигиена-1 және эпидемиология ”кафедрасы
Тақырыбы: Халық денсаулығы
және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18
қыркүйектегі N 193-IV Кодексі
Орындаған: Абдырахманова Б
Тобы: 504 МПД
Қабылдаған: Бұхарбаев Е
Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Кодекстің қолданылу аясы
Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау
саласындағы заңнамасы
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат
принциптері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Слайд 3Кіріспе
Медициналық қызметтер көрсетудiң, профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың әдiстерi
мен құралдарының (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтердің) дәрілік заттардың, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасы дәйекті болуға, арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай түсініліп-танылуға, басқа да көрсетілетін қызметтермен, дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен, тағамға биологиялық активті қоспалармен салыстыруды болғызбауға, тұтынушыларды, олардың сеніміне, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтар нәтижелеріне деген сеніміне қиянат жасау арқылы жаңылыстырмауға тиіс.
Слайд 4Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрі -
мекендеу ортасы) - адамның тыныс-тіршілігі жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендік және
әлеуметтік факторлардың, ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;
2) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;
3) анонимдік тексеріп-қарау - адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық тексеріп-қарау;
4) апаттар медицинасы - әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (бұдан әрі – төтенше жағдайлар) медициналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған, халық ауруларының алдын алуды және оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуді қамтитын медицина және денсаулық сақтау саласы;
Слайд 55) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар - белгілі бір
жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың
денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;
6) әскери медицина - ғылыми білімдердің жүйесін (ғылыми-практикалық пәндер кешені) және әскери-медициналық қызметтің әскерлерді бейбіт уақытта және соғыс уақытында жан-жақты медициналық қамтамасыз етуді өзіне мақсат тұтатын практикалық қызметінің жүйесін білдіретін медицина және денсаулық сақтау саласы;
7) әскери-медициналық көмек - әскери қызметшілерге және әскери қаруды қолдану салдарынан зардап шеккен адамдарға әскери-медицина қызметінің мамандары көрсететін медициналық көмек;
Слайд 68) әскери-медициналық қызмет - Қазақстан Республикасының заңдарында осы органдардың қызметін
медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери немесе арнаулы қызметтің болуы көзделген
әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің жиынтығы;
9) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер:
орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;
әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) және орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың тиісті контингентке әскери-медициналық және медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз ететін өзге де бөлімшелері;
Слайд 710) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету - материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі іс-шаралар
кешені, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігі мен еңбекке қабілеттілігін қалпына
келтіру мақсатында әскерлерде, бөлімшелерде және ведомстволық ұйымдарда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
11) бала - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
12) бас миының біржола семуі - бас миының бүкіл қатпарының семуімен қатар жүретін, бас миы жасушаларының интегралдық функцияларын толық жоғалтуы;
13) бейінді маман - жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
14) биологиялық активті заттар - жануарлар мен адам организмінің патологиялық өзгерген функцияларын қалыпқа түсіретін, дәрілік заттар алудың ықтимал көздері болып табылатын, әртүрлі жолмен алынатын заттар;
15) биологиялық активті қоспалар - тұрақты тұтынған кезде денсаулықтың жай-күйін жақсартуға арналған және адамның тамақтану рационын табиғи немесе табиғимен бірдей биологиялық активті заттармен байыту мақсатында олардың компоненттерін қамтитын өнімдерге қоспалар;
Слайд 816) бірегей дәрілік зат - жаңа активті заттарды білдіретін немесе
қамтитын дәрілік зат;
16-1) гемопоэздік дің жасушалары – адамның сүйек
кемігінің саралана алатын қабілеті бар жасушалары;
17) генетикалық түрлендірілген объектілер - гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен өнімдер, оның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер;
18) дәрілік заттар - аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық активті заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар: дәрілік субстанция, табиғаттан алынатын дәрілік шикізат, дәрілік ангро- және балк-өнімдер, дәрілік препараттар, медициналық иммундық-биологиялық препараттар, парафармацевтикалар;
Слайд 919) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен
қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор - тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемі шеңберінде сатып алуды ұйымдастыруды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасуды, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тапсырысшыларға жеткізіп беру жөніндегі қызметтерді қамтамасыз етуді, ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
20) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, сатып алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, түпкі тұтынушыға өткізумен (әкетуден басқа), жойып жіберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
21) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, көлемін шектемей сатып алумен, сақтаумен, әкелумен, әкетумен, өткізумен (халыққа дәрілік заттарды өткізуді қоспағанда), жойып жіберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
Слайд 1022) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы
- қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы әзірлеушіден және (немесе) өндірушіден тұтынушының қолдануына дейін жеткізу процесінде жүзеге асырылатын қызмет;
23) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік ережелерге сәйкес жұмыс істейтін дәріхана, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі ұйымдар;
Слайд 1124) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы
саласындағы субъектілер - фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды
тұлғалар;
25) Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы есепке алу құжаты;
26) дәрілік заттың балк-өнімі - технологиялық процестің соңғы қаптамалаудан басқа барлық сатысынан өткен, мөлшерленген дәрілік зат;
27) дәрілік заттың жарамдылық мерзімі - уақыты біткеннен кейін дәрілік затты қолдануға болмайтын күні;
28) дәрілік заттың қаптамасы - дәрілік заттарды бүлінуден және ысырап болудан қорғау жолымен олардың айналысы процесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешені;
Слайд 12 29) дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасы
- дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың белгіленуі
бойынша әсер ету қабілетіне ықпал ететін қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы;
30) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы - дәрілік заттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
31) дәрілік препарат - белгілі бір дәрілік нысандағы дәрілік зат;
32) дәрілік препараттарды дайындау - дәріханаларда дәрілік нысандарды дайындаумен, сондай-ақ дәрілік субстанцияларды сатып алумен, дайындалған дәрілік препараттарды сақтаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен және өткізумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
Слайд 13 33) дәрілік формуляр - денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен және
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен келісілген, тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттардың жеткілікті мөлшері болуға міндетті денсаулық сақтау ұйымының бейіні ескеріле отырып түзілген дәрілік заттардың тізбесі;
34) дәстүрлі медицина - аурулардың алдын алу мен оларды емдеудің қоғамда жинақталған әдістері мен құралдарына негізделген, медициналық практиканың көпғасырлық дәстүрлерімен орныққан медицина саласы және медицина қызметкерлерінің қызметі;
35) денсаулық - аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтік салауаттылық жағдайы;
Слайд 14Кодекстің қолданылу аясы
1. Осы Кодекс азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқығын іске
асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
2. Тегін
медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын өтеу, сондай-ақ тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.28 № 22-V (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Слайд 15Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен
тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғандағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Слайд 16Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат
принциптері
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат:
1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының
теңдігін қамтамасыз ету;
2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;
3) ана мен баланы қорғау;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;
5) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;
6) медициналық көмектің қолжетімділігі;
7) медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
9) медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің сабақтастығы;
Слайд 1710) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі
заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;
11) отандық медицина
ғылымын мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін және әлемдік тәжірибені енгізу;
12) ерікті өтемсіз донорлықты көтермелеу;
13) отандық әзірленімдерді және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау;
14) азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;
15) денсаулық сақтаудың халықтың сұранысын, мұқтажын қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарлылығы;
16) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу;
17) халықтың денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу принциптері негізінде жүргізіледі.
Слайд 18Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу
негіздері
1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік
реттеуді:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
3)
уәкілетті орган;
4) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) медициналық, фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау және мемлекеттік санитариялық-эпидемиялогиялық қадағалау;
2) медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;
Слайд 192-1) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен
оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді
және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялау;
3) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу;
4) денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау;
5) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректемесіне өзгерістер енгізу;
6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда және шарттар талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;
7) дәрілік заттардың және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің бағаларына мемлекеттік реттеу жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Слайд 20Қорытынды
Алдын ала болуды Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісуі бойынша Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің
қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.
Алдын ала болу үшін топтар құру кезінде ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қатысты себептер бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды.
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала болуға жататын ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала болуға жататын ұйымдар әкімшілігінің басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді жазбаша хабардар етеді.
Слайд 21Пайдаланылған әдебиет
Еңбек гигиенасы бойынша тәжірбиелік сабақтардың жеке құралы: Оқу құралы
Тоғызбаева К.К. Алматы 2010 жыл-366 бет.
2. Жарылқасын Ж.Ж. Өндірістік токсикология
негізі. Оқу әдістемелік құрал. Қарағанды КММАбаспаханасы. 2007 жыл-80 бет.
3. Сараубаева Е.Н. Жакенова С.Р. Шинатаева Н.У. Жарылқасын Ж.Ж жалпы және жеке еңбек гигиенасы бойынша есептер жинағы. Оқу әдістемелік құрал. Қарағанды КММА баспаханасы. 2007 жыл-44 бет.
4. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы.Оқу әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.-Алматы. 2010 жыл- 85 бет.
5. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оқу-әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.-Алматы. 2010 жыл-28 бет.