Слайд 1ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА КЕЗДЕСЕТІН ДӘНДІ-ДАҚЫЛ ЗИЯНКЕСТЕРІ
Тексерген: Мұқатаева Қарлығаш Акпаровна, б.ғ.к., доцент
м.а.
Орындаған: Каримова Л.Б
Мақсұтова А
Әл – Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық университеті
Химия және химиялық технология факультеті
Слайд 2Кіріспе
Негізгі бөлімі
!.Астық тұқымдастарЫн зақымдайтын зиянкестер
2.Оңтүстік Қазақстанда кездесетін түрЛері
3.Олармен күресу жолдары
және қолданылатын әдістері
Слайд 3Қазіргі кезде Республикамыздың оңтүстік, оңтүстік -шығысында қыстық дәнді дақылдар өңдеу
аудандарында температура нормадан ауытқып кеткен. Қазақстанның оңтүстігінде қатты аяз бен
қардың аз болуы қыстық дәнді дақылдарды зақымдауы мүмкін. Жамбыл облысының Қордай ауданында, Қазығурт және Түлкібас аудандарында түнгі уақытта температура 25-29 градус аязға дейін жетуі, қар жамылғысы тегіс болмаған жағдайда қыстық дәнді дақылдардың үсуіне әкеледі.
Мысалы , Алматы облысында қар жамылғысының биіктігі 13-20 см жетуіне байланысты қыстық дәнді дақылдар культураларының қыстап шығуы қиындықсыз өтЕДІ.
Слайд 4Синоптиктердің бағалауы бойынша Ұйғұр және Сарқанд райондарында қарқынды жылымық 2-4
күн арасында нашар жетілген қыстық бидайлардың қысқа тұрақтылығына әсер етеді.
“Казах-Зерно”
мәлімдемесі бойынша қазақстандық аграрлықтар осы жылы ең жоғары дәрежелі 30 млн.тонна шамасында өнім алды.
Ауыл шаруашылық министрлігі хатында айтылғандай 98,6 % дәнді дақыл культуралары жиналды.
Егін жинауда лидерлік облыстар – Ақмола облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан(12 млн гектар аумақтан 15.1 млн т дәнді дақыл жиналған).
Слайд 5Дәнді дақылдар зиянкестері — ауылшаруашылық дәнді дақылдарын зияндайтын жәндіктер; бұлар екі
топқа бөлінеді: 1) сүтқоректілер: сартышқан, қаптесер, қосаяқ, атжалман және басқалары, 2) насекомдар: шегірткелер, гессен және
швед шыбыны, пырылдақ қоңыздар, даланың көзсіз көбелегі, лепті кебелек және басқалары.
Қоймадағы дәнді дақылдары сақтау үшін ,оларға зиян келтіретін зиянкестерді жақсы білу қажет .Оларға зиян келтіретін астық кенесінің 3 түрі және 30 түрлі бунақденелер бар.Олар қоймадағы астықты жейді және бүлдіреді.Соның кесірінен ,құрғақ массасы кемиді,қамырлығы болмайды.Адамның және малдың улануы мүмкін.Қамба бізтұмсығы ,жағалай тараған қоңызы менбалаңқұрт зиян келтіреді.Бидай,арпа,сұлы,мары,жүгері,бұршақ тұқымдастарды және ұн мен ұнтақтарды зақымдайды.Дәнді-дақылдардың салмағы ғана кеміп қоймай ,ондағы улы экскремиттердің әсерінен тамаққа жарамсыз болып қалады.
Слайд 6Қамба күйесі немесе нан күйесі-барлық жерде тараған.Көбелегі желдетілмеген қамбаларда және
басқа да дымқыл жерлерде өмір сүреді.
Слайд 7Астық тескіш – қатты қанаттылар отрядына жататын тескіш қоңыздар тұқымдасының өкілі. Қазақстанның барлық
аймағында кең тараған. Денесінің ұзындығы 2 – 3 мм, түсі
қызғылт келеді. Астық тескіштің дернәсілдері қойма зиянкестері болып табылады. Ол қоймадағы кептірілген көкөністерді, дәрілік өсімдіктерді, ұн өнімдерін, сондай-ақ кітап, қағаздарды да зақымдайды. Зақымданған ұн өнімдерінің сапасы төмендеп, қарайып кетеді. Астық тескіш маусым – шілде айларында жаппай ұша бастайды. Ұрғашылары тағам өнімдеріне 140-қа дейін жұмыртқа салады. Дернәсілдері ұн өнімдерін, астық тұқымдарын жеп, сол жерде қуыршаққа айналады. Астық тескіш жылына 4 рет көбейеді. Ол астық қамбаларында тазалық тәртібін дұрыс сақтау, уақытында химиялық және физикалық өңдеу әдістерін қолдану арқылы жойылады
Слайд 8Жұлдызқұрттар дәнді дақылдардың үйіндісінің жоғары жағына 7-10см тереңдікте өмір сүреді.Бір
жылда 2-3 ұрпақ әкеледі.Дәнді шөп тұқымдарына зиян келтіреді.Жас ұрапғы дәннің
ішіне кіріп алып,ішін қуыстап жейді.Үлкен ұрпақтары дәнмен қоректенеді де сосын өрмек құрады,сондықтан тамаққа жарамсыз болып қалады.
Слайд 9Ұн кенесі-барлық жерде таралған.Астық қоймаларында,қырмандарда,сабандарда кездеседі.Ұн кенесі дәндерді,ұнды,кебектерді,жемістерді ішінен кеміріп
жейді.
Слайд 10Қамба бізтұмсығы. /Sitophilus granarius L./ бидай, қара бидай, арпа, күрішті зақымдайды,
сұлыны, жүгеріні, ақталған тары мен қарақұмықты зақымдауы сирек. Тары дәнінде,
майлы және бұршақ тұқымдас дақылдарда дами алмайды. Бізтұмсық денесі жылтыр, пішіні ұзынша және жіңішке, түсі қоңыр, қарақоңыр, жас қоңыздардың түсі ақшыл қоңыр болып келеді. Тұмсығын қосқандағы денесінің ұзындығы 3-4 мм. Бізтұмсық ұша алмайды, өйткені, астыңғы қанаттары жетілмген. Бізтұмсық ұрғашысы 50-300-ге дейін жұмырқа салады. Температура 24-25°C дән ылғалдығы 15%-тен жоғары болса бір ұрпақтың дамып-жетілуі 36 күн, температура 12°C болғанда жетілу мерзімі 209 күнге созылады. Температура 15-13°C немесе 35°C жоғары болса, жұмыртқа салуын тоқтатады. Ылғалдығы 15%-тен төмен дәнде қойма бізтұмсығы жетілмейді.
Бізтұмсық қоңыздары жарықты, өтпе желді көтермейді, күн сәулесінен тез өледі. Астық тасымалдау кезінде бізтұмсық аяқтары мен мұртшаларын бауырына тығып, бүрісіп қалады, ал өлген қоңыздың аяғы мен мұртшалары керісінше жазылып жатады.
Слайд 11Күріш бізтұмсығы .(Sitophilus oryzae L.) ауа райы жылы елдерде тараған. Қамба бізтұмсығына
өте ұқсас, одан айырмашылығы кішілеу 3,5мм, денесі күңгірт қоңыр түсті,
үстіңгі қанаттарында 4 симметриялы қызғылт сары немесе қызыл түсті теңбілдері бар, қоңыздың қанаттары жақсы дамығандықтан ұша алады, сөйтіп тек қойманы ғана емес, егістікті де зақымдайды. Ұрғашысы 300-500 жұмыртқа сала алады.
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде ол жылына 4-5, ал кейде жетіге дейін ұрпақ береді. Оңтүстіктен солтүстікке қарай ауысқан сайын ұрпақ саны 3-ке дейін кеми береді. Қолайсыз температураға /-5°C/ 4-5 күн ғана шыдайды. Күріш бізтұмсығының тәуір көретін қорегі – қауызы аршылған күріш. Бірақ, ол қамба бізтұмсығы тіршілік ететін өзге де барлық дақыл дәндерінде көбейе алады. Күріш бізтұмсығының жауы да шаншар.
Слайд 12Көбелектер. (қабыршақ қанаттылар, Lepidoptera). Бұлардың ішінде астық қорының зиянкестеріне күйе, қанкөбелек, қоңыркөбелек
тұқымдастарының өкілдері жатады. Барлық көбелектерде қоңыз секілді даму сатысынан өтеді:
жұмыртқа, балапанқұрт /жұлдызқұрт/, қуыршақ, көбелек. Екі пар қанаты болады. Оны да денесі секілді қабыршақ қаптап тұрады. Ауыз аппараты жалауға лайықталған, сондықтан көбелектер дәнмен қоректенбейді, балапан құрттардың жинағандарының есебіне тіршілік етеді. Жұлдызқұрттың аузы кеміруге лайықталып, жақсы жетілген. Кеудесінде 3, бауырында 2-ден 5-ке дейін қос аяқтары болады. Тірі жәндік сұйық зат бөліп шығарады, ол ауада қатады да, өрмек құралады. Жұлдызқұрт қуыршақтанар алдында одан тля жасап, онымен өздері зақымдаған өнімді толтырып тастайды. Астық запасының ең қауіпті зиянкес көбелегіне дән және қойма күйесі, ұн көбелегі, дән қоңыр көбелегі жатады
Слайд 13Күйелер. Дән күйесі. (Sitotroga cerealella oliv) ойық қанатты күйелер семьясына жатады. Денесінің
ұзындығы 9 мм, қанаттары 11-19 мм. Артқы қанатының ұш жағында
оймасы бар. Алдыңғы қанаттары сұрғылт сары түсті, қоңырқай жолақтары бар, артқы қанаттары сұр, жиегі шашақты. Көбелек дән ішінде жасырын өсіп-жетіледі, сөйтіп елеулі нұқсан келтіреді.
Ұрғашы көбелек 150 жұмыртқаға дейін салады. Жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрт дәнді тесіп, ішіне өтеді, онда ол қуыршақтанып, одан көбелек ұшып шыққанша дамып-жетіледі.
Дән күйесі дәнді егістікте тамырынан, үймелерде және қоймаларда (бидай, арпа, жүгері, қарақұмық, күріш, қара бидай) зақымдайды. Қолайлы жағдайда (27-28 °C) бір ұрпағы 25-35 күнде дамып жетіледі. Жылына бірнеше ұрпақ береді. Төмен температурады өте сезімтал. Оның 10°C-тан төмен түсуі күйе үшін өте қауіпті.
Слайд 14Дән қанкөбелегі. (Ephestia eleutella Hb) еліміздің оңтүстік аудандарына және әлемнің өзге де
жылы елдеріне тараған. Оны тұқым, темекі, какао, шоколад көбелегі деп
те айтады. Сыртқы пішіні мен тіршіліг жағынан алғанда ұн қоңыр көбелегіне ұқсас, тек оған қарағанда жылу сүйгіштеу және көлемі де кішілеу. Денесінің ұзындығы 8 мм шамасында, қанаттарын жайғанжа 17мм. Алдыңғы қанаттары бозғылт сұр түсті, артқы қанаттары лай сұр. Оңтүстік аудандарында жылына 4, орталық аудандарда 2 ұрпаққа дейін береді. Жұлдызқұртты сақтауға қойылған өсімдік тектес өнімнің бәрін де зақымдайды. Астық тұқымдастар дәнінде ең алдымен оның ұрпақтық түбіршігін жейді Өнімді зақымдау сипатына қарай дән қанкөбелегін қамба күйесімен шатастырады. Қанкөбелек жұлдызқұрты өнімді өрмектерімен торлап, жентектейді.
Слайд 15Тақыр жылтыр кене. /Chortogluphus arcuatus Troup/. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде тараған, Алтай өлкесінде
де кездеседі. Қарабидай, бидай, күріш, ұн, беде тұқымын зақымдайды. Кене денесі
сопақша, тұрқы 0,27 -0,45мм, ақшыл сары немесе шамалы жасылдау түсті, аяқтары қызғылт. Бас-кеуде жалбағай секілді тұтаса бітіп, аузын жауып тұрады. Аяқтры ұзын әрі жіңішке, түгі қысқа да сирек, сондықтан кене денесі жалаңаш, тықыр /жылтыр/ болып көрінеді. Қолайлы температура 35°C. Онша өсімтал емес.
Слайд 16Зиянкестермен күреске бағытталған шаралар
Алдын-алу шаралары;
Санитарлық ережені /тәртіпті / сақтау;
Зиянкестердің өсіп-өнуіне
қолайсыз жағдай жасау;
Жою, құрту шаралары;
Физикалық-механикалық күрес тәсілі;
Химиялық күрес тәсілі;
Ылғалды дезинсекция;
Дератизация;
Дегидратация – зиянкестер тіршілігін шектейтін құбылыстардың бірі.
Қоймадағы ауаның температурасын өзгерту
Механикалық әсерлер
Слайд 17Агротехникалық күресу шаралары. Агротехникалық шаралар мәдени өсімдіктерге қолайлы жағдай жасап,
ал зиянкес ағзаларға және ауру қоздырғыштарға қолайсыз жағдай туғызады.Өсімдіктерді қорғайтын
шаралардың ішінде өте маңыздылары: ауыспалы егістер, топырақ өңдеу жүйесі, тыңайтқыштарды қалдану, арамшөптермен күресу, егінді себу және жинау тәсілімен мерзімі.
Ауыспалы егісте кейбір дақылдарды бірнеше жылдар бойы бір танапта егу арнаулы зиянкестердің және ауруларының көбеюіне әкеліп соқтырады. Мысалы, қатты бидайды қайталап бір танапта себу гүл кенесінің көбеіне мүмкіндік тудырады.. Тыңайтқыштарды қолдану – зиянкестер мен аурулармен тиімді үрес шараларының бірі. Мысалы, түйіршікті суперфосфатты шаш жалаңаш шырыштармен күресудің тиімді тәсілі. Осыған қоса тыңайтқыштар өсімдіктердің регенеративтік қабілетін арттырады. Топырақты өңдеу зиянкестерді тікелей құртуға немесе олардың сан мөлшері мен зиянды әрекетін төмендетуге мүмкіндік береді.Өңделмейтін жерлер шегірткенің көбйетін орны. Бидайды көктемде кешіктіріп себу сұр көбелектің жұлдызқұрттарын азайтады. Ерте көктемде шағатын крестгүлді бүргелердің қоңыздары крестгүлді арамшөптерде қоректеніп, содан соң мәдени дақылдарға зиян келтіреді. Сондықтан арамшөптермен күресті жүйелі жүргізу керек. Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестермен зақымдануына төзімді сорттары да бар. Мысалы, қатты бидайдың кейбір сорттарына гессен шыбынының личинкалары зиян келтірмейді.
Слайд 18Биологиялық күрес шаралары. Зиянкестер, аурулармен күресуде зиянкестердің табиғи жауларына: жыртқыш
паразиттік тіршілік ететін насекомдар мен кенелер, нематодтар мен қарапайым жәндіктердің
түрлері, сүтқоректілер мен құстар, ауру тудыратын бактериялар , вирустар мен саңырауқұлақтар жатады. Биологиялық күресте зиянкестердің табиғи жауларын мынандай негізгі тәсілдері бар: интродукция және аклиматизация, ареал ішінде тарату, маусымды отарлау, жергілікті этномофагтарды қорғау және оларды пайдалану.
Слайд 19Генетикалық күрес шаралары. Өсімдік қорғаудың генетикалық немесе автоцидтік тәсілі зиянды
ағза популяциясына сол түрдің тіршілікке қабілеттігі жоқ немесе бедеу особьтарының
қатарына енгізуге бағытталған.Генетикалық шаралардың әр түрлді тәсілдері бар: химиялық заттармен және сәулемен залалсыздандыру, цитоплазмалық сыйыспаушылықты пайдалану, диапаузасы болмайтын популяцияларды
Слайд 20. Химиялық күрес шаралары. Химиялық препараттардың тиімділігі жоғары, оларды инсектицидтер деп атайды.Химиялық
жолдың артықшылығы көбейіп кеткен зиянкестерді жоюға болады. Химиялоық күрестің кемшіліктері
де аз емес.
Слайд 21Физикалық күрес шаралары. Негізінен ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу кезінде қолданылады.Мысалы, қыстап шығатын
дәнек қоңызын құрту үшін сақтау қоймадағы бұршақ тұқымын 10-11° С
дейін салқындатады.Кейде дәнді тазарту үшін оны электр тогының жоғарғы жиілігімен немесе басқа тәсілмен қыздырады.Зиянкестерді құрту үшін астықты және одан жасалынған өнімдерді кептіреді.Өсімдік карантині. Өсімдік зиянкестерін біздің елге әкелуінен және еніп кетуінен қорғауға , ал карантиндік зиянкестер тарап кеткенде оларды жоюға бағытталған шаралар жүйесін іске асыру карантиндік міндетіне жатады. Карантин сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді.
Слайд 22. Интегралды күрес шаралары. Интегралды күрес химиялық, биологиялық, агротехникалық физикалық
және басқа шараларды үйлестіріп қолдануды көздейді.Өйткені қазіргі жағдайда жеке шаралар
арқылы зиянкестермен күресу тиімсіз. Ауылшаруашылық дақылдарының күтіп баптап өсіруде және оны сақтауда зиянкестерден қорғаудың маңызы өте зор. Сондықтан олармен күресу шаралары әлі де болса жетілдіре түседі.
Слайд 23Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қ. Аюпов Қ .Жеміс және жидек шаруашылығы.-Алматы:Қайнар, 1993.
2.Өсімдік шаруашылығы.-Ақмола, 1993.
3.Н.И.Можаев., Аринов К.К.., и др.Растениеводство.-Ақмола, 1993.
4.Т.Саудабаев, А.Қадырғалиев, Л. Шаддыбаев. Жармалық дақылдар.-Алматы: Қайнар,
1985.
5.Сулейменов И. С. Культура пшеницы в Казахстане.-Алма-Ата: Наука, 1973.
6.Қ. Әріпов, А.Нағымтаев, М.Ысқақов,Н.Серікпаев,И. Жұмағұлов. Агрономия негіздері.-Астана.2007.