Разделы презентаций


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ. СТОМАТОЛОГИЯ

Содержание

Жоспар:Тіс жұлу операциясыТіс жұлу операциясына болатын және болмайтын жағдайларТісті жұлуға болатын жағдайлар Тіс жұлуға болмайтын уақытша /салыстырмалы/ жағдайлар:

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ. СТОМАТОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ.
ТІС ЖҰЛУ ОТАСЫ

КЕЗІНДЕГІ БОЛАТЫН
ЖӘНЕ БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР.



Дайындаған: Серіков Дәулет
СТК-406
Қабылдаған:

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ. СТОМАТОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ. ТІС ЖҰЛУ ОТАСЫ КЕЗІНДЕГІ БОЛАТЫН ЖӘНЕ БОЛМАЙТЫН

Слайд 2Жоспар:
Тіс жұлу операциясы
Тіс жұлу операциясына болатын және болмайтын жағдайлар
Тісті жұлуға

болатын жағдайлар
Тіс жұлуға болмайтын уақытша /салыстырмалы/ жағдайлар:



Жоспар:Тіс жұлу операциясыТіс жұлу операциясына болатын және болмайтын жағдайларТісті жұлуға болатын жағдайлар Тіс жұлуға болмайтын уақытша

Слайд 3Тіс жұлу адамдарда жиі кездесетін операция. Тіс жұлу операциясы басқа

операиялардан ерекше айырмашылықтары бар. Ол өте жеңіл, аз уақытты, немесе

өте күрделі, бірнеше сағаттық, кейде көмекті қажет ететін, ұзақ жансыздандыру, күрделі аспап жинақтарын қажет ететін немесе стационар жағдайында жүргізілетін операцияға жатады.
Тәсіліне қарай тіс жұлу операциясы өте ауыр болып есептеледі. Тіс жұлған кезде, тіс қоршаған тіндерден (суырылып) жұлынып, тістің дөңгелек дәнекер байламын, периодонтты, сүйектің сыртқы қбығын қан тамыры мен нерв талшықтары үзіледі, тіс ұясының сүйек қабырғасы зақымдалады (қозғалады, кейде сынады, қысқышпен бірге алынады).табылады. Жұлынған тіс ұясыарқылы ауыз қуысына жетуі жеңілдейді.

Тіс жұлу адамдарда жиі кездесетін операция. Тіс жұлу операциясы басқа операиялардан ерекше айырмашылықтары бар. Ол өте жеңіл,

Слайд 4Ауыз қуысы – адам денесінде инфекциясы өте көп аймақ болып

есептеледі, оын залалсыздыру мүмкін емес. Сондықтан, тіс жұлғаннан кейін ауыздағы

инфекция дәрігердің қолы мен аспаптары арқылы ауыздағы жараға әрдайым қауіп тудырады. Сонымен қатар, тіс жұлу операциясы әрдайым науқаста психо-эмоционалды өзгерістер тудырады, ол өз алдына жалпы және жергілікті асқынулардың себебі болады. Тамыр соғуы мен дем алуы жиілейді, қан қысымы көтеріледі, ішек жұмысы бұзылады және т.б.
Тіс жұлу операциясы ежелден белгілі. Оны ойлап тапқан болжам бойынша ІІІ Эскулап болып табылады. Тіс жұлу жайында бірінші болып жазған Гиппократ болатын (Р.Вауле 1899ж).

Ауыз қуысы – адам денесінде инфекциясы өте көп аймақ болып есептеледі, оын залалсыздыру мүмкін емес. Сондықтан, тіс

Слайд 5Бірінші қорғасын қысқыш үлгісі Дельфит ордасында сақталған, кейінненқысқышты темірден жасады.

Ол жайлы Аристотель жазған, соған байланысты тісті жұлуға болатын жағдайлар

көбейді.
Тіс жұлу бұдан жүздеген жылдар бұрын-ақ күрделі оперция болып есептелетін, өйткені ол науқас өміріне үлкен зардап келтіруі мүмкін. Бірнеше ғасырлар бойы тіс жұлу тәсілдері мен аспаптары жетілдірілген. Бірақ, тістің анатомиялық құрылысы есепке алынбаған. 1826 жылы Гарис Файер тістің анатомиялық құрылысын ескере отырып бірінші болып қола медальмен марапатталды.
1841 жылы Джон Томсон «Анатомиялық экстракциялық қысқыштар» жасап шығарды, олар қазірге дейін қолданылуда.

Бірінші қорғасын қысқыш үлгісі Дельфит ордасында сақталған, кейінненқысқышты темірден жасады. Ол жайлы Аристотель жазған, соған байланысты тісті

Слайд 6Тіс жұлу операциясына болатын және болмайтын жағдайлар
Тіс жұлу операциясына қазіргі

кезде қатаң көрсеткіштер бар. Ол терапиялық стоматологияның жетістіктерімен, оның ішінде

периодонтаттерді (периодонттарды) емдеу тәсілдерінің пайда болуымен байланысты. Бұрын ауыз қуысын тазарту үшін жұлынып жүрген түбірлерді қазіргі кезде емдеп, ортопедиялық жолмен қалпына келтіруге болады. Тіс түбір ұшын кесу опреациясы, реплантация, гемисекция операциялары арқылы тісті сақтап қалу мүмкіншілігі туды.

Тіс жұлу операциясына болатын және болмайтын жағдайларТіс жұлу операциясына қазіргі кезде қатаң көрсеткіштер бар. Ол терапиялық стоматологияның

Слайд 7Сонымен қатар, мына жағдайларды ескеру қажет: тіс жұлынғаннан кейін тіс

ұясының сүйектері атрофияға ұшырайды және де жанындағы тіс жұлынған жаққа

қарай қисаяды (конвергенция), антогонисттістер төмен жылжиды (Попов-Годон феномені). Осыған байланысты шайнау фунциясы бұзылады. Әсіресе, бірнеше азу тістердің жұлынуы шайнау функциясына қатты әсер етеді.
Сонымен бірге патологиялық өзгеріске ұшыраған тістерді жұлмай қалдырған кезде қауіпті жағдайлар туғызатындығын да ескеру қажет. Олар қабынған жердегі улы заттар организмге еніп, оның езімталдығын арттыруы, процесстің одан ары үдеп, қайта қозуы, сүйектің деструкциясының ұлғаюы, нерв талшықтарының ұдайы тітіркенуі, бұзылған тістердің шырышты қабықты жарақаттануы және осы тістен ауыз қуысының әрдайым инфекцияға ұшырауы. Сондықтан, тіс жұлар алдында оның жұлуға болатын жағдайларын анық білу қажет.

Сонымен қатар, мына жағдайларды ескеру қажет: тіс жұлынғаннан кейін тіс ұясының сүйектері атрофияға ұшырайды және де жанындағы

Слайд 8Тісті жұлуға болатын жағдайлар
Тісті жұлуға болатын жағдайлар мүлдем (абсолютті) және

уақытша (салыстырмалы) /Танфильев д.Е. 1966ж/, жалпы және жергілікті /Бернауский Ю.И.

1970ж/, шұғыл және жоспарлы /Заусаев В.Н./ деп бөлінеді. Тісті шұғыл түрде жұлуға болатын жағдайларға:
Жедел одонтогенді инфекциялар
остеомиелит;
флегмона;
периостит;
абсцесс. жатады.

Тісті жұлуға болатын жағдайларТісті жұлуға болатын жағдайлар мүлдем (абсолютті) және уақытша (салыстырмалы) /Танфильев д.Е. 1966ж/, жалпы және

Слайд 9Жедел қабыну процессінің басталғанына неғұрлым аз уақыт өтсе, солғұрлым оны

тез жойып асқынудың алдын алуға болады.
Қабыну асқынып кеткен жағдайда, тіс

жұлу жалғыз қажетті шара болып қалмай, өтпелі қатпарды да, жақ жанындағы жұмсақ тіндерді де тіліп, жалпы дәрі – дәрмектік ем тағайындаған жөн.
Сонымен қатар, консервативті емдеуге көнбеген және одонтогендік хрониосепсиске әкеп соққан тістерді де жедел /шұғыл/ жұлу қажет.

Жедел қабыну процессінің басталғанына неғұрлым аз уақыт өтсе, солғұрлым оны тез жойып асқынудың алдын алуға болады.Қабыну асқынып

Слайд 10Жоспарлы түрде жүргізілетін тіс жұлу операциялары:
Тіс сауытының түбегейлі бұзылған жағдайда,

оның түбірі ортопедиялық жолмен қалпына кілтіре алмайтын кезде;
Емделуге келмейтін жағдайлада

– тіс герметизмге шыдамағанда, тіс түбірінің қисық болып өзегін өте алмайтын жағдайда /егер де тіс түбірін кесу операциясы мен реплантацияны қолдануға болмайтын жағдайда/;
Гаймор қуысының қабынуына себепші болған тістер;
Ішкі органдар ауруын тудыратын тістер;
Пародонтозға ұшырап, ІІІ дәрежелі босаған тістер;
Ортодонтиялық мақсатпен тіс доғасының сырт орналасқан тістерді қалпына келтіру үшін сау тістерді жұлады;
Альвеолды өсіндіде қарама қарсы тіс жоқ жағдайда тіс ұясынан жылжыған /Попов Годон феномені/ жағдайда, протез салуға кедергі болған кезде ол тіс жұлынады. Сонымен қатар, жақ доғасында тіс жалғыз қалып, протездің тұрақтылығын бұзған жағдайда ол тіс жұлыну қажет;
Жақ сүйегінің сынған жерінде орналасқан, оларды орнына қоюға кедергі болатын, ұясына жартылай шыққан немесе сынған, инфекцияны сүйекке енуіне себепші болатын тістер жұлынады;
Егер де тіс ұдайы ұрттың шырышты қабығын, тілді, жақ қанатша қатпарын, ерінді жарақаттайтын (зақымдайтын) болса, оның сауытын егегеннен кейін де қайта жарақаттайтын болса, ол тіс жұлынады;
Егер тіс доғасынан қисық орналасып, ортодонтиялық тәсілмен қалпына келмейті болса, ол тіс косметикалық көзқараспен жұлынады.
Дистопияға және ретенцияға ұшыраған, қиналып шыға алмаған тістерге тіс доғасынан орын жетпеген жағдайда олар жұлынуы қажет;
Егер тіс пародонты альвеолды өсіндіден ісіктің пайда болуына себепші болатын болса, ол тіс радикальды операция кезінде ісікпен бірге жұлынуы қажет;

Жоспарлы түрде жүргізілетін тіс жұлу операциялары:Тіс сауытының түбегейлі бұзылған жағдайда, оның түбірі ортопедиялық жолмен қалпына кілтіре алмайтын

Слайд 11Сүт тістерді жұлуға болатын жағдайлар , жасөспірімдер стоматология бөлімінде қарастырылған.
Қорытындылап

айтқан кезде, бұзылған тістерді неғұрлым ерте жұлу қағидасы дұрыс болады.
Тіс

жұлуға болмайтын уақытша /салыстырмалы/ жағдайлар:
Мүлдем /абсолютті/ тіс жұлуға болмайтын жағдайлар жоқ.
Уақытша /салыстырмалы/ тіс жұлуға болмайтын жағдайларды жалпы және жергілікті деп бөлуге болмайды.

Сүт тістерді жұлуға болатын жағдайлар , жасөспірімдер стоматология бөлімінде қарастырылған.Қорытындылап айтқан кезде, бұзылған тістерді неғұрлым ерте жұлу

Слайд 12Жалпы тіс жұлуға болмайтын жағдайлар:
Қан аурулары (гемофилия, геморрагиялық диатез, анемия,

лейкимия, Верльгоф ауруы);
Жүрек қан тамыр аурулары (миокард инфаркты, декомпенсивті жүрек

ақауы және т.б.)
Инфекциялық аурумен ауырған кезде;
Нерв жүйесі аурулары кезінде (эпилепсия, психоз және т.б.);
Жүкті болған кезде (І, ІІ және ҮІІ, ІХ айларында), етеккір келген уақытта;
Қан аурулар кезінде тіс жұлғаннан кейін ұзақ уақытқа дейін тіс қясынан қан ағуы мүмкін. Сондықтан, бұл жағдайда тісті стационар (жағдайында) шартында алдын ала дайындап, және гематологпен келісіп жұлу керек.

Жалпы тіс жұлуға болмайтын жағдайлар:Қан аурулары (гемофилия, геморрагиялық диатез, анемия, лейкимия, Верльгоф ауруы);Жүрек қан тамыр аурулары (миокард

Слайд 13Науқасқа операцияға даярлау алдында, күнде вена (қан тамыры арқылы 10мл,

10 % кальции хлоридін, ішке витамин К, аскорбин қышқылын, бір

топты қанды вена арқылы 50-75-100мл бөліп құяды).
Тісті қан ұю нормасына келген кезде (4-5 минут) жұлу қажет. Бірақ, қан ұюға көмектесетін емдеуді тіс жарақатының жазылғанынша жүргізген дұрыс.
Лейкимия ауруы кезінде, ауыз қуысында іріңді шіру процесстерінің болуының себебінен, тіс жұлу операциясы кезінде оны қоршаған тіндерді мейлінше (максимальді) қорғаған жөн болады.
Әйелдерде етеккір кезінде қан ұю процессі нашарлайды. Сондықтан, осы мерзім кезінде тісті жедел жұлудың қажеті жоқ, оны 2-3 күнге кешіктіруге болады.

Науқасқа операцияға даярлау алдында, күнде вена (қан тамыры арқылы 10мл, 10 % кальции хлоридін, ішке витамин К,

Слайд 14Жүрек қан тамыр жүйесінің декомпенсивті ақауы кезінде тісті жұлуға болмайтын

жағдайда уақытша (салыстырмалы), жағдай болып табылады. Бұл жағдайда жалпы терапевттік

дайындықтан кейін поиклиникада не болмаса стационар шартында жұлу қажет.
А.И. Рыбаков (1962) ауыр жағдайда тіс жұлуға болмайды деген жағдайды асыра сілтеушілік деп есептейді.
Сондықтан, автордың айтуы бойынша жедел жағдайларда (жедел қабыну кезінде) профилактикалық шараларды қолдана отырып, тісті ешқандай асқынусыз жұлуға болады деп есептейді. Бірақ, бұндай жағдайда тіс жұлар алдында терапевтпен кеңескен жөн.
В.З. Скоробогатьконың (1966) айтуы бойынша тіс жұлғаннан кейін негізгі аурудың қайта қозуы байқалады – қан қысымы көтеріледі, әлсірейді, жүрегі қысыңқырайды, тамыр соғуы жиілейді және т.б.
З.М. Миканбойдың (1958) бақылап тексеруі бойынша, жүрек қан тамыр ауруымен ауыратын науқастардың тісін мүлдем жұлуға болмайды, деген көзқарасты теріс екендігін дәлелдеді.
Ол методикалық хатында (1963) ауруларды үш топқа бөледі:

Жүрек қан тамыр жүйесінің декомпенсивті ақауы кезінде тісті жұлуға болмайтын жағдайда уақытша (салыстырмалы), жағдай болып табылады. Бұл

Слайд 15І – тістерін емхана жағдайында жұлуға болатын науқастар. Төмендегідей аурулар

түрімен амбулаториялық жағдайда тісті жұлуға болады. Олар:
Органикалық жүрек ақаулары;
Кардиосклероз;
Гипертонилық ауру

І, ІІ, ІІІ дәрежелер, кризге түспеген жағдай;
Қан айналымының созылмалы жетіспеушілігі І және ІІ дәрежелері;
Органикалық жүрек ақауымен ревматизмнің жылдам фазасы;
Үш ай бұрын болған миокардтық инфарктты, стенокардиямен жүрек демеуінің жиі қайта қозбағанында.

І – тістерін емхана жағдайында жұлуға болатын науқастар. Төмендегідей аурулар түрімен амбулаториялық жағдайда тісті жұлуға болады. Олар:Органикалық

Слайд 16ІІ – мүлдем тіс жұлуға болмайтын науқастар келесі ауру түрлері

жатады:
Жедел миокард инфарктының бірінші күндері;
Инфаркттың қайта коллантоидты және жүрек қарыншасының

жедел аневризма түрінде асқынған жағдайы;
Гипертониялық криз жағдайында.
ІІІ – тіс жұлу операциясын жалпы уақытша (салыстырмалы) жұлуға болмайтын науқастар жатады.

ІІ – мүлдем тіс жұлуға болмайтын науқастар келесі ауру түрлері жатады:Жедел миокард инфарктының бірінші күндері;Инфаркттың қайта коллантоидты

Слайд 17Созылмалы коронар жетіспеушілігімен, стенокардияның жиі ұстамасымен, жүрек қарыншасының созылмалы аневризмасымен

және баяу (жеделдеу) септикалық эндокардитпен ауырған науқастарды ауруханының терапевттік бөліміне

жатқызып, тіс жұлар алдында оларға қажетті ем беріп, терапевттің кеңесінен кеін тісін жұлу қажет.
Жүрек қана тамырлары ауруларымен ауырған барлық науқастарды операция жасар алдында дәрі дәрмектік және ішкі рухани сезімдік (психо-эмоционалдық) дайындық жүргізу қажет. Бұл жағдайлада жансыздандырғаш сұйыққа адреналин қосудың қажеті жоқ. Операция алдында науқастың қорқыныш сезімін жою үшін триоксозин, андаксин және т.б. дәрілер тағайындау керек.

Созылмалы коронар жетіспеушілігімен, стенокардияның жиі ұстамасымен, жүрек қарыншасының созылмалы аневризмасымен және баяу (жеделдеу) септикалық эндокардитпен ауырған науқастарды

Слайд 18Жүрек қан тамыр жүйесінің реакциясын төмендету үшін кейбір науқастарға жүрек

гликозидтерін, тіндерде заталмасу процессін қалпына келтіретін заттар, аритмияға қарсы дәрілер

тағайындау қажет. Бұндай жағдайларда операцияны жасағанда балғамен шапқыштың қолданудың қажеті жоқ.
Инфекциялық ауруларда организмді қорғау күштері әлсірейді, сондықтан жоспарлы операциялар және тіс жұлу бұл уақытқа жүргізілмейді.
Уақытша (салыстырмалы) тіс жұлмауға болатын жағдайларға нерв жүйесі аурулары (эпилепсия, психоздар, қояншық ауруы және т.б.). осындай науқастардың тістерін қажетті дәрігер маманның кеңесінен кейін жұлу қажет. Егер де, тіс түбіріндегі дертті ошақты қалдырып кеткен жағдайда, ол науқастың ауруын қоздырғыш болатынын да ескеру қажет.

Жүрек қан тамыр жүйесінің реакциясын төмендету үшін кейбір науқастарға жүрек гликозидтерін, тіндерде заталмасу процессін қалпына келтіретін заттар,

Слайд 19Тіс жұлу операция нерв жүйесі ауруларына оң әсерін тигізеді.
Әйелдерді жүкті

кезінде ауыз қуысын тазарту мақсатымен емделуге жарамайтын тістерін жұлады. Бірақ,

бұл жағдайда дәрігер акушер гинекологтың кеңесі қажет, өйткені тіс жұлу операциясы бала түсуінің себепкері болуы мүмкін.
Сондықтан, ауыз қуысын тазалау кезеңі ІІІ-ҮІІ айлар аралығы ыңғайлы болады. Жүктіліктің бастапқы екі айы лоқсу рефлексімен сілекей бөлінуі күшейюіне байланысты. ҮІІІ-ІХ айларда жүкті әйелдердің дәрігерге келіп қаралуы қиындау және ауыз қуысындағы манипуляцияларды (қол қимылдар) көтере алмауы мүмкін.

Тіс жұлу операция нерв жүйесі ауруларына оң әсерін тигізеді.Әйелдерді жүкті кезінде ауыз қуысын тазарту мақсатымен емделуге жарамайтын

Слайд 20Жергілікті уақытша (салыстырмалы) тісті жұуға болмайтын жағдайларға некрозды жара стоматиті,

гингивиттер жатады. Ауыз қуысының шырышты қабатында жараның пайда болуының өзі

ақ оның иммунитетінің әлсіреуін және микрофлораның күшейюін байқатады. Сондықтан, егер тісті жұлуға жедел жағдайлар болмаса, оны шырышты қабаттағы жараның жазылғанынша жұлмай қоя тұру қажет.
Төменгі жақ доғасында жалғыз қалып, кішкене босаған тісті уақытша жұлмай тұру керек. Өйткені, ол тіс алмалы салмалы протезді ұстап тұру және протезге тез үйрену үшін қажет болады.

Жергілікті уақытша (салыстырмалы) тісті жұуға болмайтын жағдайларға некрозды жара стоматиті, гингивиттер жатады. Ауыз қуысының шырышты қабатында жараның

Слайд 21Мына жағдайларды ескеру қажет, егер жұлынатын тіс ісік маңында, әсіресе

қатерлі ісік маңында болса, ол тісті операция кезінде ісікпен бірге

алу керек.
Өйткені, тіс жұлу операциясы қажет қатерлі ісіктің жыл өсіп, меастаздар беруін жеделтеді, ал гемангиома аймағында – көп қан ағады.
Сонымен, жоғарыда атап кеткен аурулар және жедел сәуле ауруы, бүйректің инфекциялық аурулары және т.б. аурулар кезінде тісті жұлу керек емес деген көзқарас кақытша қарама қарсы болады. Бұл аурулар кезінде тісті жедел жұлу қажет жағдайларында (іріңнің кеулеп бара жатқанында) стоматолог басқа қажетті мамандармен кеңесіп, науқасты алдын ала дайындап операция жасаған қажет.
Ауыр дертпен ауыратын науқастарға тіс жұлу операциясы және т.б. операциялар стационар шартында жасалынады. Лейкоз, агранулоцитоз, сәуле ауруларымен, септикалық эндокардитпен, ревматизммен, нефриттермен ауыратын науқастарыдың тістерін жұлар алдында оларға инфекциялық қабынудың алдын алу үшін бактерияға қарсы ем жүргізу қажет. Науқастың анамнезін негізгі диагнозын операция барысын анық және қысқаша іс қағазына енгізу қажет.


Мына жағдайларды ескеру қажет, егер жұлынатын тіс ісік маңында, әсіресе қатерлі ісік маңында болса, ол тісті операция

Слайд 22Операция жасайтын аумақты операцияға дайындау
Ауыз қуысын асептикалық жағдайға келтіру мүмкін

емес. Өйткені, әлсіз антисептиктер микрофлораны өлтіре алмайды, ао, күшті антисептиктер

ауыздың шырышты қабатын зақымдайды. Сондықтан, ауыз қуысын тіс жұлу операциясына дайындаудың ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан тазарту бактериясын азайту болып табылады. Ол үшін ауызды марганец қышқылының калий әлсіз ерітіндісімен, хлорамин, фурациллин, нан содасы және т.б. ерітінділерімен шайқайды. Егер жұлынатын тістердің және көрші тістердің иегінде тастар болса, оларды тісті жұлмас бұрын тазарту керек, өйткені ол тіс ұясын ластап, қабындыруы мүмкін.
Ауыз қуысының аздап, ластанған жағдайында және жұмсақ тіс қақтарының жиналған кезінде оларды калий перманганатымен, сутегі тотығы ерітінділерімен суланған анжымен сүртіп тазарту керек.
Ине кіргізетін және тіс жұлатын аймақты (тістің иегін, қоршаған шырышты қабығын) 1-2% спирттелген иод ерітіндісімен сүртеді. Иодтың жоғарғы концентрациясымен сүртуге болмайды, өйткені ол шырышты қабатты күйдіріп жібереді.

Операция жасайтын аумақты операцияға дайындауАуыз қуысын асептикалық жағдайға келтіру мүмкін емес. Өйткені, әлсіз антисептиктер микрофлораны өлтіре алмайды,

Слайд 23

Қорытынды
Тіс жұлу операция

кезінде ен басты роль ойнайтын жағдайлар:
Жансыздандыруы
Науқастын жағдайлары
Асқыну шаралары мен көрсеткіштеріне мән берілуі
Күтіну шаралары
Дәрігердің қарамағында кеңес алу шаралары.

Қорытынды
Тіс жұлу операция кезінде ен басты роль ойнайтын жағдайлар:
Жансыздандыруы
Науқастын жағдайлары
Асқыну шаралары мен көрсеткіштеріне мән берілуі
Күтіну шаралары
Дәрігердің қарамағында кеңес алу шаралары.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика