Слайд 1
Периодонт қабынуларың емдеу. Консервативті емнің шегі. Емдеудің соңы, аяғы. Тиімділігін
бағалау. Периодонт қабынуларың емдеуде жіберілетін қателіктер мен асқынулар, оларды жою
және
алдын алу.
Слайд 2Периодонт қабынуларының емдеген кезде койылатын талаптар:
1. ауру сезімін басу
2. ауру
тудырушы факторды жою
3. периодонттағы қабыну ошағына әсер ету
4. периодонтқа инфекцияның
түсуін тоқтату
5. периодонттағы репаративті үрдістерді жоғарлату
6. тістің анатомиялық пішінің және қызметін қалыпына келтіру.
Слайд 3
Периодонт қабынуларының емдеудің үш түрі әдісі кең таралған:
1. консервативті немесе
медикаментозды (тістерді толық сақтау)
2. хирургиялық ем (тістерді жұлу)
3. консервативті-хирургиялық ем
– түбір үшында қабыну ошағын жою және тісті сақтау (резекция, гемисекция, реплантация).
Слайд 4Консервативті емнің әдісі:
Осы әдістің мақсаты – тісті сақтап қалуға емес,
сонымен қатар хирургиялық әдістерді қолданбай, емдеу уақытын қысқарту, тістің қызметін
қалпына келтіру және сақтау.
Слайд 5Консервативті емнің қағидалары:
Белсенділік.
Бүл кезде емдеу әдісті рациональды
таңдау, нәтижелі дәрі-дәрмектерді қолдану, дер кезінде консервативті емді физиотерапиялық емдермен
біріктіріп қолдану, жалпы орагнизмге әсер ету.
Слайд 6
Жеке даралық
Бүл қағида бойынша науқастың жасын, дәрі-дәрмектерге аллергиясы бар жоғын,
ауру тістің анатомиясының тобы, түбір өзегінің өткізгіштігін, түбір айналасындағы өзгерістердің
дәрежесін анықтаймыз.
Слайд 7
Биологиялық бағытталған қағида
Тістердің сау тіндердің барынша сақтау, концентрациясы жоғары, периодонтты
тітіркендіретің дәрі-дәрмектерді қолданбау.
Слайд 8
Жинақтылық
Бүл қағида бойынша жергілікті және жалпы емдеу әдісін,
медикаментозды және физиотерапиялық емдеу әдісін біріктіріп, қолданып патологиялық ошаққа әсер
ету.
Слайд 9
Дайектілік
Жүргізілетің емдеу шаралары белгілі бір кезекпен орындалады (этиотропты, патогенетикалық
және асқынудың алдын алуға арналған шаралар).
Слайд 10
Этиотроптік ем дегеніміз – ауру тудырушы факторларды жою (тісжегі қуысындағы,
түбір өзектегі инфекцияны және тітіркендіретін дәрі-дәрмектерді.
Патогенетикалық ем – патологиялық үрдістердің
дамуын тоқтатуға бағытталған ем.
Симптоматикалық ем – белгілі бір симптомдарды жоюға бағытталған ем.
Слайд 11Бір қабылдауда емдеу көрсеткіші:
1. жедел периодонт қабынуының улану сатысында
2. жедел
периодонт қабынуы, егер түбір өзегі жақсы өтетін болса, және өтпелі
қатпарды кесуге көрсеткіш болса.
Слайд 12Жедел периодонт қабынуын улану сатысын емдеу:
1 қабылдауда тісжегі қуысын егеп-тазалаймыз,
тіс қуысын ашамыз, өзектердің ауызын арнайы аспаптармен кеңейтеміз, түбір өзектегі
ұлпа қалдықтарын біртіндеп (поэтапно) түбір ұшына жылжыта беріп аламыз. Өзектерді кеңейтеміз, қабырғаларын тегістеп, дәрі-дәрмектермен өңдейміз. Содан кейін өзекте білік қалдырамыз дәрімен, уақытша пломба.
2 қабылдауда 24-48 сағ. кейін шағым болмаса, қағып тексергенде ауырмаса , уақытша пломбаны алып тастап, түбір өзектерді дәрі-дәрмектермен жуамыз, кептіреміз, пломбалаймыз, аралық төсем, тұрақты пломба.
Слайд 13Жедел периодонт қабынуын жалқықтану сатысын емдеу:
1 қабыл-да: жансыздандыру, тісжегі қуысын
жартылай егеп-тазалаймыз, периодонт саңылауда жиналған жалқықты шығару қажет, сондықтан түбір
өщектегі ұлпа ыдырандысын алып, түбір үшы тесігін ашамыз, тісті ашық қалдырамыз, науқасқа кеңес береміз. Тістің төмпешіктерін егеу керек-тістесуден шығару.
2 қабыл-да: науқаста шағым болмаса, тісжегі қуысын толығымен егеп-тазалап, түбір өзекті аспаптармен өңдейміз, түбір өзектерде дәрі-дәрмекпен білік қалдырамыз, уақытша пломба. Физиоем жасауға болады – э/форез, озон.
3 қабыл-да: шағым болмаса, уақытша пломбаны алып, білікті тексереміз – түсін өзгертпеу керек және иісі болмау керек. Түбір өзекті өңдеп, пломбалаймыз.
Слайд 14Созылмалы фиброзды периодонт қабынуының емі:
Бір түбірлі тістерде 1 қабылдауда емдеуге
болады: тісжегі қуысын егеп-тазалау, тіс қуысын ашып, түьір өзектерді аспаптармен,
медикаментозды өңдеу, физиоем жүргізу керек, түбір өзектерді кептіріп, пломбалаймыз, аралық төсем, тұрақты пломба.
Физиотерапиялық ем жүргізу мүмкіндік болмаса, 2 қабылдауда емделеді.
Слайд 15
Созылмалы гранулденген периодонт қабынуы түбір өзек жақсы өтетін болса және
қызыл иекте жылан көз пайда болса – бір қабылдауда жүргізіледі.
Қосымша жалпы ем жүргізіледі, физиотерапиялық ем.
Созылмалы гранулематозды периодонт қабынуы 2-3 қабылдауды жүргізіледі.