Әзірге компьютерге адамның дауысын таныту міндеті жеткілікті дәрежеде орындалған жоқ,
сондықтан пернетақта – пайдаланылушылардың компьютерге әріптік – сандық ақпартты енгізудің негізгі тәсілі болып келеді.Қазіргі таңда кеңінен тараған Windows-қа лайықталған пернетақта 104 пернеден тұрады, оның екеуі – Windows терезелері бейнеленген пернелер. Пернетақтаның әр бір пернесі оймақтай ( механикалық немесе мембраналық ) ажыратып – қосқышқа арналған қақпақ болып табылады.
Пернетақтадағы шағын микропроцессор осы ажыратып – қосқыштардың қалып күйін қадағалап отырып, әр бір перне басылып, қайта жіберілген кезде компьютерге сәйкес хабарды (үзуді) жөнелтеді, ал компьютердің (амалдық жүйенің) бағдарламасы бұл хабарларды өңдейді.
Пернетақта 4 бөлікке бөлінген : әріптік сандық бөлік; жүгіргіні басқару және мәтіндік түзету пернелері ; жетелік пернелер; сандық бөлік.
Пернетақта