Слайд 1Алматы Полиграфия Колледжі
“Кәсіптік тәжірибе” пәнінен
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Мамандығы: Жазық баспа баспагері
Тобы:
5-2012
Оқу жылы: 2 курс
Өндірістік оқыту шебері: Тұрсынжан Б.Т.
Слайд 2Тарау 18. GTO 52-1 басылым машинасының құрылысы, жұмыс істеу принципі.
Сабақтың
тақырыбы: 18.5. Өзі беретін және өткізетін жүйенің құрылысы. Бүйір тіректің
қағазды түзету кезіндегі жұмыс істеу принципі.
Сабақтың мақсаты
Сабақтың міндеттері
Білімділік:
Өзі бергіш жүйе құрылысын және жұмыс істеу принципін оқып үйрету, дағдыларын меңгерту;
Қағаз өткізу жүйесінің құрылысы және жұмыс істеу принципін оқып үйрету;
Бүйір тіректер және олардың қағазды түзету кезіндегі жұмыс істеу принципімен таныстыру;
Дамытушылық: Студенттердің кәсіби білімін арттыру, мамандыққа деген қызығушылығын ояту; СТО стратегияларын қолдана отырып студенттерді топпен жұмыс жасай білуге үйрету;
Тәрбиелік: Студенттерді өз еңбектерін бағалауға, уақытты үнемдей білуге, ұқыптылыққа, тәртіпті болуға, оқу шеберханасында тазалық сақтауға тәрбиелеу.
Слайд 3
Пәнаралық байланыс: Арнайы технология, материалтану.
Материалдық-техникалық жабдықтар:
GTO 52-1 басылым машинасы,
проектор
Құрал-саймандар: Басылым қалыбы, қағаз, бояу, ерітінділер, жуатын – сүртетін материалдар,
құрал- саймандар жиынтығы
Дидактикалық материалдар:өзі беретін және өткізетін жүйенің схемасы , технологиялық нұсқау карталары.
Слайд 4Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды тізім бойынша белгілеу, кезекші
тағайындау;
Оқушылардың сырт көрінісін тексеру;
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.
II. Кіріспе нұсқау
1.Тарау тақырыбын хабарлау
2. Сабақтың тақырыбын хабарлау
3. Сабақтың мақсатын хабарлау
4. Өткен сабақ бойынша оқушылардың білім мен дағдысын тексеру (10-15 мин).
«18.4. Басылым аппаратының құрылысы және жұмыс істеу принципі» тақырыбы бойынша студенттерден үй тапсырмасына сызуға берілген басылым аппаратының схемасын тексеру. Блум таксаномиясы бойынша (сұрақтар стратегиясы) схеманы қолданып сұрақтарға жауап беру :
1) Басылым аппаратының құрылысы қандай?
2) Басылым аппаратының жұмыс істеу принципі?
3) Қысым басылым аппаратында қалай реттеледі?
4) Декель деген не?
5) Декель қай цилиндрге кигізіледі?
6) Басылым аппаратында қалып қай цилиндрге кигізіледі?
7) GTO-52 және Ромайор-314 басылым машиналарындағы басылым аппараты құрылысының айырмашылықтарын ата?
Слайд 6
III. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
GTO 52-1 басылым машинасының құрылысы
негізгі үш жүйеден тұрады. Олар:
1. Қағаз беретін – өзі
беретін жүйе;
2. Қағаз өткізу жүйесі;
3. Қағаз қабылдау жүйесі.
Бүгінгі сабағымызда біз осы негізгі үш жүйенің алғашқы екеуін қарастыратын боламыз.
Слайд 7
Өзі беретін жүйе - бұл басылым машинасымен синхронды байланыстырылған парақтарды
машиналарға бір-бірлеп беріп тұратын қондырғы. Басылым машинасында өзі беретін жүйенің
болуы баспагер еңбегін едәуір жеңілдетеді және машинаның өнімділігін арттырады.
Өзі беретін жүйенің құрылысы: қағаз салу столы, арнайы сызғыш, щупь механизмі, пневматикалық жүйеден (12 телескопиялық үрлегіштер мен сорғыштардан, 4 қағаз ажыратқыштан, ауасы бар шлангідан, насостан) тұрады
Слайд 81-сурет. «GTO 52-1» басылым машинасының өзі беретін жүйесі. Мұнда:
1.Ашпалы-жаппалы
планка;
2.Өзі беретін жүйенің жылжымалы тіректері;
3. Өзі беретін жүйе столын
екі ұстағыш арқылы тірекке дейін жылжыту;
4. Өзі беретін жүйе столында қағазды тегістеуге арналған сызғыштар;
5. Екі жақ бүйір тіректер;
6. Өзі бергіш столда қағаздың форматын келтіруге арналған жұлдыз тәріздес тұтқа.
Слайд 92-сурет. Өзі беретін жүйеде орналасқан 12 телескопиялық үрлегіштер мен сорғыштар.
Сорғыштар
қағаздың форматы бойынша реттеледі.Қағаз форматынан тыс орналасқан сорғыштар басу процесі
кезінде жабық болуы тиіс.
Слайд 103-сурет. Үрлегіштерге ауа жіберуге арналған шланга.
Үрлегіштерді реттеу кезінде ең жоғарғы
орналасқан қағаз парағына ауа жеткілікті деңгейде үрленетіндей болу керек.
Слайд 114-сурет. Қағаз парағын ажыратқыштар.
Басылым процесі кезінде қағаз парақтарының бір-бірден жіберілуі
үшін арнайы резеңкемен қапталған ажыратқыштар қолданылады. Олар өзі беретін жүйе
столына анайы бұрандалармен бекітілген.
Слайд 125-сурет. Щупь механизмі.
Щупь механизмі- қағаз парақтарын тіреп тұуға арналған
қондырғы.
Слайд 13 Қағаз өткізетін жүйе – өзі беретін жүйеден берген қағазды ары
қарай бірдей жылдамдықпен ешқандай кедергісіз, ақаусыз өткізуге арналған қондырғы.
Қағаз
өткізетін жүйесінің құрылысы: қағаз өткізу столы, доғал тәрізді 4 орындықтан, екі бүйір тіректен, алдыңғы тіректен, роликтер мен айналмалы шариктерден, жылжымалы ленталардан, щеткадан, таспадан, форгрейферден тұрады.
Слайд 14
6-сурет. «GTO 52-1» басылым машинасының қағаз өткізетін жүйесі.
Слайд 157-сурет. Бүйір тіректің орналасуы.
Бүйір тіректің қағазды түзету кезіндегі жұмыс
істеу принципі.
Қағаз өткізетін жүйеде орналасқан бүйір тіректің негізгі атқаратын қызметі
өзі беретін жүйеден келген қағазды ешқанда кедергісіз өткізіп тұру. Ол үшін бүйір тіректі өзі бергіш столда орналасқан қағаздың форматына сәйкес орналастырамыз.
Слайд 168-сурет. Өзі беретін және өткізетін жүйелерді басқару тұтқалары. Мұнда:
1. Өзі
беретін стол биіктігін қолмен реттеу;
2. Өзі беретін стол қазғалысын
реттеу;
3. Өзі беретін столды автоматты түрде қозғалысқа ауыстыру;
4. Қағаздың бүйір тіректерін реттеу;
5. Үрлегіштердің биіктігін реттеу;
6. Қағаз қалыңдығын реттеу;
7. Сорғыштарды реттеу;
8. Қағаздарды ажыратқыштарды реттеу;
9. Өзі беретін столдың өздігінен көтерілуін реттеу.
Слайд 1710-сурет. Екі немесе одан да көп қағаздың өтуін бақылау индикаторы
Басылым процесі кезінде екі немесе одан да көп қағаздың қосарлана
кетпеуі үшін бақылау индикаторы қолданылады.
Слайд 18 Технологиялық нұсқау картасы
1. Жұмыс орнымен таныстыру;
2. Қауіпсіздік ережелері туралы
кең ауқымда мағлұмат беру;
3. GTO-52 басылым машинасының өзі беретін және
өткізетін жүйесінің схемасымен таныстыру;
4. Өзі беретін жүйенің құрылысымен, жұмыс істеу принципімен таныстыру;
5. Өткізетін жүйенің құрылысымен, жұмыс істеу принципімен таныстыру;
6. Бүйір тіректер және олардың қағазды түзету кезіндегі жұмыс істеу принципімен таныстыру;
8. Оқушылармен жекелеп жұмыс жасау.
Шебердің іс – жүзінде жұмыстың орындалу әдіс – тәсілін көрсету (15-20 мин)
Жұмыс орнын ұйымдастыру. Басылым машинасын қосу. Қағаз беретін және өткізетін жүйенің құрылысымен, жұмыс істеу принципімен таныстыру. Қағаз беру жүйесіне қағаз салу. Бүйір тіректерді реттеу. Қағаз өткізетін жүйені реттеу. Қағазды жіберу
Слайд 19 IV. Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру (5-7 мин)
1.
Өзіндік жұмыс.
Әр студент жаңа тақырып бойынша сұрақ дайындап, қасында
отырған көршісімен алмастырып жауап береді.
Слайд 20
2. Топпен жұмыс.
«Кім жылдам?» ойыны.
Топ студенттерін 3 топқа бөліп,
әр топқа нұсқау картасы беріледі.Қай топ жылдам әрі дұрыс жауап
берсе сол топ жеңіске жетеді.
V. Ағынды нұсқау (4-5 сағ.)
Тақырып бойынша өзіндік, өндірістік жұмыс
Оқушылардың жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын тексеру
Құрал-саймандарды дұрыс пайдалануын тексеру
Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауды тексеру.
1-обход: Өзі беретін жүйені реттеу. Қағазды форматы бойынша орналастыра білу;
2-обход: Қағазды теңестіруге арналған бүйір тіректердің жұмыс істеу принципін үйрену;
3-обход: Үрлегіштер мен сорғыштардың дұрыс орналасуын тексеру;
4-обход: Қағаз өткізетін жүйенің құрылысы мен жұмыс істеу принципімен танысу;
5-обход: Қағаз өткізу жүйесін келтірмелеу;
6-обход: Бүйір тіректі реттеу.
Студенттер жаңа тақырып бойынша басылым машинасының өзі беретін және өткізетін жүйелерін реттеп, дағдыларын қалыптастырады .Өндірістік жұмыс барысында болатын әртүрлі ақауларды (сорғыштардың қағазды алмауы, екі немесе одан да көп парақтардың кетуі, қағаздың дұрыс жүрмеуі) миға шабуыл стратегиясы бойынша талқылап қағаздың дұрыс жүру технологиясын үйренеді.
Слайд 21
VI. Қорытынды нұсқау (10-15 мин)
1. Сабақтың мақсатының орындалғандығын айту;
2. Берілген
тапсырманы аяқтатып, қабылдау;
3. Ескертулер мен түзетулер айту;
4. Сабақ қорытындысын шығару;
5.
Студенттердің сапалы жұмыстарын көрсету және бағалау;
6. Студенттердің сабақ барысыда жіберген ақауларын талқылау;
7. Үйге тапсырма беру: GТО-52 басылым машинасының өзі беретін және өткізетін жүйесінде орналасқан басқару тұтқаларын сызу және атқаратын қызметтерін анықтау.
Өндірістік оқыту шебері: Лахан Еркегул