шықты.Әдемі әже мен Қайрат автобус аялдамасында көп тұрды. Автобус келмеді.
-Әже,
ертең шықсақ қайтеді?-деді Қайрат.
-Қой, шырағым. Күнде ертең-еріншектің ісі.
Жылжи бергеніміз жөн. Күн ұясынан батпай барып қаламыз, - деп әжесі жүріп кетті.
Күн ыстық. Әжесі өзі терлеген Қайраттың маңдайынан сипап:
-Әзір-ақ жетіп қаламыз,-дей береді қайталап. «Осы әжем қызық, қызыметінен қалып бара жатқандай асығады.»,-деп ойлады. Қайрат ішінен.
-Әже, сіз қалай шаршамайсыз, шөлдемеген де сияқтысыз.
-Е, қарағым, мен қайдан шаршайын.Екі жігіт демеп келе жатқанда,-деді әжесі. Түсінбей қалған Қайрат жан-жағына қарады. Әжесі мұны сезе қойып:
-Қайратжан, мен демеп келе жатқан төзімділік пен табандылық. Бұл екеуі бойыңда болса, қиындықтан қорықпайсың.
Әңгіме бойынша сұрақтар:
-Әңгімеде берілген төзімділік пен табандылық туралы ұғымнан нені түсіндіңдер?
-Сендердің төзімділік пен табандылық танытқан кездерің болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
«Әдемі қыз»