жылына 5 млрд доллар шамасында табыс әкеледі. Samsung Total Petrochemicals
– концерннің химиялық өнеркәсіппен айналысатын ең ірі компаниясы. Samsung Group және химия мен энергетика саласында жұмыс жасайтын Total Group француз компаниясының біріккен кәсіпорны. Мұнай-химиялық кешен 15 зауыттан тұрады, Оңтүстік Кореяның Десан қаласында орналасқан. Тұрмыстық химия, жалпы тұтыну химиясын өндіреді.
Экспортқа жылына 5 млн тоннаға жуық мұнай-химиялық өнім кетеді. Өндіріс экология саласында ISO стандарттарын қанағаттандырады.
•Samsung Total Petrochemicals (халықаралық компания, Total Group-пен біріккен кәсіпорын) •Samsung Petrochemicals •Samsung Fine Chemicals •Samsung BP Chemicals (халықаралық компания, BP Chemicals-пен біріккен кәсіпорын)
Негізгі химикаттар: •полиэтилен •полипропилен •стирол мономері •параксилол •LPG, жанармай