Слайд 1Шымкент - 2019
АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»
«Педиатрия-1» кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы:
Ювенилдік жүйелік склероз.
Орындаған: Утинова С.А
Тобы: 406 “A” ЖМ
Қабылдаған: Мустафина К.А.
Слайд 2Жоспары:
І Кіріспе.
ІІ Негізгі бөлім:
Анықтамасы
Этиологиясы мен патогенезі
Клиникалық көрінісі,диагностикасы.
Салыстырмалы диагностикасы
Болжамы,емі.
ІІІ Қорытынды.
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі.
Слайд 3Жүйелі склеродермия
Жүйелі склеродермия (ЖСД) — терінің, ішкі ағзалардың фиброздык-склероздық өзгерістері-мен
және жайылма Рейно синдромы тәрізді облитерациялаушы эндо-артерииттің дамуымен сипат-талатын, дәнекер
тіннің және ұсақ тамырлардың жүйелі ауруы.
Слайд 4Этиологиясы
Ген кемістіктері.
Кейбір ықпалдар аурудың дамуына немесе өршуіне түрткі болады,
мәселен: суықтау, жарақат, стресс, нейроэндокриндік бұзылыстар. Поливинилхлорид және алтын өндірісіне
катысты жұмысшыларда, шахтерларда ЖСД жиілеу байқалады.
ЖСД көбіне 30-50 жас шамасында дамиды және ерлерге қарағанда әйелдерде 8-10 есе жиі кездеседі.
Слайд 5Патогенезі
Вирустың немесе ген кемістігінің әсерінен және түрткі факторлардың қатысуымен
фибробласттардың РНК-сы мен ДНК-сы зақымданады, содан проколлагеннің коллагенге айналу мөлшері
шексіз үлғаяды, сонымен бірге дәнекер тіннің негізгі затының гликопротеидтері де өзгереді. Фибробласттардың коллагенді артық мөлшерде түзуінен тері мен ішкі ағзалардың фиброзы дамиды. Науқастың терісінен алынған фибробласттар, культурада коллагенді көп мөлшерде (5-7 есе артық) түзетіндігі анықталған.
Осы процеспен қатар организмнің иммундық реакциясы бұзылады —Осыдан түзілген иммундық комплекстер ішкі ағзаларда, микроциркуляция арнасының қабырғаларында жиналып, аутоиммундық қабынуды дамытады. Микроциркуляция арнасы диффузды зақымданады, эндотелий бұзылады, тромбоциттер агрегацияланады, тамыр қабырғасының ішкі қабығындағы жасушалары пролиферацияланады
Слайд 6Жіктемесі
I. Клиникалық түрлері.
1. Диффузды склеродермия (терінің тұтас зақымдануымен және висцеральдік закымданулармен
сипатталады — ас қорыту жолының, жүректін, өкпенің, бүйректің, т.б.)
2. Шектелген (ошақты)
склеродермия — қол ұшы, бет терісінің ошақты зақымдануы немесе СREST синдромның болуы. Бұл келесі сөздердің бас әріптерінен құралған ұғым: кальциноз, Рейно синдромы, эзофагит, склеродактилия, телеангиоэктазиялар. СREST cиндромның барысы, әдетте, созылмалы және қатерсіз болып саналады.
Слайд 7І. Тоғысу синдромы — ЖСД-ның дәнекер тіннің өзге жүйелі ауруларының
көріністерімен қабаттасуы (дерматомиозиттің, ревматоидтық артриттің немесе жүйелі қызыл жегінің).
Жүйелі склеродермиянының
висцеральдік өзгерістері басым түрі (тері өзгерістері минимальді бола тұра, жүректің, өкпенің, ас қорыту жолдарының, бүйректің басым зақымдануы).
Слайд 8 Ювенильдік склеродермия — көрінісінде терінің ошақты зақымдануы, жеңіл Рейно синдромы
болады, бірақ буындар ауыр зақымданады (контрактураға кейде аяқ-қолдың даму кемістігіне
әкеледі). Ішкі ағзаларды зақымдау деңгейі шамалы, функциялық бұзылыстардың деңгейінде. Барысы созылмалы, кейбір науқастарда аурудың терілік, висцеральдік белгілері кері қайтады.
Слайд 10Синдромдары:
1. Терінің зақымдануы — басты белгісі. Терінің өзгерісі 3 сатылы
дамиды: ісіну, индурация және атрофия. Ең алдымен беттің, қол ұшының,
аяқ басының терісі симметриялы ісінеді. Ісінген тері май жаққандай жылтырайды, қыртыстары жойылып, тегістеледі. Ісініп, жуандаған саусақтар майлы сосискаға ұқсайды. Процесс біртіндеп білектің, кеуденің, арқаның терісіне таралады. Жеделдеу барысында терінің ісіну сатысы тез өтеді. Созылмалы барысында ісіну біраз сақталып, кейде көптеген жылдарға созылып, біртіндеп индурация сатысына ауысады.
Слайд 11 Индурация сатысында тері аса тығыздалады, қыртыстары мен әжімдері жойылады. Осыдан
беттің мимикалық қимылдары жойылып, бет "маска" тәрізденеді. Индурация сатысында пигментация,
депигментация ошақтары болады; бетте, кеудеде, ерінде, тіл мен тандайда тамыр өрнегі — телеангиоэктазиялар шыға бастайды.
Слайд 12Клиникалық көрінісі
Атрофия сатысында тері жұқарады, тарылып тартылады және онда
ерекше жылтырлық пайда болады. Беттің терісі тартылып, бет-әлпет қаңқасын тығыз
қаптайды, осыдан мүрын жіңішкеріп, ұшы құс тұмсығына ұқсайды, төменгі қабақ тартылып, айналыңқырап тұрады. Ауыз кішірейеді, айналасына радиальді әжімдер пайда болады, мүндай ауыз бүрілген дорбаға ұқсайды. Науқас тарылған аузын толық аша алмайды. Сөйтіп микростомия пайда болады.
Слайд 13 Атрофия сатысында саусақтардың тарылған терісі қолды толық жазуға не июге
мүмкіндік бермейді, иілу контрактурасы пайда болады. Саусақтың ұштық фалангаларының сүйегі
остеолизге ұшырайды, содан саусақтардың ұшы семіп жіңішкереді, жіңішкерген тырнақтар кұс тырнағына ұқсайды. Саусақтардың мұндай өзгерістері склеродактилия деп аталады.
Слайд 14 Рейно синдромы — ЖСД ең ерте және жиі кездесетін көрініс.
Рейно синдромында саусақтар мен бақайлар (әсіресе ІІ-ІУ) кенет ұйып, жансызданғандай
болады (парестезия). Ұстама кезінде саусақтар бозарып, мұздайды. Ұстама аяқталған соң, ашып ауырады және терісі қызарады. Ұстама салқын тигеннен — қолды салқын суға салғанда, суықтағанда немесе өз өзінен болады. Рейно cиндромы аяқ басында, беттің бір бөлігінде, ерінде, тіл ұшында болуы мүмкін. Вазоспастикалық реакциялар ішкі ағзаларда да, мысалы, өкпеде, жүректе, бүйректе де бола береді. Әсіресе, бүйректің вазоспастикалық реакциялары қауіпті, кортикальді некрозға алып келіп, бір-екі айда бүйрек шамасыздығын туғызады. Аурудың бұл көрінісі нағыз склеродермиялық бүйрек деп аталады.
Слайд 15 Бұлшық ет зақымдануы — интерстициялық миозиттің немесе полимиозиттің салдарынан кейде
бұлшық еттің ауырсынуы, сіресуі, әлсіздігі байқалады, КФК шамалы жоғарылайды.
Сүйек зақымдануы
- вазоспастикалық реакциялардың, васкулиттің саддарынан шеттік остеолиз туындайды — саусақ, бақай ұштары семіп жіңішкереді және қысқарады.
Слайд 16 Бұл ауруда ішектің зақымдануы көбіне дуодениттің, энтериттің көрінісімен білінеді. Аш
ішектің диффузды зақымдануы мальабсорбция синдромына әкеледі. Кейде ауру іш өтуден
басталады. Мальабсорбция лимфа тамырларының облитера-циясынан және тонусы жойылған ішекте бактериялардың көбеюінен болады. Тоқ ішек зақымданса — перистальтиксы жойылып, іш қатуы пайда болады, кейде ішектің өтімсіздігі болып тұрады.
Слайд 17 Жүректің зақымдануы. Жүректе интерстициялық фиброз, өткізгіштік жүйесінің склерозы, МКД бұзылыстары
дамып, коранарогендік емес кардиосклерозға әкеледі. Содан жүрек аритмиясы, шамасыздығы туындайды.
Егер де кардиосклероз ірі ошақты болса, ЭКГ-лық көрініс инфарктқа ұқсайды.
Эндокардтың зақымдануы жүректің склеродермиялық ақауына - митральді шамасыздыққа, митральді қақпақтың пролапсына әкеледі. Перикардит көбіне жасырын дамып, тек Эхо-КГ арқылы шамалы сұйықтықтың, жабысулардың болуынан, перикардтың калыңдауынан анықталады.
Слайд 18 Бүйрек екі түрде зақымданады:
жедел нефропатия (нағыз склеродермиялық бүйрек); оның дамуы
бүйрек тамырларының Рейно синдромы терізді түйілуінен болады; тамырлардың түйілуінен дамитын
ишемиялық кортикальдік некроз, ақырында 1-2 айдың көлемінде АГ мен бүйрек шамасыздығына әкеледі;
созылмалы нефропатия — клиникасы кәдімгі созылмалы ГН көрінісімен бірдей. Оның даму негізінде иммунды комплекстік механизм және бүйрек васкулиті жатады. Бүйрек зақымдануын дер кезінде анықтау үшін науқастардың артериялық қысымы өлшеніп, қысымы көтерілгенде дөрігерге көрінуі тиіс.
Слайд 19 Нерв жүйесінің зақымдануы. Көбіне шеттік нерв жүйесі полинейропатия түрінде зақымданады.
Оның көрінісінде аяқ-қолдардың ауыруы, гиперестезиясы, сіңір рефлекстерінің төмендеуі байқалады. Кейде
рецидивтеуші тұрақты тригеминит болады. Орталық нерв жүйесі сирек зақымданады.
Эндокриндік жүйенің зақымдануы. Васкулит салдарынан гипотиреоз, аутоиммундық тиреоидит, бүйрек үсті безінің шамасыздығы дамуы мүмкін. Кейде қантты диабет қосылады.
Слайд 20ЖСД кезінде саусақтардың зақымдалуы
Слайд 21ЖСД кезінде саусақтардың зақымдалуы
Слайд 22Р-ма. I саусақтың әктенуі, II саусақ ұшының остеолизі
Слайд 23“Бүрілген ауыз”
«Барабан керілген тері»
Саусақтар-да қанайналымының бұзылысы
Слайд 24АРАЛАС ДӘНЕКЕР ТІН АУРУЫ (Шарп синдромы). Жүйелі склеродермия, полимиозит және
жүйелі қызыл жегі белгілерінің бірігуімен сипатталады.