Слайд 3Тақырып:
Стенокардия және миокард инфарктісі кезіндегі ЭКГ.
Слайд 4Жоспар
І. Кіріспе
Стенокардия және миокард инфарктісі кезіндегі ЭКГ
ІІ. Негізгі бөлім
а) Қалыпты
жағдайдағы ЭКГ көрсеткіштері
б) Трансмуральды миокард инфарктісі кезіндегі ЭКГ өзгерісі
в) Интрамуральды
миокард инфарктісі кезіндегі ЭКГ өзгерісі
Стенокардия диагностикасы.ЭКГ
Ұстама кезінде ЭКГ жасалса – уақытша өзгеріс анықталады:
ІІІ. Қорытынды
Слайд 5Электрокардиограмма - жүректің жиырылу жиілігі мен ырғақтылығын, миокардтың жедел
және созылмалы зақымдалуын көрсетеді. Сонымен қатар электролиттердің калий, кальций, магний
алмасуының бұзылыстарымен жүрекішілік өткізгіштіктің зақымдалуымен көрініс береді.
Слайд 7ЭКГ - Жүректің ишемиясы мен инфарк миокардын анықтайтын
әдістердің бірі.
ЭКГ өзгеруінің сипаттамасы мына факторлардың
әсерінен болады.
Слайд 8Қалыпты жағдайда 5 тісше анықталады. Олар : P Q
R S T кейде онша байқалмайтын U көруге болады.
Р жүрекшеаралық нүктеге жауап берсе, Q R S комплексі қарыншалардың систоласына жауап береді. S T , Т тісшелері миокардтың реполяризация процесін көрсетеді.
Слайд 10Трансмуральды (ірі ошақты) миокард инфаркті кезіндегі ЭКГ өзгерістері
Миокард инфаркті диагностикасында оның таралуы және көлемін анықтауда
электрокардиографиялық көрсеткіштердің маңызы зор.
Слайд 11Өткір сатысы
Миокардта некроз
аймағының пайда болуын көрсететін (жиі тереңдеген) Q (QS) тісшесінің пайда
болуымен сипатталады. Q (QS) тісшесінің пайда болуымен бірге немесе оның пайда болуымен бірнеше сағаттан (кейде күннен) кейін көтерілген, кішірейгендігін көрсетеді. Осы аймақта миокард жартылай өлетіндіктен осы кезеңде Q (QS) тісшесі жазылған тіркемелер саны жоғарылайды; кейбір тіркемелерде ерте пайда болған QR немесе Q тісшелері Q (QS) тісшесіне ауысады. Осы сатыда теріс Т-тісшесі түзіле бастайды.
Слайд 12Өткірлеу сатысы
1-2 сағатға созылатын жеделдеу сатысының негізгі электрокардиографиялық белгісіне
ST сегментінің изоэлектрлік сызыққа жақындауы және терең екі жақты үшкірленген
(«коронарлы») Т тісшесінің пайда болуы жатады. Электрокардиограмма монофазалық сипатын жоғалтады. Q (QS) тісшесі осы уақытта өзінің соңғы конфигурациялық қалпына келеді, ол бірнеше жылдар аралығында (кейде науқастың бүкіл өмір бойында) өзгермеген қалыпта сақталады.
Слайд 13Тыртықтану сатысы
Бұл сатының аты уақытша осылай аталады, себебі миокард
инфаркті пайда болуынан бірнеше аптадан кейін тыртықты тіннің консолидация процессі
жүреді (орташа есеппен 8 аптаға дейін және миокард инфаркті дамуынан ұзақ уақыттан кейін), содан кейін ұзағырақ - өмірлік инфарктан кейінгі кардиосклероз дамиды. Бірақ осы екі кезеңді электрокардиограмма арқылы ажырату қиын.
Слайд 14Миокард инфарктінің топикалық диагностикасы
Миокард
инфарктін 3 негізгі орналасуына байланысты бөледі: сол жақ қарынша алдыңғы
қабырғасының инфаркті, сол жақ қарыншаның артқы көк етті аймағының (көк етті, төменгі) және сол жақ қарыншаның артқы базальды бөлімінің (артқы базальды, артқы) миокард инфаркті. Көптеген науқастарда миокард инфаркті ЭКГ-да 12 стандартты тізбек көрсеткіші бойынша анықталуы мүмкін. Алдыңғы қарынша аралық перденің зақымдалуы кезінде V1 – V2 (V3) тізбектеріндегі өзгерістермен сипатталады.
Слайд 15Интрамуральды және субэндокардиальды миокард инфаркті
Интрамуральды миокард инфаркті кезінде некроз ошағы сол жақ қарынша қабырғасында
не эндокардқа, не эпикардқа жетпей беткей орналасуы. Осындай некроз орналасуында патологиялық Q тісшесі жиі болмайды, бірақ некроз өлшемі үлкен болуы мүмкін. Кейде R тісшесінің амплитудасы некроз аймағына сәйкес тіркемеде ST сегменті көтеріледі және депрессиясы болады.
Слайд 17Миокард инфарктының емі
Емнің жобасы мына этаптардан тұрады:
Ауруханаға түсер алды
этап
Ауруханалық этап
Реабилитациялық этап
Диспансерлік бақылау мен емдеу этабы
Слайд 18Бірінші этапқа: Тіл астына нитроглицириннің бір таблеткасын салып, 0,25 –
0,35 г асперин ішкізу
Анальгетиктер салып ауырсынуды толық басу
Қатерлі болу мүмкін
ырғақ бұзылыстарын жою
Жедел жүрек шамасыздығын жою
Кардиогенді шоктан шығарып алу
Слайд 19Госпитальдік этапта жүргізілетін шаралар
Ауырсынуды тыю
Оксигенотерапия
Тәж артериясында тоқтаған қанағымын қайта жүргізіп,
тромбтың ұлғаюына және жаңадан түзіліуіне жол бермеу.
Слайд 20Емдік дәрілер
Фентанил 0,005 ерітінідісінің 1-2 мл бұлшық етке немесе вена
ішіне дроперидолдың 0,25 ерітіндісінің 2-4мл вена ішіне немес бұлшықұетке енгізу
Слайд 22Диагностикасы.
Стенокардияның диагностикасы ангинальдік синдромның болуына негізделеді — төс артының сығып
ауырсынуына, оның солға және жоғары қарай тарауына, ұстаманың дене қызметінен
пайда болуына, нитроглицериннің емдік өсер етуіне.
Слайд 23Ұстама кезінде ЭКГ жасалса – уақытша өзгеріс анықталады:
Т тісшесі, ST
сегменті өзгеруі мүмкін.
Т- тісшесі көбінесе - болуы мүмкін. v
(үшбұрышты) болуы мүмкін,
немесе биік + мәнді,
ST интервалы изосызықтан жоғары немесе төмен түсіп кетуі мүмкін.
Слайд 24Физикалық күш түсу кезінде RS-T сегментінің ишемиялық және ишемиялық емес
ығысулары
а – горизонтальді төмендеу (депрессия),
б – қиғаш төмен төмендеу,
в –қиғаш жоғары төмендеуі,
г – жылдам қиғаш жоғары төмендеу,
д, е - RS-T сегментінің ишемия лық көтерілуі
ж - RS-T сегментінің (ишемиялық) горизонтальді төмендеуі
Слайд 25ЖИА науқастың ЭКГ
а - бастапқысы ЭКГ (тыныштық жағдайда),
б -
ЭКГ, ВЭМ күш түсу кезінде (RS-T сегентінің горизонталды ығысуы)
Слайд 26Стенокардияның емі.
Стенокардияның емі клиникалық түріне қарай түзіледі.
Тұрақсыз стенокардияның емі
миокард инфарктының еміне ұқсайды,
ал тұрақты стенокардияның емі оның функциялық
класына сәйкестеледі.
Емнің мақсаты -коронарлық қанайналымның функциялық қайта құрылуын, яғни қан келуі нашар аймақтарға қан келуін қамтамасыз ету.
Слайд 27Стенокардия емінің басты дәрмектері — антиангинальдік дәрілер:
нитраттар мен сиднониминдер;
р-адренергиялық рецепторлардың
блокаторлары және кордарон;
кальций антагонистері;
•калий каналдарының активаторлары.
Слайд 28Пайдаланылған әдебиеттер:
Б.Қалимұрзина Ішкі аурулар Алматы 20005 жыл
Б.М.Айтбембет
Ішкі аурулар Алматы 2010 жыл
www.google.ru
www.topreferat.ru