4. ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру
Баланың жан дүниесіне көңіл бөлмеу
Ата-ананың бос уақытының болмауы
Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, рухани дүниесін терең зерттеп білу, жүрегіңізбен сезініп, оған қайырымды болу керек.
Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс-әрекеттерін білу керек, мінезін түсіну үшін оның дамуына қажетті не екенін білу керек.
Мейірім мен сүйіспеншілік – екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін ұғыну керек.
Психологиялық түзету кезеңінде тек қана төзімділік керек.
Тәрбиелік іс-әрекет кезінде сабырлы, ілтипатты, салқынқанды, ұстамды болу қажет.
Баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсетіп, әділетті болу керек.
Құр уағыз айтып, мезі етіп, жанын жараламай, қателігін үнемі бетіне баспау керек.
Орынсыз жазаламау керек.
Жан жылуын зәруліктен құтқару, бала құқығымен санасу.
Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.
Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасап, оларды жеке-жеке бақылап, зерттеп, өзіне лайықты шара қолданып, тәрбие жұмысын жүргізу керек.
“тәрбиеші және бала” – бір-біріне деген сенім атмосферасының қалыптасуы;
мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау және баланың балалық шағын қорғау туралы үрдістерді іске қосу;
баланың жанұясымен үнемі тығыз байланыста болу;
үнемі әлеуметтік қорғау туралы қосымша мағлұматтармен, құжаттармен танысу
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть