Инфекция белгілері:
• Анасының дене қызуының көтерілуі (>38° C);
• Іштегі нәрестенің тахикардиясы (>160 соқ./мин.);
• Анасының тахикардиясы (>100 соқ/мин.) - барлық үш белгісі де патогномониялық болып саналмайды;
• Жатырдан шіріген исі бар шығынды ағуы;
• Жатыр тонусының көтерілуі (соңғы екі симптом инфекция белгісі болып табылады).
Инфекция белгілерінің пайда болуы күту әдісін тоқтату болып саналады және тез арада босандыру керек.
Босанғаннан кейінгі бақылау:
Босану кезінде хориоамнионит белгілері болмаса - босанғаннан кейінгі кезеңде антибиотикотерапия тағайындалмайды.
Инфекция белгілері болса - антибактериальдық терапия тағайындалады.
Терапия қалыпты температураның 48 сағатына дейін созылады.
Инструменталдық зерттеулер:
1. Іштегі нәрестенің УДЗ, оның биометриясы, жетілу дәрежесі (гестация мерзімі кезінде 37 апта дейін), қағанақ суының мөлшері, доплерометрия (көрсеткіш бойынша).
2. Жүкті әйелдің дене қызуын 4 сағат сайын бақылау (босану тарихы қағазындағы бақылау парағына тіркеу).
3. Жүкті әйелдің АҚ, ЖЖЖ сағат сайын өлшеу (босану тарихы қағазындағы бақылау парағына тіркеу).
3. Диурезді бақылау (босану тарихы қағазындағы бақылау парағына тіркеу).
4. Іштегі нәрестенің ЖЖЖ стетоскоппен 30 минут сайын бір рет немесе ауық-ауық КТГ бақылау. Мекония араласқан қағанақ суының ағу кезінде, окситоцинмен толғақты күшейткенде, босануды ЭДА фонында жүргізгенде - үздіксіз КТГ.
Дәрі-дәрмексіз ем
Режим № 3, тамақтану мен сұйық ішуге шектеу жоқ. Жеке бастың гигиенасы. Тәулігіне 1-2 іш киім ауыстыру, сағат сайын төсеуіш (подкладка) ауыстыру.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть