Слайд 1СӨЖ
Тақырыбы: Тездік мағына
Орындаған: Әйгерім Карбозова
Тексерген: Майра Жолшаева
Слайд 2
Етістіктің тездік тәсілінің зерттелу жайы
Слайд 3 Етістік заттың амалын, іс-әрекетін білдіреді, жалпы түбір етістіктер қимылды білдіргенімен,
ол қимылдың қалай, қандай тәсілдер арқылы жүзеге асатынын білдіре алмайды.
Слайд 4Қимылдың жасалуындағы әр алуан ерекшеліктерді білдіретін, тілде арнайы категория бар.
Ол – қимылдың өту сипаты категориясы.
Аталмыш категорияның өзіне тән ішкі
мағыналық ерекшеліктерінің бірі – қимылдың тез, қысқа жасалуы.
Слайд 5 «Вид» емес деген пікірді алғаш рет 1936 жылы профессор Қ.Жұбанов
айтқан болатын.
Слайд 6Ы.Маманов: Бер көмекші етістігі есім сөздермен, еліктеуіштермен тіркесіп, тез жасалатын
қимылды білдіреді. Мысалы, Найза қылыңды жалт берді.
Қал, қой, кет
сияқты көмекші етістердің көсемше тұлғалы негізгі етістікпен қатар келіп, тез, шапшаң жасалатын қимылды білдіреді. Мысалы, Көп іздетпей-ақ аты табыла кетті. Балуан баса қоюға ыңғайланды.
Слайд 7И. Ұйықбаев
Қимылдың жасалу қалпына қарай
Аяқталған күй
Аяқталмаған күй
Слайд 8Кет , қал , шық + - а , -
е , -й
Мысалы: Қайырбек те бір бүйірден келіп отыра кетті.
Бұлар тоқтамай өте шықты.
Слайд 9Н. Оралбаева
Қимыл тәсілі
Қимылдың даму сатысы
Слайд 10Қимылдың жасалуына байланысты
Қимылдың даму сатысы – басталуынан аяқталуына дейінгі қалпы
Қимылдың
жасандылығы, жетімсіздігі, ерекше ынтамен жасалуы, немқұрайды жасалуы, ерекше қарқынмен жасалуы,
күтпеген жерден жасалуы, қимылға шек қойылуы, қимылдың асығыссыздығы, жасалуға бейімділігі.
Қимылдың дамуы үш сатыдан тұрады. Бірінші саты – қимыл басталуын білдіреді. М: Дауыс шыға бастады. Екінші саты – қимылдың жасалу үстінді екендігін білдіреді. М: Әне көзінің астынан құлана қарап қояды, сынап отыр. Үшінші саты – қимылдың аяқталу кезеңін білдіреді. М: Сол түні кабинетінде түнеп шықты.
Слайд 111. Қимылдың тез басталуы
2. Кенеттен жасалған қимыл
3. Батыл жасалған
қимыл
4. Қарқынмен жасалған қимыл
5. Жеңіл жасалған қимыл
6. Бір рет қана
жасалатын қимыл
7. Қысқа қайталанатын қимыл
Слайд 14 Қимылды жасаушы субъектінің қимылының басқа субъектілер үшін күтпеген жерден жасалғандай
боп көрінуін кенеттен жасалатын қимыл дейміз.
2. Кенеттен жасалған қимыл
Слайд 15Әлгі ілмиген сары жігіт тағы ұшыраса кетті (С.Сейфуллин).
Сол-ақ екен
Сұлтанмахмұт артына жарқ етіп, шапшаң бұрылып, Шапырашты алқыммен ала түсті
(Д.Әбілев).
Келе қалды, кездесе қалды
Слайд 16 Еліктеуіш сөзден көмекші етістік арқылы жасалған құранды етістіктерге «-е қал»,
«-е түс» аналитикалық форматтарының тіркесуі арқылы білдіреді. Мысалы: жарқ ете
қалды, тарс ете түсті, т.б.
Слайд 173. Батыл жасалған қимыл
Қимылды жасаушы субъектінің күшпен, батыл жасаған қимылының
өзі үшін де, өзге субъектілер үшін де күшпен батыл жасалғандай
боп көрінуін қимылдың батыл жасалуы дейміз.
Н.А.Баскаков, Ф.А.Ганиев, А.А.Юлдашев тәрізді тіл мамандарының еңбектерін атаған жөн.
аналитикалық форматтары
-п жібер
-п сал
Соңымнан қаласың ба,
жоқпысың! – деп қамшысымен бастан тартып жіберді (М.Әуезов).
Слайд 20 Қимылдың жасаушы субъекті тарапынан қимылға ерекше күш-жігер жұмсауды қажет ететін
қысқа, бір рет жасалатын қимылдарды ерекше қарқынмен (күшпен) жасалатын қимылдар
деп атаймыз.
Слайд 21Мысалы: итеріп жіберді, ұрып жіберді, сілкіп жіберді, т.б.
Кімнің итергенінде
білмей төбеден ұшып кеп түсті (С.Мұратбеков).
Слайд 225. Жеңіл жасалған қимыл
Қимылды жасаушы субъекті тарапынан ешқандай күш-жігерді талап
етпей тез кейде немқұрайды жасалғандай болып көрінетін қимылдарды оңай, бірден,
жеңіл жасалатын қимыл дейміз.
Слайд 23
Мысалы, түсіне кетті, сезе кетті, отыра кетті, айта қойды, істей
салды, түйрей салды, қуанып кетті, т.б.
-а кет
-а қой
-а сал
-п
кет
-п ала қой
Слайд 246. Бір рет қана жасалатын қимыл
Қимылдың бір рет қана жасалу
мағынасының аналитикалық тәсілімен берілуіне аналитикалық форматтар мен құранды етістіктер арқылы
жасалуы жатады. Қазіргі қазақ тілінде екі формант қимылдың бір рет қана жасалу мағынасын білдіре алады.
Слайд 25-п қал және –п түс: қарып түсті, тіліп түсті.
Иса шапшаң
бұрылып, жұлқынып қалып еді, қасқырдың аузы етіне тимей, тайқып кетті
(М.Әуезов).
Слайд 267. Қысқа қайталанатын қимыл
Субъекті жасаған қимылын өте аз уақыт ішінде
тез қайталануын қимылдың қысқа қайталануы дейміз. Мұнда тез, қысқа жасалатын
қимылдың қайталанатыны есте болу керек. Қимылдың әлденеше рет қайталану мәні қосарлы етістіктер арқылы беріледі.
Көре-көре көсем болады,
Сөйлей-сөйлей шешен болады (мақал).
Слайд 27-п жібер аналитикалық форматтары
-қал
Контекстен алып қарасақ: Орнынан ұшып түрегеліп,
басындағы бөрігін қолына алып үстелді ұрып-ұрып жіберді (Ғ.Мүсірепов).
Қанатын қатты-қатты сілкіп-сілкіп
жіберді (Д.Әбілев).
Слайд 28Қорытынды
Қазақ тіліндегі қимылдың өту сипаты категориясы қимылдың қалай жасалғанын, қимылдың
басталуынан аяқталуына дейінгі процесті дәл суреттейді. Бір қимылдың жасалуы өзі
әрбір нақтылы жағдайда әр түрлі өтеді.
Слайд 29Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қ.Т.Мұхамади «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің тездік тәсілі»
Алматы 2004 ж
2. Қ.Т.Мұхамади «Қазақ тіліндегі етістіктің тездік тәсілінің мағынасы»
Алматы 2002 ж